Суббота , 5 июля 2025

БІЗ АҢСАҒАН тәуелсіздік ОСЫ МА ЕДІ?!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

Редак­ци­яға хат

 

Еге­мен­дік алға­ны­мы­зға ширек ғасы­рға жуық уақыт өтсе де, өткен ғасыр­да ет пен сүт­ті одақ көле­міне таратқан ел әлі де бол­са ет пен сүт­ті сырт­тан алып отыр­мыз. Ет пен сүт­ті өндіретін ауыл­дар «бола­шағы жоққа» айна­лып, құла­зып қалуға бет алды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­та­мыз деп, мем­ле­кет тара­пы­нан бөлін­ген қыру­ар қар­жы­ның жұм­са­луы, эко­но­ми­ка­лық даму бары­сы­мы­здағы қалып­тасқан жағ­дай­ды ескер­мей, тек заң­ды тұлға­лар­дың мүд­десін көз­де­ген­дік­тен, мар­дым­ды нәти­же бер­мей, ауыл тұрғын­да­рын қыспаққа алу­ды үде­те түсуде.

 

Шағын ауыл­дар «бола­шағы жоқ» болып, құла­зып қал­ды. Осы­дан 10–15 жыл бұры­нғы мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның саны осы күні екі есе­ге жуық азай­ып, жеке әкім­шілік болып, мек­тебі, ауру­ха­на­сы бар, аудан орта­лы­қта­ры­нан 5–7 шақы­рым­нан алы­сы­рақ орна­ласқан ауыл тұрғын­да­ры­ның орта­ша жасы ұлғай­ып, қарт­ты­ққа бет алды. Енді бір 10–15 жыл­дан кей­ін­гіні болжау көңіл­ге үрей ұяла­та­ды. Бүгін­гі таң­да өмір­ге ұрпақ әке­летін жас отба­сы­лар ауыл­дар­да «жоқ» деп айтар­лы­қтай. Себебі жастар ауыл­да қызы­қтың жоқты­ғы­нан емес, өздерін-өздері жұмыспен қам­тып, отау құрып оты­руға мүм­кін­шілік­тің жоқты­ғы­нан кетіп, қала жаға­лап, арба­кеш болу­да. Күн ұзақ көше бой­ын­да тұрып, әйте­уір біре­у­ге жал­да­нып нан таба­ды. Қиын­шы­лы­ққа шыда­маған­да­ры қыл­мыс­кер, түн­гі көбе­лек атанады.

Кез кел­ген мем­ле­кет­тің ең басты қауіп­сізді­гі – азық-түлік қауіп­сізді­гі. Азық-түлік – ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның өні­мі. Яғни, азық-түлік өндіру­ші – ауыл. Енде­ше ертең азық-түлік өндіретін жастар­ды ауы­лға тұрақтан­ды­ру мем­ле­кет­тің басты мін­дет­терінің бірі ғана емес, біре­гейі емес пе?! Өндіру­ші күш көбей­ген сай­ын, өндіріл­ген өнім де көбей­еді. Ауыл тұрғын­да­ры­ның тұр­мыс-тір­шілік дең­гейі өздерінің өндіріп сауда­лай­тын азық-түлік мөл­шеріне тіке­лей бай­ла­ны­сты. Сон­ды­қтан да олар азық-түлік­ті молы­рақ өндіру­ге мүд­делі және мәжбүр.

Екін­ші­ден, жастар­ды ауы­лға тұрақтан­ды­ру дегені­міз – халық саны­ның табиғи жол­мен өсуіне жол ашу. Ықы­лым заман­нан бері көп бала­лы ана­лар – негізі­нен ауыл тұрғындары.

Осы мәсе­ле­лер тура­лы тым бол­ма­са пікір­та­лас туды­рар­дай ұсы­ны­стар үкі­мет тара­пы­нан естіл­мей­ді. Атқа­ру­шы билік заң­да тәр­тіп болған­мен, сол кез­де орын алған жағ­дай­дың бол­май­ты­нын ескер­мей, «әйте­уір, жер­дің иесі бол­сын» деген түбе­гей­лі қате бағыт ұстанған.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғын рефор­ма­лаған­да, кол­хоз-сов­хоз­дар­дың 10 пай­ы­зы жер ресур­сын аудан­дар­дың жер қоры­на өткізіп, 90 пай­ыз жер ауыл тұрғын­да­ры­на тиесілі бол­ды да, бар­лық тұрғын­дар­дың үлесіне тең­дей бөлін­ді. Ауыл әкім­шілі­гінің құзіретін­де кеңес зама­нын­да қосалқы шару­а­шы­лық есебін­де қарас­ты­ры­лған ауыл тұрғын­да­ры­ның мал жай­ы­лы­мы ғана қал­ды. Ауыл тұрғын­да­ры негізі­нен жеке тұлға болу­ды жөн көр­ді. Себебі сол кез­де «Шаруа қожа­лы­ғы­мен заң­ды тұлға да, жеке тұлға да айна­лы­суға құқы­лы» деп заңдастырылды.

Бұған қосым­ша, жай­ы­лым­дық жер­ді ұлта­рақтай қылып бөліп алған­да, ол жер­ге өз малын жеке-жеке жай­ып оты­ра алма­сы да бел­гілі. Сон­ды­қтан ауыл тұрғын­да­ры­ның 10–15 пай­ы­зы ғана заң­ды тұлға бол­ды да, қалған­да­ры жеке тұлға болып қала бер­ді. Кез кел­ген ауыл­ды алып қара­саңыз да, бар­лық тұлға­лар­дың 10–15 пай­ы­зы заң­ды тұлға­лар, 5–10 пай­ы­зы мек­теп, ауру­ха­на, әкім­шілік қыз­мет­кер­лері де, қалған­да­ры санақта бар да, санат­та жоқтар. Үкі­мет­тің қау­лы-қарар­ла­рын­да, биік мін­бер­лер­де, бұқа­ра­лық ақпа­рат­та шағын және орта кәсіп­кер­лік тура­лы айты­ла­ды да, ауыл­дар­дағы жеке тұлға өздерін-өздері жұмыспен қам­ту­шы­лар тура­лы үн қатпайды.

Ауыл­дар­дың 75–80 пай­ы­зы жеке тұлға­лар. Осын­ша­ма азық-түлік өндіретін өндіру­ші күш өнім өндіру­ге (әсіре­се ет пен сүт) мүм­кін­шілік­тің жоқты­ғы­нан қол­дағы барын да ұқса­та алмай, жоқтан бар жаса­удың күй­ін кешу­де. Атқа­ру­шы билік өз құзіретін­де­гі 10 пай­ыз жер қоры­мен қоса, рәсім­дел­ме­ген ауыл маңын­дағы бар­лық жай­ы­лым­дық, шабын­дық жер­лер­ді ол ауыл­да тұр­маған, әлі де тұр­май­тын жеке­ле­ген адам­дарға жүз­де­ген, мың­даған гек­тар­лап үле­стіріп жібер­ді. Жеке тұлға ауыл тұрғын­да­ры қол­дағы малын ауыл әкім­шілі­гінің құзіретін­де­гі алақан­дай жай­ы­лы­мға қамаған­ды­қтан, мал күй­сіз болып, 2 жыл­да бір төл алып, әр сиыр­дан 4–5 литр сүт сауып, шық­па жаным шық­па­ның күй­ін кешіп, амал­сыздан бала­ла­ры­на бата­сын беріп, қала жаға­ла­у­ға шыға­рып салу­да. Ауыл маңын­дағы жай­ы­лым­дық, шабын­дық жер­лер­ді ауыл тұрғын­да­ры­нан бір­де-бір құры­л­тай­шы­ла­ры бол­ма­са да, жүз­де­ген, мың­даған гек­тар­лап алған­дар сау­сақ­пен санар­лық қана мал ұстап, қалған шөбін ауыл тұрғын­да­ры­на сатып, шалқып жүр.

Атқа­ру­шы билік осы келеңсіздік­ті күн­де көріп те жүр, тек қол­да­ны­стағы заң негізін­де өз ныса­нын­да тиім­ді пай­да­ла­ныл­маған жер­лер­ді кері қай­та­ру тура­лы ешқан­дай әре­кет жаса­май­ды. Бұл жағ­дай мем­ле­кет тара­пы­нан жер­ге деген көзқа­рас­ты түбе­гей­лі өзгерт­пей, түзе­ле қой­май­ды. Мем­ле­кет тара­пы­нан көзқа­рас өзге­ретін­дей сыңай бол­май тұр. Қай­та бүгін­гі таң­дағы қиын­шы­лы­қтар­ды одан әрі ушы­қты­ра түсетін бағыт ұстанған. Соның сал­да­ры­нан ауыл шару­а­шы­лық жер­лері әлі де бос жатыр. Сат­сақ, бос жат­пай­ды деген ұстаным.

Бос жатқан жер­лер қан­дай нысан­да және қай­да жатыр? Рас, бос жатқан жай­ы­лым­дық жер­лер бар. Олар бұры­нғы алыс қыста­у­лар мен жай­ла­у­лар. Осы күн­дері орман шару­а­шы­лы­ғы құзіретін­де болар. Осы жер­лер бос жатыр. Бұл жер­лер­ді пай­да­ла­ну­дың жолын атқа­ру­шы билік әу баста-ақ кес­кен. Қыстау мен жай­ла­удың ара­сын жалғай­тын күзеу, көк­теу керек. Бұры­нғы күзеу, көк­теу болған жер­лер баяғы­да-ақ жеке­ле­ген адам­дар­дың иелі­гіне өтіп кет­ті. Енді ауыл маңын­дағы құм ете­гін­де­гі өзен-көл­дер­дің бой­ын­дағы жай­ы­лым­дық, шабын­дық жер­лер бүгін­гі иелеріне саты­лып кет­се, облыс орта­лы­ғы­нан 15–20 шақы­рым, аудан орта­лы­қта­ры­нан 5–7 шақы­рым алыс ауыл­дар­да орта мек­теп те, ауру­ха­на да, әкім­шілік те жабы­ла­ры­на көз жет­кі­зу қиын емес шығар.

Ауыл маңын­дағы жай­ы­лым­дық, шабын­дық жер­лер­ді өз ныса­нын­да тиім­ді пай­да­ла­ну­дың, ауыл­ды тоздыр­май, өсірудің жол­да­рын қарас­ты­рып, заң бап­та­ры­на өзгерістер енгізіп, мүм­кін­ді­гін­ше жер иелерін өндіріп оты­рған өнім түріне сәй­кес қай­та қоны­стан­ды­ру шара­ла­рын жүзе­ге асы­ра­тын уақыт өтіп те бара жатыр.

Ауыл­дар­дың ел болып оты­рған­дағы тіре­гі – жеке тұлға­лар. Осы­лар­дың өнім өндіріп, тұр­мыс-тір­шілік дең­гей­ін жақ­сар­туы­на, тіп­ті өндір­ген өні­міне мем­ле­кет­тен суб­си­дия да алмай-ақ, бар кере­гі – кең мал жай­ы­лы­мы мен қыстық мал азы­ғын даяр­лап ала­тын шабын­дық. Сон­ды­қтан әу баста ауыл тұрғын­да­ры­на деп беріл­ген жер неге сол тұрғын­дар­дың игілі­гіне жара­тыл­май­ды? Бар жер­ді тиім­ді пай­да­лан­баған­дар­дан кері қай­та­руға қол­да­ны­стағы заңға сәй­кес мүм­кін­шілік әлде де бол­са бар.

Ауыл тұрғын­да­ры­ның негіз­гі кіріс көзі қол­дағы малы болған­ды­қтан, ауыл әкім­шілі­гін­де­гі бүгін­гі мал жай­ы­лы­мы осы кері қай­та­ры­лған жер есебі­нен неге толы­қты­рыл­масқа?! Есеп­сіз толы­қты­рыл­сын демей-ақ, бүгін­гі ауыл әкім­шілі­гін­де тір­кел­ген отба­сы­лар 10 пай­ыз өседі, әр отба­сы 7–10 сауын сиыр, 30 бас саулық қой ұстай­ды. Сиыр төлі 2 жыл, қой төлі 1 жыл ұста­ла­ды деген есеп­пен осын­ша­ма малға жай­ы­лым­дық жер мен шабын­ды­қты ауыл әкім­шілі­гінің құзіретіне бөлін­бей­тін негіз­де бекіт­сек. Бас-басы­на жер берудің қажеті жоқ. Егістік жер­дің жөні мүл­де басқа.

Дей тұрған­мен, көші-қон үрдісі үне­мі қай­та­ла­на­тын құбы­лыс болған­ды­қтан, ауыл­дағы әр отба­сы саны­на қарай тым бол­ма­са 2 гек­тар егістік жер де қарас­ты­ры­лып, ол да бөлін­бей­тін негіз­де ауыл әкім­шілі­гінің құзіретіне өткені дұрыс болар еді. Сон­да ғана ауыл­дан біреу көшіп кет­кен­мен, көшіп кел­ген адам­ның өз-өзін жұмыспен қам­туы­на мүм­кін­шілік туа­ды. Жер мәсе­лесі шешіл­ген соң, «Сыбаға», «Алтын асық» бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на өзгерістер енгіз­сек. Ол өзгеріс ауыл­да тұрып, отба­сын құраған жастарға ауыл әкім­шілі­гінің «Жем-шөп­пен қам­та­ма­сыз етіледі» деген аны­қта­ма­сы­мен неси­е­ге қол жет­кіз­се. Жай­ы­лы­мы кең, қыстық мал азы­ғын даяр­лап алуға мүм­кін­шілік бар болған­ды­қтан, жастар қалаға ағы­луын тоқта­тар еді. Осы шара­ларға мем­ле­кет тара­пы­нан ешқан­дай қосым­ша қар­жы бөлудің қажеті жоқ.

Солай бола тұра, айна­ла­сы 2–3 жыл­да ет пен сүт өні­мі мола­я­ды. Ауыл тұрғын­да­ры­ның тұр­мыс-тір­шілік дең­гейі арта­ды. Ең негіз­гісі – ауыл­да жастар тұрақтап, қала­дағы келеңсіздік­тер аза­яр еді. Келесі бір мәсе­ле – ауыл­дың жеке тұлға­ла­ры­на көр­сетілер қол­да­ныс сана­ла­тын өнім­ге арналған суб­си­ди­я­ның берілуін өзгер­ту. Сүт зауыт­та­ры, қант зауыт­та­ры сүт пен қант қызы­л­ша­сы­на берілетін суб­си­ди­я­ны алса. Ол қара­жат шикі­затты сатып алу баға­сы­на қосыл­са. Сон­да ғана баяғы заман­дағы­дай ауыл тұрғын­да­ры бақ­ша­сы­на қант қызы­л­ша­сын егер еді.

Негізі, ауыл­дар­дағы жеке тұлға­лар­дың азық-түлік өндіретін үлкен күш екенін ескеріп, осы күшті барын­ша тиім­ді пай­да­ла­ну­дың жол­да­рын қарас­ты­ру қажет. Әр өңір­де­гі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты өкім түрі әртүр­лі болуы мүм­кін. Бірақ ауыл мал­сыз күн көре алма­сы анық. Сон­ды­қтан ауыл маңын­дағы жай­ы­лым­дық, шабын­дық жер­лер ауыл игілі­гі үшін пай­да­ла­ны­ла­тын­дай заң­дарға өзгерістер енгі­зу әлі де бол­са мүмкін.

Нұрқа­сым АСУБЕКОВ,

зей­нет­кер

Алма­ты облысы,

Қара­тал ауданы,

Тастө­бе ауылы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн