БІЗ КСРО СИЯҚТЫ ОДАҚҚА КІРМЕЙМІЗ! – деп мәлімдеді өзбек президенті

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №02 (273) от 15 января 2015 г.

 

«Бізде халықтың арман-мүддесіне жауап беретін өз даму жолымыз бар. Мен ондай өткенге қайта оралу болмайтынын тағы бір мәрте мәлімдегім келеді. Өзбекстан КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді», – деген Ислам Кәрімовтың ел парламентінің қайта сайланған заңнамалық (төменгі) палатасының дүйсенбідегі бірінші отырысында сөйлеген дәйексөздерін жергілікті БАҚ келтіреді.

Өзбекстан президенті қазіргі таңда кейбір елдерде одақтық мемлекеттің кеңестік ескі жүйесіне қайта оралу талпыныстары қабылданып жатқанын атап өтті. «Кейбір шетелдік телеарналарда лениндік және сталиндік кездерді, КСРО дәуірін мадақтау фактілері байқалады. Бізге ондай тәсіл тиімсіз», – деп баса айтты ол.

Ислам Кәрімов Өзбекстанның өз аумағында шетелдік әскери базалар мен нысандардың орналасуына жол бермейтінін қайтадан еске салды. Оның айтуынша, бұл 2012 жылы қабылданған Өзбекстанның сыртқы саяси қызмет тұжырымдамасында қарастырылған (ӨзТАГ).

Сүйсінетін жағдай! Бөркіңді аспанға атып, ұлы той жасайтын қуаныш! Ұлттық мемлекет құру жолында нарықта тарықса да, елінің тәуелсіздігі мен өзбек халқының азаттығын алғы мақсаты санаған мұндай президенттің жарлығымен кезіндегі Әндіжан қырғынына жол берілгендігін де кешіруге болады. Айқассыз, қан төгусіз Азаттық атаулы құдіретті құндылыққа жету қиын. Елінің халқын өз ұлтының төңірегіне топтастырып, қазақты да, орысты да, басқаны да өзбек етіп жатқан Ислам-аканың еңбегін ертең елі бағалайды (Ал біздегі Жаңаөзен қырғынын еске алыңыз да, оған болашақта баға берілер сәтте тарихта қара таңбамен қалатын «тұлға­лар­дың» аруақ-тағдырын ойлаңыз).

Сырым ДАТОВ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн