Воскресенье , 6 июля 2025

Біздің қазақ ҚЫЗЫҚ, Ә?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (318) от 8 янва­ря 2016 г.

 

Уақыт уыты

 

Осы біздің қазақ тура­лы нен­дей ғана сөз жоқ?!. Ерін­бей, жалы­қ­пай тізіп жазар жан табыл­са, қалы­ң­ды­ғы бар­мақелі кітап болар еді. Мен соның бірер бетіне жетер­ді айта ала­тын сияқты­мын, бірақ олар­дың қалай, неше­уі өзім­дікі, неше­уі өзгенікі екенін біл­мей­мін, – тұтас шаты­сып жатқан қоғам­дағы бір менің шаты­сқа­ным кінә да, күнә да бола қой­мас. Сонымен:

– қазақ қой­дан да жуас, басын басып кет­сең де, қыңқ етпейді;

– қаза­қтың ағай­ы­нға қай­ы­ры­мы жоқ;

– қазақ бары­ң­да – көре алмай­ды, жоғы­ң­да – бере алмайды;

– қазақ бай­ы­са, қатын алады;

– қазақ жоға­ры­дағы­ның балағы­нан тар­та­ды, төмен­де­гінің төбесіне түкіреді;

– қазақ бір кебісті бір кебіс­ке сұқ­пай оты­ра алмайды.

– қазақ қолы­нан кел­ген­де қоны­шы­нан баса­ды, кел­ме­ген­де – той­ып оты­рып қар­ны ашады;

– қазақ жалқау: жат­са – тұрғы­сы жоқ, тұр­са – жатқы­сы жоқ;

– қазақ…

Жә, осы жер­де аял­дай­ын да, қалға­нын айт­пақ әңгі­мем­нің о тұсы мен бұ тұсы­на сына­лап оты­рай­ын. Ал айт­пағы­ма себеп­ші болған пен­де – жер-көк­те­гі жалғыз жез­дем Жал­пақ­бас шал. Шір­кін-ау, басы­ның аты заты­на сай бол­са­шы, – қай­дағы Жал­пақ­бас?! Біз­бен ірге­лес елдер­дің біре­уін­де­гі пре­зи­дент­тің… қап, елінің де, пре­зи­ден­тінің де атта­ры есі­ме түсер емес, сірә, қар­тая бастаға­ным рас шығар. Е, мей­лі, бүкіл Қаза­қстан­да мен ғана қар­тай­дым ба… ә, иә, әлгі елдің сол пре­зи­ден­ті ешкі­бас қой, менің жез­дем­нің де басы дәл сон­дай – кәдім­гі ешкібас!

«Қазақ бала­сы­на ат қоя алмай­ды». О, міне, қазақ тура­лы тура сөздің бірі осы! Мыса­лы, менің құдам­ның құда­сы­ның бал­ды­зы­ның жиені был­тыр тұңғы­шы­на – қыз балаға «Сам­мит» деп ат қой­ды. Мен оған теле­фон арқы­лы «Балаң­ның бауы берік бол­сын!» айтып: «Ау, жиен, «Сам­ми­тің» не деген сөз?» десем, ол: «Мәс­ке­уде жиыр­ма елдің пре­зи­дент­тері халы­қа­ра­лық сая­си жина­лыс өткізді емес пе? Ондай­дың «сам­мит» деп ата­ла­ты­нын шыны­мен біл­мей­сіз бе? Мен қызым­ның атын соның ашы­лу құр­метіне «Сам­мит» деп қой­дым! – деді мен түсіне алмас бір­түр­лі үнмен.

Қызық, ә? Мен ішім­нен: «Е, ешкі­ба­стар­дың сөз жәр­мең­кесі десең­ші?» дей салдым…

Ал жез­де­кем теле­фо­ны­ның тұтқа­сын жарып жібер­гісі кел­ген­дей бір жөт­кірініп алып:

– Кеше­гі «Дат» газетінің алтын­шы бетін­де шыққан «Билік­те­гілер­дің биз­нес-импе­ри­я­ла­рын халық біле ме?» деген мате­ри­ал­ды оқы­дың ба? – деді.

– Жоқ.

– Қазақ газет оқы­май­ды, кітап та оқы­май­ды! – деді, құдай біледі, ежірей­іп және қазақ тура­лы екі сөзді біріне-бірін тір­кеп айтып. Әй, жез­де­ке, қызы­қ­сың, ә?

– Әйте­уір, Жал­пе­ке, бәрін оқи­тын қазақ өзің ғана­сың, кәне, оқып жіберші!

– Шының ба? – Жал­пе­кеңнің дауы­сы жары­қ­шақта­нып шықты.

– Шыным бол­ма­са да, расым.

Жау­а­бым­да шаруа­сы болған жоқ, газет­ті құшақтап отыр­са керек, оқи жөнел­ді. «Жөнел­ді» жай сөзім ғой, кете­уі кет­кен «кетік-тыр­тық-жыр­тық» жолға түс­кен ескі жүк­мә­шін­ше дарыл­дап-барыл­дап, сүт пісірім уақыт­та ақы­рғы ноқа­ты­на жетті-ау!

– Жез­де­ке, жүз жаса! Тың­да­дым, түсін­дім. Енді теле­фо­ның да, өзің де дем алы­ң­дар, аман-сау болыңдар!

– Жо-жоқ, тоқта, тоқта! – деп Жал­пе­кең баж-бұж етті, құд­ды маған қарай жүгіріп келе жатқан­дай-ақ. Қызық, ә?

– Е, не бол­ды? Пой­ы­зың кетіп бара ма? – дедім еріксіз күліп.

– Мен, немене, мына­ны тек­ке оқы­дым ба? Сенің ойы­ң­ды білей­ін деп әдейі айтып, әдейі оқы­дым, кәне­ки, қалай жазып­ты, дұрыс па, бұрыс па, давай, ойы­ң­ды айт! – деді, дауы­сы­ның «жары­қ­шағы» жым­да­сып болған­дай таза үнмен, әрі шап­шаң­дау сөй­леп. Қызық, ә?

– Өзің­ше қалай?

– Дұрыс жазы­лған, екі рет оқыдым!

– Солай ма? Енде­ше бір рет қана тың­даған­ның пікіріне шемір­шек құлағы­ң­ды түр, тек сұрағы­ң­ды сұққы­ла­май отыр. Бұры­шта­ма­ны содан соң соға­сың, келістік пе, жездеке?

Ол үнде­меді. «Қазақ ішін бер­мей­ді». Мен «жолға шықтым»:

– Жал­пе­ке, саған жау­а­бым­ды мен де әнші Роза апа­мыз «ақ пат­ша­лап» кет­кен кісі­ден бастай­ын. Ол андағы мақа­ла­ның тысын­да бол­ма­са да, аста­рын­да бар. Қызда­ры мен күй­еу бала­ла­рын жары­лқа­ма­са, несіне әке, қай­ын ата бола­ды? «Мұхам­мед пай­ғам­бар да күй­еу бала­сын сый­лаған». «Қаза­қтың гүлі – қызы». Бәріне жол ашып бер­ді, қол­да­ры­на ілі­нер­дің де, ілін­бес­тің де бәрін жиып-теріп алып, жал­тақта­май, жасқан­бай, қорған­бай тай­раң­дай беру­ге тиіс екен­дерін, өздеріне өзінің тасқа­мал қорған бола­ты­нын ұқтыр­ды. Мен­де сон­дай «кры­ша» бол­са, баяғы­да-ақ біз­де­гі анау мил­ли­ар­дер­лер­дің алды­на шығып, зей­нет­ке шық­пай қояр едім! Ал інілерім­ді ұшпаққа шығар­ма­сам, аға болып әурем не?! «Қаза­қтың аға­сы – жаға­сы да, інісі – тынысы».

Күй­еу бала­ла­ры­ның да есеп-қиса­бы түзу болған, кім­нің қызы­на қызы­ғу­ды, «екі жер­де екі – төрт» екенін құй­ры­қта­рын басқан кез­де-ақ біл­ген шығар, инсти­тут­тың есі­гіне шыға бере мил­ли­ар­дер бол­ды емес пе?! «Қазақ қатын алмаған, қай­ын алған». Сон­дай-ақ мақа­ла­да «ақ пат­ша­ның» жиен­дерінің де шылқып жүр­ген­дері айты­лып­ты. Шылқу­ла­ры­на жәр­дем жаса­ма­са, наға­шы­лы­ғын­да не сән бар?! Қызық, ә? «Қаза­қтың бір өрісі – жиені».

«Қаза­қтың үш жұр­ты­ның бірі – наға­шы­сы». Түсінік­ті ме?.. «Аузы­ңа шай­нап салып бер­ген­дей»!.. Содан кей­ін ол кісі кей­бір мини­стр­леріне, әкім­деріне ерекше бас-көз болу­да деген сыңай бар. Әй, қазақ, қызы­қ­сың, ә? Өйт­пе­се, пре­зи­дент­ті­гін­де қаси­ет бола ма?!. Ал мини­стр­лері, әкім­дері бала­ла­рын тез бай­и­тын жер­лер­ге тық­па­лап жүр деп жазып­ты. Қызық, ә? Оу, бақа екеш бақа да, солар­дың жара­ты­лы­сын зерт­те­уші ғалым­дар­дың айтуын­ша, көк­шақа бақа­шы­ғы­на жылы шал­шық іздей­ді екен, егер анау мини­стр­лер мен әкім­дер бала­ла­ры­ның бай болуын көз­де­ме­се, министр, әкім болған­да­ры­нан не пай­да? Жал­пы бар ғой, Жал­пе­ке, тырп етпей тың­дап отыр­сыз, рах­мет, енде­ше, жез­де­ке, біздің бүгін­гі сонау билік басын­дағы­лар мен айна­ла­сын­дағы­лар­дың мил­ли­ар­дер, мил­ли­о­нер болған­да­рын, сон­дай-ақ бола­тын­да­рын бәрі­міз аяқ-қолы­мы­зды бір­дей көтеріп қоста­уы­мыз, қол­да­уы­мыз керек. «Неге?» десеңіз, ашып айтай­ын, «қазақ кей­де тура­сын айта­ды»: егер билік басын­дағы­лар, олар­дың қой­ын-қоны­шын­дағы­лар шылқа бай бол­ма­са, халқы­ның жар­ты­сы кедей болып оты­рған Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы қазір­гі­дей дамып, дүние жүзін қызы­қты­ра алар ма еді? Қаза­қстан жер бетін­де­гі аса бай он елдің орта­сы­на ертең еніп кету­ге бүгін дай­ын оты­рар ма еді? Ал, кәне, құр­мет­ті Жал­пе­ке, енді­гісін өзіңіз айтыңызшы!

Жез­дем теле­фо­ны­ның тұтқа­сы­на бір мысқал күр­сініс сал­ды да:

– Сен пре­зи­дент­тің кеше газет­тер­ге шыққан кезек­ті жол­да­уын оқы, мәсе­ле сон­да, – деп күбір­леді де, теле­фо­нын бұқтырды.

Біздің қазақ қызық, ә?..

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн