Понедельник , 7 июля 2025

Біздікі НЕ қыртыл?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

Темірқа­зық

 

Қолы­ма бір қызғы­лы­қты ста­ти­сти­ка түсті. «Nation Master» деп ата­ла­тын ста­ти­сти­ка­лық пор­тал­дың әлем елдері эко­но­ми­ка­сы­на бай­ла­ны­сты рей­тинг­тік ақпа­ры екен.

Ауда­рып-төң­керіп қарап отыр­мын: салы­стыр­ма­лы сан­дар­дың қызы­ғы көп. Сол қызы­қты қаза-қаза қара­саң, әлем­нің дамы­ған 30 еліне қосы­луға «ыстық ықы­ла­сы» бар біздің елі­міз озған оты­здың маңы түгілі, шаңын көретін күй­де емес екен: таза табыст­а­ры­ның дең­гейі барын­ша жоға­ры 162 елдің рей­тин­гі ретін­де Қаза­қстан 94-ші орын­да тұр – жуан орта­дан төмен. Мәсе­лен, 2014 жыл­дың дере­гіне сәй­кес, біз­ден сығып алы­на­тын салы­қты есеп­те­ме­ген­де, орта­ша жалақы айы­на 614,24 дол­лар болған. Сон­да салы­ғы­ң­ды сыды­рып тастап, орта­ша қаза­қтың қолы­на тиетін орта­ша таза жалақы­ны өзіңіз есеп­теп көріңіз – шама­сы 500 дол­лар­дан асар-аспас.

Бұл да сіздің қал­таға түсетін таза табыс емес. Себебі, егер сіздің кеңе­стік кез­ден қалған ескі пәтеріңіз орта есеп­пен 85 шар­шы метр бол­са, оған төле­нетін ком­му­нал­дық төлем­ді ($107,55) алып тастай­сыз. (Бұл шығынн­ның шама­сы бой­ын­ша біз осы рей­тинг­те 75-оры­нға ілі­гіп­піз). Сон­да қал­таңы­зда қала­ры – 400 дол­лар­дың дома­лақ дол­ба­ры болады.

Бірақ бұл да сіздің еркіңіз­де­гі есеп­тің ақша­сы бол­май­ды. Бұл сома­дан шама­мен 25 дол­лар­ды интер­нет пен бай­ла­ныс ақы­сы­на ауда­ра­сыз. Айт­пақ­шы, бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша, біз тіп­ті төмен сырғып, 116- орын­да тұрмыз.

Енді не қал­ды? Ә‑ә, сым арқы­лы тарай­тын теле­жә­шік үшін төлей­тін сома­ны, орта­ша қаза­қтың мой­ы­нын ырғай­дай қылған кре­дит­ті «дебит­тей» кел­ген­де, қал­таң­да $300 қалар-қал­ма­сын қисап­тап қой­ы­ңыз. (Қаза­қтың кез кел­ген есі­гін қағып көріңіз – неси­ені несі­бе дей­тін адам тап­пай­сыз: оның ай сай­ы­нғы қай­та­ры­мы кемін­де 30–40 мың тең­ге­ден кем бола­тын қаза­ққа ескерт­кіш қоюға болады).

Енді сол үш жүзді тәл­тірең­деп тұрған тең­ге­ге теңеп көріңіз – 55 мың­ның төңіре­гі шыға­ды. Ал осы ақша­ны отба­сын­да бес жаны бар тағы сол орта қаза­ққа бөліңіз – 11 мың­нан айна­ла­ды. Осы «мыңғы­рған» 11 мың­ды бір айдың 30 күніне шағып, тағы шотқа салы­ңыз – «шыр­тыл­даған» 366 тең­ге шыға­ды. Бұл – сіздің бір күн­дік ішер-жеріңіз. Ал киер-жүре­рді қай­тесіз – ол басқа проблема!

Міне, ең-ең деген 50 елдің есі­гі­нен ендік, енді озған оты­здың орта­сы­на кіре­міз деп жүр­ген­де­гі жағ­дай­ы­мыз – осы. Озған отыз елдің орта­ша отба­сы айы­на 1500 еуро­ны «талға­жу» етерін еске алсақ, біздің 300 дол­ла­ры­мыз диу­а­на­ның өлмес күні екенін мой­ын­да­уға тура келеді. Тіп­ті сол отыз елде жұмыс­сызға «посо­бие» деп төле­нетін ақы біздің орта қаза­қтың айлық ақша­сы­нан анағұр­лым артық.

Ал біздің Ақор­да­да оты­рған айқай­шы­лар «жан басы­на шаққан­дағы «ВВП»-мыз 13 мың дол­лар бол­ды» деп, кеуде қаққан­да, көкірек пен жұды­ры­қтың орта­сы­нан от ұша­ды-ау! Біз сол оты­зға жету үшін, алды­ңғы орын­да тұрған швей­цар­лық таба­тын таза табыст­ың (айы­на $6,301) тым құры­ған­да жар­ты­сы­на жетуі­міз керек қой. Халы­ққа қажеті – қағаз­дағы «ВВП» емес, қал­та­дағы ақша. Сон­да сана­да бар, сан­да жоқ 600 дол­лар­мен айға азу біле­гені­міз – есек мініп, жорға­мен жары­сқан жары­ме­стің жіні­гі боп шық­пай ма?!

Е‑е, сіз «Nation Master» дегенің не дуа­дақ, бұл деректер дәнекүс деуіңіз мүм­кін-ау, ә? Мен де сөйт­кем: осы­лар оттай береді екен деп. Енді ше, отыз елге енте­леп бара жатқан Қаза­қстан­ды қор қыл­май, еле­улі елу елдің ішіне ендіріп қой­са нетті?

Сөй­тіп, интер­нет­ті иттей тіміскілеп шық­сам, «Nation Master» дегеніңіз дәлел­ді дәй­ек­тер­ді «ООН»-нан, «ВТО»-дан, «ЮНЕСКО»-дан, тіп­ті «ЦРУ»-дың деректері­нен ала­ды екен. Ол аз десеңіз, Дүни­е­жүзілік бан­кі, Әлем­дік даму инсти­ту­ты, Бүкіләлем­дік ден­са­улық сақтау ұйы­мы қат­тай­тын құжат­тар қорын қопа­ра­ды. Осын­ша­ма бедел­ді түп­нұсқаға сіл­те­ме жасай­тын пор­тал ойын­шық па? Басқа­сын қай­дам, сөзінің буы будақ-будақ бұрқы­рай­тын Бур­ха­нов (Камал депу­тат ше?) мүше­сі болған мәжілістің әупірім­де­ген әле­умет­тік коми­теті бұның қолы­на су құя алмай­ты­ны анық, енді.

…Содан қой­шы, әйте­уір, Аягөз­де­гі Аман аға­ма шыл­дыр-шыл­дыр теле­фон шалғым кел­ді: «Аға, сон­дағы біздікі не қыр­тыл?» – деп. Бірақ ол ойым­нан дереу айны­дым: елу жыл еңіреп жүріп жет­кен пен­си­я­сы 60 мың­нан асар-аспас ағам­ның қанын оны­сыз да быт-шыт боп жүр­ген басы­на шап­тыр­май­ын дедім.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн