Воскресенье , 6 июля 2025

Бізге ықпалы күшті ПАРТИЯ ҚАЖЕТ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (286) от 16 апре­ля 2015 г.

 

Күн тәр­тібіне

 

Сонау да сонау заман­да, жан-жану­ар түгел аман­да, кәрі Тас­бақа көл жаға­сын­дағы қой­тасқа шығып, тар­биып жатып, басын шай­қап: «Тасе­мес бақа көбейе баста­ды, ақы­ры не болар екен­біз?!» деп­ті деген аңыз бар. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­дағы қоғам­дық сая­си қозға­лы­стар, бір­ле­стік­тер, пар­ти­я­лар тура­лы ести, оқи бас­та­сам-ақ, осы бір аңыз ойы­ма ора­ла қала­ды: «ақы­ры не болар екенбіз?».

Ал біз­де бір­ле­стік, қозға­лыс ата­улы­ны түген­де­ме­ген­де, сая­си пар­ти­я­лар­дың ғана саны 2002 жылы 19 бол­ды да, бүгін­де ақы­ры оның үштен бірі қал­ды. Олар: аты қысқа, күн­де қырық құбы­ла­тын «Нұр Отан» пар­ти­я­сы (Отан­ның нұр­лы­сы, нұр­сызы бола­ты­нын да көр­дік); соңғы кез­де бел­сене түс­кен демо­кра­ти­я­лық «Ақ жол» атты пар­тия; Қаза­қстан­ның Ком­му­ни­стік халы­қтық пар­ти­я­сы (билік халы­қтың ғана сөзін айта­тын «халы­қтық емес» Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ны жауып таста­ды); анда-сан­да айбат­та­нып, әзір­ге тыныш жүр­ген Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы және әйте­уір бар екен­дерін жылы­на бірер рет біл­діріп қоя­тын «Бір­лік» пар­ти­я­сы («Ауыл», «Әділет», «Руха­ни­ят» пар­ти­я­ла­ры­ның бір­лес­кен жұрнағы).

Кеше­гі кеңе­стік Ком­пар­ти­я­ның мұра­геріне айналған «Нұр Отан­ды» екі қаза­қтың бірі біл­се, басқа­ла­ры­ның не «қыр­да тас санап», не «ойда құм санап» жүр­ген­дерін ешкім айтып бере алмай­ды: ол «құбы­лы­стың» нақты дәлелі – кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау өткізілетіні жари­я­ланған­нан кан­ди­дат­тар­ды тір­ке­у­ге дей­ін­гі ара­лы­қта, мыса­лы, ЖСДП-ның бас көте­ре алмағаны.

Халы­қтың мұң-мұқта­жын айта алар бір­ден-бір пар­ти­я­ның негізі «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қоғам­дық қозға­лы­сы еді, оны қожай­ын­ның айтуы­мен сол кез­де­гі пре­мьер-министр Қасым­жо­март Тоқа­ев жөр­ге­гін­де тұн­шы­қтыр­ды. Ал оған жалғас болған «Әділет­ті Қаза­қстан үшін» атты қозға­лы­сты оппо­зи­ци­я­лық делін­ген сая­си пар­ти­я­лар ары-бері тар­тқы­лап бітір­ді. Ком­пар­тия қақ жары­лып, билік­ке білек артқа­ны үстем­дік алды. «Ақ жол» да екіұ­дай болып, билік­тің бет-аузы­на қараға­ны қалып, біз «Нағыз Ақ жол­дан», оның ту ұста­у­шы­сы Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы­мен көз жаз­дық. «Азат» бол­са, олар да қақ жары­лып, тұз­да­ры жарас­паған ерлі-зай­ып­ты­лар­ша бір­де айры­лы­сып, бір­де қосы­лып, ақы­ры теріс айна­лы­сып, құжат­тағы сұла­ба­сы ғана қалды.

Соны­мен, бүгін­де жалаң мақта­ны жел­сіз күн­де де жала­у­ша желбіреп, өтірі­гі өрістеп тұрған бет­пақ билік­ке түй­і­ле қарай ала­тын оппо­зи­ци­я­лық пар­тия жоқ. «Бар­мын!» десе, оның бар екенін бүкіл халық білуі, көруі керек. Алма­ты­да шыға­тын, бірақ облыс орта­лы­қта­ры­нан арғы көп­шілік­ке жете бер­мей­тін: «Дат», «Жас алаш», «Ашық алаң» газет­теріне «тео­ри­я­лық» мақа­ла жазу­мен ғана «тірі» екен­дерін көр­се­те алмай­ды. Құқы аяқа­сты болып, жанай­қай­лы талап-тіле­гі ескеріл­мей оты­рған жұрт­шы­лы­ққа өзі­мен қол ұста­са әре­кет жасай алар жәр­дем­ші қажет. Жер-жер­де ұйым­да­ры іс жүзін­де жоқ, сөз жүзін­де ғана бар пәр­мен­сіз пар­ти­ядан, неме­се жасан­ды оппо­зи­ци­ядан не қайыр?

«Нұр Отан» әйте­уір өзінің халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық пар­тия екенін «дәлел­де­уден» жалы­қ­пай­ды. Бірақ оны­сы – даңға­за сөз. Олай бол­ма­са, айта­лық, ол пар­тия ауыл­ды қал­пы­на кел­тіре­міз деген желе­умен соңғы 15 жыл­да үкі­мет­тің жоба­сы­мен, пар­ла­мент­тің құп­та­уы­мен, пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен бюд­жет­тен қан­ша қар­жы бөлін­генін, оның қан­ша­сы ауы­лға жет­кенін, қан­ша­сы қай­да ғай­ып болға­ны­на бір рет нақты назар аудар­ды ма, тиісті орын­дар арқы­лы тек­серт­ті ме? Жоқ! Соңғы 15 жыл­да ауыл­дың тым-тым құл­ды­раға­ны­нан, мәсе­лен, тоғыз жүз­ден астам ауыл­дың қыла­яғы ауыз суға зар болып оты­рға­ны­нан пар­тия, оның басым көп­шілік дауы­сқа ие пар­ла­мен­ті шыны­мен хабар-ошар­сыз ба? Пар­ла­мент депу­тат­та­ры дәстүр­лі кани­ку­лы кезін­де туып-өскен ауыл­да­ры­на – сай­ла­у­шы­ла­ры­на бар­май ма, әлде олар­дың ауыл­да­ры гүл­деп тұр ма? Гүл­деп тұр­са, оны гүл­де­ме­ген­дер­ге үлгі етіп неге айтпайды?

Жал­пы, «Нұр Отан­дық» пар­ла­мент­тің «халық қыз­мет­шісі» деген аты­на заты сай емес. Өйт­кені онда халық үшін ұйқы­сы бөлініп жүр­ген­дер жоқтың қасы. Оны «соқы­рға таяқ ұстатқан­дай» етіп мына бір ғана мысал­мен айтып берей­ін: пар­ла­мент депу­тат­та­ры был­тыр өздерінің айлық ақы­сын көбей­туді екі дүр­кін әңгі­ме етті – айы­на орта есеп­пен үш мың дол­лар алып оты­рған­да­ры олар­дың «еңбек­теріне лай­ық емес» көрі­неді. Тара­ты­лған лақап бой­ын­ша, дүние жүзін­де­гі ең бай елу елдің қата­ры­на қосы­лған, енді бірер жыл­да ең бай отыз елдің орта­сы­нан орын алмақ­шы, ал шын­ды­ғын­да ең бай елу елге іле­се алмай келе жатқан Қаза­қстан­ның «халық өкіл­дері» айлық ақы­ла­ры­ның АҚШ кон­грес­шілері, Ресей дума­шы­ла­ры… алып оты­рған­дай етіліп, екі есе­ле­нуін көк­седі. Тір­лі­гі­міз­де­гі ең ауыр қыз­мет­ті атқа­ру­шы мұғалім­дер мен дәрі­гер­лер­дің ауыл­дағы­ла­ры­ның айлық ақы­сы 45–50 мың, қала­дағы­ла­ры­ның айлық ақы­сы 60–70 мың тең­ге ғана екені ешқай­сысы­ның қапе­ріне кіріп-шықпады.

Ал биыл жыл басын­да пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның айлық ақы­сын ықшам­дау тура­лы пікір есті­ле қалған­да, депу­тат­тар­дың біра­зы табыст­а­ры 400 мың тең­ге екенін, оны кеміт­се, күн көре алмай­тын­да­рын айтып, жылар­ман бол­ды. Жүй­кесі күн сай­ын шабақта­ла­тын мұғалім мен дәрі­гер­дің отба­сы­на айы­на 50–70 мың тең­ге әбден жете­ді екен де, жұм­сақ орын­ды­қта есі­неп оты­ра­тын депу­тат­тарға ықшам­далған­ның өзін­де кемін­де 350 мың тең­ге болар айлы­қтың жет­пе­сі сөз­сіз екен. Бұл, сыпай­ы­лап айтқан­да, ынсап­ты ұмы­тқан­дық, анай­ы­лап айтқан­да – ұят­тан безгендік!

Айлық ақы­ла­ры­ның ықшам­да­луы­на қар­сы болған­дар­дың «алды­ңғы сапы­нан», өкініш­ке қарай, демо­кра­ти­я­лық «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Азат Перу­а­шев көрін­ді. Ол «Қазақ» газетінің 6 науры­здағы санын­да былай деді: «…Бұл – ештеңе емес. Бұл – теңіз­ге құй­ы­лған там­шы. Бұл – попу­ли­стік пиар қадам»… Бюд­жет 1–2 мил­ли­ард тең­ге ұта­ды. Ол қай­да жұм­са­ла­ды? Ол эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға әсер етпейді».

Қал-л-лай екен?!. Перу­а­шев мыр­за­ның теңіздің там­шы­дан құра­ла­ты­нын біл­ме­гені ме?! Оның мәлім­де­уін­ше, пар­ти­я­сын­дағы бар­лық депу­тат кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­са­ды екен, сон­да олар, мыса­лы, ай сай­ын неше мың тең­ге неме­се неше мың дол­лар табыс тауып жүр? Әлде кәсіп­тері ешқан­дай кіріс кір­гіз­бей­тін ермек пе? Егер олар тек­ке тер­леп жүр­се, айлы­қта­рын ықшам­дау «Ақ жол» пар­ти­я­сы үшін шынын­да «ештеңе емес» бол­мас еді.

Осы бір мысал­дар­дан жаса­лар түй­ін не? Ол – жари­я­лы да, жари­я­сыз да мил­ли­о­нер­лер мен мил­ли­ар­дер­лер билеп оты­рған елі­міз­де халы­қтың тауқы­метіне қабы­рға­сы қай­ы­сып жүр­ген сая­си пар­тия жоқ деген сөз. Ал ондай оппо­зи­ци­я­лық сая­си пар­тия қажет.

Оппо­зи­ция – тек билік үшін күре­сетін­дер тобы емес, билік­тің қада­мын қадаға­лап, мүлт басқа­нын жария етіп, оның себебін түсін­діріп, түзе­ту­ге көмек­те­сетін күш. Біз­ге сон­дай қамқор­шыл, бай­ып­ты, бағ­дар­шыл, халы­қтың көз-құлағы, тілі болу­ды пары­зы деп білетін әділет­ті сая­си пар­тия қажет.

Мен осы «ДАТ» газеті беті­нен «Аңыз адам» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Жары­лқап Қалы­бай­дың халық мүд­десі үшін ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық пар­тия ұйым­да­сты­ру ниеті барын оқып, біраз ойла­нып: «Игі ниет, қол­да­уы­мыз керек!» деген ой түй­дім. Аты анық, заты бұлы­ңғыр он пар­ти­ядан іскер, ықпал­ды бір пар­тия артық! Жігер­лі, намысты аза­мат Жары­лқап Қалы­бай­дың «Нұр Отан­мен» тізе түй­істі­ре, еркін, батыл сөй­ле­се ала­тын шын мәнін­де ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық пар­тия құруға қабілеті жете­ді деп білем.

Ал біз – «Елім! Халқым!» деген аза­мат­тар – оған қол­дан кел­генін­ше көмек­те­су­ге тиіс­піз! Осы газет жет­кен жер­де­гі пат­ри­от­тар, олар­мен қарым-қаты­на­стағы арғы ағай­ын­дар құлағ­дар болғай! Қар­жы­лы аза­мат­та­ры­мыз сенім артып, жұмы­ла жәр­дем жасар бол­са: «Бәре­кел­ді!» делік, ондай мүм­кін­ді­гі бол­май тұрған­дар ықы­ла­сты сөзі­міз­бен, лай­ы­қты іс-әре­кеті­міз­бен көмек­те­сей­ік! Тұр­мыстың ауырт­па­лы­ғы­на душар болған халы­ққа қолы­мы­зды созайық!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн