Воскресенье , 20 апреля 2025

«Бизнес по-казахски» ЕРКЕНІҢ ЕСІН АЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №1 (365) от 12 января 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

 


 

 

Ерке Есмахан Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» атты туындысына қатысты пікірін білдірді. Ол аталған фильмнің өзіне қатты ұнағанын айтты. Тіпті осыған орай үнді актері Сидхартх Шуклаға хат жазбақ. Естеріңізде болса, ол «Келін» фильмінде Анандидің күйеуін сомдаған-ды.

 

«Жаңа фильм шықса, қалмай барамыз ғой, әйтеуір… Отандық фильмдердің ішіндегі ең керемет ұнағаны – осы «Бизнес по-казахски» болып тұр! Күлдіртіп тұрып, астарына «тәрбиелік мән» берген, актерлар мен музыка жағын дәл тапқан! Басқа да көз тойып, мақтауға сөз жетпей тұрған тұстары көп! Бұл менің ғана пікірім емес, залдағы xалықтың эмоциясынан-ақ түсінуге болатын жәйт! Зал лық толы болды. Фильмнің басынан аяғына дейін xормен күліп отырдық! Осы кино «рекордтық көрсеткіш» көрсетіп жатқанына көз жеткіздім!

Қысқасы, Нұрлан мырза, жарадыңыз! Сізге көп раxмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Бастамасы сәтті, әрі қарай тек алға! Барлық ұжымға «жарайсыңдар» дегім келеді! Чакраборти ағаның дайриктісіне жазып жіберермін мақтауымды. Күтіп жүрген шығар менің xатымды! Барлықтарыңызға осы «Бизнез по-казаxски» фильміне барып тамашалауға кеңес беремін!» – деп жазады Ерке Есмахан.

Әншінің бұл сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар да аталған фильмге қатысты жағымды пікірлерін білдіре бастады.

Аlashinform.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн