Среда , 14 мая 2025

«Болашақ» стипендиясында НЕНДЕЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

Қаза­қстан­да «Бола­шақ» халы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­сы­мен шетел­де оқу ере­же­леріне аздаған өзгеріс енгізіл­ді, деп хабар­ла­ды Аста­на­да «Халы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар орта­лы­ғы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның пре­зи­ден­ті Ғани Нығметов.

Нығ­ме­то­втің сөзін­ше, биыл­дан бастап, «Бола­шақ» сти­пен­ди­я­сы­нан үміт­кер шет тілі­нен дай­ын­ды­қтың алға­шқы алты айын Қаза­қстан­дағы екі тіл орта­лы­ғын­да, қалған алты айын шетел­де өте­ді. Шетел­ге өзді­гі­нен оқуға түс­кен «Бола­шақ» сти­пен­ди­я­сы­нан үміт­кер­лер­ге тіл­дік дай­ын­ды­қтан өту керек емес.

Бұған қоса, бұрын магистр неме­се PhD док­то­ры дәре­же­сін «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы иелен­бе­ген үміт­кер­лер де енді «Бола­шақ» бой­ын­ша қай­та­дан осы саты­лар­ды оқуға үміт­тене ала­ды. «Бола­шақ­пен» док­то­ран­ту­ра оқы­ғы­сы келетін­дер­ге қой­ы­ла­тын талап­тың бірі – диплом­ның орта­ша балы 5‑тен 4‑ке дей­ін азайтылған.

Ғани Нығ­ме­то­втің айтуы­на қараған­да, биыл рес­пуб­ли­ка­лық комис­сия шеші­мі­мен «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­на 600 сти­пен­дия тағай­ын­да­уға шешім қабыл­данған. «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы сти­пен­ди­я­сын иеле­ну­ге құжат тап­сы­ру 13 сәуір­де басталды.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн