Пятница , 4 июля 2025

Болат АТАБАЕВ: Бұл қылмыстық жүйе құрымай, ТЫНЫШТЫҚ ЖОҚ МАҒАН!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

ДАТ!


 

Газеті­міздің өткен санын­да бел­гілі театр режис­сері, Гёте медалінің кава­лері, қайт­пас қай­сар қай­рат­кер Болат Ата­ба­ев­тың сұх­ба­ты жари­я­ланған еді («В Акмор­де не дер­жат воль­но­дум­цев» – 18.05.17ж.). Сон­да біз өзінің «көңілі қалып жүр­ген қаза­қта­ры­на» арнап, тағы бір сұх­бат беруін сұраған едік. Бөкең сол уәдесін­де тұр­ды: төмен­де әле­умет­тік желі арқы­лы болған сол сұх­бат­ты жари­я­лап отыр­мыз. Осып-осып өтер ойы алмас қылы­штың жүзін­дей аза­мат­тың пікірін оқып көріңіз.

 

– Болат Мана­шұ­лы, «ДВК»-ның алға­шқы ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры негізі­нен әле­умет­тік желі арқы­лы жүріп жатқа­ны бай­қа­ла­ды. Бұл әрине сая­сат тех­но­ло­ги­я­сын­дағы жаңа қадам бол­са да, ком­му­ни­ка­ци­я­лық тұрғы­да кен­де­леп қалған Қаза­қстан­да желі арқы­лы жұмыстың тиім­ділі­гі бола қояр ма екен? Осы орай­да сіз­дер желі­ге жүр­гізіп оты­рған мони­то­ринг қан­дай нәти­же­лер көрсетуде?

– Рас. Ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры, негізі­нен, әле­умет­тік желілер­де жүріп жатыр. Басқа мүм­кін­шілік­тер де бар. Есің­де бол­са, «ДВК» деген бренд­ті Қаза­қстан­да қол­да­нуға заң бой­ын­ша тиым салы­нған (әрине, абсурд), кей­ін ол қозға­лы­сты «Алға» деген атпен ресми тір­ке­у­ге бір­не­ше жыл бойы әре­кет­тен­дік. Тір­ке­меді. Кей­ін пар­тия жетек­шісі Коз­лов сот­тал­ды, Алма­ты және облыс орта­лы­қта­рын­дағы офи­стері­міз тәр­кі­лен­ді, өзі­міз қуғы­нға ұшы­рап, ақы­ры, экс­тре­мист болып шықтық.

Себеп?

Басқа­лар, «КНБ»-ның нұсқа­уы­мен, «общым кото­рый» билік­ті кінәлап жүр­ген­де, біз назар­бай­ға кет дедік. Елде болып жатқан келеңсіздік­тер иесінің аты жөнін ата­дық. Бұның қоры­тындыс­ын білесің – елде­гі жүй­елі оппо­зи­ци­я­лық қозға­лыс толы­ғы­мен тұра­лап тын­ды. Сон­ды­қтан біз әзір­ге «ДВК»-ға деген жаңа ниет­тің тамы­рын әле­умет­тік желі арқы­лы басып көру­де­міз. Қазір­гі бета­лы­сы жаман емес.

– Жал­пы, бұл қозға­лы­сты басқа­ша ата­уға бол­мас па еді? «Бір суға екі рет түсу­ге бол­май­ды» деген тұрғы­дан айтар бол­сақ, кезін­де бел­гілі тұлға­лар ара­сын­дағы сая­си ауы­з­бір­шілік бол­мауы сал­да­ры­нан тарап тынған «ДВК»-ны қай­та­дан «тіріл­ту» мақ­са­ты қан­дай бола­шақ сая­си мүм­кін­дік­ке негіз­дел­ген деп айта аласыз?

– Білетін жұрт­тың есін­де болуы керек: «Алға» пар­ти­я­сы – «ДВК»-ның тіке­лей мұра­гері. Қан­ша­ма жыл күре­стік, тәжіри­бе жинал­ды. «Нұр Отан» съез­дерін­де ешқа­шан бол­май­тын уғын­да-шуғын, «қызыл­кө­тен» қырғын Алға /ДВК/-ның жина­лы­ста­рын­да үйрен­шік­ті көрініс бола­тын. Кім­нің – кім екенін таны­дық! «ДВК» үшін Әбі­ля­зов пен Жақи­я­нов түр­ме­ге түсті. Бәй­ме­нов бастаған, Ерға­ли­е­ва қоштаған топ сат­ты. Кезін­де мың­даған бел­сен­ділер­дің үміті болған «ДВК»-ны қисық заң­мен қағаз­дан өшір­се де, сана­дан өші­ре алма­ды. Ел-жұрт­тың жадын­да «ДВК» шын­дық үшін, әділет үшін күрес­кен ұйым болып қалған!

«Бір суға екі рет…»? Мың рет! Мәсе­ле суда емес. Сол суға кім және қан­дай мүд­де­мен кір­ді – мәсе­ле сон­да. «ДАТ»-қа тый­ым салы­нған­да, сен де «Сол­ДАТ» деп қай­та­дан түледің. Біз де, сол «ДВК»-ны тіріл­ту­ге шықтық. Аты­мы­зды да, заты­мы­зды да сақта­уды дұрыс көрдік.

 

– Өте жөн екен, Бөке! Ал желі­ге жүр­гізіл­ген зерт­теу бой­ын­ша, қозға­лы­сқа қосы­луға ниет біл­діріп жатқан­дар­дың дені кімдер?

– «ДВК»-ны қол­дай­мын! Мені де тір­кеңіз», – деген мың­даған адам атта­рын ашық жазу­да. Көбісі 35–50 жас ара­сын­дағы аза­мат­тар, жастар да бар­шы­лық. Жұмыс енді бастал­ды, сон­ды­қтан толық зерт­теу әлі алда.

 

– Қаза­қстан демо­кра­ти­я­лық таң­дау қозға­лы­сы­ның құры­л­тай­шы­сы ретін­де жұмысты неден бастадыңыз?

– Бастаған жоқ­пын, басталған істі жалға­сты­ру­да­мын. «ДВК» – аЗа­МаТ­ТыҚ қозға­лыс. «А» әрпін әдейі кішірей­тіп отыр­мын, мысал үшін. Дауы­сты жалғыз «а» дыбысы көп дауыс­сыз дыбыст­ар­дың орта­сын­да көрін­бей­ді. Өмір­де де осы жағдай.

Енді­гі МАҚСАТ: дауы­сты­лар­дың санын көбей­тіп, дауыс­сыздар­дың сана­сын өсі­ру… Жана­шыр­лар­ды «Общым­ко­то­рый» халық, ел, жұрт ұғы­мы­нан биік­тетіп, нақты АЗАМАТ дең­гей­іне жет­кі­зу, ТҰЛҒА дәре­же­сіне көтері­лу! Назар­бай­дың зәресін зәр түбіне кел­тіретін АЗАМАТТЫҚ қоғам қалып­та­сты­ру. Қоры­қ­пай­тын­дар­дың саны мен сапа­сын арттыру.

Наза­рқұл­дар да қам­да­нып отыр. Пошта­мы­зды істен шыға­ру үшін кей күн­дері 500 дей­ін спам жібереді.

 

– Деген­мен, Бөке, желі­де­гі кей­бір жаз­ба­ла­ры­ңы­зда самарқау қаза­ққа өкпе-реніш біл­дір­ген сыңай таны­та­сыз. Бірақ, қалай болған­да да, қаза­қстан­дық қоғам­ды қаза­қтан басқа ешкім өзгер­ту­ге құштар емес екенін білесіз ғой?

– Этносқа сана­лы адам рен­жі­мей­ді. Мен қаза­қты көне грек­тер сияқты екі­ге бөлем: idiotis және politis! «Иди­от­тар» мен «Полит­тер». Сол иди­от­тар маған ренжиді.

(Еске салу үшін: В древ­ней Гре­ции людей, кото­рые доб­ро­воль­но отка­зы­ва­лись от уча­стия в поли­ти­че­ской жиз­ни, назы­ва­ли idiotai — «част­ные люди», неучаст­ву­ю­щие в поли­ти­че­ской жиз­ни. Это не одоб­ря­лось обще­ством. Чело­век, кото­ро­му все рав­но, как живет его госу­дар­ство, кото­ро­му все рав­но, какие зако­ны при­ни­ма­ют­ся в этом госу­дар­стве, явля­ет­ся более опас­ным, чем даже поли­ти­че­ский противник.

Полис (город) — осо­бая фор­ма соци­аль­но-эко­но­ми­че­ской и поли­ти­че­ской орга­ни­за­ции обще­ства, типич­ная для Древ­ней Гре­ции и Древ­ней Ита­лии. Актив­ный граж­да­нин поли­са назы­вал­ся polit (отсю­да про­ис­хо­дит тер­мин «поли­ти­ка» — нау­ка о госу­дар­ствен­ном управлении).

Халық және аза­мат­тық қоғам – екі дүние. Әле­умет­та­ну ғылы­мы айта­ды: халы­қтың 2–3% ғана аза­мат­тық бел­сен­ділік көр­се­те­ді. Қалған­да­ры ішкен-жеген­ге, киген-сиген­ге мәз иди­от­тар. Әрі кет­се, өткен-кет­кен­ге там­са­на­ды, баба­лар­дың өмірін аңсайды.

«Осы шақ, келер шақты не істей­міз, қаза­қтар?!» – десең, «өткен­ге – сала­у­ат, келе­шек­ке – ама­нат» – дей сала­ды. Сон­да, ұрпақтың көте­рер жүгін зіл қара тас қылып, жұлы­нын үзіп, жүре бер­сек, кім бол­дық?! Мил­ли­ард­таған қары­зды кім төлейд?! Шын тәу­ел­сіз болу үшін уланған санаға деко­ло­ни­за­ци­я­ны кім жасайды?

Аза­мат­тық қоғам тумай тұн­шы­ғу­да. Нағыз өрке­ни­ет және демо­кра­тия жолын­дағы билік ең алды­мен, аза­мат­тық мәде­ни­ет қалып­та­сты­руға күш сала­ды. Билік мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­мен бір­лесіп, қоғам­ның өзек­ті мәсе­ле­лерін шешеді.

Біз бол­сақ, әлі сол, Шаха­нов бастап бер­ген «шала қазақ, таза қазақ, нағыз қазақ» деп бөліп, бір-бірі­міз­бен жау­ла­сып жүр­міз. Үміт­тері үзіл­ген орал­ман­дар: «Қай­та­мыз» десе, оларға: «Сатқын­дар! Тәу­бе, шүкір­лерің қай­да?!» деп, өктем­дік көр­се­те­міз. «Әбі­ля­зов елім десе, жерім десе, қаза­қ­ша жаз­сын, қаза­қ­ша сөй­лесін!» деп, етістік­тің бұй­рық рай­ы­мен дікің­дей­тін­дер көбей­ді. Өзге емес, өзі­міздің қазақ жау іздеп, дау қуып оты­рған. Мұх­тар­ды қара­лау үдерісі күшей­іп келеді. Сана­лы қазақ кім­нің – кім екенін түсін­ді. Назар­бай­дың «бөліп ал да, билей бер» деген прин­ци­піне қыз­мет жасап жүр­ген наза­рқұл­дар­ды /агенты влияния/ танып отырмыз.

 

– Болат аға, сізді тіліңіз­ден тар­тқа­ным жоқ – өзіңіз баста­ды­ңыз: расын­да, сізді Әбі­ля­зо­втың қорға­у­шы­сы деп жүр­ген­дер көп…

– Қорғай­мын! Әбі­ля­зо­вты қорғаға­ным – өзім­нің өмір­лік прин­ци­пім­ді қорғаға­ным, шын­дық пен әділ­дік­ті қорғаға­ным және жүй­елі түр­де. Бол­ма­са, сұраға­нын беріп, туған-туы­ста­ры мен бала­ла­ры­ның қасын­да ақар да, шақар күй кешіп, отыр­май ма – назар­бай деген төбе­шік­тің ете­гін­де көп мал­дың бірі болып. Жоқ! «Мен бастай­мын, қосы­лы­ңы­здар!» деп қай­сы­мыз суы­ры­лып шықтық?

Оппо­зи­ция қата­рын­да болай­ын­шы деген ой мен­де мүл­де бол­маған. Билік – менен оппо­зи­ци­о­нер жасаған. Өзім­ді өзім өрте­медім. Асыл­ма­дым. Ешкім­ді атпа­дым. Өзім сияқты­лар­ды іздедім.

Бұл қыл­мыстық сая­си жүйе құры­май, тыны­штық жоқ маған! «Мұх­тар, бізді құтқар!» деген ұран /слоган/ оқы­дым фейс­бук­те. Демек, оған деген сенім бар.

 

– «Әр қазақ менің жалғы­зым» деген, екінің бірі айтып жүр­ген тұжы­ры­мға қалай қарайсыз?!

– Никак қарамаймын!

Жақ­сы ақын­ның сол сәт­те­гі поэ­зи­я­лық сезі­мі! Он минут­тан кей­ін сол ақын: «Өрі­сте оттап жүр­ген мал – қазақ!» – деуі әбден мүм­кін. Поэ­зия – это состо­я­ние души. «Душа» құбы­ла­ды да тұра­ды, тем более ақын­ның душа­сы! Құлаққа жағым­ды болған соң, басқа­лар оны өмір­лік прин­цип етіп алған. Аста­рын­да «либой» қыл­мысты кеші­ре сал, қаза­қ­пыз ғой, өзі­міз ғой деген пасық ой жатыр. Әрине, бүгін­гі күн­нің контексінде.

Мыса­лы, Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры­на қар­сы оқ атқы­зған назар­бай да қазақ.

Оқ атқан сүме­лек­тері де – қазақ.

Жер­ді сатып оты­рған жемқор­лар да қазақ.

Әбі­ля­зо­вты, Жақи­я­но­вты, Коз­ло­вты, Кур­ма­шин­ды, Саят Ыбра­ев­ты, Макс пен Талғат­ты, Жан­бо­лат­ты түр­ме­ге жапқан сот­тар мен про­ку­рор­лар да қазақтар.

Заман­бек Нұрқа­ді­лов өзін-өзі өлтір­ді деп, теле­ди­дар­дан жалған хабар таратқан министр де қазақ.

Алтын­бек пен көмек­шілерін өлтір­ген­дер де қазақтар.

Ал! Не бол­ды сонда!

«Жалғы­зда­рың» ғой, басы­бай­лы бер­дім, алы­ң­дар меншіктеп!

Адам­ды баға­ла­удың өлше­мі оның этно­стық ерекшелі­гі /руы, ұлты/ емес!

Ақыл-пара­са­ты /интеллект/, кәсі­би­лі­гі, таным-талғам биі­гі, руха­ни ұстанымы!

 

– Ал енде­ше, жал­пы қаза­ққа қазақ ретін­де айта­ры­ңыз бар ма?

– Жалған пафосқа ұры­нып, өзі­мізді-өзі­міз қоп­ты­рған­ды қояй­ы­қ­шы. Өзі­міз үшін!

«Ұлы», «қаси­ет­ті», «киелі», «құт­ты», «дана», «асқақ», «кемең­гер»… деп, алты­н­мен аптап, күміспен күп­теп, сакраль­дік қаси­ет­тер­мен матап тасталған «Халық», «Қазақ», «Тіл», «Тарих» деген төр­тем бар. Шар сияқты, жіңіш­ке жіп­ке бай­ла­нып, өткен күн­нің еншісін­де қалып, уақыт­тың даты басқан, иесін күтіп, ілулі тұр. Жел соққан сай­ын төр­тем­нің атта­рын атап: «Үзіл­ді! Өлді!» деп, айқай­ға баса­мыз. Ол төр­тем­ді жер­ге түсіріп, сіл­кіп-қағып, киелісін аршып алып, қаси­ет­сізінің атын атап, бүгін­гі күн­нің құн­ды­лы­ғы­на айнал­дыр­сақ, қанеки?

Дәстүр­ді сақтау дегені­міз – сөніп қалған күл­ді қызғы­штай қорғау емес! Сөн­ген күл­дің жұр­тын­да қалған жады­ны ояту. Отты қай­та маздату!

Ұнау үшін, халы­қтың көңілі­нен шығу үшін, атүсті, бар­дым-кел­дім айты­лған ұран емес, күн­делік­ті жүй­елі ғылы­ми жұмысқа зәру­міз. Тек соған жағ­дай жасал­май жатыр. Пре­зи­дент­тің сая­си еркі, қала­уы ғана керек! Халы­қтың наза­рын өз қыл­мысы­нан басқа жаққа бұрып, бізді ырыл­да­сты­рып қойды.

«Тіл», «қазақ» деп, өзі­міз­ден-өзі­міз қозып жүр­гені­міз­ге де 25 жыл­дан асты, қасы­ған сай­ын ләз­зат ала­тын бір қышы­ма болды!

Егер біз қаси­ет­ті, ұлы ел бол­сақ, қыл­мыс­кер жүй­ені басқа­рып оты­рған жүз шақты адам­ның иле­уіне неге көніп отырмыз?!

Сосын, қаза­қты тек қазақ болға­ны үшін жақ­сы көру, оры­сты тек орыс болға­ны үшін дат­тау НАДАНДЫҚ емей, не енді?! Путин­нің пасық сая­са­тын сол Путин­нен зардап шегіп оты­рған орыс халқы­на теліп, оры­сты құбы­жық ету – оның тілін кем­сіту ақыл ма?! Қаза­қты сүю үшін мен неге Ресей­ді, Евро­па­ны неме­се АҚШ-ты жек көруім керек?! Қаза­қтың жерін талан-тар­жы­ға салған, қаза­қты жемқор­лы­ққа баты­рған, жол­да­рын быт-шыт қылған, ауыл­да­рын судың астын­да қал­ды­рған, подъ­ез­дерін ластап, түкіріп, сиіп кет­кен оры­стар ма? Евро­па­лы­қтар ма? Тіл­ге, ұлтқа, халы­ққа «ұлы», «дана», «қаси­ет­ті», «киелі», «құт­ты», «кемең­гер», «асқақ»… деген сын есім­дер­ді тіз­бе­леп телудің астын­да өзін кем сезі­ну ком­плексі жатыр.

Оры­стың бір сай­ты­нан: «Хва­тит себя воз­ве­ли­чи­вать! Весь мир нас уже нена­ви­дит!», деген ком­мент оқып едім. Рас!

От-басы, интер­нет қасын­да даңғой­ла­нып, іште­гі запы­ран­ды шығарған­сып, үлкен іс тын­ды­рған­дай, ұйқы­ға кете­міз. Айтыл­маған сөз қалмады.

 

– Оңа­ша қалған­да, өзіңіз айт­пақ­шы, поэ­зи­я­лық сәт­тер­де сіз­ге қан­дай ойлар, сезім­дер келеді? Қазір «ДВК»-дан басқа не тын­ды­рып жүр­сіз, Бөке?

– «Мен көр­дім дүние деген иттің көтін», – дей­ді Абай. Жаман­ды да, жақ­сы­ны да көр­дім. Елде маған сен­ген, соңым­нан ерген әріп­те­стерім қалып еді… Әлі күтіп жүр. Мың өліп, мың тіріл­ген тағ­дыр­лас Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры­мен көріскім келеді… Қаза­қ­ша… құшақ­та­сып… кеуде­де­гі зіл қара тас жібі­ген­ше. Таңғы асы – мака­рон, түскі тамағы – мака­рон, кеш­кі жегені – мака­рон бол­са да, маған арнайы түй­енің өрке­ші­нен қуы­ры­лған дәм­дісін ұсы­нған қаза­ғым есі­ме түс­се, босап кетем… Қар­тай­ған­ды­қтың белгісі…

Жұмыспен уақыт өте­ді – актер шебер­лі­гі­нен дәріс берем. Қаза­қ­ша бала­ма­сын таба алма­дым: «Нем­цы живут, что­бы рабо­тать, каза­хи рабо­та­ют, что­бы жить». Айыр­ма­шы­лы­ғын сезесің бе? Бұл жер­де­гі сту­дент­тер жал­маң­дап тұра­ды ғой, үлесі­нен айры­лғы­ла­ры жоқ! Білім­нің қадірін біледі.

Дәстүр­ге де, инно­ва­ци­яға да, экс­пе­ри­мент­ке де, табысқа да, сәт­сіздік­ке де сабыр­мен қарай­ды. Қаси­ет­ті неміс халқы­ның дәстүріне пышақ салын­ды! – деген әңгі­ме мүл­де жоқ! «Халқым», «тілім», «дінім» деп емірен­ген бір немісті көр­сем көзім шық­сын! Ешқан­дай идео­ло­ги­я­ны керек етпей­ді, себебі кон­сти­ту­ция – ата заң толы­ққан­ды жұмыс істей­ді. Соңғы өзгеріс 1994 жылы енгізілген.

Қазақ деген елдің сая­си, әле­умет­тік, эко­ло­ги­я­лық бел­сен­ді тұлға­ла­ры өздерінің ішкі қажет­тілі­гі­нен аза­мат­тық топ болып ұйым­дас­пай, ерлер­дің ісі біт­пес! Өзім­шіл­дер біз­ге ере қой­мас, сон­ды­қтан бар сені­мім мем­ле­кет­шіл азаматтарда.

Ешкім­ге мін­дет­сін­бей, абыр-даб­ыр­сыз алаңға шығып, шын­дық айтқан адам­дар­ды қол­дап жүр­ген «Полит­тер» жоқ емес! Бар!

2011 жылы әле­умет­тік желі­де назар­бай­ды сынай­тын­дар­дың саны аз бола­тын. Қазір менің сөзім әдірәм қал­ды. Мені он орап ала­тын қаза­қтар шықты.

«Сай­тан және оның сапа­лақта­ры!» – десең бол­ды, атын атап, түсін түстеп береді.

Кух­ня­дан шыққа­ны­ма талай жыл бол­ды. «Все мы родом из кух­ни!». Көше­ге де шыға­тын күн келді!

Енді­гі мақ­сат: көше­ге шығу­ды, шын­дық, әділет­тілік үшін күре­суді аза­мат­тың ішкі қажет­тілі­гіне айнал­ды­ру. Орыс­ша айтқан­да, быть спра­вед­ли­вым и прав­ди­вым по сове­сти, а не по ситу­а­ци­ям. Тек, «бойы бұлғаң, сөзі жыл­маң­дарға» еріп кетпейік!

 

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, Болат аға! Аман-саулы­ғы­ңы­зды тілеймін!

 

Ерму­рат БАПИ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн