Воскресенье , 6 июля 2025

Борышкерлер АЛДАРҚАТУ амалына сенбейді

Аста­на­да пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен кез­де­стіруді талап етіп, нара­зы­лық таны­тып жатқан про­бле­ма­лық борыш­кер­лер пре­зи­дент­ке жазған хат­та­ры­на жау­ап алған.

Ипо­те­ка­лық пәтер алуға бір кез­дері банк­тен неси­е­ге алған қары­зда­рын қай­та­ра алмай, үкі­мет­тен жәр­дем сұраған борыш­кер­лер бұған дей­ін, 17 науры­зда, Қаза­қстан­ның қазір­гі пре­зи­ден­ті әрі пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы­на банк­ке борыш­кер­лер­ді қай­та қар­жы­лан­ды­ру тура­лы өздерінің бір­не­ше ұсы­ны­сын қосу­ды сұрап, ұжым­дық хат жазған. Борыш­кер­лер қай­та қар­жы­лан­ды­ру­ды «халы­қа­ра­лық талап­тар» бой­ын­ша жүр­гі­зуді, яғни мем­ле­кет­тің борыш­кер қары­зы­ның 50 пай­ы­зын төлеп беріп, банк­тер­дің «форс-мажор­лық жағ­дай­лар­ды ескеріп, неси­ені жоюын» ұсынған.

Борыш­кер­лер­дің «Халы­ққа бас­па­на­сын қал­ды­рай­ық» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның жетек­шісі Есен­бек Өктеш­ба­ев­тың «Азатты­ққа» айтуын­ша, пре­зи­дент әкім­шілі­гінің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мони­то­ринг бөлі­мі жол­даған хат­та Ұлт­тық банк­тің ипо­те­ка­лық неси­е­лер мәсе­лесін шешу шара­ла­рын даяр­лап жатқа­ны және бұл мақ­сатқа 130 мил­ли­ард тең­ге бөлін­гені айтылған.

Бірақ борыш­кер­лер, хат­та кел­тіріл­ген­дей, жау­ап­ты бұған дей­ін Ұлт­тық банк тара­пы­нан бір­не­ше рет алған­да­рын және оған қанағат­тан­бай­ты­нын, мәсе­ле­лері шешілетініне пре­зи­дент әкім­шілі­гі­нен кепіл­де­ме хат алмай­ын­ша тарқа­май­тын­да­рын айтып, қай­та­ра хат жазған.

Еске сала кетей­ік, Қаза­қстан­ның бір­не­ше облы­сы­нан сәуір­дің 7‑ісінде Аста­наға жиналған борыш­кер­лер содан бері өз мәсе­ле­лерін шешіп беруді талап етіп тұр.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн