Суббота , 5 июля 2025

ҰБТ ҰЛҒАЙДЫ – ең жоғарғы балл 140 болады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

Енгізіл­ген ҰБТ-ның жаңа фор­ма­ты­на сай, енді жоға­ры шек­ті балл – 125 емес, 140 бола­тын бол­ды. Енді талап­кер­лер тесті екі блок негізін­де тап­сы­рып шығады.

 

Алға­шқы блок­та «Б3» мін­дет­ті пән (мате­ма­ти­ка­лық сау­ат­ты­лық, оқу сау­ат­ты­лы­ғы (қоры­та білу, салы­сты­ра білу, т.б. «Қаза­қстан тарихы» пәні) бой­ын­ша 20 тап­сыр­ма және 2 бей­ін­ді пән­нен («Мате­ма­ти­ка» + «Физи­ка», «Мате­ма­ти­ка» + «Гео­гра­фия», «Био­ло­гия» + «Химия», «Био­ло­гия» + «Гео­гра­фия», «Шет тілі» + «Тарих», оқы­ту тілі (қазақ неме­се орыс) және әде­би­ет + «Тарих», «Гео­гра­фия» + «Шет тілі», «Химия» + «Физи­ка», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң» – осы пән­дер ара­сы­нан таң­да­ла­тын екі пән, шығар­ма­шы­лық экза­мен) – 30 тап­сыр­ма беріледі екен.

Сау­ат­ты­лық бой­ын­ша тап­сыр­ма оқу арқы­лы талап­кер­дің жал­пы­лау, салы­сты­ру, тұжы­рым­дау және т.б. дағ­ды­ла­рын тек­се­ру­ге бағыт­талған. Бей­ін­ді пән­дер бой­ын­ша тап­сыр­ма­лар ұсы­ны­лған бес жау­ап­тың іші­нен тек жалғыз дұрыс жау­а­бы бар 20 сұрақтан, сон­дай-ақ, көп жау­ап­тың іші­нен бір­не­ше дұрыс жау­ап­та­ры бар 10 сұрақтан құра­ла­ды. Бей­ін­ді пән­дер бой­ын­ша тестілеу бары­сын­да бір­не­ше дұрыс жау­ап­та­ры бар сұрақтар­ды енгі­зу арқы­лы, талап­кер­лер­дің нақты тақы­рып­ты қан­ша­лы­қты мең­гер­ген­дері анық көрі­неді. Соны­мен қатар, бір­не­ше жау­ап вари­ант­та­ры бар тесттер жау­ап­тар­ды тек жат­тап алып неме­се болжау арқы­лы беру­ге тосқа­уыл бола­ды. Жал­пы 120 сұрақ қой­ы­ла­ды. Тестіле­у­ге бөлін­ген уақыт 3 сағат 30 минут­ты құрай­ды. ЖОО-ға түсу үшін баға­ның ең төмен­гі шегі өзгеріс­сіз – 50 балл дең­гей­ін­де қал­ды­рыл­ды. Ең жоға­ры көр­сет­кіш – 140 балл (бей­ін­ді пән­дер бой­ын­ша беріл­ген дұрыс жау­ап­тар есебі­нен). Тестіле­у­ге қаты­суға ниет біл­дір­ген­дер­дің өтінім­дері 10 науры­здан 10 мамы­рға дей­ін қабыл­да­на­ды”, – деп хабар­ланған мини­стр­лік­тің ақпаратында.

Жаңа ере­же­ге сәй­кес, 2016–2017 оқу мау­сы­мын­да мек­теп бітіретін түлек­тер ҰБТ-ны 20 мау­сым – 1 шіл­де ара­лы­ғын­да тап­сы­рып шығады.

Stan.kz


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн