Пятница , 4 июля 2025

ДӨҢГЕЛЕК ДАТАЛАРДЫҢ бүгінмен байланысы турасында

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Ұмыт қалған күн


 

26 тамыз – елді­гі­мізді (Алаш Орда құла­ты­лған­нан соң) кеңе­стік негіз­де жаңғыр­туға заңи мүм­кін­дік беріл­ген күн еді. Бұл күн­ді жет­піс жыл дәу­рен­де­ген совет­тік дәуір­дің өзін­де аса еле­мей­тін­біз, ал қазір­гі тәу­ел­сіздік кезеңін­де мүл­дем ұмыт қал­ды­рып жүрміз.

 

1920 жылғы 26 тамы­зда Бүкілре­сей­лік Орта­лық Атқа­ру Коми­тетінің (ВЦИК) Төраға­сы М. Кали­нин, Халық Комис­сар­ла­ры Кеңесінің (СНК) Төраға­сы В. Улья­нов (Ленин), ВЦИК хат­шы­сы А. Ену­кид­зе «Бүкілре­сей­лік Орта­лық Атқа­ру Коми­теті мен Халық Комис­сар­ла­ры Кеңесінің декреті. Авто­но­ми­я­лы Кир­гиз Соци­а­ли­стік Совет­тік Рес­пуб­ли­ка­сын құру тура­лы» делін­ген құжатқа қол қой­ды. Онда жоға­ры­да аталған мем­ле­кет­тік орган­дар «Кир­гиз өлкесін басқа­ру жөнін­де­гі рево­лю­ци­я­лық коми­тет тура­лы» содан бұры­нғы, «Халық Комис­сар­ла­ры Кеңесінің 1919 жылғы 10 шіл­де­де­гі декретін дамы­та оты­рып», «Р.С.Ф.С.Р. бөлі­гі ретін­де, Авто­но­ми­я­лы Кир­гиз Соци­а­ли­стік Совет­тік Рес­пуб­ли­ка­сы құрыл­сын» деп қау­лы алды. Рес­пуб­ли­ка құра­мы­на бұры­нғы әкім­шілік шека­ра­ла­ры­мен Семей, Ақмо­ла, Торғай, Орал облы­ста­ры, Закас­пий облы­сы­ның Маңғы­стау үйезі, Крас­но­водск үйезінің 4‑ші және 5‑ші болы­ста­ры, Аст­ра­хан губер­ни­я­сы­нан Сине­мор болы­сы, Бөкей орда­сы және 1‑ші, 2‑ші При­мор округ­теріне түй­ісіп жатқан бұры­нғы қазы­на­лық жер­лер беріл­ді. Сон­дай-ақ теңіз жаға­ла­уы жолағы мен Сафро­нов, Ганю­шин және Нико­ла­ев болы­ста­ры Кир­рев­ком қара­мағын­да қала беретіні, Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы қазақ тер­ри­то­ри­я­сын қосу сон­дағы халы­қтың ерік-жігер біл­діруі нәти­же­сін­де шешілетіні айтылды.

Осы маңы­зды декрет­тің орын­да­луы да, кей­інірек Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы қазақ жер-суын бөліп алып, бір шаңы­рақ асты­на бүгін­гі Үлкен Қаза­қстан­ды жинау да, бұр­ма­ланған «кир­гиз» ата­уын төл «қазақ» ата­уы­на ауы­сты­ру да Алаш иде­я­сы­на адал ұлт қай­рат­кер­лерінің тыным­сыз күресі, көп қажыр-қай­рат жұм­са­уы арқа­сын­да мүм­кін болды.

Биыл ескеріл­мей келе жатқан бір дөң­ге­лек дата бар, ол – 1920 жыл­дың 26 тамы­зын­дағы Декрет­пен совет­тік авто­но­мия алған елі­міздің 1937 жылы КСРО-ны құру­шы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың біріне айналға­ны­на 80 жыл толуы. Бұл – өте маңы­зды белес, өйт­кені одақ­тас рес­пуб­ли­ка болуы­мы­здың арқа­сын­да 1991 жылы мем­ле­кет­тік тәу­ел­сіздік­ке қол жет­кіздік. Сон­ды­қтан осы оқиға­ның тарихы­мы­здағы орны ерекше екенін ұмыт­паға­ны­мыз жөн. Үлкен тер­рор баста­лар қар­саң­да, 1937 жылғы 26 науры­зда, Қаза­қстан Кеңе­стерінің Төтен­ше 10-шы съезі Қазақ Кеңе­стік Соци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын бекіт­ті. Осы Кон­сти­ту­ци­яда одақ­тас рес­пуб­ли­ка­мы­здың «жұмыс­шы­лар мен шару­а­лар­дың соци­а­ли­стік мем­ле­кеті» екені атап көр­сетіл­ді, сон­дай-ақ Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы өз аумағын­да «өз еге­мен­дік құқта­рын толы­ғы­мен сақтап, мем­ле­кет­тік билік­ті дер­бес жүр­гі­зеді» деп нақты­лап жазылды…

Ресей Феде­ра­ци­я­сы құра­мын­дағы Авто­но­ми­я­лы рес­пуб­ли­ка­мы­зға одақтық мәр­те­бе Кеңе­стер­дің VIII Бүкі­ло­дақтық төтен­ше съезін­де 1936 жылғы 5 жел­тоқ­сан­да қабыл­данған КСРО Негіз­гі Заңы (Ста­лин­дік Кон­сти­ту­ция) бой­ын­ша беріл­гені мәлім. Осы жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны жасау жөнін­де­гі комис­си­я­ны совет елін­де «соци­а­лизм толы­ғы­мен жең­ген» 1935 жылы құры­лған­нан басқарған Ста­лин авто­но­ми­я­лы рес­пуб­ли­ка­лар­ды одақ­тас рес­пуб­ли­ка қата­ры­на ауы­сты­ру үшін үш шар­тты негіз­ге алу керек деген еді: бірін­ші шарт – авто­но­ми­я­лы рес­пуб­ли­ка, одақтық тәж киген­нен кей­ін «оның КСРО-дан шығып кету мәсе­лесін қоюға мүм­кін­ді­гі болу үшін», жан-жағы­нан КСРО тер­ри­то­ри­я­сы­мен қор­шал­май, шетел­мен шека­ра­лас шет­кі аймақ болуы керек; екін­ші шарт – совет­тік одақ­тас рес­пуб­ли­каға атын бер­ген ұлт бір­ша­ма тығыз шоғыр­ла­нып оты­рған көп­шілік болуы керек; үшін­ші шарт – рес­пуб­ли­ка халқы саны жағы­нан «өз мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гін қорғай ала­тын­дай, тым бол­ма­са мил­ли­он» болуы керек. Бұл шар­ттарға Қазақ АКСР‑і 1924 жылғы Орта Ази­ядағы ұлт­тық-тер­ри­то­ри­я­лық меже­леу науқа­ны­нан кей­ін­гі жаңа аумағы­мен, халқы­ның саны­мен, т. б. маңы­зды көр­сет­кі­ш­тері­мен әбден жау­ап бере ала­тын еді, алай­да оған одақтық тәж кию пұр­са­ты бір мүшел­ге кешік­тіріліп, халы­қтың жар­ты­сы­на жуы­ғын құр­бан еткен ұлт­тық апат­тан соң ғана, тура­сын айтқан­да, қазақ халқы­на қар­сы жасалған мем­ле­кет­тік қыл­мысты бір­жо­ла жасы­ру мақ­са­ты­мен берілді.

Биы­лғы Алаш Орда­ның 100 жыл­ды­ғын мере­ке­леу кезін­де ұлт­тық мем­ле­кет­ті­гі­міздің жаңғы­руы­на мүм­кін­дік туғы­зған Ақпан рево­лю­ци­я­сы­ның 100 жыл­дық дөң­ге­лек дата­сы мен жаңғы­рған ұлт­тық мем­ле­кет­ті­гі­мізді жой­ып, кеңе­стік негіз­де тап­тық мем­ле­кет­тілік құруға мүм­кін­дік бер­ген Қазан төң­керісінің 100 жыл­дық дөң­ге­лек дата­сын өза­ра бай­ла­ны­ста қараға­ны­мыз жөн. Сон­да жоға­ры­да аталған кезең­дер­ді, солар­мен аста­са өрбі­ген қуа­ны­шты да, қай­ғы­лы да оқиға­лар­ды сара­лай келе, халқы­мы­зды, жастар­ды қасіреті мол болған тарихы­мыз арқы­лы тәр­би­е­леу ісіне өлше­усіз зор үлес қоса­ры­мыз анық.

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн