Пятница , 4 июля 2025

ДҮЛДҮЛДЕР ДҮРДАРАЗ БОЛМАСЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан Сап-сап, көңілім…

 


 

«ДАТ» газетінің соңғы санын­да Бибі­гүл Төле­ге­но­ва апа­мыз Димаш пен Қай­рат бала­ла­ры­мы­зға қаты­сты ой қозғап­ты. Әрине, қазір­гі таң­да қазақ эст­ра­да­сын­да инку­ба­тор­дың бала­пан­да­ры­на ұқсас әншілер де, топ­тар да қап­тап кет­ті. Өкінішті-ақ!

 

Ал Димаш – құбы­лыс! Оны әлем­дік эст­ра­да өнері мой­ын­дай бастады.

Бірақ Қай­рат бала­ның да өнер­де өз орны бар. Еңбекқор әнші.

Енде­ше осы бала­лар­дың ара­сы­на от жағу­дың қажеті жоқ-ақ. Жаратқан ие Димаш бала­мы­зды тіл-көз­ден сақ­та­сын! 1925 жылы Пари­жде­гі көр­ме­де Әмі­ре Қашау­ба­ев ата­сы ән шырқа­са, Димаш, аман­дық бол­са, Аста­на көр­месін­де, әлем­дік сахна­лар­да ән шырқай­ды. Рух сабақ­та­сты­ғы дегені­міз осын­дай-ақ болар.

Ал Қай­рат… Қай­рат Нұр­тас анау бір жылы Омбы қала­сын­да кон­цер­тін өткізіп жатқан­да, қазір­гі таң­да қаза­ққа жет­пей тұрған мінез көр­сет­ті! «Омбы – қаза­қтың жері! Омбы – менің қалам!» деп шырқы­раған жоқ па еді?!

Кон­цер­тін­де тек қазақ әндері шырқалды!

Димаш та, Қай­рат та – халы­қтың ұлда­ры, өнер­дің ұлан­да­ры. Біз еке­уін де елдің ерен бала­ла­ры ретін­де баға­лай білей­ік! Дүл­дүл­дер­ді дүр­да­раз қылмайық!

Тіле­убек ЫСҚАҚОВ,

ҚР Халы­ққа білім беру

ісінің озық қызметкері,

Аста­на қаласы

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн