Четверг , 8 мая 2025

ДӘСТҮРЛІ ӘН ДҮЛДҮЛІНЕ бишікеш бықыбай-шықыбайлар НЕГЕ ӘН АЙТТЫРМАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Хандар той­дың дүрмегі

 

Біз «ДАТ» газетінің 1 қазан­дағы санын­да Жам­был облы­стық мәде­ни­ет басқар­ма­сы басты­ғы Дүй­сен Бықы­ба­ев­тың әйгілі әнші, Жам­был облы­стық филар­мо­ни­я­сы­ның дирек­то­ры Сәу­ле Жан­пей­і­со­ва­ны қалай заң­сыз жұмыстан шыға­рып жібер­ген­ді­гі жөнін­де «СӘУЛЕ КІМ, Бықы­ба­ев кім?» деп жазып едік. Сол Бықы­ба­ев бастаған былы­қ­шыл­дар Сәу­ле-әншіні осы 7–9 қазан күн­дері облыс орта­лы­ғын­да Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­дық құр­метіне арналған ұлан-асыр той­дың бір­де-бір кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма­сы­на кір­гіз­бей қой­ға­ны­на қаны­мыз қай­наған еді.

Деген­мен, жүре­гі­міздің бір түк­пірін­де облы­стағы әкім­дер болып, мәде­ни­ет бас­шы­ла­ры болып, келеңсіз тір­лік­тері үшін қамыр­дан қыл суы­рған­дай етіп кешірім сұрар, олқы­лы­қтың орнын тол­ты­рар деген үміт­пен ұлы той­ды көру үшін жолға шықтық. Сәу­ле қарын­да­сы­мы­зға хабар­ла­сып, қан­дай да бір оң өзгеріс, жағым­ды жаңа­лық бар-жоқты­ғын сұра­дық. Сон­дағы Сәу­ленің айтқаны:

«Маған той баста­лар­дан екі-үш күн бұрын мәде­ни­ет басқар­ма­сы­нан хат­шы қыз хабар­ласқан. «Сәу­ле апай, сіз­ге той­ға шақы­ру хатын жібе­рей­ік деп едік, элек­трон­ды поштаңы­зды айты­ңыз­шы!» –деді. «Ол қан­дай шақы­ру – мені әнші ретін­де мере­келік бағ­дар­ла­маға қаты­суға шақы­ру ма, жоқ әлде қонақ, көре­рмен ретін­де шақы­ру ма?» – дедім. Жау­ап «Қонақ, көре­рмен ретін­де» болған соң, «Жарай­ды, қоя сал онда», – деумен тын­дым. Мәде­ни­ет басқар­ма­сы мен Халық шығар­ма­шы­лы­ғы­ның орта­лы­ғы­на хабар­ла­сып, «той бол­са келіп қал­ды, мен бол­сам той бағ­дар­ла­ма­сы­ның еш жерін­де жоқ­пын, бұл қалай?» десем, екі жағы да: «Апай, той­ды ұйым­да­сты­ру­шы – «Ел про­дакшн» орта­лы­ғы мен Ринат Гай­син. Біз тек қар­жы­сын төле­уші­міз», –  дей­ді. Сосын басқар­ма бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Жинақ­ба­е­ва ханы­мға қоңы­рау шал­дым, бар ойым­ды айт­тым, басты­ғы­ңы­зға жет­кізіңіз дедім. Үнде­мей тыңдады.

Содан 8‑і күні сәс­ке­де Бибі­гүл Төле­ге­но­ва апам қоңы­рау шал­ды: «Мен «Жам­был» қонақ үйін­де­мін, келіп кет­пей­сің бе?». «Қазір барам, апа­тай». Бар­сам, ол кісінің нөмірін­де Нама­за­лы Ома­шев, Несі­п­бек Айтұ­лы және Жүр­сін Ерман аға­ла­рым отыр екен. Бибі­гүл апай бір жұмыста­ры­мен шығып кетіп­ті. Бәрі де «ДАТ»-тағы мақа­ла­ны оқып­ты: «Не болып жатыр?» – деп қауқыл­да­сып, жағ­дай­ым­ды сұра­ды. «Не болға­ны түгел жазы­лған ғой», – дедім. «Ойпыр­май, сұм­дық екен!» деп жаға­ла­рын ұста­ды. Жүр­сін ағам: «Саған ән салуға олар бер­мей оты­рған мүм­кін­дік­ті мен берей­ін, ертең түс­ке таяу кел, қазы­лар алқа­сы айты­стың қоры­тындыс­ын шыға­руға кет­кен­де, 20–30 минут үзіліс бола­ды, сол кез­де айта­сың», – дегені. Ой, төбем көк­ке екі-ақ елі жет­пей қал­ды-ау! Сіз­дер де «Бала­сағұнға» келіңіз­дер, айтыс көресіз­дер, менің әнім­ді тың­дай­сыздар», – деді сөз соңын­да Сәуле.

Мына жаңа­лы­ққа біз де қуа­нып қал­дық. Бар­дық. Айтыс қызып жатыр екен. Аяқта­лар кезі жақын­даған­да, әнші қыздың рухын көтеріп қояй­ық деп, Сәу­ле­ге хабар­ла­стық. Теле­фо­ны қосыл­ды. Тұтқа­дан Сәу­ленің: «Сен өзің кім­сің? Маған сені кім жібер­ді? Бар, айтып бар анау жібер­ген ада­мы­ңа – мен сахнаға шыға­мын, бол­ды!» – деген дау­сы естіліп жатыр. «Сәу­ле­тай, не әңгі­ме өзі?» деп сұрадық.

«Ой, құры­сын! Бықы­ба­ев бұн­да да бық­сы­тып жатыр. Мені осын­да көріп еді, ән айта­ты­ным­ды біліп алып­ты да, Жүр­сін ағаға «Сәу­ле шық­пай­ды!» депті.

«Жүр­се­кең не дейді?».

«Не десін, ана­лар­дан аса алмай отыр»…

«Сәу­ле­тай, беріл­ме, қалай да сахнаға шыға­тын бол!» – Аузы­мы­зға түс­кені сол болды.

Айтыс біт­ті. Айтқан­дай, үзіліс жари­я­лан­ды. Бірақ… Күт­кен әнші­міз шық­па­ды, шымыл­дық жабыл­ды. Өкі­мет­тің заңы түгілі, ада­ми әдеп­ті бел­ден баса­тын Бықы­ба­ев­тың тағы басым түс­кені бел­гілі бол­ды. Сәл­ден соң шет­ке таяу жер­де­гі біздің алды­мы­здан Сәу­ле ала­бұр­тқан күйі сыр­тқа қарай асы­ғыс шығып кет­ті. Не бола­рын күтіп біз қалдық…

Сәл­ден уақыт­та «Той­ға деген тар­туы­мен алда­ры­ңы­зға Сәу­ле Жан­пей­і­со­ва шыға­ды!» – деген дауыс естіл­ді, шымыл­дық түріл­ді. Оқиға­ның қалай болға­нын кей­ін әншінің өз аузы­нан естідік:

«Менің ойым­да түк жоқ, сахна сыр­тын­да дай­ын­дық жасап жат­тым. Менің ән айтуға шыққа­лы жатқа­ным­ды біре­улер Бықы­ба­евқа жет­кіз­се керек, ол барып­ты да, Жүр­се­кеңе бұй­рық беріп­ті. Өзі­нен сұра­сам, шыны­мен де солай екен. Енді не істе­дім? Ән сала­мын деп келіп, темір торға түс­кен тоты­дай боп аласұрып мен тұрмын.

Бір уақыт­та қасы­ма Түк­ті­ба­ев деген «дәу» кел­ді. «Сәу­ле, неғы­ла­сың, ертең жеке кон­цер­тіңді бересің, сон­да айта­сың ғой…» – дей­ді былқ етпей. «Ей, басым­ды ауырт­пай, кет­ші былай! – дедім. – Тараз­да, мына той­да, мына сахна­да мен айт­паған­да, кім айта­ды?!». Кет­ті жай­ы­на… Сахнаға өз бетім­мен шығып алғым да кел­ді. Бірақ, бұным ерсі болар деп, өзім­ді-өзім ұста­дым. Содан фой­е­де жүр­ген облыс әкі­мінің эко­но­ми­ка жөнін­де­гі орын­ба­са­ры, әрі …идео­ло­гия жағы­ның кура­то­ры Ерқа­нат Мән­жу­овқа: «Мына­лар маған ән айтқы­за­тын емес!» – дедім. Сүй­ені­шім – халқым ғой: есті­ген жұрт шу ете қал­ды: «Кім? Неге?». Оларға түсін­діріп жатуға уақы­тым қай­да: орын­да­ры­нан тұрып, бетім­нен сүй­ген апа­ла­рым­ның жыл­дам-жыл­дам қолын алдым да, сыр­тқа шық­сам, орын­ба­сар кетіп бара жатыр екен. «Ерқа­нат Нұр­ба­баұ­лы, тоқтаңыз­шы!». Дау­сым қат­ты шықты, жалт қара­ды. «Айты­ңыз мына­ларға, мені сахнаға ән салуға да шыға­ра­тын емес! Керек еткен крес­ло­ла­рын алды ғой, енді халы­қтың сахна­сын­да нелері бар? Осын­ша жұмыстың бәрін істетіп алып, енді мен сіз­дер­ге керек бол­май қал­дым ба? Мен сахнаға шыға­мын!» – дедім. Сырт­тағы жұрт­тың бәрі біз­ге қарап қалған. «Айқай­ла­маңыз, айқай­ла­маңыз!» – деген Ере­кем алды-арты­на қара­май жөнеп берді.

Бұдан да қай­ран бол­маған соң, тіке ВИП-зал­да оты­рған жюридің үстіне кіріп бар­дым: «Бұдан асқан озбыр­лы­қты мен көр­медім. Қыз­метін алсын, ән салғы­з­баға­ны несі?» – дедім ашуға булы­ғып. Несі­п­бек ағай: «Не бол­ды, кім айтқы­з­бай­тын саған?!» – деп жатыр. Жау­ап айту қай­да, қор­лық пен ыза­дан көзім­нен жас ыршып-ыршып кет­ті. Тағы да әлім Жүр­сін аға­ма жет­ті: «Айты­ңыз­шы, өзім кел­ген жоқ­пын, сіз мені шақыр­ды­ңыз ғой…» – дей­мін. Жүр­се­кең қолын жай­ды: «Мына­лар ғой шығарт­пай оты­рған…». Осы кез­де қазы­лар алқа­сы­ның төраға­сы Асанәлі ағам Әші­мов Бықы­ба­евқа қарап гүр ете қал­ды: «Бұл не масқа­ра? Ұят емес пе елден?!». Бықы­ба­ев: «Өзі­нен ғой, өзі­нен ғой», – деп, бір нәр­се айтқан бола­ды. «Сөз керек емес, сахна­ны ашып беріңіз маған!». Орын­ба­са­рым жүгіріп кел­ді: «Көре­рмен­ге не деп айтай­ын?» – деп. «Сахна­да – Сәу­ле Жан­пей­і­со­ва!» де – сол жете­ді». Сөй­тіп барып, жай­наң­дап шыға кел­дім ғой…».

Жоқ, Сәу­ле Жан­пей­і­со­ва жай­нап шыға кел­ген жоқ, оның қаны қай­нап шыққа­нын, тек өзін-өзі зорға ұстап тұрға­ны зал­дың орта­сын­дағы біз­ге де от шашқан көзі­нен бай­қа­лып-ақ қал­ды. Шамы­рқанған, шам­данған Сәу­ле бықы­ба­ев­тар­да кет­кен есесін әннен алды, барын­ша ашы­на, тамағын аямай ән шырқады.

– Маған кей­бір жана­шыр­ла­рым интер­нет­те «түкір­дім сен­дер­ге» де-дағы, кетіп қал­сай­шы» деп ақыл-кеңес береді, – деп жалға­ды сөзін Сәу­ле. –  Мен елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі: «Сәу­ле, сенің шәкірт­терің көп, бірақ олар­дың бір­де-біре­уі әлі сенің дәре­жеңе жете алған жоқ. Сен қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен жұл­дыз­сың», – деп баға бер­ген әнші­мін. «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері» екенім­ді айт­паған­да. Мен елба­сы сүй­етін, елім сүй­етін әнші­мін. Неге мен Тараз­дағы 2–3 жемқорға жақ­пай қал­дым екен деп, 5 жыл­да емес, 500 жыл­да ғана бір бола­тын ұлы той­да көп­шілік­тің алдын­да ән сал­май­мын? Өнер­дің исі мұр­ны­на бар­май­тын­дар­дың мені басы­нға­ны­на неге көне салуым керек? Бой­ын­да ешкім тар­тып ала алмай­тын тума талан­ты бар өнер адам­да­ры – біз басы­мы­зды асқақ ұста­ма­сақ, басқа­лар­дың күні не болға­ны?! Қай­да біздің «пат­ша­дан да паң­дар­мыз» дей­тіні­міз? Әкім-қара­лар крес­ло­сы­нан айры­лып қалу­дан қоры­қ­сын – біз неден қорқа­мыз? Биыл менің өнер­де жүр­гені­ме 30 жыл – мен бол­сам филар­мо­ни­я­ның жұмысын жолға қоя­мын деп жүріп, той­дың орны­на дауға қал­дым. Мен қалай үнде­мей оты­ра­мын? Елдің алды­на шығып, осы мерзім­де­гі еңбе­гі­ме есеп бере­мін. Бюро­крат­тар­мен жаға­ла­сып жүріп, «Ән-дауа» атты кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма дай­ын­дап жатыр­мын. Және оны, әрине, өзім­нің туған жерім, көне Тараз­дың төрін­де­гі екін­ші үйім­дей болған «Бала­сағұн» сарай­ын­дағы 26 қазан күн­гі кон­церт­пен бастаймын.

– Бұл күн – дүй­сен­бі ғой, басқа күн­ге қоюға бол­мап па?

– Одан да қызы­ғы бар. Менің өтіні­ші­ме рұқ­сат бер­ген хатын­да бұры­нғы Бықы­ба­ев басты­ғым «мәде­ни­ет сарай­ын жал­даға­ны­ңыз үшін 300 мың тең­ге төлей­сіз, ол бағаға келіс­пе­ген жағ­дай­да сотқа жүгі­ну­ге хақы­ңыз бар» деп жазып жіберіп­ті. Неге бұлар­дың мені­мен сот­та­суға құмар болып қалғандарын?!

– Ойпыр­май, бұл да бол­са мұқа­тып қалу­дың бір түрі шығар.

– Мен сөй­тіп сахна­ның маңын­да қаным басы­ма шауып жүр­сем, облы­стық «Нұр Отан» жетек­шісінің орын­ба­са­ры Масат Берік ағай мені бейне бір тәр­тіп бұзған мас­кү­нем тәрізді қап­сы­ра құшақтап алып: «Қоя ғой, Сәу­ле­тай, қоя қой!» деп жүр. Сол кісі­ге ертең барып жолы­қ­пақ­шы­мын: «Аға­тай, бас­шы­ларға тоқтау айтып, бықы­ба­ев­тар­дың көкіре­гін басу­дың орны­на мені жұба­тып жүр­геніңіз қалай? Жоқ әлде сіз де олар­дың көзін щұқы­май­тын қарға­лар­дың бірісіз бе? Өнер ада­мын қорға­маған­да, «Нұр Отан» кім­ді қорғай­ды, жемқор­лар­ды ма?» демек­ші­мін. Елба­сы басқа­ра­тын пар­ти­я­ның мүше­сі ретін­де Бықы­ба­ев­тың бұл қылы­ғы­на сая­си баға беруін талап ете­мін. Бықы­ба­ев мені сахнаға шығар­май қоя­тын­дай, бұл жер оның жеке мен­ші­гі ме?

Мен Жам­был облы­сын­да Жек­сем­бин әкім болып тұрған кезін­де «Таразға музы­ка кол­ле­джін ашу керек» деп ұсы­ныс айтқан едім. Себебі ол кез­де мен Аты­ра­уда істеп жүр­ген­мін. Жары­старға барған­да, Аты­ра­удың сту­дент­тері бәй­генің алдын бер­мей жүр­ді, ал менің Тара­зым­ның жас өнер­паз­да­ры бар­май­ды, бар­са – аз бара­ды. Ол – білім­нің жетіс­пе­ген­ді­гі­нен. Сол кол­ледж ақы­ры ашыл­май қал­ды. Дәліре­гі – өнер-мәде­ни­ет кол­ле­джі болып ашыл­ды, бірақ өмір­ге келуі­нен кетуі тез бол­ды, сол бойы қай­тып тірілмеді.

Мен осы музы­ка кол­ле­джі жай­лы не үшін айтып отыр­мын? Менің осы сөз­дерім­ді жазы­ңыз­шы. Себебі ән халы­қты тәр­би­е­лей­ді, оның рухын көте­реді. Ән мен өлең – нағыз идео­ло­гия, шынайы пат­ри­о­тизм ғой. Аты­рау облы­сын­да 24 музы­ка мек­тебі бар, Жам­был облы­сын­да қан­ша екенін қай­дам, Тараз­да екі ғана жеке мен­шік мек­теп бар…».

Әнші өте дұрыс мәсе­ле көтеріп отыр деп ойлай­мыз. Кеше­гі той­да Айгүл Қоса­но­ва екі ән айт­ты. Бірақ сол Айгүл­дің ұста­зы атақты Сәу­ле Жан­пей­і­со­ва екенін сол бықы­ба­ев­тар біле ме екен?..

Өмір­зақ АҚЖІГІТ,

«ДАТ»-тың

тап­сыр­ма­сы­мен

жазыл­ды

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн