Среда , 14 мая 2025

Дәурен БАБАМҰРАТ: Шетелді көрген бай баласы СИЫРДЫҢ ҚИЫ САСИТЫН ауылға барып тұра ала ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

ДАТ!

 

Бірер күн­нен соң жасан­ды сай­лау науқа­ны­на да нүк­те қой­ы­ла­ды. Деген­мен, осы ойы­нға қаты­сты азат ойлы ел жаста­ры­ның пікіріне құлақ салу – бола­шаққа болжам жаса­уға үндей­тін­дей. Сол болжам­ның бұл­ды­рап тұрға­ны – келер күн­ге деген сенім­ге сел­кеу түс­кені. Алай­да сай­ла­уда ғана сай­рай­тын, даңға­за дау­ры­ға­тын жастар­дан бөлек тәу­ел­сіз ұйым­дар бар екенін көп­шілік жұрт біле бер­мей­ді. «Бола­шақ» жастар қозға­лы­сы­ның жетек­шісі Дәу­рен Баба­мұра­тов осы төңірек­те әңгі­ме қозғайды.

 

– Дәу­рен, апыл-ғұпыл асы­ғыс өтіп жатқан пре­зи­дент­тік сай­лау кезін­де сіз жетек­шілік ететін жастар ұйы­мы бар­ри­ка­да­ның қай жағын­да қан­дай тір­лік құрып жатыр?

– «Апыл-ғұпыл өтіп жатқан» деп дәл айт­ты­ңыз. Бар­ри­ка­да­ның қай жағын­да екені­міз – айт­па­са да түсінік­ті. Жеке ойы бар, аз да бол­са қар­сы­лық көр­сетіп, өз пікірі үшін айты­суға, тар­ты­суға дай­ын тұрған жастар бүгін­гі қазақ қоға­мын­да бар­шы­лық! Бірақ олар бүгін­гі ел ішін­де­гі сая­си ойы­нға қаты­су­шы­лар­дың ешқай­сысы­на да керек емес.

Сол себеп­ті бүгін­гі сай­ла­удың сыр­тын­да қалға­ны­мы­з­бен, үні­міз шық­пай отыр деп айта алмай­мын. Күні кеше сай­ла­у­ал­ды науқан басталған­да, ұлт­шыл­дар­дың ара­сы­нан бір үміт­кер шығуы керек деген ұран­мен дөң­ге­лек үстел өткізіп, арты­нан осы бағыт­та шама кел­ген­ше жұмыс жүр­гіз­гені­міз бар. Нәти­же­сі де жоқ емес: ұлт­шыл­дар­дың басы бірі­гіп, қол жина­уды бастаған­да, билік­тің бір сіл­кін­генін бай­қа­дық. Қаза­қстан­да қан­дай­да бір сай­ла­у­ал­ды науқа­нын ұлт пат­ри­от­та­ры­ның қаты­сын­сыз еле­с­те­те алмай­мын. Олар­дың бүгін­гі жүй­е­де жеңіс­ке жете алма­сы анық, бірақ сая­си іске қаты­суға құқы­лы екені сөз­сіз. Көр­ші Ресей­де ұлт­шыл­дар­дың жүз­де­ген қоғам­дық бір­ле­стік­терінің билік тар­мақта­рын­да өз өкіл­дері бар: біздің де сон­дай мүм­кін­ді­гі­міз және өкілет­тілі­гі­міз болуы керек деп есептеймін.

– Өткен апта­да пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қаты­суы­мен Аста­на­да болған Жастар фору­мын­да айты­лған мәсе­ле­лер­ден түй­ген ой-жоралғы­ны сара­лай­тын бол­сақ, сай­ла­удан соң жастар сая­са­ты­на қаты­сты бір өзгеріс баста­ла­ды деп ойлай­сыз ба?

– Сөздің шыны керек, сол форум­да не айты­лға­нын көр­медім де, оқы­ма­дым да. Маған ондай жиын қызық емес, тіп­ті маңы­зы да жоқ. Үлкен форум­дар­да, мәс­ли­хат пен жиын­дар­да жастар мәсе­лесі түгілі, ұлт­тық тақы­ры­пқа қаты­сты жал­пы мәсе­ле көтеріл­генін есті­меп­пін. Әдет­те елдің тағ­ды­ры шек­тел­ген шең­бер­дің ішін­де шешіліп жата­ды. Сон­ды­қтан форум нәти­же­сін­де өзгеріс болуы мүм­кін деген­ге келі­се алмай­мын. Өзгерістер бола­тын шығар, бірақ оған дәл осы форум­ның түк те қаты­сы жоқ. Ал жастар сая­са­ты қазақ елін­де тұра­лап қалға­ны ақиқат. Өзгерістер­дің қажет екені талай жер­де айты­лып та, жазы­лып та жүр.

Үлкен мін­бер­ден сөй­леп тұрып, ел аға­ла­ры жетістік ретін­де қай­та­дан «Жасыл ел» бағ­дар­ла­ма­сын тіл­ге тиек еткен­де, іштей қат­ты қын­жы­ла­сың: «Жасыл ел» жабы­лып жүріп, соңғы рет тал еккеніне де 7–8 жыл өткен шығар. Сон­да сол уақыт­тан бері билік дай­ын­даған жастар­дың мар­дым­ды ештеңе істе­ме­ген ме?! Басқа мақта­нар­лық бір­де-бір ұйым, бір­де-бір іс жоқ болға­ны ма?! Сегіз жыл дегені­міз – тау қопа­рар­лық уақыт қой?! Қай­да жастарға бөлін­ген мил­ли­он­даған ақша, арты­лған үміт, мін­дет, сенім?..

– Айт­пақ­шы, есіңіз­де бол­са, ел пре­зи­ден­ті осы сай­лау қар­саңын­да бес инсти­ту­ци­о­наль­дық рефор­ма жүр­гі­зу жөнін­де баста­ма көтер­ді ғой. Бірақ сол бес баста­ма­ның ішін­де сая­си өзгерістер жөнін­де бір ауыз сөз бол­маға­нын ескер­сек, елде­гі бүгін­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық аху­ал сай­ла­удан кей­ін де осы күйі қала беретін сияқты ма?

– Біздің қоға­мға біреу «тас бол!» деген секіл­ді. Бәрі қатып қалған, шеті­нен кон­сер­ва­тор­лар мен тұрақты­лы­қты қастер­ле­гі­ш­тер. Дәл бүгін­гі қазақ үшін әлгі бес рефор­ма­ның түп­кі, игі мақ­са­ты нәти­желі түр­де жүзе­ге асса, жаман бол­мас еді ғой. Тәп-тәуір мәсе­ле­лер мін­бер­лер­ден айты­лып, билік­ке тәу­ел­ді газет бет­терін­де жари­я­ла­нып жата­ды: оқып, естіп оты­рып қуа­на­сың. Оны жүзе­ге асы­ру үшін қомақты қар­жы бөлі­неді. Нәти­же­сі сол – сөз­ден іске көш­кен­де, бәрі тоқтап қала­ды. Осын­дай­да бір ортан қол шене­унік­тің айтқа­ны есі­ме жиі түседі: «Бөлін­ген ақша кей жағ­дай­да тіп­ті Аста­на шека­ра­сы­нан сыр­тқа шығып та үлгер­мей­ді»,– дегені бар. Жап­пай жемқор­лық, кез кел­ген игі істің басы­на су құя­ды. Бүгін­гі жағ­дай­да шынайы оппо­зи­ция билік­тің ішін­де оты­рған сияқты: ол неге біз емес­піз десеңіз – біз билік­тің іші­нен шыққан жоқ­пыз, өзі­міздің берік пози­ци­я­мыз бар! Ал бүгін­де билік­пен біте қай­на­сқан­дар­мен сөй­ле­се кет­сең, өз-өзін таба­лап, жаман­дай кететін шене­унік­тер де жетер­лік. Тіп­ті жағаң­ды ұстай­сың! Инсти­ту­ци­о­нал­ды рефор­ма соларға қар­сы шыға­ры­лған бол­са керек.

– Елде­гі жұмыс­сыз жастар мәсе­лесінің ушы­ғып тұрға­нын қапер­ге алған­да, пре­зи­дент «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның соңғы съезін­де атаған сол бес рефор­ма­ның бірі – мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің тиім­ділі­гін арт­ты­ру мәсе­лесі еске түседі. Осы­ған бай­ла­ны­сты жастар­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке тар­ту жағ­дайы бұры­нғы­дан да қиын­дай түсетін сияқты ма, қалай ойлайсыз?

– Тиім­ділі­гін арт­ты­ру деген­ді өз басым «сенім­ді күшей­ту» деп білем. Яғни, мем­ле­кет­тік қыз­мет ішін­де жүр­ген­дер тағы бір сара­ла­нып, ішін­де билік­ке сәл де бол­са сенім­сіздік біл­дір­ген­дер қатар­дан шыға­ры­ла­ды. Басқа­ша болуы мүм­кін емес. Сіз дұрыс айт­ты­ңыз: жаңа­дан қыз­мет­ке кіретін­дер­ге талап­тар күшей­тіледі, бірақ қыз­мет­тің тиім­ділі­гін арт­ты­ру үшін емес, «сенім­ді күшей­ту» үшін. Елде­гі болжа­нып оты­рған ауыр эко­но­ми­ка­лық жағ­дай билік үшін өз қау­пін алып келеді. Басты қауіп «сені­мі» төмен­де­гі орта қол­ды шене­унік­тер­ден төнетін сыңай­лы, рефор­ма соларға керек.

Ал жұмыс­сыздық біздің қоғам­да әде­мі сөз­бен алма­сты­ры­лған, ол сөз «само­за­ня­тый», яғни біздің елде­гі жұмыс­сыздар­дың бәрі «өзін-өзі асы­рай­тын­дар». Олар­дың саны 2 мил­ли­он­нан асып түседі. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ішін­де жүр­ген­дер­дің бәріне топы­рақ шашуға бол­мас: елі мен өзіне адал аза­мат­тар, қазақ елінің бола­шағы үшін тын­бай жұмыс істеп жүр­ген ұл-қызда­ры­мыз көп. Бірақ дәл сол уақыт­та өз қыз­метінің тіп­ті мәні мен мағы­на­сын түсін­бей­тін, ман­са­пқор, көр­сеқы­зар, ақша­ның құлы болған, той­дан қолы боса­май­тын, халы­қты құл санай­тын, қыз­метін сатып алға­нын жасыр­май­тын, мем­ле­кет мүл­кін өз мен­ші­гі санай­тын шене­унік­тер де жетер­лік. Сіз атаған рефор­ма­дан кей­ін, соңғы­ла­ры­ның қата­ры көбей­ме­се, азай­май­ды: себебі соларға «сенім» күшті.

Өз басым алды­ңғы жылы шалғай ауыл­дар­ды ара­лап жүріп, сон­дай әкім-шене­унік­тер­дің біра­зын көр­дім. Күні кеше Алма­ты қала­сын­дағы Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің кон­сул­ды­ғын­да виза рәсім­деп жүріп, тағы жолы­қтым: «қазақ тілін енгі­зу­де – бірін­ші­міз» дей­ді, ал виза­лық құжат­тар­ды қаза­қ­ша қабыл­да­май­ды. Орыс­ша біл­мей­тін, сырт­тан кел­ген қан­даста­ры­мы­здың күні қан­дай бола­ты­нын осы­дан-ақ біле беріңіз. Егер қолы­ма мүм­кін­дік тисе, «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен оқып кел­ген­дер­дің бәрін алыс ауыл мен аудан­дарға әкім­нің орын­ба­сар­ла­ры етіп жібе­рер едім. Сол кез­де қаза­ққа олар­дан шынайы көмек болар еді.

Осы рефор­ма­ның тағы бір сорақы бол­мысын енді естіп жатыр­мыз. Мем­ле­кет­тік қыз­мет істері агент­ті­гінің қыз­мет­кері Дина­ра Және­но­ва ханым ресми бри­финг­те былай деп мәлім­деді: «Енді­гі кезек­те мем­ле­кет­тік қыз­мет­те «А» және «Б» кор­пу­сы­на алы­ну үшін, маги­стра­ту­ра талап етіл­мек, шетел дипло­мы мен маги­стра­ту­ра­сы­на басым­дық беріледі». Бұл – билік­тің қай сасқаны?!

– Шетел­дік оқу орны­ның дипло­мын алу – екі қаза­қтың бірінің қолы­нан кел­мей­тін жағ­дай екені бесе­не­ден бел­гілі жәйт. Сон­да қазақ жаста­ры­ның мем­ле­кет басқа­ру ісіне ара­ла­су мүм­кін­ді­гі күрт шек­те­леді ғой?

– Әрине! Бұл заң дәл сол үшін жаса­лып отыр. Аталған шешім­нің «мем­ле­кет­тік қыз­мет тиім­ділі­гін» арт­ты­руға еш қаты­сы жоқ. Біз­де Құдай­дың дең­гей­іне дей­ін көтеріл­ген шетел дипло­мы өз-өзі­нен адам­ды сана­лы, адал, білім­ді, халы­қты түсін­гіш, елге жақын, қаза­қ­ша біл­гіш, еңбекқор етпей­ді. «Шетел көр­се бол­ды» деген қағи­да о бастан қате түсінік! Бұл шешім мил­ли­он­даған қаза­қтың қар­жы­сы жұм­са­лып, шетел­де оқы­ған бай-манап­тар­дың бала-шаға­сын тиім­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке оты­рғы­зу үшін ғана қажет.

Ертең «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша білім ала­тын­дар азай­ып, не бол­ма­са мүл­дем жабы­лып қалуы мүм­кін (эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты), сол кез­де ауыл­дан шыққан аза­мат кез­дей­соқ жол­мен де билік­тің ең биік мін­беріне көтері­ле алмай­ды. Бір кез­дері «Бола­шақты» бітір­ген­дер ең аз деген­де, мини­стр­лік­те депар­та­мент бас­шы­сы бол­сын деу – «осы өлеңнің» сөзі. Ал «Бола­шақты» бітір­ген­дер ауыл әкі­мі бол­сын деу­ге бол­май ма?! Бұл тиім­ді шешім болар еді. Бірақ шетел­ді көр­ген бай­дың бала­сы сиыр­дың қиы саси­тын ауы­лға барып тұра ала ма?

– Бұл жағ­дай бел­гілі қазақ ерте­гісін­де­гі бай бала­сы Асан мен жар­лы бала­сы Үсен­ді көпе-көр­неу жік­ке бөлу болып шыға кел­мей ме?

– Әрине, дәл солай бола­ды! Бұл рефор­ма­ны қол­дап оты­рған топ­тың да басты мақ­са­ты сол – қаза­қты тапқа бөлу. Яғни, бүгін­гі жиған-тер­ген ақша­сы мен билі­гін қазақ ара­сын­да мәң­гілік заң­да­сты­рып, ал жар­лы өзін – жар­лы­мын деп мой­ын­сұ­нуы керек. Шетел­де оқу – ең бірін­ші ақы­лға емес, жағ­дай мен қал­таға бай­ла­ны­сты. Шын білім­ді бол­саң, Мас­са­чу­сет­сте тегін оқи­сың деген ерте­гі. Ол үшін жүз­де­ген фак­тор­лар өза­ра сәй­ке­суі тиіс. Ол фак­тор­лар қай­та­дан қал­таға бай­ла­ны­сты. Айна­лып кел­ген­де, бүгін­гі асан­дар­дың әке­лері ерте­гі­де­гі Асан­ның әкесін­дей жомарт бол­са, қалың қаза­қтың үсен­дері «жар­лы» болуға дай­ын сияқты. Зама­нын­да қалың қазақ өзі келіп, билік­тің кіл­тін хан мен биге табыст­ап, «Хан тала­пай» прин­ци­пін үне­мі естеріне салып отырған.

– Был­тыр ел үкі­метінің құры­лы­мы оңтай­ла­сты­ры­лған кез­де Мем­ле­кет­тік қыз­мет істері жөнін­де­гі агент­тік­тің функ­ци­я­лық қыз­мет ауқы­мы өзер­генін білесіз. Сол өзгері­стен кей­ін осы агент­тік­тің мұра­гер бас­шы­сы болған Қай­рат Қожам­жа­ров мыр­за мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі «А» және «Б» кор­пу­ста­ры бұдан былай бол­май­ды, оған өту­ге емти­хан тап­сы­ру – жемқор­лы­ққа жол аша­тын жағ­дай деген еді. Ара­да бір жыл өтсе де, сол кор­пу­стар өзгеріс­сіз қалу себебін қалай түсін­дірер едіңіз?

– Өзгеріс­сіз қалған былай тұр­сын, енді «А» және «Б» кор­пу­сы­на өту үшін, сіз шетел­де оқуы­ңыз керек. Ол кор­пу­стағы­лар – қаза­қты басқа­рып оты­рған ең жоғарғы санат­тағы шене­унік­тер: олар­дың саны – 155 адам. Алдағы уақыт­та дәл осы екі кор­пу­стың құра­мын­да болу үшін неме­се қата­ры­на ілі­гу үшін күрес күшейе бер­мек. Билік­ке тала­суға жақын тұрған әртүр­лі топ­тар әлгі екі кор­пу­сты мың рет жұлмалайды.

Уақы­ты кел­ген­де, елді басқа­ра­тын адам­ның аяғы аспан­нан сал­бы­рап түс­пей­ді ғой: осы екі кор­пу­стың іші­нен шыға­ды. Әрі ол қатарға «кез­дей­соқ» адам кіріп кет­пе­уі керек. Сол себеп­ті сіз сөз еткен емти­хан төңіре­гін­де­гі әңгі­ме «сопақ» болып қалуы ықти­мал. Біздің жұрт «сай­лау кел­ді», «су басты» деп қыр­да жүр­ген­де, «А» және «Б» кор­пу­сын талай өзгеріс күтіп тұр. Бұл өзгерістер­ге тек қазақ емес, арғы-бер­гі көр­шілері­міз де мүд­делі. Әсіре­се «А» мен «Б» болу үшін, шетел­де оқу керек деген талап олар­дың құлағы­на май­дай жаға­ты­ны­на күмәніңіз бол­ма­сын. Қол­дан жаса­ла­тын әртүр­лі рей­тинг­тер­ді өзгер­тіп, біздің білі­мқұ­мар екі кор­пус үшін Ресей­дің, Қытай­дың, Баты­стың мүд­десіне сәй­кес оқу орын­да­ры жер жүзін­де бірін­ші деп таны­лып, ең басты «ақыл жинай­тын» орда­ларға айна­луы мүм­кін. Одан арғы­сы айт­па­са да түсінік­ті. Сол себеп­ті «мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке», жал­пы соның ішін­де «А» және «Б» кор­пу­сын­дағы әртүр­лі рефор­ма­ларға өте сақ болуы­мыз қажет.

– Жал­пы, сіз жетек­шілік ететін жастар ұйы­мы елде­гі жұмыс­сыз жастар мәсе­лесіне мони­то­ринг жүр­гі­зе ме, жастар ара­сын­дағы қазір­гі жұмыс­сызды­қтың жағ­дайы жөнін­де нен­дей түй­ген ойла­ры­ңыз бар?

– Жұмыс­сыздық – қазақ жаста­ры ара­сын­да өршіп тұрған про­бле­ма. Ол мүл­дем оқы­маған Манатқа да, қаза­қстан­дық уни­вер­си­тет­ті «қызы­лға» бітір­ген Қанатқа да, шетел­де екі рет оқып кел­ген Мақ­сатқа да ортақ. Яғни, бүгін­гі қалып­тасқан жағ­дай­да сіздің жақ­сы қыз­мет­ке тұруы­ңыз – сіздің білі­міңіз­ге бай­ла­ны­сты емес. «Айта-айта Алтай­ды, Жамал апам қар­тай­ды­ның» дәл өзі – осы. Ең төмен­нен бастай­тын бол­сақ, бар­лық про­бле­ма мек­теп­те туын­дай­ды. Мек­теп­тер­ді жиі ара­лап, жастарға лек­ци­я­лар оқи­мын. Сон­дағы бай­қаға­ным – қазақ бала­сы мүл­дем маман­дық таң­да­май­ды екен. Ата-ана мен мұғалім балаға ең бірін­ші мек­теп бітіру­ге жақын қалған­да ғана керекті пән­ді таң­да­та­ды. Басты мақ­сат – білім алып жұмысқа тұру емес, пән таң­дап, грант ұтып алу. Ал маман­дық таң­дау аса маңы­зды емес екенін бала біледі. Сәй­кесін­ше, маман­дық таң­да­уда қате­лесіп, кез­дей­соқ ЖОО-ға түс­кен бала ешқа­шан ынта-жігері­мен оқуға құл­шын­бай­ды. Бұны – бір деңіз!

Екін­ші­ден, бала уни­вер­си­тет­ке келіп, оқуын бастаған­да, қате таң­далған маман­дық болған соң, үлгері­мі нашар­лай­ды. Яғни, алға­ны кілең «екілік» болып шыға келеді! Бірақ бір­де-бір уни­вер­си­тет оны оқу­дан шығар­май­ды, үлгері­мі нашар­лаған соң, оқу­дан қуы­лып­ты деген­ді есті­меп­піз. Яғни, уни­вер­си­тет бала оқы­са да, оқы­ма­са да, кел­се де, кел­ме­се де, оны ешқа­шан оқу­дан қумай­ды. Нәти­же­сін­де қате таң­даған маман­дық бой­ын­ша өтірік «қызыл дипло­мын» арқа­лап, жұмыс­сыздар­дың қата­ры­на бәсе­ке­ле­стік­ке қабілет­сіз «само­за­ня­тый» болып қосы­ла­ды. Сон­ды­қтан біздің елде­гі құры­лыс­шы­лар – өзбек ағай­ын­дар, база­рдағы­лар – қырғы­здар, қыз­мет көр­се­ту мен тамақ сауда­сы сала­сын­да – түрік ағай­ын, ірі-ірі кор­по­ра­ци­я­лар­да – оре­кең­дер мен шетел­ден кел­ген топ-мене­джер­лер. Ал қаза­қтар­дың бәрі шеті­нен шене­унік! (Қалай шене­унік болға­ны – тағы белгілі).

Айт­сам – күлесіз, Қаза­қстан жылы­на 30 мың­нан аса заң­гер­ді дай­ын­дай­ды. Ал біз­де­гі ірі ком­па­ни­я­лар ел іші­нен білік­ті заң­гер тап­пай, олар­ды шетел­ден алды­ра­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, бүгін­гі қазақ бала­сы бәсе­ке­ге қабілет­сіз. Егер бәсе­ке­ге қабілет­ті бола­тын бол­са, тіл біл­се, әлдеқа­шан шетел асып, АҚШ пен Еуро­па­ның төрін­де жүрер еді. Пат­ри­от­тық сезі­мі «ұстап», шет­ке кет­пей қал­ды деген­ге сен­бес едік.

Бірақ осы қалып­тасқан жағ­дай­ға жастар кінәлі деуден аулақ­пын. Жағ­дай­ды түзе­ту үшін, ең бірін­ші уни­вер­си­тет­тер­дің өза­ра бәсе­ке­ле­сті­гін, оның ішін­де ұста­здар­дың бәсе­ке­ле­сті­гін арт­ты­ру керек. «Ұлт­тық» деген аты бар, бірақ ісі­мен ұлтқа қар­сы уни­вер­си­тет­тер­ді нары­қтық, бәсе­келік ортаға тастау керек. Тео­рия мен прак­ти­ка­ны ұшта­стыр­маған оқы­ту­шы­ны қыз­мет­ке алмау керек. Грант бөлу жүй­есін өзгер­тіп, мек­теп­те жүріп, талан­тын көр­сетіп үлгер­ген бала­ның миын ҰБТ-мен ашыт­пай, қолы­на бір­ден грант беру керек. Ол үшін уни­вер­си­тет рек­тор­ла­ры мен декан­да­ры өздері мек­теп­тер­ді, ауыл­дар­ды ара­лап, талант­ты жастар­ды таң­да­уы қажет. Қалай білім жүй­есі түзе­леді, артын­ша бәсе­ке­ге қабілет­ті жастар елін де, тіп­ті әлем­ді бағын­ды­руға дай­ын болмақ.

– Бәре­кел­ді, бұл пікіріңіз санаға сіңер­лік екен! Деген­мен, Қаза­қстан­ның жер қой­на­уын­дағы бай­лы­ғы мен бары-жоғы 17 мил­ли­он­ның маңын­дағы халық санын салы­сты­рар бол­сақ, қытай­лар айт­пақ­шы, «сана­у­лы ғана» халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ын әлем­дік даму дең­гей­іне жет­кізу­ге бол­мас па еді? Бұл орай­да жастар ара­сын­да қан­дай ойлар бар?

– Жастар ара­сын­да бұған қаты­сты ой көп. Бірақ бір өкіні­штісі – бүгін­гі күй­іне жал­пы қазақ қат­ты күй­ін­бей­тін сияқты. Мей­рам­ха­на­лар мен кафе­лер­дің іші лық толы, әншілері­міз той­дан босар емес, шетел­ге ұшақ билетін сата­тын кас­са­лар­дың алдын­да қаза­қтар басым десек, нанын қара суға маты­рып, азған­тай айлы­қты ешқай­да жет­кі­зе алмай, бала­сын бала­бақ­шаға беру­ге ақша тап­пай оты­рған қазақ та жоқ емес. Әле­умет­тік мем­ле­кет құр­дық деп мақта­на­мыз да, күніне 10 сағат бала оқы­тып, өз бала­сы­на жылы­на бір рет лагерь­ге дема­луға жол­да­ма әпе­ре алмай жүр­ген мұғалім­дер­дің жай­ын да көріп жүр­міз. Халық бәріне де шыдай­ды екен: кез кел­ген төтен­ше жағ­дай­да еті­гі­мен су кешу­ге дай­ын. Бізді қын­жы­л­та­ты­ны сол – әле­умет­тік мем­ле­кет құр­дық дей тұра, ел ара­сын­да қара­пай­ым әділет­тілік­ті орна­та алма­дық. Ежел­гі Римнің бір даны­шпа­ны: «Халы­ққа тек әділ бас­шы­лар мен әділет­ті заң­дар ғана керек», – деген екен. Біздің қаза­ққа да кере­гі, жастар­дың да сұрай­ты­ны сол. Ел тұрғын­да­ры шеті­нен бай бол­май-ақ қой­сын (ол мүм­кін де емес шығар), бірақ адал еңбек еткен жағ­дай­да тиісті ақы­сын ала­ты­ны­на көзі жет­сін. Ал еңбексіз, ерін­шек­тің күй­ін кеш­кен қазақ, тіп­ті шене­унік­тің бала­сы бол­са да, қоғам­нан өзінің оры­нын алсын.

– Айт­пақ­шы, мем­ле­кет­тік емес ұйым­дарға (НПО) мем­ле­кет­тік грант беру мәсе­лесі орта­лы­қтан­ды­ры­лып, ол ұйым­дар­ды қар­жы­лан­ды­ру бір мем­ле­кет­тік опе­ра­тор­дың иелі­гіне беріледі деген сөз шығып жатыр. Осы­ған сіздің пікіріңіз қан­дай болмақ?

– Ол – мем­ле­кет­тің, яғни халы­қтың салы­ғы есебі­нен жиналған қар­жы. Сол себеп­ті ол ақша­ны алуға бар­лық МЕҰ-ның тең мүм­кін­ді­гі болу керек. Біздің ұйым, бір­не­ше жыл бол­ды, мем­ле­кет­тік грант алған емес, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың гран­ты­на өмір сүріп жүр­міз. Есті­генім – аталған заң қағаз­ба­сты­лы­қты азай­тып, есеп өткі­зуді жеңіл­детіп, әр мини­стр­лік­тен МЕҰ-ға берілетін грант­тар­ды бір жер­ден тара­та­ды. «Қосы­лғы­штар­дың орны өзгер­гені­мен, қосын­ды өзгер­мей­ді»,– дей­тін қара­пай­ым мате­ма­ти­ка­ның заңы, сол себеп­ті грант­ты кім­ге беру тәр­тібі өзге­ре қоя­ты­ны­на сену қиын.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн