Күйеулер жайлы КҮҢКІЛГЕ жұлдызды жауап

Мән-жай

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен күйеуі, отбасы жайлы сырымен бөлісті деп хабарлайды «Nazar» бағдарламасына сілтеме жасаған Nur.kz.

Жасы 40-қа жақындаған тележүргізуші екі баланы өсіріп отыр. Алайда ол той жасап, ақ көйлек кимегенін де жасырмады.
«Отандасқанымызға 15 жыл болды. Оның бірінші әйелі емес екенімді бәрі біледі ғой. Қайраттың алдыңғы отбасынан балалары бар. Қазір келіндермен араласамыз. Қайраттың мені қатты жақсы көретінін іс-әрекетінен байқаймын. Кейде маған аға ретінде ұрысып кетеді. Өйткені 12 жас білінеді. «Мен саған қарындас емеспін ғой» деп әзілдеп қоямын. Оның 5 баласы бар. Немерелері бар. Барлығы Қайраттың мойнында. Ол алғашқы күннен «Ләйлә, сен ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Мен үшін балаларым бірінші орында. Сен «мен ең сүйікті әйел болуым керек. Менің балаларым бірінші» дейтін болсаң, онда кешір» деді. Сондықтан осы шарт ешқашан бұзылмайды», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Күні бүгінге дейін жеке өмірін жасырып келген Мөлдір Әуелбекова алғаш рет күйеуімен ажырасқанын мойындады. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өкінішке қарай, Мөлдір мен Арыстан бүгінде бірге емес. 2015-те шаңырақ көтерген екі жас бір жарым жылдан соң екіге бөлінген. «Қазіргі таңда маған ең көп қойылатын сұрақ жеке өмірге байланысты. Сіздер ажырастыңыздар ма? Ажырасқаныңыз рас па? Бала қайда?» – дейді Мөлдір.

Иә, Әуелбекова жұбайы Арыстанмен ажырасыпты. Баласы бес айға толған шақта отағасы отбасын тастап кеткен көрінеді. Сол уақыттан бері ұлы Салтайды әкесі де, әжесі де іздеп келмеген.
«…Ешкім де баланы іздемейді. Солай енді басымыздан өтіп жатыр. Енді мен оны не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін – көнемін. Балам үшін әрі қарай өмір сүремін», – дейді Әуелбекова.

Баласының болашағына алаңдаған ана жанұясындағы жағдайды жұрттан жасырын ұстап келгенін айтады.

«Бәрібір балаға кесірі тимесе екен деп, көбінесе ұлымды уайымдаймын… Ғаламтор бар ғой қазір – ертең бала өскеннен кейін, оны көреді. Неге олай болды деп көңіліне кірбің түседі. Мен қазір отырып алып, ол бүйтті-сүйтті, ол тастап кетті, ол былай болды деп айтып отырғаннан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Ертең тоқ етерінде балам қиналады… Көрерменіме айтарым – уайымдамаңыздар. Қандай жағдай болмасын, мен бақыттымын. Менің ұлым бар, ата-анам қасымда, бауырларым бар», – дейді Мөлдір.

(медиа-проект «DAT» №35 (447) от 4 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн