Суббота , 5 июля 2025

МОРАТОРИЙ ДЕГЕНІ АДЫРАМ ҚАЛДЫ МА?

ЗЫҒЫРДАН

Қуа­ныш МҰҚТАЙ,
ақын, қоғам қайраткері

Өзінің туған жерін­де қаза­қтар қала­лар­да қаңғы­рып, екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыс іздеп, біре­улер­дің тауық қора­ла­рын пана­лап, шық­па жаным шық­па деп жүр­се, біздің тағ­ды­ры­мы­здың бас гаран­ты Назар­ба­ев мыр­за қытай аза­мат­та­ры­на көп қабат­ты үйлер сал­ды­рып, олар­ды жұмыспен қам­та­ма­сыз етіп, жаны шығып бара­ды.


Мысал керек бол­са, мынау тұрған Көк­ше­тау қала­сы­ның жанын­дағы Ильи­чев­ка ауы­лын­да қытай­лар май шыға­ра­тын зауыт салып болып, 14 мың шар­шы шақы­рым жер­ге күн­бағыс егіп, қазір­гі уақыт­та қытай­дан кел­ген жұмыс­шы­ла­ры­на деп көп қабат­ты үйлер тұрғы­зып жатыр. Және де тағы бір айта кетер­лі­гі – өз елін­де, өз жерін­де қытай­ларға жал­да­нып, жұмысқа тұрған қазақ жұмыс­шы­ла­ры мін­дет­ті түр­де қытай тілін үйре­нуі керек екен.
Көк­ше­та­удан 30 шақы­рым қашы­қты­қтағы Аймақ ауы­лы­ның астық қабыл­дау бөлім­ше­сін қытай аза­ма­ты сатып алып, тіп­ті был­тыр жел­тоқ­сан айын­да жол­дың екі жағы­на қытай мем­ле­кетінің тула­рын желбіретіп қой­ған еді. Мен осы­ны СҚО-ның әкі­мі Құмар Ақсақа­ло­вқа айтып, алдыр­тып тастатқан едім. Бұры­нғы Жаман­тұз, қазір Кене­са­ры ауы­лы атанған мекен­нің темір­жол бой­ын­дағы зәулім эле­ва­то­рын қытай сатып алды деп жұрт­шы­лық шулап жүр.
Тілі шұбар­ланған қаза­қты үш тіл­ді қылға­ны аздай, енді келіп: «Қытай тілін үйренің­дер, қытай біздің тағ­ды­ры­мыз» – деп, тіп­ті Алма­ты­да қытай мек­тебін сал­дыр­ды. Ал жер асты бай­лы­ғы­мыз: мұнай, уран, алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, т.б. сияқты баға­лы кен­дері­міз шетел­дік­тер­ге, әсіре­се қытай­ға қан­дай баға­мен саты­лып жатыр – ол жағы халы­ққа бей­мәлім құпия! Жер­дің асты-үстін сатқан­нан қал­та­ла­ры­на құй­ы­лып жатқан мил­ли­ард­таған дол­лар қара­жат­тар­дың есебін тек билік қана біледі…
Қара­пай­ым халы­қтың тұр­мыс-жағ­дайы мүш­кіл­деніп, күн­нен-күн­ге құл­ды­рап, қай­ыр­шы­ла­нып бара­ды. Тең­ге­міздің түк құны қал­май, деваль­ва­ци­яға ұшы­ра­уы­на басқа ешкім емес, Ақор­да билі­гі кінәлі! Қаза­қстан­ды дамы­тып, 30 дамы­ған елдер қата­ры­на қосам деу – күл­кілі, өзім­білем билік­тің кезек­ті сан­ды­рағы. Битін сығып, қанын жалап оты­рған қай­ыр­шы халқы­мен кім­ді басып озып, қан­дай елге үлгі бол­мақ­шы?
Қытай­дағы қазақ ұлты­ның зұл­матқа (гено­цид) ұшы­ра­уы­ның түп-төр­кіні Назар­ба­ев­тың Қытай­ға ұзақ жыл­дарға жалға бер­мек­ші болған 1 мил­ли­он 700 мың гек­тар жер­ден баста­ла­ды. 2014 жылы сол кез­де­гі пре­мьер Карим Маси­мов бастаған Қаза­қстан деле­га­ци­я­сы Қытай­ға барған сапа­рын­да Евни­ев деген шене­унік арқы­лы Қытай­ға қаза­қтың 1 мил­ли­он гек­тар жерін сатуға келісім-шарт жасап қайт­ты…
Ақор­да билі­гінің опа­сызды­ғы сал­да­ры­нан «Қытай­ға жер сат­пақ түгілі, жалға да бер­мей­міз!» – деп, 2016 жылы көк­тем­де Аты­ра­удың халқы мың-мың­дап көше­ге шықты. Аты­ра­уды қол­дап, Қаза­қстан­ның басқа қала­ла­рын­дағы қаза­қтар да көтеріл­ді. Міне, осы тұстан баста­лып, қаза­ққа қаны қарай­ып шыға кел­ген қытай­лар өз жерін­де­гі қаза­қтар­ды мың­дап, азап түр­ме­леріне, яғни сая­си лагерь­леріне тоғы­та баста­ды. Қытай­лар қаза­қтар­ды түр­ме­де азаптаған­да­ры аздай, құран­да­рын, жай­на­маз­да­рын өртеп, мешіт­терін жауып, тіп­ті зират­та­ры­ның айшы­қта­ры­на дей­ін жой­ып жібер­ді! Мұны гено­цид демей, не дей­міз?!
Мұнан да жаман масқа­ра­сы – хан­с­у­лар қаза­қтың ару қыз-келін­шек­терін мәж­бүр­леп, күш­теп, үйлеріне кезек­пен қон­ды­рып, зор­лық жасай баста­ды. Оған мысал­ды алы­стан ізде­мей­міз. Сай­ра­гүл­дің басы­нан кеш­кен зор­лық-зомбы­лы­ғы куә. Осы­ның бәріне Назар­ба­ев Нұр­сұл­тан­ды айып­тап оты­рға­ным – қазақ ұлты­на қар­сы қытай зұл­ма­ты оның Қытай бас­шы­сы Си Цзинь­пин­нің қол­ты­ғы­на су бүр­кіп, қаза­ққа қар­сы айдап салға­ны­нан бастал­ды!
Биыл соңғы барған сапа­рын­да Назар­ба­ев­ты қытай­лар хан көтеріп қар­сы алып, оның құр­метіне әске­ри парад өткізді.
Газет­тер­ден, әле­умет­тік желілер­ден оқып жатқа­ны­мы­здай, біздің жел­бу­аз «жазу­шы» қауым қытай мен қаза­қтың ара­сын­да қалып­та­сып оты­рған осы сұм­дық жағ­дай­ға атүсті қарап, көбі­гін ғана қалқып отыр. Терең­детіп жазуға табан­да­рын­да бүрі жоқ, біре­уі тамағын тауып оты­рған қыз­меті­нен, біре­уі мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі бала-шаға­ла­ры­на кесірі­міз тиіп кете ме деп қорқып оты­рған жағ­дай осы.
Мен осы мақа­лам­ды «ДАТ», «Қазақ елі», «Жеті жарғы», «Пре­зи­дент және халық», «Жас Алаш» деген газет­тер­ге және «Қам­шы» интер­нет-пор­та­лы­на жібе­ре­мін, қай­сы жары­ққа шыға­рар екен, көрейік?

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн