Суббота , 5 июля 2025

«Назарбаевтан кейінгі кезең»: БҰЛЫҢҒЫР БИЛІК ТРАНЗИТІ

Осы апта­да батыс басы­лым­да­ры­ның бірі Қаза­қстан­дағы билік тран­зи­ті сце­на­риінің бел­гісізді­гі тура­лы аме­ри­ка­лық сарап­шы­мен болған сұх­бат­ты жариялады.

Аме­ри­ка­лық World Politics Review сай­тын­да Ресей сая­са­ты­ның Орта­лық және Оңтүстік Кав­каз елдері­мен бай­ла­ны­сын зерт­тей­тін Кар­не­ги қоры­ның аға ғылы­ми қыз­мет­кері, сарап­шы Пол Строн­ски­мен болған сұх­бат жарияланды.

«Қаза­қстан Назар­ба­ев­тан кей­ін­гі кезең­ге дай­ын­да­лып жатыр ма?» деген мақа­ла­да Қаза­қстан­дағы маңы­зды мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ді ауы­сты­ру мәсе­лесін талқы­лап, «бұл билік тран­зи­тінің бел­гісі ме?» деген сау­алға жау­ап іздеген.

«Қаза­қстан­ның сая­си жүй­есі жария емес, сон­ды­қтан кадр­лар алма­сты­руға не себеп болға­ны түсініксіз. Ашы­қтық бол­маған соң, Қаза­қстан­дағы түр­лі сая­си топ­тар­дың күше­юі мен әлсіре­уі тура­лы сыбыст­ар тарай­ды. Аяқ асты­нан өзгерістер бол­са, Назар­ба­ев билік­ті беру­ге дай­ын­да­лып жатыр деген сөз шыға­ды. Оның бәрі шын­дық болуы да, бол­мауы да мүм­кін» дей­ді бұрын АҚШ Ұлт­тық қауіп­сіздік кеңесін­де Ресей ісі бой­ын­ша дирек­тор болған және Мем­ле­кет­тік депар­та­мент зерт­те­улері мен бар­лау бюро­сын­да сарап­шы болып істе­ген Пол Стронски.

Строн­ски «Қаза­қстан қоға­мы­ның күн өткен сай­ын тыныш­сызда­на бастаға­нын» айта­ды. Оның бәрін әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­лар­дың артуы­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Сарап­шы Алма­ты­да мәнер­леп сырға­на­у­шы Денис Тен­ді өлтір­ген кез­де­гі қоғам­ның ыза­ға толы реак­ци­я­сы мен Аста­на­да көше­лер­ді жаң­быр суы басып қалған кез­де­гі нара­зы­лы­қты еске алады.

Аме­ри­ка сарап­шы­сы «Мұнай баға­сы жоға­ры болып тұрған­да, мем­ле­кет­тік қазы­на толы болған­да, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын әрта­рап­тан­ды­ра алма­ды» дей­ді. Елде­гі амби­ци­яға толы эко­но­ми­ка­лық жос­пар­дың жар­ты­лай орын­далға­нын айта­ды. Пол Строн­ски Аста­на­ның халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы тура­лы жоба­сы­ның жүзе­ге асуы­на күмән­да­на­ды. «Мұн­дай орта­лық басқа сауда алаң­да­ры­мен бәсе­ке­лес бола ала ма?» деген сау­ал тастайды.

«Қытай­дың «Бір бел­деу – бір жол» баста­ма­сы Аста­наға пай­да әке­лу­ге тиіс, алай­да «Қаза­қстан басқа сала­ларға көмек­те­су үшін инфрақұры­лы­мға Қытай инве­сти­ци­я­сын қалай сала­ты­ны түсініксіз» дей­ді сарап­шы. Сая­си эли­та мен тұрғын­дар ара­сын­да Қытай­дың Орта­лық Ази­ядағы эко­но­ми­ка­лық және сая­си ықпа­лы­ның артып келе жатқа­ны­на алаң­дау көбей­ді. «28 жыл­дан астам пре­зи­дент болып оты­рған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жақын­да билік­тен кетуі спе­ку­ля­ция ма?» деген сау­алға Строн­ски: «Сай­ла­у­ға түсер-түс­пе­сін Назар­ба­ев өзі ғана біледі. Ал оның ізба­са­ры кім бола­ды деген сау­ал сая­си эли­та мен қара­пай­ым халы­қты маза­лап келеді. Бұл ел ішін­де біраз уақыт­тан бері пікір­та­ласқа айналған», – деп жау­ап берген.

Назар­ба­ев­тың жақын­да билік­тен кетуі тура­лы сыбысты мау­сым айын­да «ол енді сай­ла­у­ға түс­пей­ді» деген сенат төраға­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың мәлім­де­месі мен Назар­ба­ев­тың Қауіп­сіздік кеңесіне өмір бойы төраға болып сай­ланға­ны қызды­ра түсті. Бұған қоса, жақын­да үкі­мет­те болған өзгерістер «пре­зи­дент­тің қызы Дариға Назар­ба­е­ва­ның ықпа­лын күшейт­кен болар» дей­ді Стронски.

«Қаза­қстан­дық сая­сат­та түсініксіз жайт­тар көп, бірақ бір нәр­се анық: билік ауы­сы­мы қай кез­де бол­са да, сая­си жүйе соңғы 20 жыл­да ең тәжіри­белі сая­сат­кер­дің шық­паға­ны­на, оның жоқты­ғы­на икем­де­луі тиіс. Ел ішін­де­гі тұрақты­лық билік алма­су­дың қалай өтетініне бай­ла­ны­сты. Сая­си оппо­зи­ци­я­ның тамыр жаюы келесі бас­шы­ның кім бола­ты­ны­на, оның сая­си леги­тим­ділік­ті қалай ұстай­ты­ны­на және қаза­қстан­дық сая­сат­тың Назар­ба­ев­тан кей­ін­гі кезең­ге қалай бей­ім­де­летініне бай­ла­ны­сты», дей­ді Пол Стронски.

Аzattyq.org

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн