Суббота , 5 июля 2025

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ: Елдің ертеңіне деген ҮЛКЕН ҮРЕЙ БАР

Дат

Театр сахна­ла­ры мен кино­фильм­дер­де қазақ ханда­ры мен сұл­тан­да­ры­ның эта­ло­ны болған, жасы 70-ке кел­ген Тұңғыш­бай Жаманқұ­лов тура­лы біз бәрін біле­міз бе? Ал «бәрін білетін» «Вики­пе­дия» былай дей­ді:
«Тұңғыш­бай Қады­рұ­лы Жаманқұ­лов (1948 жылы 2 қазан­да Жам­был облы­сы Бай­зақ ауда­ны Абай ауы­лын­да туған) – актер, режис­сер, театр педа­го­гы, өнер­та­ну ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, про­фес­сор. Қаза­қстан­ның халық әртісі (1992). Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты (1992). Жам­был облы­сы­ның құр­мет­ті аза­ма­ты (2006). «Пара­сат» және «Достық» орден­дерінің иегері. 1982 – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген әртісі (Қазақ ССР), 1980 – Қаза­қстан Ленин ком­со­мо­лы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты. Бай­зақ ауда­ны­ның құр­мет­ті аза­ма­ты (2005). ҚР көп­те­ген мере­келік медаль­да­ры­мен, пре­зи­дент­тің жеке алғыс хат­та­ры­мен мара­пат­талған. ҚР Білім беру ісінің үзді­гі. ҚР Білім беру ісінің құр­мет­ті қыз­мет­кері».
Ал кезін­де­гі атақ-даңқы төс­ке өрлеп, кей­ін­нен қия­нат­пен сот­ты болған Тұңғыш­бай­дың қазір­гі тір­лі­гі­нен, оның бүгін­гі жан-күй­і­нен не біл­гі­міз келеді? Тар­лан талант иесін газет редак­ци­я­сы аты­нан 70 жасы­мен құт­ты­қтап, көп­шілік­тің көкей­ін­де жүр-ау деген біраз сұрақты көл­де­нең тар­тқан едік. Сон­дағы Тұқаң­ның «бір сөзін өзгерт­пей басы­ңы­здар» деген сұх­ба­ты төмен­де­гі­дей болды.

– Тұқа, жеке жыл­на­маңы­здың «70 жыл» деген бетін ашқан екен­сіз: көңіл-күй­іңіз қалай? Өткен сот­тың басқа салға­ны қажыр-қай­рат­тың біра­зын «жеп» қой­ған жоқ па?
– Жеді, неге жемесін… ет пен сүй­ек­тен жаралған адам­быз?! Оның үстіне сол нақақ нәу­бет­ті ұйым­да­сты­рған жебір сын­ды арсыз адам емес­піз. Жанға жара салын­ды, жүрек­ке дақ түсті, үміт жіңіш­кер­ді, ой орма­нын өрт шал­ды. Көңіл алаң, сезім жұтаң тарт­ты. Сенім сел­дір­лен­ді, өткенің өкініш, келе­ше­гің келе­ке, бола­шағы­ң­ды бұл­дыр тұман шал­ды. Осы­ның бәрі билік­те оты­рған бір нәкәстің (нәкес) боқты кө…інен бық­сы­ған былық. 
Аллаға шүкір, қажыр-қай­рат орнын­да. Мен күт­кен ертең ерте­рек кел­се екен деп отыр­мын: сон­да болар жек­пе-жек­те қарым­таға дай­ы­н­мын. Ол күрес­ке қажет­ті күш-қажыр­ды мен деген­де жанын қоярға жері жоқ тіле­улес халқым беріп отыр. 

– Тура­сын айты­ңыз­шы, Тұқа, басы бәле­ге қалып, сот­ты болған адам кінәм­шіл келетін әдеті бар еді (оның үстіне басы­нан сөз асыр­май­тын қаза­қ­пыз): сөз ныша­ны­ңы­зға қараған­да, әділет­сіз әлдекім­ге, атқа мінер ағай­ын­дарға өшпе­стей өкпе­ңіз қалған сияқты…
– Қалған­да қан­дай! Мен туған­да, шешем қал­жа жеген – өкпе мен өшпен­ділік­ке мән бер­мей­тін намыс­сыз боп туғам жоқ! Сонау «Жел­тоқ­сан­да» ұлтым үшін шүбе­рекке түй­іл­ген жан­ды құлқын үшін айыр­басқа бер­мес­пін! Атам Жаманқұл айтқан­дай, «бөрі жеген бөк­сем бар, иттен несін аяй­ын»… Кезі кел­ген­де кезе­нер­мін, сол кез­де қаны сұй­ыл­маған халқым қасым­да бола­ры­на еш күмәнім жоқ! Әлгі нәкәсті мұхит асса да, Алла алды­ма келтірер!

– Қия­нат­тың ішке қатқан қаны ізгілік­ке іңкәр өнер­ге сыңар бола алмай­ды десек те, сол сот­тан аман-есен құты­лған соң, сіз кеш­кен тір­лік­тің өрісі не бол­ды, Тұқа? Бүгін­дері қай жақта жүрсіз?
– Өнерім – Жара­ту­шы­дан! Оның өрісі тарыл­са да, өресі тарыл­май­ды! Қай жақта жүру­ші едім? Елім­де жүр­мін, өнер­дің ауы­лын­да­мын. Мұхит асып қаша­тын­дай, қал­таға түс­кем жоқ, кісінікіне қол салғам жоқ. Оңым да, солым да, қолым да таза! Ісім­ді де, ізім­ді де кір шалған жоқ. Осы сұх­бат­тан кей­ін қуы­лып кет­пе­сем, Әуе­зов атын­дағы театр­дың актер­лық тізі­мін­де­мін, «Жүр­ге­но­вте» про­фес­сор­мын. Қоғам­дық ұйым боп, борт­тың сыр­тын­да қалған, Қаза­қстан­дағы 54 өнер ошағы­ның басын құрай­тын рес­пуб­ли­ка­лық «Театр қай­рат­кер­лері одағы­ның» айлы­қ­сыз, көліксіз, бас­па­на­сыз төраға­сы­мын. Ай сай­ын шыға­тын «Театр.kz» жур­на­лын шыға­руға деме­уші іздеп, жапа­дан-жалғыз сан­да­лу­да­мын. Таба­мын. Шығарамын! 

– «Дат» деген біз­ге аттас театр құрған екен­сіз: ең алды­мен құт­ты­қтап қоя­лық – өнер­ге шаңы­рақ қосқан қада­мы­ңыз оң болсын!
– Айтқа­ны­ңыз кел­сін! Аттас болған­мен, жүзер айды­ны­мыз бөлек…

– Енде­ше жаңа театр­дың мақ­сат-мүд­десін ел-жұр­тқа жария етей­ік: алға­шқы тыр­нақал­ды қой­ы­лым сіздің ғана орын­да­уы­ңы­здағы моно­спек­такль екен – бұл өзі жалғыз Тұңғыш­бай­дың теат­ры бол­май ма?
– Уақыт көр­се­тер… Аш жүр­сек те, айна­лаңы­зда жүрей­ік дей­тін мұң­дас, сыр­лас, дерт­тес, серт­ке берік достар мен әріп­те­стер, кедір-бұдыр­сыз, бұры­лыс-бұл­тақ­сыз шәкірт­тер­дің бетін қақ­пас­пын. Жеке театр­лар­дың әман­да жел­кесі жіңіш­ке… Ақша­сы мен бақ­ша­сы бабы­на кел­ме­се, боқты­о­шақ боп босып кетуі кәдік. Парқы­ң­ды білер пат­ша, нарқы­ң­ды білер нар­тұлға­лар бар­да, қадір­сіз бол­мас­пыз деген дәме бар.

– Айт­пақ­шы, «Дат!» деп, леп бел­гісін қосып бел­гіле­ген ата­удың аста­рын­да не бар, аға? Әдет­те ежел­гі қазақ бұл дат­ты хандарға ғана айту­шы еді: сіздің бәс тіге сөз сұра­уы­ңы­здың бағыт-бағ­да­ры қай жақ?
– Аста­рын­да, ең бірін­ші, сіз­дер­дің көген­нен іргені аулақ салу бар. Бар гәп – сол леп бел­гісін­де боп тұр. Әуелі – ол сіз­дер­дің «бізді қай­та­лап жатыр» деген қаза­қы дау­ла­ры­ңы­здан құты­лу, сосын айта­рым бар деген «айқай» мең­зеп тұрға­нын ұққан шығар­сыздар, сөз қуған сөзу­ар­сыздар ғой… Бірақ біздің айқай – жәй айқай емес, өнер тілі­мен айты­ла­тын жанай­қай… Білесіз: жанай­қай – ханға да, қараға да, қоға­мға да бір­дей. Пен­де­шілік те, сая­си­лік те емес, олар­дан биік, Ада­ми айқай. Көңіл­деріңіз­ге кел­се де айтай­ын, пен­де­шілік – екі тесік­тің қамы, сая­си­лік – тақ пен тәж­дің аңса­уы. Заман азған жоқ, Адам азды! Ашкөз­ден­ді! Дон-Кихот­тар дөң асып, кел­ме­стің кемесін мініп кет­кен, елде Мефи­сто­фель­дер той басқа­рып жүр.

– Тұқа, біздің «ДАТ» 20 жыл­дан бері сол адам­ды азды­рған билік­пен жаға­ла­сып келеді: қарым-күші­міз кем бол­са да, қара-құрым қол­да­у­шы­мыз бар. «Көңілі­міз­ге келер» дәне­мені дат­таған жай­ы­мыз жоқ… Ал «Дат!» деп, күшті­ден сөз сұраған соң, жеке бастың «жыры» бол­май­ты­ны анық: сіздің театр тара­пы­нан қоғам­ның қой­ырт­пақ қоя­сын қопа­ру жағы қалай болмақ?
– Бей­іл­міз. Өзің сүр­ген қоға­мға, кез­ген кезең­ге құлы­қ­сыздық – өнер­паз­дық емес, шала жан­сар көген­көздік. Ұлы сөз­де ұят жоқ: «көңіл­сіз­ден кө…сіз бала туа­ды» дей­тін атам Жаманқұл… Басты меже сол – сіз айтқан қой­ырт­пақ қоя. Тек сая­си реңк­пен емес, сурет­кер­лік өре­мен! Шығар­ма­шыл­дық шырыл­мен! Ұлты­ң­ның кеше­гісі, бүгін­гісі, ертеңіне деген өлермендікпен!

– «Қой­ырт­пақ қоя» демек­ші, жал­пы, бүгін­гі елдің жағ­дай­ын қалай бағам­дай­сыз? Қоғам­ның жай-күйі театр сахна­сы­нан көрініс таба ма?
– Бұл жағы­нан сіз­дер­мен тіле­улес­піз. Ел бол­ма­са, біз кім­біз! Тіл тағ­ды­ры­на тарт­па­сақ, неміз қазақ?! Жер тағ­ды­ры­на жыла­ма­сақ, неміз ұрпақ?! Баба­дан қалған ама­натқа берік боп, атой сал­май, немқұрай­ды қал­сақ, несіне бөрік кие­міз?! Несіне мұрт қоя­мыз?! Несіне шал­бар кие­міз?! Ата­дан ұл боп тумай-ақ туа шөк­пе­дік пе?! Ана­ның ақ сүті­нен садаға кет­пе­дік пе?! 

– Тұңғыш­бай аға, сіздің де бір басы­ңыз талай қия­нат­ты көр­ді. Ал әртіс қауы­мы­на өнер­ді ала­ла­удан асқан қия­нат жоқ шығар: мәсе­лен, бүгін­дері әлем­дік гастроль­дер­ге 60 жыл­дық тарихы бар «Гүл­дер» ән-би ансам­блі емес, бесік­тен белі шық­паған «Аста­на-балет» деген театр шығып жүр­генін есті­ген шығар­сыз? Оның өзі театр­дың өз ақша­сы­на емес, мем­ле­кет­тің қар­жы­сы есебі­нен жаса­ла­тын сапар­лар екені мәлім. Осы сияқты қия­нат­тар қақы­сын­да айтар не бар, Тұқа? Өсіп келе жатқан талант­тар ара­сын­да өрісі тары­лған кім­дер­ді атар едіңіз?
– Қусыз, ә! Жұрт­тың бәрі білетін құпи­я­ны менің аузым­мен жария қыл­мақ­сыз… Мей­лі, не көр­ме­ген бас… Бірін­ші­ден, «Гүл­дер» – эст­ра­да­лық ансамбль, кезін­де оның да бар­маған жері, бас­паған тауы жоқтың қасы. Ол кез­дер жет­пісін­ші жыл­дар­дың астын­да қал­ды. Заман озды, талғам өзгер­ді. «Аста­на-балет» бесік­тен белі шық­паған­мен, төрт­күл дүниенің тала­бы­на, әлем­дік талға­мы­на сай кәсі­би-хорео­гра­фи­я­лық ұжым болуы керек деп ойлай­мын. Негізі солай болуы керек. Бол­ма­са, бол­ды­ру керек. Ол басқа мәселе.

– Біздің сұра­мақ «басқа мәсе­ле» – өрке­ни­ет­тің бел­ба­ла өнері – балет­ті Баты­сқа, оры­стар айт­пақ­шы, «Тулаға самау­рын апа­руға» ақша шашу қажет пе еді? 
– Мем­ле­кет­тік қар­жы­лан­ды­руға кел­сек, оған да қар­сы бол­маған жөн. Алай­да сол қар­жы­ға көз алар­тып, дәмелі жем­са­уы жел­кіл­деп, ақша шашуға кел­ген­де, игеріл­мей жатқан қар­жы­ны аста-төк жаса­уға «мәстір», қып­ша бел қыздар­ды көр­се, аузы­нан суы аға­тын мини­стр­ді көген­деу керек-ақ… 
Оны айта­сыз, жоқ жер­ден «Аста­на мюзикл» деген де театр ашып, буы­ны қат­паған қаза­қы арти­стер­ге бел­дері көтер­мей­тін шоқ­пар асын­ды­рып, шетел­де әлдеқа­шан қаң­сық болған шығар­ма­лар­ды айна-қатесіз көшір­тіп қой­ғы­зып, олар­дың деко­ра­ци­я­сы мен ән-әуеніне автор­лық нәпақа төлеп, сол мюзикл­дің шыққан жері Пари­ж­ге ұял­май апар­тып, қыру­ар ақша­ны жел­ге шашты. 
Қаза­қтың ата теат­рын­да «АЛЖИР»-де (репрес­сия жыл­дарғы кон­цен­тра­ци­я­лық түр­менің ата­уы – Ред.) тұтқын­да қалған Ахи­ко деген жапон шал­ды әлдеқан­дай қылып, пье­са жаз­ды­рып, оны сахна­ла­тып, Токи­о­с­ы­на қол­ты­қтап апа­рып, айды аспанға бір-ақ шығарған. Ұлты­мы­здың тарихы мен басы­нан өткен зоба­лаңын жар­ты әлем­ге паш еткісі кел­ген ұлт­жан­ды­лық иде­я­ны іске асы­рғы­сы кел­се, толып жатқан тари­хи тақы­рып­тар бар емес пе? Мұн­да да әлгі спек­такль­ді мұхит­тың ар жағын­да бір күн ойнау үшін ақша­ны судай сапыр­ды! Әншей­ін­де сап­та­яққа ас құй­ып, сабы­нан қара­уыл қарай­тын тек­се­ру­ші орган­дар артын қысып, үй айна­лып, бұға­тын көпек иттей үнсіз қалды… 
Қызған­ды демеңіз, күлім­көз қыздар­ды да, үкі­мет­тің қар­жы­сын да өзінікін­дей ием­деніп қана қой­май, біл­генін де, біл­ме­генін де істей­тін, тисе терекке, тиме­се бұтаққа сіл­тей­тін, ардың-гүр­дің сөй­лей­тін «шешен­ді­гіне» таң­да­ны­стан таң­дай­ы­мыз кеп­се де, маң­дай­ы­мы­зға тимей-ақ қой­ға­ны – ғасыр­дың жұм­бағы шешіл­мес «ғала­ма­ты» десе болған­дай… Оқ өтпей­тін, сөз дары­май­тын «фено­мен» болды. 

– «Аузы қисық бол­са да, бай бала­сы сөй­лесін» деген­нің кебін киген кезді өз көзі­міз­бен көріп, «фено­мен­дер фаб­ри­ка­сы» атанған ел бол­дық. Сол «фено­мен­дер­дің» деуі­мен сая­сат пен мәде­ни­ет­тің әкім-қара­сы театр­дың аяғын тұсай­ды, «Дат!»-қа сахна бер­гіз­бей­ді деп ойла­май­сыз ба?
– Ойлаған­да – қайт­пек­пін?! Бүгін көр­ген құқай ма?.. «Фено­мен» министр таққа оты­рға­лы, «Қаза­қ­фильм» мені роль­ге шақыр­мақ түгілі, аула­сы­на кір­гі­зе алмай әуре. Мен бел орта­сын­да жүретін «Қазақ ханды­ғы», «Томи­рис» фильм­дері хандар мен бек­тер­ді сомдаған Тұңғыш­бай­сыз түсірілу­де. Кино­сту­ди­я­ның бас­шы­сы­нан қос­шы­сы­на дей­ін бір­де-бір фильм­ге Жаманқұ­лов жола­тыл­ма­сын деген қатаң бұй­рық беріл­ген. Бар кінә­міз – нақақ «істі» болға­ны­мыз… Сол күн­дері сот ісіне бел­сене ара­ла­сып оты­рған мини­стр­дің «іскер­лі­гі­нен» кино­шы­лар­дан 14 адам кәмә­сия құры­лып, біздің әлі бастап үлгер­ме­ген кино-жұмысы­мы­зға «онша дұрыс емес» деген «сарап­та­ма» жаса­лып, ұзын-сонар әкті­ге қол­да­рын қой­ғы­здыр­ды… Ара­сын­да ара­лас-құра­лас болып, дәм­дес-тұз­дас сын­ды сор­маң­дай сце­на­рист-режис­сер­мін деген бор­ке­мік дос­сы­мақтар­дың болға­ны қара жер­ге қарат­ты… Он бір адам сот­тал­дық… Бірі­міз­де де бір­де-бір екі қабат­ты кот­тедж, қос-қостан «Хам­мер» авто­көлік жоқ… Он бірі­міз де тақыр кедей­міз десек те бола­ды… Диван­ның асты­нан пәш­кі-пәш­кі ақша тауып, қос-қостан кең сарай үйлер­ді, само­лет-вер­то­лет­тер­ді тәр­кілу­ге бой­ла­ры үйреніп, алақан­да­ры қышып қалған тер­ге­ушілер­дің түк тап­паған­нан ұнжы­рға­ла­ры түсіп, «ұялып» қалды… 
Сола-а-ай, жігіт­тер… Бұл күн­дері Абы­лай, Әбілқай­ыр, Қай­ыр­хан, Жәні­бек, Салқам Жәң­гір, Тәңір­бер­ген­дер­ді «тірілт­кен» жан­ке­шті­ден гөрі Беке­жан, Қодар сын­ды қорқа­у­лар­ды ойнаған­дар­дың, мил­ли­он­дар­ды жымқы­рған­дар­дың жұл­ды­зы жанып тұр… Талға­мға талас жоқ деген… Мәде­ни­ет пен өнер­ге жана­шыр болар бас­шы­ның «іскер­лік» өресі осы! 
Хо-ош деңіз… Ал «ДАТ!» теат­ры­ның алға­шқы туындысы Қолға­нат Мұрат есім­ді ести­яр бала­ның жазған «Қуыр­шақтар» моно­спек­таклін есті өмірім­нің елу жылын сарп еткен төл теат­рым­ның кіші сахна­сы­на қоюға рұқ­сат ала алмай жүр­гені­міз – судай жаңа­лық. Асхат Май­е­ми­ров деген аяқ асты­нан асы­ғы алша­сы­нан түс­кен, Аста­на мен Алма­ты­дағы екі бір­дей театр­дың тіз­гінін тал­тай­ып ұстаған, министр Мұха­ме­диұлы­ның «мен­шік­ті» май­шел­пе­гі шешім­ге келе алмай шерменде… 

– «Шер­мен­де» деген­нен шыға­ды: сол сот­тан кей­ін, келін­ше­гіңіз – бел­гілі актри­са, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Дәрия Жүсіп­тің театр­дағы роль­деріне шек­теу қой­ы­лып­ты деген сөз шыққа­нын біле­міз. Ол тепе­рі­штің соңы не бол­ды? Дәрия-бике театр­да қал­ды ма?
– Ой, сұра­маңыз! Келін­ше­гім көр­ген құқай менен де асып түседі! Мен «істі» болып жатқан­да, шәкірт­сы­мағым Ерлан Біләлға министр тап­сыр­ма береді: Тұңғыш­бай­дың әйелін алды­ма әкеліп, аяғы­ма жыға­сың деген сыңай­лы. Еңлік деген қыз балаға ара­ша түс­кенім үшін, ол нәкәс қарым­та ретін­де менің әйелім­нің сағын сын­дыр­мақ­шы болған екен… Асқан­дық деген осы да! Бұл да бір ардан ада адам бала­сы­на бітетін дерт шығар, шама­сы… Аста­наға билет алып қой­ып, үш күн бойы үйге де келіп, аңдып, тыным бер­ме­ген Біләл­дан келін­ше­гім зорға қашып құты­лған. Олай болған күн­де, қан­ша «құдай» бол­са да, мини­стрің бір оқтық еді… Көрер қызы­ғы бар екен бай­ғұ­стың… Сон­да түр­ме­ге шын пей­іл­мен оты­рар едім де… Аяр­лы­ғы­ның (афе­ра) бәрін әйел­дер арқы­лы іске асы­ра­тын «талан­ты» аспан­дап тұр. Маған ара­ша сұра­мақ болып, пресс-кон­фе­рен­ция жаса­мақ­шы болған шәкір­тім Қады­рға­ли­дың сол «Аста­на-балет­те» биші боп жүр­ген қар­ша­дай қызы­на доқ көр­сетіп, әкесін рай­дан қай­тар­ма­са, жұмыстан қуы­ла­сың деп, зар жылатқан екен… Сол пресс-кон­фе­рен­ци­яға қаты­спақ болған Жел­тоқ­сан көтерілісінің жоқта­у­шы­сы Гүл­бахрам Жүніс­ке де теле­фон шалып, рай­ы­нан қай­тар­мақ болған. Шақы­ры­лған теле­жур­на­ли­стер есік алды­нан «ойбай, біз­ге жоға­ры­дан, мини­стр­лік­тен нұсқау түсті, кешіріңіз­дер» деп қай­тып жат­ты. «Күштінің к…ті диір­мен тар­та­ты­ны» рас екен…
Хо-о-ош деңіз… Бәрі рас… Келін­ше­гім­нің роль­деріне шек­теу қой­ыл­ды, Дулат Иса­бе­ков аға­мы­здың мерей­той­ы­на орай Лон­донға барған спек­такль­ден Дәри­я­ны жалғыз өзі ойнап жүр­ген ролі­нен алып тастап, басқа актри­са­ны жегіп, Англи­яға бар­ды. Әңгі­ме – Англи­яда, оны көре алмай қалып, көш­тен қалу­да емес қой. Бұрын­да­ры жыл сай­ын сол Лон­донға үлкен ұлы­мыз Ақсұл­тан­ды апа­рып, екі ай жатып, ұлы­мыз ағы­л­шын­ша оқып, Дәрия тал­май театр­ла­рын ара­лай­тын… Көпе-көр­неу қыса­сты­қта, ной­ыс нәкәстік­те… Киноға жола­тыл­май­ты­ны да шын­дық. Ол түгілі сери­ал­дарға да шақы­рыл­май­ды. Осы кеше ғана Ұлт­тық арна­да көр­сетіліп жатқан «Оты­ң­ды өшір­ме­де­гі» басты роль­ге түсіру­ші жігіт­тер баста­рын бәй­ге­ге тігіп жүріп, рұқ­сат алып­ты! Сұм­дық қой, ә!!!

– «Сұм­дық!» демес­ке лаж жоқ. Деген­мен, «Тұңғыш­бай да 70-ке келіп­ті…» деген­ге тән­ті көре­рменіңіздің біре­уі сенер, біре­уі – сен­бес: елге қара­тып айтар бол­сақ, өзіңіз бұл беле­стің биі­гі­нен нені көр­діңіз? Сол биік­тің астын­да – елдің ертеңіне елең қыла­тын не бар екен, аға?
– Үрей бар… Елдің ертеңіне алаң бар… Бұл үрей мен алаң қалың елім – қаза­ғым­нан емес, шене­унік­тер­дің шексіз қан­сызды­ғы­нан өрбі­ген үрей… Не бола­мыз, қай­тып ел бола­мыз?!.. Жап­парқұл­дар жай­лаған елден не үміт, не қай­ыр?! Басы­ма бұлт оралған күн­дері қай­да бар­сам да тыным бер­мей, «аға, мини­стр­ді «қай­та­лан­бас тұлға» деген сыңай­лы мақтап, үлкен кісі­ге хат жазы­ңыз» деп, қай­та-қай­та мазам­ды алған Сәбит Әбді­ха­лық атты жан­дай­ша­бы, еркек­тен артық мінез көр­сет­кен Еңлік қызды іздеп тауып, ата-ана­сы­на мини­стр­дің аты­нан «ақыл» айтып, «тыны­штан­ды­рған» Жеңіс Сей­дол­лаұ­лы сияқты­лар­дан азар да безер болға­ным­ды кім­ге түсін­дірем?.. Міне, осын­дай ортақол өнер «шебер­лері» бүгін­дері мәде­ни­ет меке­ме­лерінің бір-бір бас­шы­сы болып отыр… Рек­тор – солар, дирек­тор – солар, тіп­ті бола­шақ министр де, бәл­кім… «Тұңғыш­бай­ды асу керек» деп, «Фейс­бук­ты» жарған Аста­на­дағы Ұлт­тық кіта­п­ха­на­ның дирек­то­ры өзі ұрлы­қ­пен ұсталған­да, «қан­ды­көй­лек» қыз­мет­керін ақтап алып, қай­та таққа оты­рғы­зуға да пәті­гі жет­кен, «қолы ұзын, қоңы қалың», бетін тіліп жібер­се, қан шық­пай­тын, шаша­сы­на шаң жұқ­пай­тын Мұха­ме­диұлы­ның «коман­да­сы» осындай! 
Мен жет­пісте­мін ғой: ал жеті­де­гі жет­кін­ше­гім­нің күні не бола­ды?.. Шетел­де оқи­тын ұлым­ның елге қай­тқы­сы жоқ… «Қой, балам, қайт!» деп жатыр­мын. Бұл нәу­бет те өтер, мини­стр­лер де мәң­гілік емес қой, ұят­ты, тек­ті біреу келер, «Орнын­да бар оңа­лар» деген арғы­дан қалған баба­ла­рым­ның ата­лы сөзін қай­та-қай­та айта­мын. Балам­ның мұң­лы көзіне көзім түс­кен­де, әңгі­мем­нің көгені үзіліп кетеді… 
Үзіл­мей­тін – жалғыз Ұлы Мәр­те­белі Үміт қана…

– Сол үміт­тің оты жаны­ңы­зды жылыт­сын, аға! Әлі де өнер­ге бере­рі көп аза­мат­тар­дың аман­ды­ғы – ел тіле­гі: аман болы­ңыз! Шан­шуы шашы­лып түс­кен сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Ермұрат БАПИ

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн