Төреғали тағы да ШУ ШЫҒАРДЫ


Атышулы Төреғали Төреәлі енді ұшақ бортында шу шығарды. Әнші «Эйр Астана» рейсінің өз уақытынан 20 минуттай кешігіп ұшуына себепші болған деп хабарлайды time.kz сайтына сілтеме жасаған Nur.kz ақпараттық порталы.

Алматы–Гонконг бағытында ұшатын 929 рейсті ұшақтың ішіне әнші балаларын көтеріп кірген. Алайда оның қолында билеті жоқ екені анықталады. Осыдан соң рейс өз уақытынан 18 минутқа кешігіп ұшқан.
Куәгерлердің айтуынша, ұшуға дайындалған сәтте ол борттан шығып кетпекші болған. Оны тоқтатқан бортсерікке әнші өзінің жолаушы емес екенін айтып, есікке беттейді. Бұл штаттан тыс оқиға ретінде бағаланып, тексеру қайта жүргізілген.
Анықталғандай, әнші тек әйелі мен балаларын шығарып салмақ болған екен. Алайда оның ұшақтың бортына қалай өтіп кеткені жұмбақ күйінде қалып тұр. Бұл оқиға жолаушылардың ашуын келтірген. Куәгерлер құжаты болмаса да, тексеруден еш қиындықсыз өткен әншінің қылығы мен әуежайдың қызметкерлері жіберген олқылыққа қатты наразы, деп жазады Nur.kz.

(медиа-проект «DAT» №35 (447) от 4 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн