Суббота , 5 июля 2025

«Қайта тәрбиелеу орталығы» – КӘДІМГІ ҚЫТАЙ ТҮРМЕСІ

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАСІРЕТ

Қытай­дағы «қай­та тәр­би­е­леу орта­лы­ғын­да» адам­дар­ды қалай оқы­та­ды? «Орта­лы­қтағы» тамақ, күзет және жатын орын қан­дай? Лагерь­де оты­рып шыққан этни­ка­лық қаза­қтың әңгімесі.

Он шақты жыл бұрын Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған Сей­сен К. (аты-жөні өзгер­тіл­ді) Шәу­е­шек­те­гі жақын­да­ры­на барған­да ұста­лып, «сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­ғы­на» қамалған. «Лагерь­де» екі ай оты­рып шыққан соң, Қаза­қстанға оралған.
– Маған «тір­ке­уіңізді өшір­меп­сіз» дей­ді. «Екі елдің аза­ма­ты­сың» деп айып­та­ды. Мен «20 жыл­дан бері келіп-кетіп жүр­мін. Неге айт­пай­сы­ң­дар?» дедім. Оларға Қаза­қстан заңын да айт­тым. Қаза­қстан­да екі елдің аза­мат­ты­ғы­на рұқ­сат жоқ. Мен Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған кез­де Қытай­дың пас­пор­тын, жеке куәлі­гім­ді құқық қорғау орга­ны­на (Қаза­қстан көші-қон поли­ци­я­сы­на – Ред.) өткіздім… Құжат­та­рым­ды көр­сет­сем де түсін­бей­ді. Сот бол­май­ды. Қолы­ңа кісен сала­ды, маши­наға оты­рғы­за­ды. Емха­наға апа­рып, қаны­ң­ды ала­ды. Кей­ін қамай­ды, – дей­ді ол.
Сей­сенн­нің айтуын­ша, «орта­лы­қта» оты­рған­дар­дың бір тобы – діни көзқа­ра­сы­на бай­ла­ны­сты айып­талған­дар, енді бірі – шетел­ге шыққа­ны үшін ұсталғандар.
– Сабақ бол­ды. Әріп, Қытай иеро­гли­фін үйрет­ті. Біз елу-алпыс ада­мға арналған орын­да 28 адам жат­тық. Күн сай­ын бір адам­нан, екі адам­нан көбей­іп оты­ра­ды. Ол жер­де қаза­қтар, ұйғыр­лар және дүн­ген­дер бол­ды. Ең көбі – қазақ пен ұйғыр. Сабақ оқы­та­тын кез­де әр бөл­ме­де­гілер­ді жеке-жеке алып шыға­ды. Бар­лы­ғын бірік­тір­мей­ді. Арнайы оқи­тын орын бар. Ол жер де темір тор­мен қор­шалған. Ішке кір­ген­нен кей­ін, сыр­ты­нан бекітіледі. Мыл­тық асы­нған екі күзет­ші тұра­ды. Ком­му­ни­стік пар­тия тура­лы және Си Цзинь­пин тура­лы оншақты өлеңі бар. Соны жат­татқы­за­ды. Одан басқа дін­ге қар­сы 126 тар­мақтан тұра­тын ере­же бар. Солар­дың көшір­месін бар­лы­ғы­мы­зға шыға­рып бер­ген. Соны жат­та­дық. Ол жер­де сту­дент те, маги­странт та, про­фес­сор да жүр. Жұма намазға барып қамалған бір жігіт­ті көр­дім, – дей­ді ол.

Сей­сен­нің сөзін­ше, өзі оты­рған орта­лы­қтың түр­ме­ден еш айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Іші бір­не­ше каме­раға бөлін­ген. Әр каме­ра­да темір есік пен ас беру­ге арналған кіш­кен­тай тере­зе ғана бар. Ғима­рат­тың айна­ла­сын­да мыл­тық ұстаған қару­лы күзет­шілер жүреді.
– Бөл­менің ішін­де­гі адам­дар­мен тек сыбыр­ла­сып сөй­ле­стік. Қабы­рға­сы қалың. Балға­мен ұрсаң да шағыл­май­тын тере­зесі бар. Сыр­тқы бейне анық көріл­мей­ді. Екі апта­да қалың адам­ды жуы­нуға апа­ра­ды. Көп адам түс­кен­де кей­де ыстық су жет­пей қала­ды. 18 жастан асқан­дар­дан бастап, 75 жасқа дей­ін­гі адам­дар бол­ды. Туы­сқан­да­ры­мен бес минут­тай сөй­ле­стіреді. Сөй­лесіп жатқан­да жаны­ң­да күзет тұра­ды. Жақын­да­ры­ң­мен сөй­лес­кен­де «жақ­сы» деп айта­сы­ң­дар дей­ді. Туы­сқан­да­ры­мен кез­дескен соң, көбі каме­раға жылап келеді, – дей­ді Сей­сен.
«Лагерь­ді» іші­нен көр­ген қаза­қтың баян­да­уын­ша, «сая­си үйре­ну орта­лы­ғы­ның» адам жатуға арналған орын­да­ры да өте жай­сыз. Ол «орта­лы­қта» адам­дар­дың өте көп екенін айта­ды.
– Ет жоқ. Таңер­тең ботқа, түсте күріш, кеш­ке суға қай­натқан шөп-шалаң береді. Оған қоса, жатқан жерің салқын. Темір төсек. Үстін­де­гісі жұқа. Асты­ңа бата­ды. Одан да қинал­дық. Төсек­ті үш қабат етіп жасаған. Үстіне жаста­ры жата­ды. Ең асты­на жет­пі­стен асқан қарт­тар жат­ты. Ет жоқ болған­ды­қтан, тамақ дұрыс бол­маған­ды­қтан, ары­қтап шыға­сыз. Он сегіз жастан жет­піс бес жасқа дей­ін­гі ара­лы­қтағы адам­дар бол­ды, – дей­ді Сей­сен.
Сей­сен­нің жақын­да­ры Қаза­қстан­ның Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне және БҰҰ-ға шағым­данған. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен Қаза­қстан билі­гінің ара­ла­суы­нан кей­ін Сей­сен «орта­лы­қтан» шығып, Алма­ты­ға оралған.
Еске сала кет­сек, қыр­күй­ек­тің 10‑ы күні Human Rights Watch (HRW) халы­қа­ра­лық ұйы­мы арнайы есебін жари­я­лап, Қытай­дағы лагерь­лер мен түр­ме­лер­де­гі адам төз­гісіз жағ­дай­ды сипаттаған. Ұйым Қытай билі­гінің іс-әре­кетін сынап, Пекин­нен лагерь­лер­де қамалған­дар­ды боса­ту­ды талап еткен. HRW «Аста­на Қытай­дан бас­па­на іздеп кел­ген аза­мат­тар­ды кері қай­тар­май, көшіп кел­ген этни­ка­лық қаза­қтарға аза­мат­тық беру мәсе­лесін кешік­тір­ме­уі керек» деп кеңес берген.

Azattyq.org

ТАУҚЫМЕТ-ТІЗІМ

Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы Синьц­зян-Іле қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сы Мұңғұл­кү­ре ауда­ны және осы ауданға қарас­ты ауыл­дар­дан «сая­си лагерь­ге» қама­лып, жазы­қ­сыз жапа шек­кен қаза­қтар. (Тізім­де қамауға алы­нған 13 жасар қыз бар).

  1. Әуел­бек Нұр­жақып – Аудан­дық қазақ мешітінің заң­ды тағай­ын­далған има­мы, 40 жаста, 04.08.2017 ж. Қытай үкі­меті жазы­қ­сыз қамауға алған, 11 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған және отба­сы мүше­лері де қамауға алынған.
  2. Сасық Әуел­бек – 70 жаста, бала­сы Әуел­бек Нұр­жақып мешіт­тің има­мы болған себеп­ті 2018 ж. қаңтар айын­да жазы­қ­сыз қамауға алынған.
  3. Әуел­бек Нұр­бақыт – 33 жаста, аға­сы Әуел­бек Нұр­жақып­тың мешіт има­мы болуы­на бай­ла­ны­сты 2018 ж. қаңтар айын­да қамалған.
  4. Бекінұр Фати­ма – 29 жаста, күй­е­уі Әуел­бек Нұр­жақып қазақ мешітінің има­мы болға­ны және өзі Қаза­қстанға туыс­шы­лап кел­гені себеп­ті 2018ж. наурыз айын­да қамауға алы­нып, еш айып­сыз 7 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған. Бүл­дір­шін бала­ла­ры дала­да қалды.
  5. Бекінұр Есқат – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 26 жаста, ата-ана­сы Қаза­қстан аза­ма­ты болған себеп­ті 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  6. Жола­ман Нази­гүл – 32 жаста, Әуел­бек­тер отба­сы­ның келіні, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  7. Жола­ман Нұсып – Нәсіл­ді жылқы фер­ма­сы­ның тұрғы­ны, 29 жаста, қари болған себеп­ті 2018 ж. қаңтар айын­да қамалған.
  8. Оразға­ли (тері­ші, тегі бел­гісіз ) – 40 жаста, Мұңғұл­кү­ре аудан­дық қазақ мешітінің мәзі­мі, 2018 ж. қаңтар айын­да қамалған.
  9. Жан­бо­лат (тегі бел­гісіз) – Қонақай ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, намаз оқы­ған себеп­ті 2018 ж. қаңтар айын­да қамалған.
  10. Әшім­бай Батыр­бай – Мәй­ек фер­ма­сы мешітінің има­мы, 47 жаста, 04.08.2017 ж. қамауға алынған.
  11. Ораз Нұр­бо­лат – Ақда­ла ауы­лы қазақ мешітінің има­мы, 2017 ж. қыр­күй­ек айын­да қамалған.
  12. Әбді­бай Нұр­гел­ді – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 37 жаста, мешіт мәзі­мі, 2018 ж. қаңтар айын­да қамалған.
  13. Тоқтарқо­жа Еркін­жан – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  14. Мұңғұл­жан Дәу­лет­хан – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 35 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  15. Мұрат­бек Тоқтар­бек – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  16. Мұха­мет Нұр­серік – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  17. Көшер­бай Нұр­жау – Ақда­ла аулы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  18. Сәу­лен Сағат – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  19. Сәу­лен Бақыт­бер­ген – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 43 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  20. Муқиа Сау­а­лы­қан – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 65 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  21. Рама­зан Сәу­лет – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 25 жаста, ұялы теле­фон­нан шетел­дің филь­мін көр­ген себеп­ті 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  22. Баға­шар Жази­ра – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 30 жаста, ұялы теле­фон­ның ішін­де WhatsApp желісі болған себеп­ті 2018 ж. науры­зда қамалған.
  23. Әрі­п­жан Серік – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  24. Серік Ақеділ – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 25 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  25. Сен­бай Жұма­бек – Ақда­ла ауы­лы­ның жаңа мәлі қазақ мешітінің има­мы, 31 жаста, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  26. Сәбет­бай Бағнұр – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 37 жаста, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  27. Алқа­би Нұр­бақыт – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы­ның тұрғы­ны, 50 жаста, мек­теп­те мұғалім. 2018 ж. науры­зда қамалған.
  28. Сөкен Қай­ы­п­бер­ді – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 2018 ж. наурыз айын­да қамауға алынған.
  29. Нүсі­пақы Нұр­гел­ді – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  30. Нұрқа­дір Дінқу­ат – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, 20.01.2018 ж. қамалған.
  31. Тұр­сын­бай Жұма­лы – Шаты ауы­лы­ның тұрғы­ны, 45 жаста, ауыл­дық қазақ мешітінің има­мы 2018 ж. ақпан­да қамалған.
  32. Сыбақ Еркін­бек – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісі қазақ мешітінің има­мы, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  33. Сыбақ Керім­бек – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің інісі, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  34. Сыбақ Іле­бек – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы­ның тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің аға­сы, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  35. Іле­бек Ерзат – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Іле­бек­тің ұлы, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  36. Сауыт Нұр­бақыт – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің аға­сы­ның ұлы, 08.03.2018 ж. қамалған.
  37. Әлім­жан Несі­п­хан – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің аға­сы­ның келіні. 08.03.2018 ж. қамалған.
  38. Әшім­бай Сай­ра­гүл – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің әйелі, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  39. Жұман Сәр­сем­хан – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Керім­бек­тің әйелі, 08.03.2018 ж. қамалған.
  40. Еркін­бек Құн­дыз – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің қызы, 08.03.2018 ж. қамалған.
  41. Ерға­ли Ербол – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 25 жаста, 2018 ж. қаңтар айын­да қамалған.
  42. Ерға­ли Дина­ра – ата-ана­сы Қаза­қстан­да тұра­ды, 13 жаста, Қытай үкі­меті Қытай­дағы туы­ста­ры­на қысым түсі­ру арқы­лы бүл­дір­шін қызды шақы­рып алып, 2018 ж. мау­сым айын­да құжат­та­рын тар­тып алып, жазы­қ­сыз қамауға алған.
  43. Тілеш Ыры­с­бек – Ұзын­бұлақ ауы­лы­ның тұрғы­ны, 35 жаста, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  44. Әйеш Ершат – Ұзын­бұлақ ауы­лы­ның тұрғы­ны, қазақ мешітінің има­мы. 04.08.2017 ж. қамалған.
  45. Дау­бай Мұталіп – Ұзын­бұлақ ауы­лы­ның тұрғы­ны, 30 жаста, 2017 ж. Қытай үкі­меті жазы­қ­сыз қамауға алған.
  46. Нұр­са­па Әбді­мүтәліп – Ұзын­бұлақ ауы­лы­ның тұрғы­ны, 50 жаста, 2017 ж. Қытай үкі­меті жазы­қ­сыз қамауға алған.
  47. Құр­ман­бай Әбді­керім – Ұзын­бұлақ ауы­лы­ның тұрғы­ны, 56 жаста, Қытай үкі­меті тара­пы­нан жазы­қ­сыз қамауға алынған.
  48. Темір­бек Сағын­дық – Шаты ауы­лы­ның тұрғы­ны, 28 жаста, жазы­қ­сыз қамауға алынған.
  49. Мәми­ар­бек Мария – Нәсіл­ді жылқы фер­ма­сы­ның тұрғы­ны, 09. 01. 1973 ж. туған, жалғыз басты ана. 20. 03. 2018 ж.қамауға алынған.
  50. Тұр­сын­бай Шәріп – Мұңғұл­кү­ре ауда­нын­да қамауда, 66 жаста, жазы­қ­сыз қамауда отыр.
  51. Түл­ген Ерзат – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 29 жаста, 2 жыл бойы қамауда отыр.
  52. Заупан (тегі бел­гісіз) – Сарғо­бы ауы­лы­ның тұрғы­ны, 50 жаста, 2017 ж. шіл­де айын­да қамалған.
  53. Тіле­міс (тегі бел­гісіз) – Сарғо­бы ауы­лы­ның тұрғы­ны, 50 жаста, 2017 ж. шіл­де­де қамалған.
  54. Орман­хан Ісенәлі – Шаты ауы­лы­ның тұрғы­ны, 40 жаста, жазы­қ­сыз қамауға алынған.
  55. Әбдірах­ман Нұр­бер­ген – Жуан­тө­бе мәлісінің тұрғы­ны. 1976 жылы туған. 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  56. Құр­ман­жан Мар­жан – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, 1981 жылы туған, жалғыз басты ана, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  57. Құр­манәлі Рақым­бек – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, 1981 жылы туған, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  58. Тоқтар­бай Ұлтуған – Ақда­ла ауы­лы, Сулы­сай мәлісінің тұрғы­ны, 39 жаста, қара­пай­ым мал­шы­ның әйелі, күй­е­уі соқыр, 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  59. Бақыт Қастер – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 23 жаста, ұялы теле­фон­нан Қаза­қстан­ның сурет­терін көр­ген себеп­ті 2017 ж. қыр­күй­ек­те қамалған.
  60. Тәжен Бақыт – Ақда­ла ауы­лы, Ортақы­зыл­мой­нақ мәлісінің тұрғы­ны, 48 жаста, ұялы теле­фон­нан Қаза­қстан­ның сурет­терін көр­гені үшін 2018 ж. ақпан­да қамалған.
  61. Сымай­ыл Нұр­сұл­тан – Ақда­ла ауы­лы­ның тұрғы­ны, 39 жаста, ұялы теле­фон­нан Қаза­қстан­ның кес­кінін көр­ген себеп­ті 2018 ж. сәуір айын­да қамалған.
  62. Шалғын­бай Ермек – Қара­су ауы­лы, Ақши мәлісінің тұрғы­ны, 39 жаста, 2018 ж. ақпан­да қамалған.
  63. Еркін­бек Сипат – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, 08.03.2018 ж. қамалған.
  64. Ардақ (тегі бел­гісіз) – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай мәлісінің тұрғы­ны, Сыбақ Еркін­бек­тің келіні, 08.03. 2018 ж. қамалған.
  65. Сылаш Ерсін­гүл – Ақда­ла ауы­лын­да 1984 жылы туған, 15.04.2018 ж. Қытай­дағы әпкесі қай­тыс болу себеп­ті Қаза­қстан­нан Қытай­ға барған, Қытай қауіп­сіздік меке­месі құжат­та­рын, пас­пор­тын тар­тып алған. Бір отба­сы екі­ге бөлі­ну­ге мәж­бүр болған.
  66. Әшім­бай Кел­ген­бай – Мәй­ек фер­ма­сы­ның тұрғы­ны, 54 жаста, інісі Әшім­бай Батыр­бай имам болған себеп­ті 2018 ж. мамыр айын­да қамалған.
  67. Тоқтар­бай Айт­жан – Қара­су ауы­лы, Басқа­ра­су қыстағы­ның тұрғы­ны, 35 жаста, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  68. Қалық Бағы­нұр – Қара­су ауы­лы, Басқа­ра­су қыстағы­ның мешіт има­мы, 41 жаста, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  69. Әубәкір Ман­сұр – Қара­су ауы­лы, Басқа­ра­су қыстағы­ның тұрғы­ны, 41 жаста, ауыл­дың мешіт мәзі­мі болған, 2018 ж. науры­зда қамалған.
  70. Бұлат­бай Бақыт­нұр – Қара­су ауы­лы, Басқа­ра­су қыстағы­ның тұрғы­ны, 48 жаста, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  71. Әлім­жан Нұр­жан – 02.06.1983 ж. туған. 2006 жылы Қаза­қстанға келіп мұнай серік­те­сті­гін­де жұмыс жасаған, 2017 ж. қазан айын­да жұмыстан дема­лыс алып, Қытай­ға отба­сы­на қай­тқан­да, Қытай үкі­меті құжат­та­рын тар­тып алып, қамауға алған.
  72. Әлім­жан Кәу­сар –1986 жылғы, Әлім­жан Нұр­жан­ның туған қарын­да­сы, Қаза­қстанға келіп-кет­кені және кезін­де Түр­ки­яға сая­хат­тап барға­ны үшін қамалған.
  73. Әлім­жан Нұрғи­са – 1990 жылғы. Әлім­жан Нұр­жан­ның туған қарын­да­сы, Қаза­қстан­дағы әпкесі Әлім­жан Кәу­сар­мен хабар­ласқан себеп­ті қамауға алынған.
  74. Аман Нұр­лан­бек – Сарғо­бы ауы­лы, Суы­қтоғай қыстағы­ның тұрғы­ны, 24 жаста, 2017 ж. шіл­де айын­да ұялы теле­фон­мен Қаза­қстан­дағы туы­ста­ры­на хабар­ласқан себеп­ті қамауға алы­нып, 10 жылға түр­ме­ге қамалған.
  75. Әкпар Сымағұл – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы­ның тұрғы­ны, 28 жаста, 2018 ж. наурыз айын­да қамалған.
  76. Қады­рәлі Нұр­жақып – Қаша­жар қала­шы­ғы­ның тұрғы­ны, 1968 жылғы, 2017 ж. қазан айын­да қамалған.
  77. Зинал­бай Нұр­ша­гүл – Қаша­жар қала­шы­ғы­ның тұрғыны,1968 жылғы, 05.03.2018 ж. қамалған.
  78. Азан Нұр­кел­ді – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 1983 жылғы, жеке кәсіп­кер, 2017 ж. мамыр­да қаза­қстан­дық жұмыс­шы­ға Қытай­дың теле­фон кар­та­сын өз атын­да алып бер­гені үшін қамалған.
  79. Құр­ман­жан Ержан – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 1981жылғы, 2017 ж. мамыр­да Қаза­қстанға бір­не­ше рет кіріп-шыққа­ны үшін қамалған.
  80. Құр­ман­бай Серік­бай – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 1983 жылғы, Қорға­ста кеден бекетін­де жеке кәсіп­кер болған, Қаза­қстанға көп рет келіп-кет­кені үшін сая­си лагерь­ге қамалға­лы бір жыл болды.
  81. Төле­ген Ерзат – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, Үрім­жі­де xалы­қа­ра­лық саяxат бір­ле­сті­гін­де жұмыс жасаған, Қаза­қстанға виза жасаға­ны үшін лагерь­де жатқа­ны­на бір жыл болды.
  82. Тұрған­жан Қуат­жан – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 1981 жылғы, қаза­қстан­дық досы­на өз аты­нан теле­фон кар­та­сын алып бер­гені үшін лагерь­де жатқа­ны­на бір жыл болды.
  83. Құсдәу­лет Серік – Мұңғұл­кү­ре ауда­ны­ның тұрғы­ны, 1977 жылғы, жеке кәсіп­кер, WhatsApp желісін­де Қаза­қстан­мен сауда-бай­ла­ныс жасаға­ны үшін лагерь­де жатқа­ны­на бір жыл болды.
  84. Супа­ал­диар Бекен – Шаты қырғыз ауы­лын­да 05.03.1968 ж. туған. 2018 көк­тем­де қамауға алы­нған­нан бері хабар жоқ.
    Соны­мен бір­ге қамауға алы­нған төмен­де­гі аза­мат­тар­дан ешбір дерек бол­май отыр:
  85. Ораз Нұр­бо­лат – 04.05.1961 ж. туған, Ақда­ла ауы­лы, Тал­ты­сай қыстағы.
  86. Сұл­тан­мұрат Нағи­ман – 05. 11. 1973 ж. туған, Қара­су ауы­лы, Ағи­яз қыстағы.
  87. Тоқтарқо­жа Еркін­жан – 01. 08. 1979 ж. туған. Ақда­ла ауы­лы, Тал­ты­сай қыстағы.
  88. Отан Жарқын­бек – 08.06.1987 ж. туған, Ақсу ауылы.
  89. Мәде­ни­ет Нұр­пия – 10.04.1957 ж. туған.
  90. Тұр­сы­н­мұрат Құр­маш – 11. 06. 1965 ж. туған, Қара­су ауы­лы, Дөңқыр­ман қыстағы, отба­сы екі­ге бөлінген.
  91. Құр­маш Думан – 16.01.1989 ж. туған. Қара­су ауы­лы, Дөңқыр­ман қыстағы.
  92. Сылаш Ерсін­гүл – 06.06.1984 ж. туған, Ақда­ла ауы­лы, Тал­ты­сай қыстағы.
  93. Тоққо­жа Қажы­ға­ли – 11. 11. 1988 ж. туған, Шап­шал ауданы.
  94. Мәжит Күрес – 25.06.1965 ж. туған, Мұңғұл­кү­ре ауданы.
  95. Еркін­тай Шабал – 29.12.1977 ж. туған, Қара­су ауы­лы, Ағи­яз қыстағы.
  96. Көшер­бай Зби­ла – 01.01.1989 ж. туған, Қай­ы­ң­ды ауы­лы, Мұзар­тағын қыстағы.
  97. Өкен Жәми­ла – 01.03.1971 ж. туған, Әске­ри жылқы фермасы.
  98. Әубәкір Ман­сұр – 1978 ж. туған, Қара­су ауы­лы, Басқа­ра­су қыстағы.
  99. Тоқтар­бай Айт­жан – 1982 ж. туған, Қара­су ауы­лы, Басқа­ра­су қыстағы.
  100. Құр­ман­жан Мар­жан – 1981 ж. туған. Қоты­рқай қыстағы.
  101. Әбдірах­ман Нұр­бер­ген – 1976 ж. туған, Жуан­тө­бе кенті.
  102. Мұха­мет Нұр­серік – 1977 ж. туған, Ақда­ла ауы­лы, Тал­ты­сай қыстағы.
  103. Сен­бай Аман­тай – 01.06.1982 ж. туған, Тал­ты­сай қыстағы.
  104. Нұр­дәу­лет Нұр­сұл­тан – 1987 ж. туған, Ақда­ла ауы­лы, Кең­сай қыстағы.
  105. Ауқа­ди Нұр­бақыт – 1970 ж. туған, Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы.
  106. Шәкен Бүбінұр – 1973 ж. туған, Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы.
  107. Жола­ман Нұсы­пәлі – 1987 ж. туған, Нәсіл­ді жылқы фермасы.
  108. Әлім­жан Несі­п­хан – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы.
  109. Жұман Сәр­сем­хан – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы.
  110. Еркін­бек Құн­дыз – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы.
  111. Еркін­бек Сипат – Ақда­ла ауы­лы, Қоты­рқай қыстағы.

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн