Суббота , 12 июля 2025

ДАҒДАРЫС ДЕФОЛТҚА соқтырмасын!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

Апта апты­ғы

Қатер қай­дан демеңіз

 

Бәрін әлем­дік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан көріп жатыр­мыз ғой. Бірақ шын мәнін­де әлем­де олай болып жатқан жоқ. Мәсе­лен, Қытай эко­но­ми­ка­сы биы­лғы үшін­ші тоқ­сан­ның қорытын­дысы бой­ын­ша 6,9 пай­ы­зға өскен, алды­ңғы екі тоқ­сан­да ЖІӨ 7 пай­ы­здан түс­пеп­ті. Жапо­ни­яда жыл­дық өсім – 2 пай­ыз, Үндістан­да – 7 пай­ыз, Вьет­нам­да – 6,5 пай­ыз, АҚШ-та ЖІӨ – 4 пай­ыз бол­са, Еуро­одақта жыл соңы­на дей­ін өсім кемін­де 1,5 пай­ыз бола­ды деп күтілуде.

 

Сон­да бұл қай­дағы әлем­дік дағдарыс?!

Дағ­да­ры­сқа ұшы­рап оты­рған Бра­зи­лия мен Ресей сияқты шикі­зат экс­пор­ты­на, мұнай баға­сы­на тәу­ел­ді елдер. Ал Қаза­қстанға не жоқ дей­сіз ғой. Өте бай болуға мін­дет­ті Қаза­қстан­ның дағ­да­ры­сқа ұшы­ра­уы – бұл ең алды­мен үкі­мет­тің эко­но­ми­ка­ны дұрыс басқа­ра алмауы­ның сал­да­ры. Мем­ле­кет бас­шы­сы да, ғалым­дар да «эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру қажет» деп қан­ша­ма рет ескерт­ті. Бірақ үкі­мет дивер­си­фи­ка­ци­я­ның тиісті теті­гін жасай алмаған­ды­қтан, әртараптан­дыруды қам­та­ма­сыз ете алма­ды. Ол өзі – бүкіл эко­но­ми­каға көзқа­рас­ты өзгер­туді қажет ететін өте ауқым­ды шаруа. Көзқа­рас бол­са әлі күн­ге өзгер­мей тұр.

Ертең, 2016 жылы наурыз айын­да әлем­дік рыно­кқа Иран мұнайы шыққан­да, бір бар­рель мұнай баға­сы 8–9 дол­ларға дей­ін төмен­дей­тін жағ­дай тууы әбден ықти­мал. Ресей сияқты мұнай­ға тәу­ел­ді «одақ­тас досы» бар Қазақ­станның халі сон­да не бол­мақ? Біздің «дағда­рысымыздың» бір ұшы соған бай­ланған. Анти­дағдарыстық бағ­дар­ла­ма­да осы жағы ескеріл­се ғой дейсің.

Ресей демек­ші, біздің сая­сат­кер­лері­міз мына бір шын­ды­қты білу­ге тиіс: Ресей де АҚШ сияқты Қаза­қстан­ның мықты эко­но­ми­ка­лық дер­жа­ваға айна­луы­на ешқа­шан мүд­делі болған емес! Орыс елі үшін Қаза­қстан – Батыс стан­дарт­та­ры­на жара­май­тын тау­ар­ла­рын өткі­зетін рынок қана. Есте сақтай­ық, Ресей­мен досты­ғы­ның арқа­сын­да осы күн­ге дей­ін әлем­нің алды­ңғы қатар­лы еліне ай­налған бір­де-бір мем­ле­кет болған емес! Тұң­ғиыққа батып бара жатқан Ресей­дің сирағы­на өзі­мізді апа­рып тұза­қтап ілуі­міздің не қажеті бар?! Ортақ шека­ра­мыз ұзын орыс елі­мен дос болай­ық, бірақ сая­си, әрі эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да Ресей­ден тәу­ел­сіз бағыт ұстанғанға не жетсін?!

Қазір біздің үкі­мет­ке мықты эко­но­ми­ка­лық мене­джер қажет. Сыр­тқа қол жая­тын үкі­мет елді тығы­ры­қтан шыға­ра алмай­ды. Кәрім Мәсі­мо­втің ішкі потен­ци­а­лы баяғы­да тау­сы­лған… Дағ­да­ры­сқа қар­сы әзір­леніп жатқан мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма кім­нің кім екен­ді­гін көрсетеді.

Иә, Қаза­қстан­да дағ­да­рыс өзінің қыста­лаң кезеңіне бет алға­нын естідік. Алды­мы­здағы 2016–2017 жыл­дар эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да аса ауыр бола­тын түрі бар. Дағ­да­ры­сқа қар­сы күрес бағ­дар­ла­ма­сы­ның қан­дайы да Ұлт­тық қорға қол сұқ­пай тын­бай­ды. Бірақ ол түп­сіз бөш­ке емес қой. Оның үстіне Ұлт­тық бан­кі­міз кеше 2015 жыл­дың бірін­ші жар­ты жыл­ды­ғы­ның қорытын­дысы бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның сыр­тқы қары­зы 155,2 мил­ли­ард (!) дол­ларға жет­кен­ді­гін хабар­ла­ды. Ол аз болған­дай, Bank of America Merrill Lunch инве­сти­ци­я­лық тобы­ның сарап­шы­ла­ры «Қаза­қстан дефол­тқа жақын 10 елдің ішін­де 9‑орында» деген болжа­мы да жүрек ауыр­та­ды. Әйте­уір енді «бел­дік­ті бекем­дей» түсері­міз хақ.

Марат Тоқаш­ба­ев­тың

«Фейс­бук» парақшасынан

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн