Пятница , 4 июля 2025

«ДАҢҒОЙЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ» Қазақстанға қандай мұра қалдырды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Әле­умет әуресі


 

Пре­зи­дент Назар­ба­ев EXPO көр­месі қоры­тын­ды­ла­ры­на «тама­ша» деген баға бер­ді. Ал сарап­шы­лар олар­ды әрқи­лы бағалайды.

 

«Аста­на EXPO-2017» көр­месін жабу рәсі­мін­де пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев эко­но­ми­ка­лық, сая­си және ғылы­ми-тех­ни­ка­лық тұрғы­дан алған­да, көр­мені өткі­зудің игі әсері бол­ды әрі «бола­шақ энер­ги­я­сы» сала­сын­дағы озық иде­я­лар мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды дамы­туға сер­пін бер­ді деп мәлім­деді. Оның сөзін­ше, Қаза­қстан «жасыл» тех­но­ло­ги­я­лар­ды дамы­ту иде­я­сын қол­дай­ты­нын EXPO көр­месін өткі­зу тағы бір мәр­те көрсетті.

Пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың сөзін­ше, көр­менің жабы­луы бір­не­ше жаңа әрі ауқым­ды жоба­лар­ды – әсіре­се «қар­жы­лық хабқа, инве­сти­ция тар­ту орта­лы­ғы­на айна­лып, халы­қа­ра­лық қар­жы жүй­есін­де лай­ы­қты орнын алуы тиіс» «Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғын іске қосу­дың басы болады.

Оппо­зи­ци­я­лық Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кар­ти­я­лық пар­тия бас­шы­ла­ры­ның бірі, эко­но­мист Айдар Әлі­ба­ев «EXPO жабы­лып, «даңғой­лық жәр­мең­кесі» аяқталға­ны­на қуан­дым» дей­ді. Айдар Әлі­ба­ев пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың көр­ме қоры­тын­ды­ла­ры­на бер­ген баға­сы тура­лы «ол кісі айтуға тиіс сөз­дер­ді айт­ты» дейді.

– Ол [пре­зи­дент Назар­ба­ев] бұдан дау­сыз пози­тив көреді, өйт­кені бұл – өзінің баста­ма­сы; бұл – ел мен бюд­жет­ке күш­теп таңы­лған шара; бұл – нақ сол кісінің баста­ма­сы. Қилы деректер­ге, қилы дереккөз­дер­ге сәй­кес, бұл шараға 3 мил­ли­ард­тан 4 мил­ли­ар­дқа дей­ін АҚШ дол­ла­ры жұм­салған. Ал тағы да сол қилы дереккөз­дер­ге сүй­ен­сек, нақты қай­та­ры­мы жар­ты мил­ли­ард дол­лар­дан аспай­ды, 300–400 мил­ли­он шама­сын­да ғана бола­ды екен. Мұн­дай сәт­тер­де шене­унік­тері­міз асы­рып айтуға шебер екенін біл­ген­дік­тен, мен тіп­ті сол цифр­лар­дың өзіне күмән­да­на­мын, – дей­ді Айдар Әлібаев.

Оның сөзін­ше, EXPO инфрақұры­лы­мы негізін­де құру жос­пар­ланған «Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы­ның (АХҚО) келе­шек­те сәт­ті жұмыс істеп кетеріне де күмән бар. Әлі­ба­ев­тың пікірін­ше, АХҚО сәт­ті жұмыс істеп кетуі үшін EXPO-дан қалған ғима­рат­тар, тіп­ті Ұлы­бри­та­ни­я­ның қар­жы сала­сы­на қаты­сты заң­да­ры­ның өзі жет­кіліксіз болуы мүм­кін. Оның сөзін­ше, қар­жы нары­ғы мен шынайы демо­кра­тия ажы­рағы­сыз, ал қар­жы нары­ғы мен авто­ри­та­ризм керісін­ше үйле­с­пей­тін ұғым­дар. Оның сөзін­ше, авто­ри­тар­лы билік осы­ны түсінбейді.

«Табиғат» эко­ло­ги­я­лық қозға­лы­сы­ның жетек­шісі Мэлс Еле­усі­зов «Азатты­қ­пен» әңгі­месін­де «жасыл» тех­но­ло­ги­я­лар тұрғы­сы­нан алған­да, EXPO-2017 көр­месі­нен жаңа ештеңе тапқан жоқ­пын дей­ді. Еле­усі­зов «қал­пы­на келетін энер­ги­я­ның бар-жоғы төрт түрі бар, олар – жел, күн, су және жера­с­ты жылуы, ал көр­ме­де­гі дүниенің бәрі осы төр­те­уінің төңіре­гін шиыр­ла­ды» дейді.

Еле­усі­зо­втің айтуын­ша, билік­тің «жасыл» тех­но­ло­ги­я­ларға ұмты­лы­сын мәлім­де­ген декла­ра­ци­я­сы мен оның нақты істерінің ара-жігін ажы­ра­та білу керек. Мэлс Еле­усі­зов Қаза­қстан­ның «жасыл» тех­но­ло­ги­я­лар сала­сын­дағы нақты жетістік­терін бол­ма­шы деп санай­ды. Бірақ ол Қор­дай асуы аузын­да (Алма­ты жақтан барған­дағы) жел­дің күші­мен энер­гия өндіретін қон­ды­рғы­лар орна­ты­лған, ал бұл қал­пы­на келетін энер­ги­я­ны қол­да­ну сала­сын­дағы бол­ма­шы жетістік деп санайды.

Бірақ эко­лог­тың айтуын­ша, егер ел бас­шы­лы­ғы «жасыл» тех­но­ло­ги­я­лар иде­я­сын шыны­мен қол­да­са, ол (Еле­усі­зов) Жоңғар қақ­па­сы тұсын­да (Қазақстан–Қытай шека­ра­сын­да) «жел диір­мен­дер» орна­ту иде­я­сын қос қол­дап қуат­тар еді, өйт­кені ол жақта қат­ты жел тын­бай соғып тұрады.

– Кезін­де, 20 жыл бұрын біз ол жақта жел үзбей соға­ды, оның күші­мен көп қуат өнді­ре ала­мыз, сон­ды­қтан электр стан­ци­я­ла­рын қою керек деп айтқан­быз. Ол кез­де Қаза­қстанға қажет энер­ги­я­ны өте­у­ге Жоңғар қақ­па­сы желі­нен өндіретілетін энер­ги­я­ның бір пай­ы­зы да жете­ді деген­біз, – дей­ді Мэлс Елеусізов.

Эко­лог­тың айтуын­ша, Қытай Жоңғар қақ­па­сы аузын­да өз жағы­нан көп­те­ген «жел диір­мен» орна­тып тастаған. «Ал біз жақта әлі ештеңе жоқ», – деп қын­жы­ла­ды «Табиғат» эко­ло­ги­я­лық қозға­лы­сы­ның лидері Мэлс Елеусізов.

Мэлс Еле­усі­зов осы тұжы­рым­да­ры­на бай­ла­ны­сты және Қаза­қстан­да эко­ло­гия мини­стр­лі­гі жой­ы­лған­ды­қтан, ел бас­шы­лы­ғы­ның «жасыл» тех­но­ло­ги­я­лар­ды дамы­ту иде­я­сын шыны­мен қол­да­мақ ниеті бары­на күмәнданады.

EXPO-2017 көр­месі 10 мау­сым­да сал­та­нат­ты түр­де ашы­лған. Үш айдан кей­ін оны сал­та­нат­ты түр­де жап­ты. Көр­ме жабы­лар қар­саңын­да халы­қа­ра­лық көр­ме­лер бюро­сы «Аста­на EXPO-20170» көр­месін өткізу­ге атса­лы­сқа­ны үшін алғыс бел­гісі ретін­де пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа Алтын медаль табыст­а­ды. «Аста­на EXPO-20170» ұлт­тық ком­па­ния бас­шы­сы Ахмет­жан Есі­мов кәсі­би білік­тілі­гі мен халы­қа­ра­лық қаты­су­шы­ларға қол­дау көр­сет­кені үшін Құр­мет медалі­мен марапатталды.Көрмеге дай­ын­дық про­цесі Қаза­қстан­да ірі кор­руп­ци­я­лық жан­жал­дар мен «Аста­на EXPO-2017» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның бұры­нғы бас­шы­ла­ры­ның үсті­нен қыл­мыстық істер қозға­уға ұласқан.

Қазис ТОҒЫЗБАЕВ,

Azattyq.org

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн