Суббота , 5 июля 2025

Данияр ӘШІМБАЕВ: «КНБ» МЕН «ФИНПОЛ» әлі «жаға жыртысады»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Сая­си жоралғы

 


Биыл Қаза­қстан­ның сая­си сахна­сын­да көп қызы­қтар бола­ды. Оның соңы неге әке­летіні бел­гісіз. Тағы бір аны­ғы – әзір­ге эко­но­ми­ка­да жақ­сы өзгерістер бола қой­май­ды. Cая­си мау­сым тура­лы сая­сат­та­ну­шы Дани­яр Әшім­ба­ев: «Ең алды­мен «КНБ» мен «фин­пол­дың» ара­сын­да үлкен текетірес болға­лы тұр. Сосын қар­жы сала­сын­да капи­талға талас болуы бек мүм­кін» дейді.

 

– Үкі­мет ауыс-түй­істерін жасап таста­ды. Таң қала­тын­дай өзгеріс жоқ. Қазір өзі «қызық нәр­се­лер» қай сала­да болып жатыр?

– Қызы­қты да маңы­зды оқиға­лар қазір күштік құры­лым­дар­да. Соңғы екі-үш жыл­да Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті өз өкілет­ті­гін айтар­лы­қтай кеңей­тіп алды.

Бас про­ку­ра­ту­ра­ның құзы­ры да күшей­іп, қазір онда да күт­пе­ген кадр­лық өзгерістер орын алу­да. Жаз­да бас про­ку­рор­дың бірін­ші орын­ба­са­ры болып ҰҚК гене­рал-май­о­ры Ғизат Нұр­дәу­ле­тов тағай­ын­дал­ды, тағы бір орын­ба­са­ры болып соңғы кез­де Аста­на әкі­мінің орын­ба­са­ры болған қар­жы поли­ци­я­сы­ның гене­рал-май­о­ры Андрей Лукин тағай­ын­дал­ды. Облы­стар­дағы про­ку­рор­лар кор­пу­ста­рын­да да жаңа адам­дар бас­шы­лы­ққа келу­де. Бұл тегін емес.

Енді көп­шілік жаңа құзірет­тер­ге бай­ла­ны­сты мүд­де­лер қақты­ғы­сы орын алып, күштік құры­лым­дар ара­сын­да айқас баста­ла­ды деп күтіп отыр. Әсіре­се ҰҚК (КНБ) мен Жемқор­лы­ққа қар­сы күрес жөнін­де­гі ұлт­тық бюро (қар­жы поли­ци­я­сы) ара­сын­да ықпал­дық үшін күрес туын­дай­ты­ны анық.

Бай­қа­саңыз, соңғы кез­де фин­пол­дың бел­сен­ділі­гі басы­лып қал­ды. Олар көк­тем­де, жаз­дың басын­да талай ірі тұлға­лар­ды тұтқын­даған болатын.

Бигел­ді Ғаб­дул­лин­ді, Сей­ітқа­зы Мата­ев­ты қамауға алу – елдің сая­си ими­джіне көлең­ке түсір­ді. Олар сая­си жағы­на мүл­дем қара­ма­ды, өйт­кені Мата­ев та, Ғаб­дул­лин де оппо­зи­ци­я­лық жур­на­ли­стер емес еді. Мүм­кін, тәу­ел­сіз шығар, бірақ оппо­зи­ци­я­лық емес еді.

Жал­пы алған­да, сая­си жағ­дай мына­дай: ойын ере­же­лері сол баяғы, бірақ бірқа­тар шешу­ші ойын­шы­лар қоғам­дық бел­сен­ділі­гін күрт азайт­ты, оның орны­на көлең­келі іс-қимыл­дарға кірісті. Өкілет­тер мен құзыр­лар­ды бөлі­су, өз адам­да­рын алға жыл­жы­ту, ресур­тарға иелік ету­де қай тарап­тың күшей­іп, кім­нің әлсіре­геніне сырт­тай баға беру әзір­ге оңай емес.

– Бас про­ку­ра­ту­ра­ның мұн­дай кадр­лық сая­сатқа баруы­на не себеп?

– Заң­дық емес, аппа­рат­тық-сая­си жағы­нан алып қара­сақ, мұның өзі КНБ мен фин­пол ара­сын­да, Ішкі істер мини­стр­лі­гінің айна­ла­сын­да қақты­ғы­стар болуы мүм­кін екенін біл­діреді. Бұл жағ­дай­да Бас про­ку­ра­ту­ра бар­лық құқық қорғау орган­да­ры­ның үсті­нен қадаға­ла­у­шы орган ретін­де осын­дай қада­мға барған болар. Про­ку­рор­лар – орта­лық пен өңір­лер­де­гі күштік орган­дар­дың үйле­сті­ру кеңе­стерінің төраға­ла­ры болып табы­ла­ды. Сол үшін кадр таң­да­уда жағ­дай­ды тұрақтан­ды­рып, болуы мүм­кін кикіл­жің­дер­дің бітім­гері бола ала­тын­дар іріктелген.

Бас про­ку­рор­лар­дың қазір­гі орын­ба­сар­ла­рын алсақ, Ерлік Кенен­ба­ев – пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен ІІМ-де жұмыс істе­ді. Андрей Лукин – қар­жы поли­ци­я­сын­да. Ғизат Нұр­дәу­ле­тов – Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетін­де. Ал Жақып Аса­но­втың өзі Әділет мини­стр­лі­гін­де бол­ды, мәжіліс депу­та­ты бол­ды. Бұл дегені­міз, қазір Бас про­ку­ра­ту­ра­да бар­лық күштік құры­лым­дар­дың өкіл­дері бір­ге отыр.

Ия, бас бақы­ла­у­шы орга­ны­мы­зда әртүр­лі коман­да­лар­дың, тіп­ті әртүр­лі эли­та­лық топ­тар­дың адам­да­ры жинал­ды. Бәл­кім, осы­лай­ша болуы әбден мүм­кін текетіре­стер­дің алдын алуға тыры­сып, жағ­дай­ды ушы­қтыр­май, уыстан шығар­мауға деген тал­пы­ныс бай­қа­лу­да. Басқа­ша айтқан­да, билік Бас про­ку­ра­ту­ра­ны бар­лық күштік құры­лым­дар­дың коа­ли­ци­я­лық бақы­ла­у­шы­сы ретін­де тағай­ын­дап қоюға тырысуда

– Биыл күз­де Аста­на­да аты шулы ЭКСПО көр­месі аяқтал­ды. Тең­генің құн­сызда­нуы мен эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың ушы­ғуы­нан қорқып отыр­мыз. Енді эко­но­ми­ка­да не болады?

– Ұлт­тық банк «бәрі жақ­сы» деп, жалған опти­мизм жаса­удан жалы­қ­пай­ды. Бірақ шын­ды­ғын­да тең­генің баға­мы – үлкен мәсе­ле. Кім не десе де, Ұлт­тық банк­тің білік­тілі­гі мен өзі болып, қар­жы сая­са­тын жүр­гі­зе ала­тын қабілеті бар деген­ге ешкім сен­бей­ді. Күмән көп.

Қар­жы сала­сын­да қазір үлкен өзгерістер болып жатыр. Әсіре­се көз­ге ұрып тұрға­ны – капи­тал­ды бір жер­ге жинақтау үрдісі жүру­де. Халық бан­кі «Каз­ком­ды» сатып алды, тағы біраз банк­тер бірік­келі отыр: «Цесна­банк» пен «Банк Цен­тр­Кре­дит», RBK мен Qazaq Banki, Tengri Bank пен Capital Bank. Тіп­ті АТФ­Банк пен Forte bank те бірі­геді деседі. Бай­қа­саңыз, біз­де өзі банк­тер маңы­зды сая­си және эко­но­ми­ка­лық тір­лік­тер­дің көр­сет­кі­ші сияқты. Ал ойланайық.

Үкі­мет пен Ұлт­тық банк елде­гі банк жүй­есін тұрақтан­ды­руға көп ақша бөл­ді. Біз­де өзі қит етсе, банк­тер­ді құтқа­ру үшін ақша бөлу – дәстүр­ге айнал­ды. Қай­ыр­шы халы­қты емес, бірін­ші банк­тер­дің жай­ын ойлай­мыз. Өйт­кені елдің сая­си эли­та­сы үшін банк жүй­есі өте үлкен маңы­зға ие – бұл жүйе олар­дың жаман­ды­ғын да жасы­ра­ды, қар­жы­лық демеу де болып отыр.

Қазір­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай мәз емес. Ешкім жақ­сы­лық күтіп оты­рған жоқ. Үкі­мет сол баяғы­ша мұнай қым­бат­та­са екен деп арман­дай­ды. Бірақ ондай болжам жоқтың қасы. Бюд­жет­тің түсім­дері азай­ып келеді – соны­мен бір­ге халы­қтың сатып ала­тын қабілеті де төмен­деп бара­ды. Бай­қа­саңыз, дүкен­де тау­ар­лар да азайған.

Жал­пы алған­да, біздің эко­но­ми­ка­мыз жақ­сы ойларға жете­лей алмай­ды. Еура­зи­я­лық инте­гра­ци­я­лық үрдістер бір қараған­да сәт­ті сияқты: бел­гілі бір капи­тал, еңбек күші мен тау­ар­лар қозға­лы­сы бар. Бірақ ЕАЭО-ның жағ­дайы әлі тым күр­делі, әрі жаһан­дық қар­жы­лық тұрақты­лы­ққа қаты­сты қауіп көп. Батыс эко­но­ми­ка­сы­ның жағ­дайы да қазір бұры­нғы­дай мықты емес, қаза­қстан­дық экс­порт­тың тұты­ну­шы­сы ретін­де­гі Қытай эко­но­ми­ка­сы­ның өсім қарқы­ны да бәсең­деп қал­ды. Қысқа­сы, Қаза­қстан­нан капи­тал­дың қашуы жалға­сып жатыр.

Тең­ге мен рубль ара­сын­дағы бағам да тең­генің пай­да­сы­на шешілер емес. Осы­лай­ша, енді не бола­ды десеңіз, жағ­дай­дың күрт қиын­да­уы – тең­генің деваль­ва­ци­я­сы, неме­се бюд­жет­тің оңбай қысқа­руы түрін­де бол­мақ. Аны­ғы біреу: Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы енді жақ­са­ра қоймайды.

– «Руха­ни жаңғы­ру» деген шықты. Қоғам­ның сана­сын жаңғыр­та­тын бағ­дар­ла­ма. Одан не күтеміз?

– Идео­ло­ги­я­лық блок­тағы­лар не істеп, не қоя­ты­нын нақты біл­мей­ді-ау. Әйт­пе­се осы­ның алдын­дағы «Мәң­гілік ел» мен «Жал­пы­ға ортақ еңбек қоға­мы» дей­тін идео­ло­ги­я­лар қай­да қал­ды? Олар­ды ұмы­тып кет­ті де, оның орны­на күн тәр­тібіне «Руха­ни жаңғы­ру­ды» шыға­рып қой­ды. Оған бәз-біре­улер қуа­нып, бар ынта­мен іске кіріс­келі жүр­се, енді біре­улер миы­ғы­нан күлуде.

Енді қазақ әліп­пе­сін латын әріп­теріне ауы­сты­ру жөнін­де әңгі­ме шығып отыр. Бір күні үкі­мет­тің есіне «100 нақты қадам» түсе қал­са, сол күні сол тақы­рып­та бри­финг­тер өткі­зе бастайды.

Бұл өзі қан­дай идео­ло­ги­я­лар деген сұрақ туын­дай­ды. Соны­мен бір­ге үкі­мет кезек­ті инве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­сын шыға­рып, инве­сти­ция тар­та­тын елдер­дің тізі­мін жасап қой­ды. Бірақ ол құжат­ты да нақты нәти­же әке­летін нәр­се деп қабыл­дау мүм­кін емес.

Бейне бір түп­кі мәсе­лені мөшек­тің түбіне терең тығып тастап, эко­но­ми­ка мен сая­сатқа, идео­ло­ги­яға қаты­сты пафосқа толы өтірік ұран­дар­дың жете­гіне жүр­ген сияқты­мыз. Өйт­кені нақты да мықты бағ­дар­ла­ма қабыл­да­уға ешкім­нің күші де, дәті де жет­пей отыр.

Міне, біздің елде­гі көп қызы­қтың бірі осы. Ұсақ так­ти­ка­лық тір­лік­ті үлкен стра­те­ги­я­лық қадам ретін­де көр­сетіп, нақты істің орны­на жалын­ды ұран­дар­ды атой­ла­тып келе­міз. Бірақ шын мәнін­де бәрі­міз тек бір ғана стра­те­ги­я­лық мәсе­ленің шеші­мін күтіп отыр­мыз – билік­тің ауы­суы мәсе­лесін. Ең құры­ған­да біреу соған қаты­сты бел­гілі бір ым біл­діріп, иша­ра­сын жасай ма деп күтіп отыр­мыз. Неме­се бұл мәсе­ленің табиғи жол­мен әлі ұзақ уақыт кей­ін­ге қал­ды­ры­ла беретінін түсініп отырмыз.

 

Кaz.365info.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн