Суббота , 5 июля 2025

ДАРИНА сұлулар сынына ДАЙЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Мани­лада өтетін «Әлем аруы» бай­қа­уы­на Қаза­қстан­ның аты­нан 19 жастағы «Семей аруы» Дари­на Құл­сей­іто­ва қаты­са­тын бол­ды. Бұл тура­лы «Қаза­қстан аруы» бай­қа­уы­ның бас­пасөз қыз­меті хабарлады.

 

12 қаңтар күні Мани­лада (Филип­пин) 65-ші халы­қа­ра­лық «Әлем аруы» сұлулық бай­қа­уы өте­ді. Онда әлем­нің түк­пір-түк­пірі­нен кел­ген сұлу­лар бақта­рын сынамақ.

Дари­на Құл­сей­іто­ва бұған дей­ін «Семей аруы» атағын жеңіп алған. Одан бөлек, «Қаза­қстан аруы» ұлт­тық сұлулық бай­қа­уы­ның ақтық сынын­да өнер көр­сет­кен. Сол сияқты халы­қа­ра­лық «World Beauty 2016», «Best Foto Model World Russian Beauty 2015» бай­қа­у­ла­ры­на қаты­сқан, «Miss International Vietnam 2014» бай­қа­уы­ның бірін­ші вице-мис­сі (Халы­қа­ра­лық Fashion House International сұлулық байқауы).

Бүгін­гі таң­да Дари­на Семей­де­гі Р.Байсейітов атын­дағы қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық кол­ле­дж­дің үшін­ші кур­сын­да оқи­ды. Бос уақы­тын­да бимен айна­лы­са­ды, сая­хат­таған­ды ұнатады.

«Әлем аруы» бай­қа­уы­на Қаза­қстан­ның аты­нан қаты­су – мен үшін үлкен мәр­те­бе. Әлі күн­ге дей­ін сене алар емес­пін. Лай­ы­қты түр­де өнер көр­сетіп, елі­мізді, мәде­ни­еті­міз бен салт-дәстүрі­мізді мей­лін­ше көр­се­ту үшін барым­ды сала­мын», – дей­ді Дарина.

«Әлем аруы» бай­қа­уы (Miss Universe) – жыл сай­ын өтетін әлем­де­гі ең бедел­ді сұлулық бай­қа­уы­ның бірі. Жеңім­паз ару ұйым­да­сты­ру­шы­лар­мен бір жыл­дық келісім-шар­тқа оты­ра­ды. Бұл уақыт ара­лы­ғын­да «Әлем аруы» қай­ы­рым­ды­лық және әле­умет­тік мақ­сат­та бүкіл әлем­ді ара­лай­тын болады.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн