Пятница , 4 июля 2025

«DAT»-25 – фототарих

Бұлар азаматтар бізді құрмет тұтты. Біз қандай жағдайда да қиындыққа тап болып, отты-сотты болған кездерде бізді қорғап, жанымызға жылу берген ағaлар:

  • Белілі сая­сат­кер-биз­нес­мен Болат Әбі­лов әрдай­ым «Дат­тың» жана­шы­ры болды.
  • АҚШ елшілі­гі мен Еуро­одақтың қол­да­уы арқа­сын­да біз осы күн­ге дей­ін аман-есен жет­тік. Сурет­те – елшілік­тің бір топ өкіл­дері газет редакциясында.
  • Қаза­қстан аза­мат­тық қоға­мы­ның пай­ғам­ба­ры болған марқұм Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мыз біз­бен бір­ге сотқа да бар­ды, той­да да бір­ге жүрді.
  • Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның бір сер­кесі – «РНПК»-ның төраға­сы Ғазиз Алдам­жа­ров редак­ци­яға сәлем-сауқа­тын арқа­лап келуді өзінің аға­лық пары­зы санайтын.
  • «ДАТ»-тың кезек­ті нөмірін тәр­кілеу кезі (2005 жыл. «Дәуір» бас­па­ха­на­сы). Бәл­кім, билік­тің тап­сыр­ма­сы­мен тәу­ел­сіз газет­ті тұқыр­туға тыры­сқан бұл жігіт­тер бүгін­де гене­рал шеніне жет­кен шығар…
  • «ДАТ»-ты шығарған және оны аймақтарға жет­кі­зуді аза­мат­тық боры­шы санаған жігіттер.
  • Талант­ты жур­на­лист, «ДАТ»-тың сая­си шолу­шы­сы Асхат Шәрі­п­жа­нов (сурет­те – оң жақтан бірін­ші) жұм­бақ жағ­дай­да қаза тап­ты. Асхат­тың қаза­сы­на қаты­сты Ермұрат Бапи былай деп жазған еді: «Мен дереу ауру­ха­наға барған­да, Асхат сұлық жатыр екен, бір­ден өне бой­ын тек­серіп, қай жерін­де жарақат бары­на көз жүгірт­тім. Бір жерін­де бір сызат жоқ екен. Бірақ маң­дай­дан тиген соққы мишы­ғын ойып жібер­генін көр­ген­де, бұл нақақ қол­дан жасалған өлім екенін білдім…».
  • Біз сот пен оттың орта­сын­да жүріп, той­лай да, ойнай да білдік…
  • «ДАТ – Тасжарған» 2008 – 2013 жыл­дарғы редак­ция. Алды­ңғы қатар­да – «ДАТ»-та туған ұрпақ – Әзизә мен Құралай. 
  • Бізді мақтан тұта­тын­дар «Үш муш­ке­тер» деп атай­тын: Бақыт­гүл – Кен­же­тай – Ермұрат. Ал ішін­де қызға­ны­штың қызыл иті ырыл­даған, көре алмай­тын қазақ: «Анка – Петь­ка – Чапай» деп кекететін.
  • «Сол­ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы (1999 жыл). Алды­ңғы қатар­да оңнан үшін­ші оты­рған газет серік­те­сті­гінің бас дирек­то­ры Арғы­нға­зы Мади­я­нов (марқұм). «Арғын еке­уі­міз «ДАТ» пен «СолДАТ»-ты Ресей­дің Бар­на­ул, Жаңасібір, Қорған, Орын­бор, Сара­тов, Аст­ра­хань қала­ла­рын­да, қырғы­здың Біш­ке­гін­де басты­рып, газет­ті дала арқы­лы арқа­лап тасы­ған күні­міз бол­ды» деп жазған еді кей­ін­нен Ермұрат Бапи.  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн