Суббота , 5 июля 2025

ҚҰДАЙҒА ШҮКІР, Қайрат Нұртас ӘЙЕЛІН КӨРСЕТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

 

Елді сұлулы­ғы­мен тән­ті еткен Қай­рат­тың жары алғаш рет сұх­бат бер­ді, деп жаза­ды Nur.kz интернет-порталы.

 

Алғаш рет ел алды­на шыққан Қай­рат Нұр­та­стың әйелі Nur.kz пор­та­лы­на экс­клю­зив­ті сұх­бат бер­ді. Ата-енесі мен күй­е­уі көп­шілік­ке көр­сет­пе­ген он жыл ішін­де Жұл­дыз қан­дай күй­де болға­нын айтты.

«Маған бұл жиі қой­ы­ла­тын сұрақ болған­ды­қтан, өзі­ме ұна­май­ды. Бірақ жау­ап берей­ін: әр адам­ның өзінің жеке өмірі, жеке әле­мі, ұста­ны­мы, өмір­ге деген көзқа­ра­сы, заң­ды­лы­ғы мен отба­сын­дағы тәр­би­есі бола­ды. Ешкім оны­мен бөлі­су­ге мін­дет­ті емес. Мен Қай­ратқа тұр­мысқа шыққа­ным­да, Қай­рат өнер­де енді ғана тәй-тәй басып, жұл­ды­зы жарқы­рай бастаған кезі. Мен Қай­рат­пен бір­ге шаңы­рақ көтер­ген­де, сахна­да ән айта­мын деп шыққан жоқ­пын, осы отба­сы­на келін болып, дүни­е­ге ұрпақ әкел­сем деп, шаңы­рақтың түтінін түтетіп, үйдің жылулы­ғын ұста­сам деп тұр­мысқа шықтым, Қай­рат­тың арты­нан жүрей­ін деп емес…» – дей­ді Жұлдыз.

«Арман» филь­мінің БАҚ өкіл­деріне арналған ресми ашы­луын­да Жұл­дыз өзі ойнай­тын басты рөлі тура­лы да айт­ты. «Фильм Қай­рат пен Жұл­ды­здың жеке өмірі­нен алы­нған деп шатас­па­у­ла­ры­ңы­зды сұрай­мыз. Мен актри­са болған­ды­қтан, алған білі­мім­нің жемісі деп біле­мін. Сон­ды­қтан сіз­дер кино­ны көріп, өз баға­ла­ры­ңы­зды бере жатар­сыздар. Біз кино­ны түсір­ген кез­де өмір­лік мәні бар, көре­рмен ой түй­ін­де­у­ге бола­тын оқиға бол­са деп алдық», – деді Жұл­дыз Әбдукәрімова.

Ең алғаш Қай­рат­тың «Арман» әнінің бей­не­ба­я­ны­на түс­кен Жұл­дыз актри­са маман­ды­ғын тәмам­даға­ны­мен, әнші­ге тұр­мысқа шыққан­нан кей­ін 10 жыл үйде оты­рған. «Маған оңай болған жоқ. Екі жыл жұмыс істеп, дай­ын­дал­дым. Жұмысқа бір­ден кірісіп кету оңай бол­ма­ды», – дей­ді Жұлдыз.

Еске сал­сақ, жуы­қта Алма­ты­дағы Esentai mall кино­те­ат­рын­да Қай­рат Нұр­тас пен жары Жұл­дыз Әбдукәрі­мо­ва басты рөл­ді сомдай­тын «Арман» филь­мінің тұса­у­ке­сері бол­ды. Фильм­нің тұса­у­ке­сер шара­сы­на қала әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек келді.

Nur.kz

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн