Пятница , 4 июля 2025

ҚҰДАЙ төбеңнен ҰРСЫН!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Ашы­нған­да айты­лған сөз

 


ҚР пре­зи­ден­ті Назар­ба­ев 2010 жылы қаңтар айын­да: «Біз 2014 жылға қарай үш бір­дей мұнай өңдеу зауы­тын жаңа­лап, іске қоса­тын бола­мыз. Сол кез­де мұнай өнім­деріне деген ішкі сұра­ныс толы­ғы­мен қам­та­ма­сыз етіледі», – деген еді (еркін аудар­ма. Орыс­ша­сы: «К 2014 году мы рекон­стру­и­ру­ем все три НПЗ и смо­жем пол­но­стью обес­пе­чи­вать нашу внут­рен­нюю потреб­ность по все­му спек­тру нефтепродуктов»).

 

Көріп отыр­сыздар, содан бері ара­да жел­кенін керіп жеті жыл өтті. Пав­ло­дар­дағы зауыт тұра­лап жатыр. Аты­рау мен Шым­кент­те­гі зауыт­тар­дың жаңа­ла­нып әм жалаң қағып тұрға­ны шама­лы. Қазан айы­ның 1‑не қараған түні жанар-жағар­май­дың құны кезек­ті рет тағы да қағы­нып шыға келді.

Оны айта­сыз, авто­көлік иелері жанар­май құя­тын стан­са­лар­дан «Бен­зин жоқ» деп келетін бедірей­ген сөз естіп кері қай­ту­да. Рас, бен­зин жоқ. Мүл­дем жоқ емес, тап­шы. Мұнай­лы Қаза­қстан жанар­май тап­шы­лы­ғын тар­тып отыр. Масқа­ра! Ел ішін­де қар­ба­лас қаре­кет (ажи­о­таж) туды­рып жатқан жәйт­ке бай­ла­ны­сты Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі ерініп оты­рып бір­деңе-сір­деңе деген бол­ды, оны­сы бірақ саудың асын ішіп, жын­ды­ның сан­ды­рағын айтқан­ның керіне ұқсап кетті.

Құр­мет­ті оқыр­ман, біз ептеп эти­ка­дан озып отыр­мыз, кешірерсіз, әйт­се де, вице-мини­стр­дің уәжіне бай­ла­ны­сты өзге­ше бір сыпай­ы­лық таны­ту қолы­мы­здан келмеді.

Энер­ге­ти­ка вице-мини­стрі Әсет Маға­у­ов (сурет­те) ман­ды­рап оты­рып: «Біз бұн­дай жағ­дай­ға сарап­та­ма жасап көр­меп­піз» дей­ді. Құдай тас төбесі­нен ұрсын! Сон­да жыл­да бола­тын жанар­май тап­шы­лы­ғы мен баға­ның күрт өсіп кететінін біл­мей­тін, біл­се де, соның себеп-сал­да­рын зерт­теп, әре­кет етпей­тін бұл қан­дай министрлік?

Бұл мини­стр­лік­тің мини­стрі Қанат Бозум­ба­ев дей­тін бозым­нан бастап, бәрін қыз­мет­тен айдап шық­са, жөн болар еді! Бір өкіні­штісі: біздің халық бұн­дай талап қоя алмай­ды. «Бен­зин қым­бат­та­ды ма?». «Қым­бат­та­ды». «Енді қай­те­міз, «жазған құл­да шар­шау жоқ» деп, көтен­зор­лы­ққа көніп жүре береді. «Ұялған тек тұр­ма­стың» керін кел­тіріп, әлгі Маға­у­ов «2018 жылы жанар­май­ға деген бар­лық сала­ның сұра­ны­сын қам­та­ма­сыз ете­міз» деп уәде қыл­ды. Ата­сы­ның басы! Жеті жыл­да жер бауыр­лап жатқан салбөк­се­лер бір жыл­да бір­деңе бітіреді деген­ге сене алмай­ды екенбіз.

Қит етсе, бәрін пре­зи­дент­тен көре­міз. Пре­зи­дент сөз жоқ, игілік­ті істер­ді атқа­руға пәр­мен береді. Ал сон­дай істер­ге жау­ап­ты лау­а­зым иелері бол­са, «күн­де ертең­мен» Құдай­дың күнін өлтіру­мен жүр. Айна­лып кел­ген­де ел алдын­да елба­сы екі сөй­ле­ген болып шыға­ды. Осы дұрыс па? Бұл рет­те сая­сат­та­ну­шы Расул Жұма­лы­ның сөзіне жүгін­гені­міз жөн шығар. Ол былай дейді:

 

• Қарағанды­да – көмір, Маңғы­ста­уда – газ, Алма­ты­да – жылу, Аста­на­да – бен­зин, Аты­ра­уда – балық тап­шы бол­са, бұл – біре­уде ми тап­шы деген сөз (FB-дағы жазбасынан)

 

Дәу­рен ҚУАТ,

Abai.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн