Суббота , 12 июля 2025

Даёшь 100 пайыз!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Уақыт уыты

 

Баяғы­да біздің Тың өлкесінің орыс гәзет­тері егін ору баста­лы­сы­мен: «Даешь мил­ли­ард пудов!» деген үлкен тақы­рып­пен нөмір сай­ын мақа­ла­лар жари­я­лап, бас-көз­сіз ура­лай­тын. Оны­сы, әрине, далаға кет­пей­тін: Отан қам­ба­сы­на жыл сай­ын 1 мил­ли­ард пұт алтын дән құятынбыз.

Оның бүгін есі­ме түсіп оты­рған себебі: 26 сәуір­де өтетін кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ы­мы­зға дай­ын­дық сол «даёшь­тан» кем емес. Рас, 24 жыл бой­ғы тұрақты пре­зи­ден­ті­міз бұл жолы cай­ла­у­ға түс­пей қояр ма деп, бүкіл ел қобал­жы­ды. Алды­мен зия­лы­лар қиы­ла сөй­леп, дауы­сқа түсуін өтініп шар­ша­ды. Әсіре­се «Еге­мен Қаза­қстан», «Айқын» газет­терінің жур­нал­шы­ла­ры ұйым­да­сты­ру мәсе­лесін ойдағы­дай шешті.

Соның нәти­же­сін­де пре­зи­ден­ті­міз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мыр­за дауы­сқа түсу­ге келісі­мін беріп, бір «УҺ!» дестік. Әсіре­се «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның құры­л­тай­ын­да Нұре­кең дана­гөй­і­міз­ден сай­ла­у­ға түсуін үстел­ді пер­гілеп, аяғын теп­кілеп талап еткен ақын апа­мыз Ақұ­штап Бақтыг­е­ре­ева­ның еселі еңбе­гін ерекше атау керек. Осы апа­мыз жөнін­де Ассам­блея тағы бір баста­ма көтеріп, Есіл­дің сол жаға­ла­у­ы­на ескерт­кі­шін ашып қой­са да, артық болмайды.

Бұл жолы да, әрине, зия­лы­лар алды­мен көтеріліп сөй­леді. Олар дүр­кірет­кен үнде­улер­де, газет мақа­ла­ла­рын­да қан­ша­ма ғажап ой-пікір­лер айтыл­ды. Солар­дың бір­не­ше­уі­нен ғана ірік­теп («Еге­мен Қаза­қстан» және «Айқын» газет­тері­нен), үзін­ді келтірейін:

Ака­де­мик Әбді­мәлік Нысанбаев:

«Н. Назар­ба­ев – көп­те­ген әлем­дік, рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі баста­ма­лар­дың авто­ры. Ол – өте жаңа­шыл адам. Тәу­ел­сіздік алған­нан бастап, елі­міздің эко­но­ми­ка­лық, сая­си, сон­дай-ақ руха­ни-әле­умет­тік жағын қам­ты­ған, бұрын-соң­ды бол­маған стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уды енгізді…».

ШҚО, Тар­баға­тай ауданының

әкі­мі Діл­дә­бек Оразбаев:

«… Халық дағ­да­ры­стан қинал­май өтуі үшін және алдағы кезең­де маңы­зды да ілкім­ді істер­ді жалға­сты­ру үшін, бүгін­гі ел Пре­зи­ден­ті Н. Назар­ба­ев­ты қай­та сай­лап алу ауа­дай қажет».

Қаза­қстан­ның халық жазушысы

Шер­хан Мұртаза:

«…Қаза­қстан­ның бола­шағы үшін ел сенетін, сын­нан өткен Ер керек. Ертең­гі бола­тын сай­ла­уда маң­дайы жарқы­рай­тын Ері­міз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев деп біле­мін. Ол өз халқы­ның аяғы да, қолы да, жалы да, қана­ты да болып та кел­ген, болып та жүр, бола да алады…».

Қаза­қстан­ның халық артисі

Есмұ­хан Обаев:

«…Сонау 1990 жыл­дарға таяу уақыт­тан бері біз­де бір-ақ лидер бар, ол – Елба­сы­мыз Н. Назар­ба­ев. Қаза­қты әлем­ге таны­туы, Қаза­қстан деген елді дүние жүзінің білуі және мой­ын­да­уы, әлем­дік сая­сат­тағы оның орнын бел­гіле­уі, жас мем­ле­кет­пен сана­са баста­уы – тек біздің пре­зи­ден­ті­міздің еңбе­гінің жемісі…».

Ал енді өздеріңіз айты­ңы­здар­шы: осын­дай, қай­нап тұрған судай ыстық сөз­дер­ге Нұре­кең қалай балқы­май­ды, қалай шыдай­ды, келісі­мін қалай­ша бер­мей­ді?!. Оның үстіне «Айқын» газетінің: «Назар­ба­ев уни­вер­си­теті әлем­ді өзгертеді»деген тари­хи мақа­ла­сын көзі шалса!

Иә, иә, оның үстіне бір кез­де Нұре­кеңді Абы­лай хан деп, өзін Бұқар жырау деген Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков көкем­нің «Түр­кістан» газетінің 5 наурыз күн­гі санын­да жари­я­ланған, «Елба­сы­ның маза­сыз күн­дері, ұйқы­сыз түн­деріне куә­мін» деген сұх­ба­тын­да: «…Ел тіз­гінін қолы­на алға­лы бері­де Нұр­сұл­тан­ның тұл­па­ры­ның тұяғы сүрін­ген жоқ. Халы­қты ашар­шы­лы­ққа ұрын­ды­рған жоқ. Кей­біре­улер аш болып отыр­мыз десе, ол өздерінің жаман­ды­ғы­нан. Қазір­гі халы­ққа жаса­лып жатқан жағ­дай­ды, мүм­кін­дік­ті қазақ бұрын-соң­ды көр­ген емес», – дегені ше?!

Мен Мыр­зе­кеңді «Нұр­сұл­тан­та­ну­дың» негізін қалаған ғүла­ма деп біл­дім де, «Нұр­сұл­тан­ның тұл­па­ры­ның тұяғы сүрін­ген жоқ» дегеніне тоқта­дым. Тұл­пар­дың өзі тұр ғой, тұяғы сүрін­бе­генін қалай­ша дәл айтқан?!. Әйт­се де, Мыр­зе­кеңнің де өзі емес, «тұяғы» сүрініп­ті. Егер «ұлы» ақы­ны­мыз Олжас Сүлей­ме­нов: толық тәу­ел­сіздік қаза­ққа қауіп-қатер деген ескі әнін «Қазақ әде­би­еті» газетін­де екін­ші рет (13 науры­здағы нөмірін­де) тағы гөй-гөй­летіп, «жер­гілік­ті ұлт­шыл-пат­ри­от­тарға, отан­шыл­ды­қтың сой­ы­лын соғу­шы­ларға» тағы қыр көр­сет­се, «Бұқар жырау» М. Жол­да­с­бе­ков бере­кесіз билік­тің «қамқор­лы­ғы» сал­да­ры­нан жұмыс­сыз қалған жүз­де­ген мың қаза­қстан­ды­қтарға қыр көр­сетіп: «өздерінің жаман­ды­ғы­нан» деп отыр.

Жә, бұл «ғұла­ма» екі көкем­ді қоя тұрып, сөзім­нің баста­уы­на, қара­пай­ым сай­ла­у­шы­ла­ры­мы­здың орта­сы­на қай­тып барайын.

Құр­мет­ті сай­ла­у­шы­лар! «Даешь мил­ли­ард пудов!» деген сонау тың иге­ру­шілер­ден бүгін­гі біздің неміз кем?! «Біз – ең бай және ең бақыт­ты халы­қ­пыз» («Айқын» газеті, 13. 03. 2015 ж.). Осы­ған жет­кіз­ген Н. Назар­ба­ев мыр­за­ға 26 сәуір күні бәрі­міз дауы­сы­мы­зды беріп: «Даешь100 пай­ыз!» болай­ық! Сон­да ғана: 24 жыл бой­ғы «рефор­ма­ның арқа­сын­да» түтіні өшу­ге тақалған жүз­де­ген ауы­лы­мыз қай­та­дан гүл­де­неді, он мың­даған жұмыс­сызда­ры­мыз жалақы­сы мол жұмыс-қыз­мет­ке жари­ды, халы­қтың тыны­сын үсті-үстіне тары­л­тып тұрған қым­бат­шы­лық құриды.

Серік­бай МАРАТ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн