Суббота , 5 июля 2025

ДЕЛЬФИН ДАУЫСТЫ ДИМАШИ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Зерт­теу

 


 

Қытай Орта­лық халық радио­сы­ның музы­ка­лық ғылы­ми талдауы

 

Қытай­дың kazakcnr.com сай­тын­да Қытай аста­на­сын­да тұра­тын қан­да­сы­мыз, Бей­жің­де­гі Орта­лық халық радио­сы­ның дик­то­ры, ком­по­зи­тор, ақын Бала­пан Раба­то­втың «Димаш диа­па­зо­ны» атты көлем­ді сарап­та­ма­лық мақа­ла­сы жарық көр­ді. Автор мақа­ла­сын­да Дима­штың өнер­де­гі биік жетісті­гін баға­лай оты­рып, оның ерекше дары­нын кәсі­би дең­гей­де музы­ка тілі­мен түсін­діріп, жік­теп, тал­дап, дарын иесінің жұрт­ты мой­ын­да­туы­ның ерекше себеп­терін ғылы­ми тұрғы­да ашып көр­се­ту­ге ден қойған.

 

 

Димаш жөнін­де әле­умет­тік желі­де, ғалам­тор­да, теле­ра­дио мен бас­пасөз­де аз айты­лған жоқ. Соның бәрін­де Дима­штың дель­фин үнді әуезіне таңы­рқау мен там­са­ну басым бол­ды. Ал білік­ті маман­дар оның дау­сын­дағы дара ерекшелік­ке, алдағы даму бола­шағы­на көбірек назар ауда­рып, баға берді.

Біз де там­са­ну­ды – таны­мға, таңы­рқа­уды – талға­мға жүк­теп, шама кел­ген­ше жік­теп көру­ге құл­шын­дық. Дима­штың алға­шқы орын­даған әні фран­ци­я­лық Мишель Бер­гер­дің туындысы «Қай­ғы­рған жан­ның қар­ма­ны­сы» (SOS d’un terrien en détresse) бол­ды. Фран­цуз тілін­де орын­далған әннің дүни­е­де­гі бес қиын әннің бірі болға­ны­на қара­ма­стан, әнші бұл шығар­ма­ны өз дең­гей­ін­де орын­да­ды. Димаш төмен дыбыст­ар­ды еркін мең­гер­ді. Әде­мі кел­бет­тен таңға­жай­ып әуен­дер әуелей­ді. Жоға­ры дыбыст­арға ауы­сар­да көмес­кі­де­гі тыл­сым күш бір­ден әле­ует­теніп, әлем­ді тән­ті етер­дей ғала­мат қуатқа ұласты.

Димаш диа­па­зо­нын әде­би тіл­мен әдеп­те­удің наным­ды­лы­ғы­на күмәнім бар. Сон­ды­қтан саз­ды сөз­ге көшірудің ұтым­ды жолы – әрине, музы­ка ғылы­мы­на жүгі­ну. Демек, Дима­штың дауы­сын анағұр­лым ғылы­ми тұрғы­дан тану, түсі­ну үшін, аз да бол­са музы­ка­лық сау­ат ашу қажет сияқты.

Әдет­те музы­ка­лық тер­ми­но­ло­ги­я­ның дені ита­льян тілі­нен енген. Ита­ли­яда өнер­дің опе­ра, сим­фо­ния, хор секіл­ді ірі түр­лері қалып­та­сып дамы­ған. Мұны қау­зай бер­сек, ұланғай­ыр музы­ка тарихы­на еніп кетеміз…

 

Димаш орын­даған SOS әні коло­ра­ту­ра­лық тенор­лар­дың орын­да­уы­на арналған туын­ды. Әдет­те ерлер­дің жоға­ры дауы­сы (tenor): лири­ка­лық тенор, дра­ма­лық тенор және коло­ра­ту­ра­лық тенор деп үшке бөлі­неді. «Неге кел­дім, неге кет­тім өмір­ден, кей­де күліп, кей­де жылап егіл­ген» – деп баста­ла­тын әнге әде­мі дауы­спен қатар, жабы­рқаған көңіл күй де керек еді. Сон­дай эмо­ци­яға ену­ге 22 жасар әншінің тума мінезі мен талғам­түй­сі­гі көмек­ке кел­ді десек қате­ле­с­пей­міз. Мұн­дай сабыр, ұста­ным, ішкі қуат бозба­ла­ның бой­ын­да қалай қалып­тасқа­ны жай­лы болжам­дар да жел­дей есті. Ақыр аяғын­да 1979 жылы жазы­лған туын­ды авто­ры­ның да тағ­дыр­та­лайы тақы­ры­пқа арқау болып, әнмен бір­ге әлем­ге тара­ды. Дель­фин үнді әнші бір­ден highF дыбысы­на шырқап шығып, жұрт­ты таңта­ма­ша қалдырды.

Бүгін­гі таң­да биік, шыған, шырқау, зәулім дей­тін көп­те­ген бала­ма­сы бар high дей­тін сөз модаға айнал­ды. «High ән», «high әуен» деген сияқты. Бұл сөздің шексіз, аса, асқын, төтен­ше, кере­мет деген мағы­на­сы да бар көрінеді.

Әйте­уір тең­дес­сіз, ғала­мат, ғажап нәр­се­лер­ге қол­да­ны­ла­тын бей­нелі сөз бол­са керек. Соны­мен Дима­штың әндері де шеті­нен HIGH!

 

Дима­штың диа­па­зо­ны мұны­мен шек­тел­мей­ді екен. Кезін­де ресей­лік «Дель­фин үнді хан­за­да» Витас орын­даған «Опера2» әні Дима­штың орын­да­уын­да өзге­ше әуеледі. Витас нұсқа­сы­на құлағы үйрен­ген жан­күй­ер­лер Дима­штың қалып­тан қалы­пқа ауы­сқан дауы­сын есті­ген­де, тек қана таң­дай қағып, таң­да­ну­мен бол­ды. Әрине, Вита­стың үні Дима­шқа қараған­да жіңіш­ке, тұнық.

Ал Димаш диа­па­зо­ны дыбыстан дыбысқа көтеріл­ген сай­ын күшей­іп, ашы­лып, жоға­ры­тө­мені ұла­сып, бір­тұ­тас кеңістік­ке құлаш ұрған­дай әсер сый­ла­ды. Вита­стың 18 жасын­да жазған бұл шығар­ма­сы бүкіл Ресей­ді, тіп­ті жер жүзін дүріл­дет­кен туын­ды. Ресей­де 114 түр­лі сый­лы­ққа ие болған. Әнде­гі өз тұқым­да­сын ізде­ген балық қыздың тағ­ды­ры әуен арқы­лы да ерекше сомдалған. Шырқау биік әуез­бен көк­ке шағы­ну әншінің сирек дауы­сын сынға сала­тын сәт. Сол сәт­те Дима­штың дауы­сы үш қалы­пқа ауы­са­ды. Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, іркест­ір­кес үш дыбысты көтеріп орын­дай­ды. Дима­штан ылғи да шырқау, шыған дыбыст­ар­ды күту­ге дағ­ды­ла­на бастаған жұрт дәл осы тұста құмар­дан шыққан­дай қарық бола­ды. Мұн­дай сұра­ны­сты бірер жол қанағат­тан­ды­руға болға­ны­мен, өнер қағи­да­сы­на сыя бермейді…

Іс жүзін­де Дима­штың дары­ны тек қана тасқын жоға­ры дыбыспен өлшен­бе­уі керек. Оның төмен, орта дыбыст­а­ры да сон­дай сапа­лы әрі лири­ка­лы екені жұр­тқа аян. Демек, әнші­ден ылғи да шыған дыбыст­ар­ды дәме­ту тым артық әрі қара­бай­ыр сұра­ныс. Егер Димаш эст­ра­даға кел­мей, опе­раға кет­се, әрине, сюжет­ке, образға толы лири­ка­лық, эпи­ка­лық шығар­ма­лар­ды орын­дап, ари­я­лар­ды әуелетіп жүре берер ме еді, қай­тер еді?

 

Димаш үшін­ші кезек­те «Тама­ша тарқа­май­ды» (the show must go on) деген әнмен дауыс қуа­тын анағұр­лым әйгіледі. Бұл әнді орын­дау бары­сын­да ол 2 минут­тың айна­ла­сын­да 6 түр­лі шырқау тәсілін алма­ке­зек пай­да­ла­нып, өзін­де­гі табиғи дарын­ның, яғни дауыс мүм­кін­ді­гінің ешкім­ге ұқса­май­тын өзге­ше қырын көр­сет­ті… Димаш тең­дес­сіз дауыс көле­мі (диа­па­зо­ны) арқы­лы «Әнші» жоба­сын­дағы жарық жұл­ды­зға айналды.

Осы ара­да «Ара­лас дыбыст­ау, алды­ңғы, артқы ара­лас дыбыст­ау» деген кәсі­би ата­у­лар­ды аша­лап, түсін­ді­ре кетей­ік: ара­лас дыбыст­ау – бас, ауыз, жұтқын­шақ, кеуде қуы­сын­дағы дыбыст­ар­ды ұшта­сты­рып, кеңітіп, толық бір боя­у­мен шыға­ра­тын ғылы­ми ән шырқау әдісі. Ал алды­ға, артқа дыбыст­ау дегені­міз – дауы­сты алды­ға, артқа жастап шыға­ру деген сөз. Яғни, ол дыбыст­ың орны­на, бағы­ты­на бай­ла­ны­сты түй­сік. Мысалға, Бей­жің теат­ры­ның дыбыст­ау тәсілі әдет­те «артқа жастап айту­да» жатқа­ны­мен, іс жүзін­де дауыс жарқын, жинақы, алдан естіледі. Демек, дауы­сты артқа жастау – әншінің түй­сі­гіне, алға жастау – объ­ек­тив тың­да­у­шы­ның түй­сі­гіне сая­тын құбы­лыс. Бұл еке­уін шата­сты­руға болмайды.

 

Димаш Құдай­бер­ген жапо­ни­я­лық таны­мал әнші Кожи Тама­ка­ның «Алы­ста­ма» әнін Қытай­дағы таны­мал жұл­дыз Жаң Шуею орын­даған «Қоңыр күз» нұсқа­сы­мен әуелет­кен­де, көре­рмен­дер көз жасы­на ерік бер­ді. Мұн­дай әсер мен тебіреніс әуелі ән табиға­ты­мен тығыз бай­ла­ны­сты бол­са, келесі­де әншінің құл­пыр­та түр­лен­діруі­мен, шебер­лі­гі­мен, ішкі қуа­ты­мен де қаты­сты. Оның үстіне Димаш нұсқа­сын­да қалып алма­су, әуен­дік әрлеу болған­ды­қтан, түп­нұсқа мен алға­шқы орын­да­уға қараған­да, едәуір күр­делі, биік дыбыст­ар ұшы­рас­а­ды. Шығар­ма­ның нота­лық нұсқа­сы­на қара­саңыз, ең жоға­ры дыбыс бір нүк­телі 7 (si)ға дей­ін таң­ба­ланған. Ал Димаш орын­даған нұсқа­да өңде­уші әншінің дауыс көле­міне, диа­па­зо­ны­на орай әуел­гі мело­ди­я­ны кеңіт­кен. Биік дыбыст­ар­ды әдейі үстеп, әншінің мүм­кін­ді­гін жоға­ры шек­те сына­уға неме­се әйгіле­у­ге жағ­дай жасаған.

Дима­штың «Дәй­ди­да­уы» аса әуезді, іңкәр­лік пен ізет­ке жүк­ті шығар­ма. Әуені де, құры­лы­мы да қара­пай­ым, көкей­ге қоным­ды, ұлт­тық сары­ны басым. Алай­да Димаш диа­па­зо­ны­на бұл әннің әуел­де­гі әуені мен құры­лы­мы сәл шағын, шақты келетіні рас. Әнші де, өңде­уші де соны жақ­сы біл­ген. Әннің әуені мен құры­лы­мы­на қол сұқ­пай, қия­нат қыл­май­ақ әде­мі дамы­та біл­ген. Қалып ауы­су, әуен­дік қосым­ша­лар­ды сына­лау сәтін­де де аспап­тап, гар­мо­ни­я­лық нор­маға салған­да да едәуір кәсі­би шебер­лік таны­тқан. Соның нәти­же­сін­де Дима­штың дауы­сы да шыған­дап шырқау биік­ке көтеріл­се, ән мело­ди­я­сы да әуел­гі таза қал­пы­нан, ежел­гі сары­ны­нан, ұлт­тық боя­уы­нан ажырамаған.

Қазақ әндерін­де құры­лы­мы үлкен, тыны­сты әндер аз емес. Ондай шығар­ма­лар­ды бір­ден көген­деп беру­ге бола­ды. Тек қана сон­дай құла­шты, ауқым­ды әндер­ді өз дең­гей­ін­де, биік өре­де орын­дау, наси­хат­тау үрдісі жетіс­пей­ді. Бол­ма­са, ұлты­мы­здың ән әле­мін­де ари­яға да бер­гісіз опе­ра­лық үлгі­де­гі үлкен әндер бар­шы­лық. Ондай әндер «Қор­лан», «Назқоңыр», «Жарық етпес», «Қара­ке­сек» болып жалға­са береді. Аме­ри­ка­лық Mark Ronson мен ұлы­бри­та­ни­я­лық Bruno Marsтың жүл­делі туындысы «Uptown Funk» кезін­де бүкіл жер шарын­дағы тара­лы­мы ең көп ән болған.

Дереккөз­деріне жүгін­сек, «Funk» өткен ғасыр­дың 60жылдары қара нәсіл­ділер ара­сын­да пай­да болған көше әуені көрі­неді. Тақы­ры­бын­да бел­гілі бір нақты ұғым жоқ. Қала шетін­де­гі тұрғын­дар ауда­нын­дағы дыр­дуға келіңкірей­ді. Рит­мі айтып тұрған­дай, «сан етін жұлып жеген» рок, джаз тек­тес жанр­дың нышан­да­ры басым бұл туын­ды­ны Димаш тіп­тен жан­дан­ды­рып жібер­ді. Әннің жар­ты ғасыр­дан бер­гі өзге­лер орын­даған нұсқа­сын тың­дап көр­сеңіз, соған нана­тын едіңіз…

 

Дима­штың орын­да­уын­дағы фран­цуз халық жыры негізін­де бүкіл Еуро­па­ны шар­лаған «Adagio»ны Моцарт 1778 жылы жаз­да Пари­жда аял­даған­да жазған дей­тін жора­мал бар. Қалай бол­ма­сын, әннің жағым­ды мело­ди­я­сы мен жай­лы рит­мі Дима­шқа да кере­мет шабыт сый­лаға­ны оның шығар­маға жан­тәні­мен еніп шырқа­уы­нан көрініп тұр. Медиа сарап­шы­ла­ры­ның «Димаш «Аdagio»ны орын­даған­да екі­ге бөлініп кет­ті» дегені тегін емес. Оған енді әлем жұр­ты­ның қилы­қи­лы таң­да­ны­сы мен ақ тілек­терін қосы­ңыз. Бра­зи­ли­я­лық Мар­сия: «Құд­ды бір әншінің ішін­де үш әнші тұрған сияқты. Ғажап!!!» деп таңта­ма­ша бол­са, гер­ма­ни­я­лық Кри­стин: «Мәс­саған, мына жігіт­тің көмей­ін­де тенор мен сопра­но­ның ара­сын­дағы, ерге тән дауыс пен әйел­ге тән үн ара­сын­дағы бүкіл дыбыст­ар гам­ма­сы түгел жүр ғой! Тұла бой­ым тітір­кеніп кет­ті», – деп аңта­ры­ла­ды. Демек, Дима­штың «Adagio»ны орын­дау бары­сын­дағы шынайы әрі жасан­ды дауы­сты кезек қол­да­ну тәсілі әншінің елден ерек кәсі­би шебер­лі­гін айғақтайды…

 

Дима­штың 9айналымда орын­даған «All By Myself» деген әні әншінің ғажап дауы­сын­дағы көмес­кі күштің 90 пай­ы­зын ашқан айры­қ­ша өрелі шығар­ма бол­ды. Дей тұрған­мен, саз­бен өріл­ген құбы­лы­сты сөз­бен түсін­ді­ру қиын шаруа. Ал әннің өз басы дүни­е­де­гі өте қиын әндер­дің бірі болған­ды­қтан, кім көрін­ген­нің иле­уіне көн­бе­ген сыңай­лы. Өйт­кені асқын жоға­ры дыбыст­ар іркест­ір­кес келіп, неше­ле­ген «ударға» созы­ла­тын­ды­қтан, әншінің жел­бе­зе­гіне, тыны­сы­на, машы­ғы­на үлкен сын болған. Оның үстіне құла­зы­ған көңіл­күй мен жалғы­зды­қтың жан аза­бын сезініп, сон­дай ауыр хал­ге ауы­су­дың өзі де әнші­ге оңай болмаған.

Ал Дима­штың бұған дей­ін­гі обра­зы, оңа­ша ойлы­күй­лі мінез­де­месі әлгін­дей шар­ттарға лай­ық еді. Нәти­же­сін­де «Жалғыз жарлы»ның тех­ни­ка­лық тетік­тері мен асқан биік дыбыст­а­ры коло­ра­ту­ра­лық өре­де әде­мі шешіл­ді. Мыса­лы, әннің аяқтау шегін­де­гі шынайы әрі жасан­ды тон­мен (ton) шырқалған аса жоға­ры дыбыст­арға, keyларға тек қана таң­да­на­сыз. keyтәсілін­де­гі дыбысты бір окта­ва көтеріп айту­ды меңзейді.

 

Димаш – дарын. Димаш – құбы­лыс! Жас әншінің бес тіл­де орын­даған оннан астам шығар­ма­сы­нан «Ғары­штан жет­кен ғажап дауы­стың» ғала­мат қуа­тын сезін­дік, оған таңы­рқа­дық, там­сан­дық. Әсіре­се Дима­штың бой­ы­нан ата­дан келе жатқан салт­дәстүр­ге, ана тіліне деген адал­ды­қты, пер­зент­тік боры­шты көріп, көзі­міз­ге жас үйір­дік. Димаш тіл тура­лы ештеңе айт­па­са да, қазақ тілінің мәр­те­бесін көтер­ді. Қазақ аза­ма­ты­ның әлпе­тін, мінезқұлқын, мәде­ни­етін әлем жұр­ты­на, қала бер­ді көр­ші елдер­ге әде­мі де әдеп­ті қал­пын­да көр­се­те біл­ді. Өзге жұрт қаза­қтың мәде­ни­еті­мен, тарихы­мен, салт­дәстүрі­мен, әде­би­еті­мен, өнері­мен, тіл­жа­зуы­мен сана­са баста­ды. Димаш диа­па­зо­ны дауы­спен ғана шек­тел­мей, елдер ара­сын­дағы бере­кебір­лік­ті бекем­де­удің, халы­қтар ара­сын­дағы түсіністік­ті терең­де­тудің, мәде­ни ауы­скүй­істі нығай­ту­дың дәй­ек­ті дәне­керіне, мәй­ек­ті елшісіне айналды.

Бала­пан РАБАТОВ

• Түп­нұсқа­дан дай­ын­даған – Іnform.kz

 

Біздің аны­қта­ма

 

Бала­пан Әрi­п­жанұ­лы Раба­тов 1961 жылы ҚХР Шың­жаң өлкесі, Іле қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сы­на қарас­ты Нылқы ауда­нын­да дүни­е­ге кел­ген. 1983 жылы Іле облы­стық өнер кол­ле­джін­де ән және музы­ка маман­ды­ғы бой­ын­ша білім алған, ком­по­зи­тор. 1985 жылы Бей­жің­де­гі Орта­лық халық радио­стан­са­сы­ның құра­мын­дағы Қазақ радио­сы­ның дик­то­ры болып жұмысқа тұр­ды. 1988–1992 жыл­дар ара­лы­ғын­да Шың­жаң халық радио­сы­ның қазақ бөлi­мiн­де жүр­гi­зу­шi және редак­тор болып істе­ген. 1992 жыл­дан бүгін­гі күн­ге дей­ін Бей­жің­де­гі Орта­лық халық радио­сы­ның қазақ бөлi­мiн­де дик­тор, аудар­ма­шы, арна­у­лы бағ­дар­ла­ма жүр­гі­зу­ші болып жұмыс атқа­рып келеді. Шың­жаң және Қытай Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сi. Алға­шқы туындысы «Дом­бы­рам» атты өлеңi 1985 жылы «Іле жаста­ры» жур­на­лын­да жари­я­ланған­нан бастап, қазір­ге дей­iн поэ­зия, про­за, сын, дра­ма­тур­гия, аудар­ма, музы­ка сала­сын­да тын­бай еңбек­тенiп келедi. «Ғасыр­дың соңғы соқ­пағы» деген өлең­дер топ­та­ма­сы мем­ле­кет­тік «Дүл­дүл» сый­лы­ғын еншiлеген.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн