Әдемі – италияндыққа КҮЙЕУГЕ ШЫҒАДЫ…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №7 (371) от 23 февраля 2017 г.

Ойдан-қырдан

 


Өмірде – Динара (Қайырова), сахнада – Әдемі есімімен танылып жүрген әнші жақында Италия еліне кетеді. Оған себеп: сол жақтағы өзіне ессіз ғашық болып қалған италияндық әнші Вальтер Ричимен бейнебаян түсірмек. Тек ол ғана емес, қалыңдық ретінде оны күйеужігіттің ата-анасы да шақырып жатқан көрінеді.

 

Бұдан екі жыл бұрын өткен «Новая волна» халықаралық байқауы Әдемі әншіге тек атақ ғана емес, сүйіктісін де жолықтыруға себепші болған сыңайлы. Себебі, арада екі жыл өтсе де, Әдемі әлі күнге дейін өзіне ессіз ғашық италияндық жігітімен ғаламтор арқылы сөйлеседі екен. Тіптен ол skype әлеуметтік желісімен әншіге өзіне күйеуге шығуына ұсыныс білдірген. Еуропада есімі жер жаратын өнерпаздың бұлай қалжыңдамайтыны анық. Сөзін растау үшін италияндық әнші Әдеміні ата-анасымен таныстырады. Байқауда жәй ғана дуэт болып шыққан жігіттің өзіне қалай ғашық болғанын әнші қызымыз өзі де түсінбей аң-таң.

Бірақ тосыннан білдірген сезімге әлі де ойланып үлгермеген Әдемі, күні бүгінге дейін нақты шешім қабылдай алмай жүргенін айтты. Бүгінде сахнада өз орнын қалыптастырып қалған әнші соңғы уақытта шығармашылығымен қызу айналысып жүр. Естеріңізде болса, Әдемі сахна үшін отбасын тастағаны туралы сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. Және жалғызбасты ана әзірге тұрмысқа шығуға асықпаймын деген-ді.

Тіпті өзіне қайта қосылуына ынтық болып жүрген алғашқы күйеуіне екінші рет қосылмайтынын ескертіп, жаңа махаббатты қалайтынынын жасырмайды. Әнші қандай шешім қабылдаса да, тыңдармандары оның келесі некеде бақытты болуына тілеулес екендерін жазып жатыр.

Топтаманы дайындаған –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн