Суббота , 5 июля 2025

«ДЕПУТАТ-АҒАШКАЛАР» тоқал болуды ұсынған СҰЛУ ҚЫЗДЫҢ СЫРЫ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Ойдан-қыр­дан

«ДЕПУТАТ-АҒАШКАЛАР»
тоқал болу­ды ұсынған
СҰЛУ ҚЫЗДЫҢ СЫРЫ

Жас дизай­нер өзіне депут­тат­тар­дың «тоқа­лым бол­шы» деген ұсы­ны­сы­на жиір­кені­шпен қарай­ты­нын айтып бер­ді деп хабар­лай­ды Nur.kz пор­та­лы­ның тіл­шісі. «Депу­тат­тар өздерін өте ерсі ұстай­ды. Ел алдын­да жүр­ген «ағаш­ка­лар» аспан­да шалқая бер­мей, жер­ге түс­се екен», – дей­ді жас дизай­нер Айжа­ни Нұрланова.

Қаза­қстанға «My President» отан­дық ерлер киім үлгісін әкел­ген жас кәсіп­кер Айжа­ни үлкен қыз­мет­те­гі шене­унік­тер­дің де қал­та­сы­ның әртүр­лі бола­ты­нын айта­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің ара­сын­да аз ақшаға қым­бат костюм­ді жалы­нып сұрай­тын­дар бар болып шықты.
«Шене­унік­тер­дің де қал­та­сы әртүр­лі. Олар баға­сы­на қарай­ды. «Ең қым­ба­тын көр­сетіңіз, қым­ба­тын кигім келеді» дей­тін­дер және «ең арза­нын көр­сетіңіз­ші» деп келетін­дер бар. Тіп­ті біре­улер «60 мың тең­ге­ден жоға­ры тұра­тын костюм­ді қат­ты алғым келіп тұр, бірақ қал­там­да бар болға­ны 50 мың тең­ге деп жата­ды. Ондай­да сату­шы­ла­рым бір­ден хабар­ла­са­ды, келі­се­міз, жеңіл­дік жасай­мыз», – дей­ді Айжа­ни Нұрланова.
Тұр­мыс құр­маған, 25 жастағы жас кәсіп­кер кей­бір депу­тат­тар­дан көңілінің қалға­нын айта­ды. Депу­тат­тар­дың арзан пиар мен жалған пат­ри­от­тық әре­кет­тері кәсіп­кер­дің көңілін қалдырған.
«Біз­де депу­тат­тар да әртүр­лі. «Неге сон­ша­ма арзан? Біз қым­бат болға­нын қалай­мыз. 60 мың тең­генің костю­мін кигім кел­мей­ді» деген жағ­дай­лар бол­ды. Депу­тат­тар­дың кей­бірі өздерін өте ерсі ұстай­ды. Мен олар­ды Ота­ны­ның пат­ри­о­ты деп қабыл­дай алмай­мын. Өздеріне пиар үшін ғана жүр­ген­дер бар. Мен олар­дың атын атағым кел­мей­ді. Бірақ оқы­са, өздерін тани­ды деп ойлаймын.
«Сенен он костюм алам» деп қол қысып кететін депу­тат­тар дүкен­ге келіп, «ана жері ана­дай, мына жері неге былай» деп ештеңе алмай­тын­да­ры да бола­ды. Мін­дет­сініп келетін­дер де бар. Біз отан­дық өнім­ді ұсы­нып отыр­мыз. Әр адам өз елінің пат­ри­о­ты бола білу керек», – дей­ді Айжани.
Айжа­ни осын­дай аспан­да шалқай­ған аға­ла­ры­ның «биз­неске қол­дау көр­се­те­міз» деп көңіл біл­діріп, қыр соңы­нан қал­май қоя­ты­нын да жасы­рған жоқ.
«Шене­унік­тер­дің ара­сын­да тұр­мысқа шығуға ұсы­ныс жасай­тын­дар бар. Мен өмір­де бар­лы­ғы­на өз күшім­мен қол жет­кіздім. «Саған көмек­те­сей­ін» деп қылым­сып келетін «ағаш­ка­лар» көп бол­ды. Мен ешқа­шан ондай­лар­дың көме­гін алғым кел­мей­ді. Егер мен қазір бір шене­унік­пен кез­де­сетін бол­сам, ол ертең мені де алдай­тын бола­ды. Ертең дүкен­нің бәрін «өзім жаса­дым» деп, кей­ін одан айы­ры­лып қалам ба деп қорқып оты­рғым кел­мей­ді. Мен артық кет­кен­дер­ге «тоқта» деп айта біле­мін», – деген Айжа­ни кеудесі­мен тау соққан талай «ағаш­ка­сы­ның» беті­нен қаққа­нын айтты.

Nur.kz
ӘСЕЛ НЕГЕ
қыздарға
СЕНБЕЙДІ?

Жасы оты­зға таяп қал­са да, тұр­мысқа шығуға асы­қ­пай­тын Әсел Сәду­ақа­со­ва небәрі 17 жасын­да көгіл­дір экранға шыққан. Ең алғаш кастинг­тен өтіп, «Дауыс International» тобын­да өнер көрсетті.

Қоста­най облы­сы­ның Жетіқа­ра ауы­лын­да туып өскен. Бес жасын­да ата-ана­сы ажы­рас­ып, еке­уінің біре­уін таң­да­уы­на тура келеді. Қазір ана­сы­мен бір­ге тұра­ды. Ал әкесі­мен сол уақыт­тан бері ара­лас­паған екен.
Жастай­ы­нан түр­лі үйір­ме­ге қаты­сқан Сәду­ақа­со­ва бар­лы­ғы­на үлгеріп, өзін үне­мі жаңа қыры­нан таны­ту­ды жөн көреді екен. Жур­на­лист, режис­сер, пси­хо­лог маман­ды­қта­ры бой­ын­ша кәсі­би дең­гей­де білім алып үлгерген.
Актри­са бір­не­ше жыл бұрын сүй­ік­тісіне алданған бола­тын. Аузы күй­ген үрлеп ішеді демек­ші, сол оқиға­дан кей­ін бар­лық ада­мға күдік­пен қарай бастаға­нын Әсел­дің өзі де жасыр­май­ды. «Сол оқиға­дан кей­ін ешкім­ге ашы­ла алмай­тын бол­дым. Соңғы рет жігіт­пен кез­де­су­ге қашан барға­ным есім­де жоқ… Бұрын бір­ден ашы­ла кету­ші едім, қазір адам­дарға сезік­тене қарай­мын. Өзім құрған тар шең­бер­ге сана­у­лы адам ғана кіре ала­ды. Есесіне бұл жан­дар менің тек­се­руім­нен өткен» деп, сол оқиға­ның ізі әлі жадын­да екенін айтады.
Бұдан өзге әнші «Шыным­ды айт­сам, достық деген ұғы­мға сен­бей­мін. Мен жақ­сы көретін адам­дар бар, олар­дан махаб­ба­тым үшін қай­та­ры­мы­на ешнәр­се талап етпей­мін… Қыздар ара­сын­да достық бола­ты­ны­на сен­бей­мін. Пси­хо­ло­ги­яда оқып жүр­генім­де қыздар ара­сын­да көре­ал­мау­шы­лы­қтың түр­лі дең­гейі бола­ты­нын біл­дім. Олар мон­шақтан бастап, үлкен нәр­се­ге дей­ін қызға­на қара­уы мүм­кін», – деп көп адам­нан көңілі қалға­нын байқатты.
Әнші өмір­ден үлкен сабақ алған сыңай­лы. Соңғы кез­де ән жаз­ды­рып, бей­не­ба­ян түсір­ме­се де, өзін про­дю­сер­лік, актри­са­лық қыры­нан таны­тып, «Жаңа күн» сын­ды бағ­дар­ла­ма­ны жүр­гі­зеді. Бұдан өзге «Адель», «Сүр бой­дақ», «Сер­піліс», «Ста­лин­ге сый­лық» сияқты фильм­дер­ге түсіп үлгерген.
Stan.kz
Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн