Среда , 27 августа 2025

«ӘДІЛЕТКЕ» – 25 ЖЫЛ

 

Қаза­қстан «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы­ның құры­лға­ны­на биыл 25 жыл толып отыр. Осы оқиғаға бай­ла­ны­сты Шоқан Уәли­ха­нов атын­дағы Тарих және этно­ло­гия инсти­ту­тын­да «Әділет» қоға­мы­на – 25 жыл» атты рес­пуб­ли­ка­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ция өткізіледі. Кон­фе­рен­ци­яда сал­та­нат­ты мәжіліспен қатар «Кеңе­стік модер­ни­за­ция және Қаза­қстан», «Кеңе­стік сая­си қуғын-сүр­гін деректері және тарих­на­ма­сы», «Кеңе­стік эко­но­ми­ка және Қаза­қстан­дағы аштық» деген тақы­рып­тар­мен арнайы сек­ци­я­лар жұмыс істей­ді деп күтілуде.

Елі­міз­де­гі үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың алға­шқы қар­лы­ға­шы болып табы­ла­тын осы­нау қоғам­ның 25 жыл­дық мерей­жа­сын мүше­лері­мен бір­ге тарих­шы-ғалым­дар өздерінің үлкен шаңы­рағын­да атап өтіп, аталған тақы­рып­тар­ды ширек ғасыр бойы «Әділет» бас­шы­лы­ққа алып келе жатқан иде­я­лар­ды дамы­та оты­рып қарас­тыр­мақ. Бұл кез­дей­соқтық емес. Олар сая­си репрес­сия құр­бан­да­ры ұрпақта­ры­ның, әде­би­ет және өнер қай­рат­кер­лерінің өкіл­дері­нен құры­лған дай­ын­дық коми­теті әзір­ле­ген 1989 жыл­дың сәуірін­де­гі құры­л­тай­шы кон­фе­рен­ци­яда ста­ли­низм қыл­мыста­рын әшке­ре­лей­тін басты баян­да­ма­лар­ды жасап еді. Кон­фе­рен­ци­яда құры­лған қоға­мға мүше бола жүріп және басқар­ма құра­мын­да еңбек­тене келе, сая­си қуғын-сүр­гін кезең­дерінің құпи­я­ла­рын жан-жақты аша­тын зерт­те­улер жүр­гіз­ген болатын.

Жеке­ле­ген ізде­ну­шілер сая­си құғын-сүр­гін­ге ұшы­раған ала­штық және кеңе­стік қай­рат­кер­лер­дің өмір жол­да­ры мен қыз­мет­терін жаңғыр­тып, ғылы­ми дис­сер­та­ци­я­лар қорға­ды. Зерт­те­ушілік жұмыстар, пуб­ли­ци­сти­ка­лық мақа­ла­лар жазы­лып, деректі фильм­дер түсіріл­ді. Жазы­қ­сыз жаза­ланған қай­рат­кер­лер­дің мұра­ла­ры ізде­стіріліп, жарық көру­де. Арнайы қыз­мет мұраға­ты­ның көме­гі­мен сая­си қуғын-сүр­гін жыл­да­ры аты­лған­дар­дың тізі­мі мен өмір­де­ректері кел­тіріл­ген «Аза­лы кітап – Кни­га скор­би» жинақта­ры шықты. «Әділет» иде­я­ла­рын жұрт­шы­лы­ққа, жастарға жет­кі­зу­де қоғам мүше­лері, сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­ның Саят Іли­ясұ­лы Жан­сү­гіров, Әли Оразұ­лы Жан­до­сов, Қызғал­дақ Құдай­бер­генқы­зы Жұба­но­ва, Сәу­ле Рахы­мқы­зы Сүгіро­ва-Айт­мам­бе­то­ва, Нәдір Әбдіқа­ды­рұ­лы Әзір­ба­ев, Марат Сады­құ­лы Нұр­пей­і­сов секіл­ді ұл-қызда­ры, көп­те­ген өзге де ұрпақта­ры осы күн­дері бел­сен­ді жұмыс жүр­гізіп жүр.

Біз үш дүр­кін ашар­шы­лық кезін­де тіке­лей төрт жарым мил­ли­он­дай, сол шаққа ықти­мал табиғи өсім­ді ойға алған­да, он мил­ли­он­дай қан­да­сы­мы­зды жоғалт­тық. Әйт­пе­се бұл күн­дері 45–50 мил­ли­он­дай болып оты­рар едік. Сон­ды­қтан кінәлілер­ді ата­удан, тари­хи деректер­ді ашық айту­дан жасқан­ба­уға тиіс­піз. Енді бүгін­гі таң­да қаза­қтың сонау қара­лы тарихын жұрт­тың бар­ша­сы­на біл­гі­зу керек. Бұл ел бір­лі­гін арт­ты­ру­ды идео­ло­ги­я­лық тұрғы­да қам­сыздан­ды­ру үшін қажет. Себебі бір кез­дері түр­лі ұран­дар жете­гі­мен келіп, жана­ма түр­де бол­са да қазақ халқы­ның құқы­қта­ры шек­те­луіне себеп болған­дар­дың ұрпақта­ры қазір ара­мы­зда. Егер олар қаза­қтың қасірет­ке тұнған тарихын біл­се, оған өздерінің жана­ма түр­де бол­са да қаты­сы барын ұғар бол­са, тари­хи әділет­тілік тұрғы­сы­нан қазақ халқы­ның шек­тел­ген құқы­қта­рын қал­пы­на кел­тіру­ге атса­лы­су қажет­ті­гін ұғы­нар еді.

«Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы­ның ширек ғасыр­лық мерей­тойы тарих­шы­лар­ды өз иде­я­сы айна­ла­сы­на тығыз топ­та­сты­рып, халы­қты тарих­пен тәр­би­е­леу жұмысы­на жаңа­ша тыныс берер деп үміттенеміз.

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ,

жазу­шы, тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты,

«Әділет» қоға­мы төраға­сы­ның орынбасары

 

Республиканский еженедельник онлайн