ДИМАШ!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Ойдан-қырдан


 

Кеше әлемге әнімен әйгілі болған Димаш 23 жасқа толды. Осы туған күн орайында әлеуметтік желілерде Димашқа арналған тілектер ағынында тоқтау болмады. Біздің газет редакциясына ондаған тілек-хат келіп түсті. Төменде сол тілектердің өлеңмен өрілген бірін жария еттік.

 

Аралдай аң баспаған, жан баспаған,

Жанардай құпиясын жанға ашпаған,

Төгілген нұр сәуледей күн астынан

Көрінген Димаш қалқам алғаш маған.

 

Пейіштен ұшып жеткен қарлығаштай,

Періштем, жанды даусың сандуғаштай.

Самалмен жапырақтай діріл қаққан

Бар әлем балқып барып әнге ұласты-ай.

 

Сұлудың сәулесіндей күнді ұрлаған,

Бұрымның шолпысындай сыңғырлаған.

Жүрегі қыз біткеннің аттай тулап,

Іреңі әнге тұнды мың бір ғалам.

 

Сезімдей іңкәрліктен арылмаған,

Өзіңдей сирек туар дарынды адам.

Аққудың сымпылындай сорғалаған,

Айналдым әуезіңнен мамырлаған.

 

Ботадай ерке, нәзік сүйкімдісің,

Жата алмай көңілге жыр, күй тұнды шын.

Сүмбілдей жаның таза сымбаттысың,

Сүмбіле жаңбырындай сиқырлысың.

 

Бөгелмей еркін самғап көркем үнің,

Дегендей: «Мен қазақтың ертеңімін».

Дидарың күн нұрымен шағылысып,

Сұлудың есін алған еркелігің.

 

Сезімде мың бір күйдің сазы бардай,

Көзіңде періштенің назы бардай.

Көркің мен күміс үнің ұласқанда,

Дертінен тыңдаған жан жазылардай.

 

Қызжібек

ЖАРҚЫНБАЕВА,

Алматы облысы

 

 

96 жастағы ананың арманы: ДИМАШТЫ КӨРІП КЕТСЕМ…

 

Францияда 96 жастағы әже Димашты бір көруді армандап жүр. Ұлының айтуынша, анасы Мамахи Димашты сүйіп тыңдайды.

 

Францияда Эдгар есімді азамат Димашқа өтініш білдірген екен. Ол өз хатында анасының өтініші туралы жазған. «Димаш, сізге анамның жалғыз тілегі туралы айтып бергім келеді. 96 жастағы Мамахи есімді анам сізді қатты жақсы көреді. Сөзіме сеніңіз. Ол маған соңғы тілегін айтып жатыр. О дүниеге аттанбас бұрын, сізді өз көзімен көргісі келеді. Күн сайын сіз туралы жаңалықтар айтып отыруымды сұрайды. Соңғы шыққан әндеріңізді тыңдап, видеоларыңызды қарайды. Мен оған осы арманын орындауға уәде еттім. Жаратушым маған көмектесер деген үміттемін. Ізгі ниетпен, Эдгар», – деп жазылған хатта.

Stan.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн