«Общественная позиция»
(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.
Ойдан-қырдан
Әлемге әйгілі композитор, «Грэмми» жүлдесінің екі дүркін иегері, «Титаник» фильмінің саундтрегі «My heart will go on» әнінің авторы Уолтер Афанасьефф (суретте – ортада) қазақтан шыққан жұлдыз Димаш Құдайбергенді өзінің құрметті қонағы ретінде үйіне шақырды.
«Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым, деп жазды бұл орайда Димаш өзінің инста-парақсашында. – Ол «GRAMMY» жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Мэрайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған «Титаник» телефильмінің саундтрегі «My heart will go on» әнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. «Красавица и Чудовище», «Аладдин» (1992), «Телохранитель» (1992), «Только ты» (1994), «Геркулес», «Игра» (1997), «Другая сестра» (1999), «Госпожа горничная» (2002). Джеймс Бонд «Лицензия на убийство» фильмдерінің әндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз».
Димаш әлемге әйгілі композитордің қонағы болғанға қуанса, Уолтер Афанасьефф әлемдегі ерекше дауыс иесі Димашпен жүздескеніне мақтанды. «Менің ең сүйікті әншім, мықты вокалист, Қазақстанның әншісі Димаш менің көлігімде отыр. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Рахмет!», – дейді Уолтер Афанасьефф.
Айта кетейік, әлемдік турнеге аттанған Димаш қазіргі уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жүр. Америкадан Димаштың әлемдік концерт-турнесі басталады.
«D»