Суббота , 5 июля 2025

ДИМАШ қарттар үйіне БАРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Бәре­кел­ді!


 

Орал қала­сын­да өткен «Гранд Бал» қай­ы­рым­ды­лық шара­сы­на құр­мет­ті қонақ ретін­де шақы­ры­лған Димаш ең алды­мен қала­дағы қарт­тар мен мүге­дек­тер үйіне арнайы бар­ды, деп жаза­ды Stan.kz порталы.

 

Осы­мен үшін­ші жыл қата­ры­нан ұйым­да­сты­ры­лып жатқан қай­ы­рым­ды­лық акци­я­сы биыл «Бар махаб­бат­пен» атты ұран­мен өтті. Қай­ы­рым­ды­лық шара аясын­да жиналған қар­жы кештің басты кей­іп­кер­лері мен осы іспет­ті қат­ты дерт­ке шал­ды­ққан жастар­дың еміне жұм­са­луға аударылды.

Оралға алы­стан Димаш келеді деп күт­кен қарт­тар­дың жүз­дерін­де талант­ты бала­сын бір көр­сем деген үміт басым бол­ды. Қарт­тар үйінің тұрғын­да­ры Дима­штай ұлда­рын қызыл кілем жай­ып, ақ беріп қар­сы алды.

Он жыл­дан бері қарт­тар үйін­де тұрып жатқан Бек­жан Бей­тіле­уов Дима­штың тың­да­у­шы­сы­ның бірі болып шықты. Оның Қытай елін­де қаты­сқан ән бай­қа­уы­ның бар­лық кезеңін қал­дыр­май көріп­ті. «Өзінің бой­шаң, әде­мілі­гі бүкіл әлем­ге бүкіл қазақ елінің әде­мілі­гін көр­сетіп тұрға­ны үшін риза бола­мыз. Мақта­на­мыз осын­дай бала­мы­здың бары­на. Қыздар да күліп жатыр «сенің Дима­шың келей­ін деп жатыр, сенің балаң келеді» деп. Әрине, қуа­нып жатыр­мыз бар­лы­ғы­мыз», – дей­ді Бек­жан Бейтілеуов.

Ал талант­ты, жас Димаш жиналған қарт­тар­дың көңілін жан­ды дауы­сты ән салып бір аулап алды. Оларға зор ден­са­улық тілеп, алдағы өтетін өзінің жеке шығар­ма­шы­лық кешіне қонақ болып келу­лерін сұрады.

«Құр­мет­ті ақ жаулы­қты ана­лар! Құр­мет­ті ата­лар! Сіз­дер­ді мін­дет­ті түр­де Қаза­қстан­да өтетін жеке шығар­ма­шы­лық кон­цер­тім­де күтетін бола­мын. Қазір сәті түсіп, сіз­дер­мен қауы­шқа­ны­ма қуа­ны­шты­мын. Алтын уақыт­та­ры­ңы­зды бөліп, кіші­гірім қонақкә­де, өнері­ме баға беріп, қол соғып оты­рған­да­ры­ңы­зға үлкен рах­мет!» – деді Димаш.

Ескер­те кетей­ік, «Град Бал» қай­ы­рым­ды­лық шара­сы­на Дима­штан өзге таны­мал өнер жұл­ды­зда­ры да қаты­сты. Кеш­ке шақыр­ты­лған эст­ра­да жұл­ды­зда­ры есту, көру, сөй­леу қабілет­тері нашар мек­теп-интер­на­ты­ның шәкірт­тері­мен өнер көрсетті.

Stan.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн