Суббота , 5 июля 2025

ДИМАШ БІР ЖЫЛДА ҮШІНШІ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

Ойдан-қыр­дан


Қаза­қстан­дық әнші Димаш Құдай­бер­ген Гон­конг­та тағы бір жүл­де­ге ие бол­ды, – деп хабар­лай­ды Тengrinews.kz тілшісі.

Golden melody awards халы­қа­ра­лық шара­сын­да қаза­қстан­дық әнші «Үздік орын­да­у­шы» (Димаш өзінің Инста­грам­дағы жаз­ба­сын­да «Жыл­дың үздік ер әншісі» деп атап­ты – сурет­ті қараңыз) атағы­на ие болып, алтын жала­ты­лған мүсін алды.

Осы орай­да Димаш: «Сүй­ін­ші! Бүгін Гон­конг­та өткен «Golden melody awards» cал­та­на­тын­да «Жыл­дың үздік ер әншісі» номи­на­ци­я­сы бой­ын­ша мара­пат­тал­дым. Бар­ша тың­дар­ман­да­ры­ма көп рах­мет! I love you, dears», – деп жазған екен өзінің Instagram-парақшасында.

Еске сала кетей­ік, бұған дей­ін ол Қытай­дың Шен­жен қала­сын­да ол MTV Music Awards жүл­десі­мен мара­пат­талған еді. Ал оған дей­ін Asian Music GaLa шара­сын­да «Ең таны­мал шет елдің әншісі» атағын алған болатын.

Қаза­қтың күміс көмей әншісі алған кезек­ті жүл­де құт­ты болсын!

«

Даб­ыл!

Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның

ӨЛГЕНІ МЕ?!

Осын­да бір жеңіл жүрісті қазақ қызы ФБ-да тіке­лей эфир жүр­гізіп жүріп (еркек­тер­ге душқа кіріп жуы­нға­нын, одан қал­ды дәрет­ха­на­да оты­рға­нын, ауы­зы толған мусор, өзге ұлт өкіл­дері­мен арақ ішіп, темекі шегіп оты­рға­нын тіке­лей эфир­де көр­се­те­ді екен), отан­дық көгіл­дір экранға шығып кет­ті деген сөзді естідім. Сон­да бұл – Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның өлгені ме?! Әншілер­ден құты­ла алмай жатқа­ны­мы­зда, енді қал­маға­ны жын-ойнақ па?

Теле­ар­на­дағы әріп­те­стер, егер рей­тинг үшін осы­лай жасай бер­сеңіз­дер, бір күні Саин көше­сін­де­гі при­тон­дар­да жұмыс істе­у­ге келісіп кететін­дей­сіз­дер ғой. Мынау нағыз сұм­дық! Теле­ар­на­дан шыққан әрбір жүр­гі­зу­ші – халы­қтың айна­сы. Сон­да пута­на­лар­ды осы­лай эфир­ге шығар­са, жет­кен жері­міз осы екен де!

Дәу­рен Аба­ев мыр­за тым бос жіберіп қой­ған жоқ па – жур­на­ли­сти­ка сала­сын деген ой кете­ді кей­де. Неге эфир­дің жүр­гі­зу­шілерін қадаға­ла­май­ды? Неге эфир­де жеңіл жүрістілер қап­тап бара­ды? Олар­ды көр­ген жас көре­рмен­дер елік­тей­ді ғой. «Анау апай­ы­мыз 2 рет күй­е­у­ге шығып­ты, мына жүр­гі­зу­ші тоқа­лы екен. Мынау бол­са күй­е­уінің көзіне шөп салып, ақыл айту­да. Менің одан қай жерім кем?» деген түй­сік қалып­тас­пай ма?

«Рей­тинг, рей­тинг» деп, жаста­ры­мы­зды улап жатқан секіл­ді­міз. Идео­ло­гия жоқ. Баяғы­да өліп қалған. Осын­дай даңға­за-шу бағ­дар­ла­ма­лар­дан гөрі, неге педо­фил, суи­цид­тің алдын алу тура­лы көре­рмен қызы­ғып қарай­тын хабар­лар ашпасқа? Қазір­гі БАҚ-тың айта­ты­ны – «жол апа­ты», «педо­фил кіш­кен­тай қызды зор­лап­ты», «қыр­шын­дай жігіт өзін-өзі көпір­ден лақтыр­ды», «пәлен­шені сот­тап­ты», «анау өзін өртеп­ті» т.б.

Бір тұщым­ды хабар­лар жоқ.

Сал­мақты хаба­рым­ды шығарғым кел­ген еді 2–3 жыл бұрын. Хабар­дағы Ринат Кер­та­ев «Ай-хай, 25» ток-шоуым­ды, «Пай-пай, 25» етіп өзгер­тіп, айды аспанға шыға­рып, эфир­ден көр­се­тетінін де был­тыр осы «Фейс­бук­тан» біл­дім (Ринат­ты айта­мын да «сүй­ін­шілетіп» қояды). Бірақ, басы біраз дауға қал­ды. Ол бағ­дар­ла­ма­ның авто­ры мен екенін әріп­те­стерім жаз­ды. Алай­да, Ринат мыр­за менің нөмірі­ме хабарласып:

– Бибі­гүл, келісім­ге келей­ік, өтініш?! Еке­уміз қазір бет жыр­ты­сқан­нан ештеңе өнбей­ді, – деп, мені кез­де­су­ге шақырды.

«Бола­ры болып, боя­уы сіңіп» кет­кен хаба­рым­ды ием­ден­генін біл­генім­де, әрине қат­ты ыза­лан­дым. Жылап та алдым. Бірақ, Ринат 2016 жылғы бюд­жет­тен ақша қарас­ты­рып, басқа бағ­дар­ла­ма­ла­рым­ды сатып ала­ты­нын айтқан соң, бітім­ге кел­дім. Алай­да, каби­нетін­де қолын беріп, уәдесін айтқан Ринат Кер­та­ев «еркек­тік» сөзін­де тұр­ма­ды. Міне, бұл бір ғана мысал.

Мен секіл­ді талай жур­на­ли­стер­дің тауы шағы­лып жатқа­ны қан­ша­ма? Ринат­тың ұяты біл­сін. Бұл дүни­е­де атақ-ман­сап мәң­гілік емес! Өмір – алма-кезек. Бүгін крес­ло­да ол отыр­са «қон­жиып», ертең мен оты­ра­мын. Бүгін­гі күн­мен өмір сүр­ген теле­ар­на бас­шы­ла­ры­ның талай­ын көр­дім. Қазір шіреніп оты­ра­ды, ертең бүгіліп кете­ді. Кеше ғана зәрін төгіп, қаһар­ланған­дар­дың да, ертесіне мәй­мөң­ке­леп кететінін де уақыт көрсетті.

«Бибі­гүл айна­лай­ын, өсек­тің жете­гін­де кет­тім, ағаң­ды кешір», – деген бас­шы­ла­рым да бол­ды. Мен кешірім­ді­мін. Бірақ, идея ұрла­у­шы­лар­дың өмірі кере­мет болып кететініне сенім­сіз­бін. Сол пла­ги­ат­шы­ларға 2010 жылы шыққан Фран­ци­я­ның «Без улик» деген филь­мін көру­ге кеңес бере­мін. Бірақ ондағы кей­іп­кер­дің адам­гер­шілі­гі бар, ұяты жібер­мей, талай жыл­дар бойы күн­діз күл­кі­ден, түн­де ұйқы­дан айы­ры­ла­ды. Біздікілер секіл­ді «бір күн­дік­пен» өмір сүрмейді.

Эфир­дің ласта­нуы­на да осын­дай бас­шы­лар кінәлі. Олар­дың баста­рын­да тек – рей­тинг тұр. Автор­лық құқы­ғы­мыз баяғы­да тап­талған. Басын­да иде­я­сы жоқ, пла­ги­ат­пен жұмыс істей­тін қазақ бас­шы­ла­ры тұрған­да, осы­лай теле­ар­на­лар құр­ды­мға кете бермек…

Бұл дегра­да­ция!

Бибі­гүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн