Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШ ТАҒЫ ДАбір жүлде алды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Мил­ли­он­дар­ды өз өнеріне тән­ті қылған Димаш Қытай­да өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» бай­қа­уы­ның «Ең үздік шетел­дік таны­мал әншісі» номи­на­ци­я­сын жеңіп алды.

 

Биы­лғы жыл­да Димаш “I am singer” бай­қа­уы бары­сын­да «Ази­я­ның ең таны­мал әншісі», «Халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі таны­мал әнші» және «Жыл­дың ең таны­мал әншісі» жүл­де­лерін жеңіп алған еді. Ал аме­ри­кан­дық әйгілі «Грэм­ми­ге» пара-пар қытай­лық «MTV-2017» жүл­десі дүл­дүл­дер­дің дөкей­іне берілетін бәй­ге сана­ла­ды. «2017 MTV Global Chinese Music Awards» жеңім­паз­да­рын мара­пат­тау кеші 2 шіл­де күні Шэнь­чж­э­нь қала­сын­да өте­ді, деп хабар­лай­ды massaget.kz пор­та­лы. Бұл Қытай­дағы ең ауқым­ды және эст­ра­да әле­мін­де ең бедел­ді музы­ка­лық мере­ке сана­ла­ды. Мара­пат­тау бары­сын­да 19 жеңім­пазға жүл­де­лер тап­сы­ры­ла­ды. «Ең үздік шетел­дік таны­мал әнші» номи­на­ци­я­сын өткен 2016 жылы Корея әншісі Чон Джи­хун (Rain) жеңіп алған еді.

«

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн