ДИМАШТАН КЕЙІН сахнаға шыққанды ҚОЮ КЕРЕК ШЫҒАР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №13 (377) от 06 апреля 2017 г.

Ойдан-қырдан

041417_1901_1.jpg

Қазіргі әншілердің сөзі мен ісінің арасында алшақтық көп. Басым көпшілігінің дегенім дұрыс болар. Сұхбат беріп отырғанда, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, «өнер жолы – қиын жол» деп сайрайды да отырады. Күлкім келеді. Солардан сұхбат алып жүрген журналистердің біреуі менің ойымдағы сұрақты қоймай жүргеніне қарным ашады: «Ойбай-ау, қиын болса, «недоросль» бала-шағаларың мен іні-қарындастарыңды, одан қалды әйелдеріңді сахна мен темір жәшікке неге тықпалай бересіңдер?! Аямайсыңдар ма жақындарыңды?! Құтқару керек емес пе оларды қиын жолдан?! Өзің көрген қиыншылықты неге оларға көрсетесің?!».

Шынында да, қазір әншілік «семейный подряд» бола бастады. Осының кесірінен әншілік өнер болудан қалып барады. Кәсіпке айналды. Ол ешқандай да қиын жол емес. Қиын жол болса, елдің бәрі әнге қарай жүгірмес еді. «Семейный подрядтің» бүгінгі лозунгі – «Фонограмма всем поможет!». Атаққа да, ақшаға да оңай жетудің жолы әншілік болғанын қазір емшектегі бала біледі.

Дегенмен, әншіліктің үлкен өнер екенін өз басым жоққа шығара алмаймын. Иә, әншілік өнердің жолы – қиын жол. Әрине, жоғарыдағыдай бұл жолды айналып өтіп, «окольным путем» әнші болғандарынан басқаларға. Нағыз қиын жол деп Димаш Құдайбергеннің жолын айтуға болады. Арзанқол әншілердің бәрі көңіл жықпайтын қазақты бетпақтығымен бағындырды. Ал Димаш бізді білімімен бағындырды.

Егер мен де «қиын жолда» ән айтып жүрген адам болсам, Димаштан кейін сахнаға шыққанды біржолата қояр едім. Адам өзінің боқ сасып қалғанын мойындағаны да – бір ерлік-ау!

P.S. Өнердің қиын жол екенін түсінген екі адам болса, соның бірі Света Айтбаева дер едім. Ғажап даусы бола тұра, сахнаға өлермендікпен ұмтылмады. Өзінен де мықты баланың өсіп келе жатқанын көрді. Көзі бар екен. Жоқ, ұяты бар екен. Димашын баулуға бар күшін салды. Кәсіби білімнің тереңіне батырды. Алысты болжайтын адам өзінің ән салғанын ойламайды, өзінен мықтының өсіп-жетілгенін қалайды. Мықты инвестор өзінің болашағын да, өнердің болашағын да осылай құтқарып қалады. Ертең осы отбасы миллиардер болып жатса, өз басым таң қалмаймын. Өйткені мұны олар ширек ғасыр бұрын ойластырып қойған.

Шархан Қазығұлдың

ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн