Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШТЫҢ ДОМБЫРАСЫ 1,8 миллион теңгеге сатылды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Sina.com сай­ты­ның хабар­ла­уы бой­ын­ша, Димаш Құдай­бер­ген­нің дом­бы­расы Қытай­да 35 мың юань­ға сатыл­ды. Бұл – біздің ақшаға шаққан­да 1 806 000 тең­ге­ге пара-пар сома.

 

Қытай­дағы «Мен әнші­мін» теле­бай­қа­уы­ның бір турын­да Димаш «Адай» күй­ін орын­даған дом­бы­ра­ны «Smile Angel Foundation» қай­ы­рым­ды­лық қоры аук­ци­он арқы­лы сатып, түс­кен қара­жат­ты қор­дың «»Smile angel hospital» емха­на­сын­дағы көмек­ке мұқтаж бала­ларға аударған.

Еске сала кетей­ік, қытай­лық бай­қа­уда атағы әлем­ге әйгілі болған Димаш өзінің дом­бы­рас­ын «Smile Angel Foundation» қай­ы­рым­ды­лық қоры­на табыст­аған болатын.

Ал «Қаза­қ­па­рат» агент­ті­гінің хабар­ла­уы бой­ын­ша, Димаш 28–29 қыр­күй­ек­те Ақтө­бе­де тұңғыш рет өтетін «Туған жер» рес­пуб­ли­ка­лық фору­мы­на қаты­са­ды. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың айтуы­на қараған­да, бұл фору­мға кіші ота­нын әйгіле­ген таны­мал тұлға­лар қаты­са­ды. Ал Димаш бол­са, бүкіл Қаза­қстан­ды әлем­ге әйгіле­ген әнші.

Айт­пақ­шы, кеше Димаш өзінің инста-парақ­ша­сы­на жазған­дай, қаза­қстан­дық әншінің қытай­лық фанат­та­ры оған мик­ро­фон сый­лаған екен. Дыбысқа өте сезім­тал, зама­на­уи сапа­дағы бұл мик­ро­фонға «Дима­ши» деген жазу ойы­лып жазы­лған екен.

«

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн