Воскресенье , 11 мая 2025

Димаштың жүлдесінен ЖАҢЫЛЫП ҚАЛДЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

Жаса!


 

Қаза­қстан­ның атын айдай әлем­ге шығарған Димаш өткен апта­да тағы да бір­не­ше халы­қа­ра­лық жүл­дені ием­ден­ді. Бұл оның соңғы бір жыл ішін­де­гі нешін­ші жүл­десі екені­нен жұрт­шы­лық жаңы­лып қалған сияқты.

 

Бұл жолы Димаш Қытай аста­на­сын­да өтіп жатқан «Fashion Night Gala» мара­пат­тау рәсі­мін­де «Инно­ва­ция зама­ны­ның лидері» атағын иелен­ді. Бұл орай­да Димаш өзінің инста-парақ­ша­сын­да: «Достар, сүй­ін­шім­мен бөлі­су­ге рұқ­сат етіңіз­дер! Сіз­дер­дің дұға­ла­ры­ңы­здың арқа­сын­да «Fashion night gala» мара­пат­тау рәсі­мін­де «Инно­ва­ция зама­ны­ның лидерi» деген атаққа ие бол­дық. Қол­да­у­ла­ры­ңы­зға, әрдай­ым мен үшін беріп жүр­ген дауы­ста­ры­ңы­зға рах­мет!» – деп жазды.

Еске сала кетей­ік, бұның алдын­да ғана ол жыл сай­ын өтетін «IQIYI awards» мара­па­тын­да «Жыл­дың ең үздік әншісі» номи­на­ци­я­сын жеңіп алған еді. Тағы да өткен апта­да Дима­штың «The crown» әні Қытай­дың «QQ music» плат­фор­ма­сын­да үздік әндер қата­ры­нан таныл­ды деп хабар­ла­ды NUR.KZ. «Ұлы­қ­пан ағам жазып бер­ген «The crown» деген жаңа әнім­ді салған бойы, жар­ты сағат­тың ішін­де ең көп сатып алы­нған әндер­дің көшін бастап оты­рға­ны­на таң­да­нып отыр­мыз. Жан­күй­ер­лерім, сіз­дер­ге үлкен рах­мет! Қат­ты қуан­тып қой­ды­ңы­здар. Сіз­дер­дің осы­нау қол­да­у­ла­ры­ңы­з­бен жыл әні ата­нып кет­се, таңқал­май­тын да шығар­мын. Жақ­сы көре­мін. Ұлы­қ­пан аға, жасай беріңіз!» – деп жаз­ды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Оның бер жағын­да Димаш Аста­на қала­сы әкім­шілі­гінің «Аста­на дары­ны» сый­лы­ғы­на ие болға­ны және Бауы­р­жан Момы­шұ­лы медалі­мен мара­пат­талға­ны бар. Міне, осы­дан кей­ін бір жыл­дың ішін­де қар­дай жауған жүл­де­лер мен сый­лы­қтар­дан жаңыл­май көр!

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн