Понедельник , 7 июля 2025

Дін мен ұлттық рух: ЖІГІ ҚАЙДА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Пай­ым патшалығы

 

Дін­нің төңіре­гін­де дау көп. Ол – заң­ды­лық. Себебі әр дін өзінің қағи­да­ла­рын халы­қтың миы­на сіңір­гісі келеді. Бұл – идео­ло­гия. Сол арқы­лы қата­рын көбей­тіп, пат­ша­ларға ықпал ете­ді. Бұл енді сая­сат. Яғни, кез кел­ген дін­нің түп­кі мақ­са­ты – халы­қтың сана­сын жау­лап, мем­ле­кет­тің сая­са­тын өз ықпа­лын­да ұстау.

 

Дәл қазір Қаза­қстан осын­дай қитұрқы сая­сат­тың жол айры­ғын­да тұр. Кон­сти­ту­ци­яда «зай­ыр­лы мем­ле­кет» деп жазы­лға­ны­мен, іс жүзін­де елі­міз бір­те-бір­те діни мем­ле­кет­ке айна­лып бара­ды. Қаза­қстан­ның түк­пір-түк­пірін­де діни ғиба­датха­на­лар бірі­нен соң бірі бой көте­ру­де. Кезін­де діни идео­ло­ги­яға ерік бер­ген Евро­па мен кей­бір Араб мем­ле­кет­тері өз халқын еңбек­ке икем­сіз, тек біре­удің тапқан табысы­на ортақ­та­сып, масыл өмір сүру­ге үйрет­ті. Сол себеп­ті қазір осы мем­ле­кет­тер­де таза еңбек жасай­тын­дар – сырт­тан кел­ген эми­грант­тар болып отыр.

Әлем­де­гі қаси­ет­ті орын­дар мен ғиба­датха­на­лар­дың бәрі биз­нес көзіне айналған. Оны көзі ашық көкіре­гі ояу адам­дар жақ­сы біледі. Дін­ді идео­ло­ги­яға айнал­ды­рған­дар адам­ның өзі жет­кен жақ­сы­лы­қта­ры­на дін­ді жап­сы­рып қояды. Бұл – ада­су­шы­лық. Адам өмір­де неге талап қыл­са, соған тал­мас еңбек­пен ғана қолы жете­ді. Ол мақ­са­ты­на жет­се, оған құдай емес, өзінің ақыл-ойы, жігері көмек бер­ді. Дін­нің адам пси­хо­ло­ги­я­сы­на кері әсер беретінін түсін­ген Қытай мен Жапо­ния мем­ле­кет­тері бүгін­де өзінің ұлт­тық салт-дәстүр­лері­мен халқын тәр­би­е­ле­уде. Салт-дәстүр­лер­де діни ағым­дағы­дай қатаң тый­ым­дар жоқ. Ол адам­ның тағ­ды­ры­на, өмір сүру орта­сы­на икем­дел­ген. Ғасыр­лар бойы келе жатқан ұлт­тық салт-дәстүр – әр халы­қтың ажы­ра­мас құн­ды­лы­қта­ры. Оны кей­біре­улер дін­мен ұшта­сты­рып, дәстүр­дің есебі­нен дін­ді санаға сіңір­мек ойда. Дін­ді «иман­ды­лық» деген түй­сік­пен түсін­діретін олар өз ата-баба­ла­ры­ның кім екенін білмейді.

Тари­хи тамы­ры­нан ажы­рап қалған сор­лы халық қана басқа­ның тілі­мен әндетіп, дұға жасап, басқа­ның дәстүрі­мен киім киеді. Ерте ғасыр­лар­да біздің баба­ла­ры­мыз асау жылқы­ны үйретіп мініп, тасты балқы­тып, болат­тан қару жасап, әлем­ді дүр сіл­кін­дір­ді. Еділ пат­ша, Бумын қаған, Шыңғыс қаған­дар­дың даны­шпан­ды­ғын­да шек жоқ еді. Олар адам сана­сын­да дін­ді емес, рух­ты биік қой­ды. Себебі дін рух­ты әлсіре­тетін идео­ло­гия екенін сол кез­де түсін­ген. Рухы мықты жауын­гер ғана әлем­ді өзіне бағын­ды­ра ала­ты­нын олар дәлел­деп кет­ті. Сол кез­де­гі жауын­гер­лік тулар­да қасқыр мен шаңы­рақтың бей­не­лері желбіреп тұра­тын. Қасқыр – түр­кі халы­қта­ры­ның аңы­зда­рын­дағы түп анасы.

Еділ пат­ша Рим импе­ри­я­сын құлатқан­да, евро­па­лы­қтар ғажай­ып көрініс­ке куә бола­ды. Еділ­дің жауын­гер­лері шабуыл жасаған­да, жер әлем күр­кіре­ген дауы­сқа бөле­неді. Рим­дік­тер­дің әлгі дауы­стан шошы­нға­ны сон­ша­лық, қару­ла­рын тастап қаша жөне­леді. Ол дауы­стың бақ­сы­лар­дың тамақ­пен айта­тын әуені екенін рим­дік­тер қай­дан біл­сін. Ол заман­да қаған­дар­дың кеңес­шісі бақ­сы­лар мен билер бола­тын. Жауға шабар алдын­да бақ­сы­лар жауын­гер­лер­ді зікір­мен рух­тан­ды­ра­тын. Сосын қаған жауын­гер­лер алдын­да жалын­ды сөз­дер айта­тын. Жігері әбден қай­ра­лып тұрған жауын­гер­лер кез кел­ген қамал­дың тас талқа­нын шыға­ра­тын. Яғни, біздің баба­ла­ры­мыз пси­хо­ло­ги­я­лық тре­нинг­тер­ді сол кездің өзін­де өте шебер меңгерген.

Онын­шы ғасыр­дан кей­ін, Ұлы дала­да жап­пай діни идео­ло­гия күш алды да, халы­қтың рухы әлсірей бер­ді. Рухы өлген халық дін­шіл бола­ды. Себебі ашық тіре­су­ге рухы жет­пей­ді. Алдап-арбап, өзінің идео­ло­ги­я­сын санаға сіңіріп, өзіне жақын­да­тып алып, адам­ның рухын тонай бастайды.

Дін­шіл­дер­дің бәрі адам­гер­шілік­ті дін­нен іздей­ді. Бұл үлкен қателік. Дін – бері­де пай­да болған идео­ло­гия. Ал оған дей­ін адам­да адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар бол­маған ба? Әрине, жоқ! Тіп­ті әрі­ге бар­май-ақ, ате­и­стік совет зама­нын­да да адам­дар бір-біріне деген мей­рі­мін, ада­ми қаси­ет­терін сақта­ды. Оған дін­нің ешқан­дай қаты­сы болған жоқ. Бүгін­гі Қытай сол сая­сат­ты ұста­нып отыр. Әлем­дік дер­жа­ваға айнал­ды. Мил­ли­ард­таған халқы­на жұмыс пен тамақ тауып беріп отыр.

Неге? Себебі бір­де-бір қытай құдай­дан несі­бе сұрап, алақан жай­май­ды. Тек өз еңбе­гі­мен нан таба­ты­ны­на сенеді. Еврей­лер мен кәрістер де сон­дай. Ада­мға тәр­бие беретін дін емес, адам­ның рухы. Кей­бір әсі­ре дін­шіл­дер бала-шаға­сын өз ұлты­ның құн­ды­лы­қта­ры­нан алшақта­тып, сана­сын ула­уда. Бұл өз ұрпағын өзі ада­сты­рып, жою­мен бірдей.

Шек­тен шыққан дін­шіл­дік адам­ды масыл­ды­ққа үйре­те­ді. Масыл­ды­қтың соңы біре­удің еңбе­гін тар­тып жеу­ге бей­ім­дей­ді. Соның нәти­же­сін­де бүгін­гі ази­я­лық бірқа­тар елдер­де­гі сияқты соғыс тұта­ну­да. Біздің халық Қытай, Жапо­ния, Фин­лян­дия, Син­га­пур секіл­ді еңбекқор халық бол­сын десек, рух­ты ояту керек. Ол үшін ежел­гі дәстүр мен батыр­лар жырын, тарих­ты дәріп­теу қажет.

А.Дмитриева деген тарих­шы 1930 жылы былай деп жаз­ды: «Біз­ге Визан­ти­ядан кел­ген пра­во­сла­вие ержүрек, еркін өскен халқы­мы­здың рухын сын­ды­рып, табиғи дәстүр­лерін жой­ып жібер­ді. Адам­дар­ды екі­жүзді, жасқан­шақ, жігер­сіздік­ке үйретті».

Мой­ын­да­саң да, мой­ын­да­ма­саң да, бұл – шын­дық! Мұста­фа Кемал Ататүрік 1923 жылы Түрік Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті болып сай­лан­ды. Ол ашық түр­де ислам­шыл­дарға қар­сы шығып, сұл­та­нат, хали­фат, шариғат мини­стр­лік­терін жой­ды. Түрік мем­ле­кетін зай­ыр­лы мем­ле­кет­ке айнал­ды­рып, өрке­ни­ет­ке жете­леді. Мешіт, шір­ке­улер­дің бір­ша­ма­сын жауып, музей­ге айнал­дыр­ды. Өйт­кені ол дін­нің халық рухын сын­ды­ра­тын, бөтен құл­ды­ққа тәр­би­е­лей­тін құрал екенін біл­ді. Соның нәти­же­сін­де Мүста­фа Кемал нағыз ұлт жана­шы­ры ретін­де тарих­та есі­мі алтын әріп­пен мәң­гілік­ке жазылды.

Дін­ді ойлап тауып, дүни­е­ге тара­ту­шы мем­ле­кет­тер­дің халқын көр­сеңіз, олар сон­ша­лы­қты дін­дар емес. Олар­дың мешіт, шір­ке­улерін сырт­тан келетін әсі­ре дін­шіл эми­грант­тар тол­ты­ра­ды. Қаси­ет­ті орын­да­рын­да сиы­нып жатқан­дар да солар. Дін­нің есебі­нен ол мем­ле­кет­тер гүл­деніп жатыр. Мыса­лы, уаха­бизм мен сала­физ­мнің тарихы­на үңіл­сең, Еуро­па бар­лау қыз­метінің басы қыл­ти­яды. Сон­да кім ақыл­ды, кім ақымақ?

Қазір қара­саңыз, баба­лар дәстүрі­нен тым алшақтап бара жатқа­ны­мы­зды бай­қау қиын емес. Бұрын «Армысыз!» деп аман­дасқан қазақ қазір «Асса­ла­у­ғым аллей­кум!» деп, тілін бұрай­тын бол­ды. Бұрын «Тәңір жары­лқа­сын!» десе, қазір «Алла разы бол­сын!» дей­ді. Бұрын «Тәңір қала­са» «Құдай қала­са» десе, қазір «Алла қала­са» дей­тін болды.

Бұл ненің бел­гісі? Бұл біздің тари­хи тамы­ры­мы­здан ажы­рап, құл­дық санаға бей­ім­деліп бара жатқа­ны­мы­здың бел­гісі. Қаза­қтың рухы әлі өлген жоқ. Тек оған жігер беру керек. Мешіт салуға жұм­са­лып жатқан мил­ли­он­даған қар­жы­ның бір бөлі­гіне ежел­гі түр­кі мәде­ни­етінің жәді­гер­лерін іздеп, соны тіріл­тіп, ұлты­мы­здың рухын қалы­пқа кел­тіру­ге болар еді. Әлем­ді дүр сіл­кін­дір­ген қаған­дар­дың ұстанған Тәңір­шіл­дік мәде­ни­еті мен «Алтын білік» кіта­бы­ның қағи­да­ла­рын түсіне білуі­міз керек. Тәңір­шіл­дік сана­да адам­ды дініне, нәсіліне, ұлты­на қарап бөл­мей­ді. Оның негіз­гі қағи­да­сы – адам­гер­шілік қасиет.

Сұл­тан ҚАҒАН

 

 ТӘҢІРГЕ ТАБЫНУ

Осы­дан бір­ша­ма жыл бұрын «Тәңір­ге табы­ну» деген жаз­баға кезік­тім. Бірақ ол орыс тілін­де бола­тын. Маған қат­ты әсер етті. Соның негізін­де мен оның мағы­на­лық нұсқа­сын қазақ тілін­де «еркін аудар­ма» түрін­де жазып шыққан едім. Ол мынау:

«О, Тәңір! Менің баба­ла­рым­ның ару­ағын қолда,

Жақын­да­рым мен туған­да­рым­ды жаман көз­ден қорға!

Ауа­сы кәу­сар туған жерім­ді – жер жән­на­ты ет!

Тулаған киелі Теңіз суым­ды – елім­нің ыры­сы ет!

Көк аспан­ның иесі – Жара­ту­шы Тәңірім менің,

Мен саған басым­ды идім, Жолы­ң­ды қаладым!

Сенің ізгі жолы­ң­мен жүру­ге маған қуат бер,

Өзің көр­сет­кен бақы­тқа жету­ге шуақ бер!

Менің жүре­гім де – Сенің құдіретің­мен соғады,

Басым­дағы бағым да – Сенің қала­у­ы­ң­мен қонады!

Тәңірім! Сен мені­мен бір­ге болсаң:

Жауы­ма сіл­тер қылы­шым – алдаспан!

Тізем – бүгіл­мес, намысым – тапталмас!

Тәңірім, қабыл алсаң – аспан­ды идір,

Хан Тәңірі тауым­ның бауы­рын сүйдір!

Оты­ң­ды ойнат, тауым­ды асқақтат,

Халқы­ң­ды құшағы­ңа сыйдыр!

О Тәңір! Халқым­ды арам пиғыл­дан сақта!

Халқы­ма ажал уын сеп­кен­ді жазала!

Тәңірін таны­ған халы­қтың еңсесі биік!

Тәңірін таны­ған халы­қтың – бола­шағы мәңгілік!…

Осы­ны оқы­ған­нан кей­ін, баба­ла­ры­мы­здың Тәңір дінін «пұтқа табы­ну» деп айтуға кім­нің аузы барар екен?

(Бел­гілі ғалым-пуб­ли­цист, фәлсафашы

Әбдіра­шит Бәкірұлы­ның «Фейс­бук» парақ­ша­сы­нан алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн