Пятница , 4 июля 2025

ДИПЛОМ САТУ «науқаны» басталды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Білім­де­гі «бопса­лау»


 

Қаза­қстан жоға­ры оқу орын­да­рын­да диплом жұмысы тақы­ры­бын бекіту және соңғы курс сту­дент­терінің диплом қорғау мау­сы­мы бастал­ды. «Азатты­ққа» бір­не­ше сту­дент хабар­ла­сып, «жетек­ші тап­пай жүр­генін, өтініш жасаған оқы­ту­шы­ла­ры диплом жұмысын сатып алу­ды талап еткенін» айт­ты. Сту­дент­тер диплом жұмысын сатып алу­ды талап етіп, жетек­ші болу­дан бас тар­тқан оқы­ту­шы­лар­дың аты-жөнін айту­дан қаймығады.

 

Алма­ты­дағы Абай атын­дағы Қазақ ұлт­тық педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің гео­гра­фия және жара­ты­лы­ста­ну инсти­ту­ты­ның аты-жөнін жари­я­лағы­сы кел­ме­ген 3‑курс сту­ден­ті «келер жылы қорғай­тын диплом тақы­ры­бын бекіт­кенін, бірақ диплом жазу жұмысы­на жетек­шілік ететін оқы­ту­шы әлі таба алмай жүр­генін» айта­ды. Сту­дент инсти­тут­тағы бір­не­ше доцент, про­фес­сор­дан «жетек­ші болу­ды өтін­ген, бірақ олар қисын­сыз талап­тар қойған».

– Жетек­ші таң­дау керек. Доцент, про­фес­сор­ларға бар­сақ, «сенің тақы­ры­бы­ң­да дай­ын диплом бар, соны ала сал. Жазып әуре бол­май­сың» дей­ді. Өзім жазғым келеді десем, жетек­шілік­ке алма­ды. Олар ақшаға жаз­ды­ра­тын сту­дент­тер­ді алғы­сы келеді, [диплом жұмысы­ның] баға­сы – 45 мың мен 90 мың тең­ге ара­сын­да. База­рдағы­дай сауда­лас­саң, 40 мың тең­ге­ге келі­су­ге бола­ды. Әзір­ге жетек­шім жоқ. Кей сту­дент­тер ақшаға жаз­ды­ра сала­мын деп отыр, – деді ол.

Сту­дент «төрт жыл оқы­ған еңбе­гім­нің қоры­тындысы сана­ла­тын диплом жұмысым­ды қалай­да өзім жазуым керек» дей­ді. «Азатты­ққа» шағым­данған осы уни­вер­си­тет­тің тағы бір сту­ден­ті «доцент, про­фес­сор­лар­дан «ақша­сын бер­сең, тек қорға­уға ғана келесің» деген ұсы­ныс есті­генін айтады.

– «Жетек­шілік­ке сізді таң­да­дым» деп бар­сам, «сатып алма­саң, басқаға бар» деді. Мұғалім­дер­дің әрқай­сысы­ның «став­ка­сы» бар. Кей­бірі «90 мың тең­ге бер­сең, бәрін дай­ын­дап бере­мін, тек қорға­уға келесің, бес алуға да көмек­те­се­мін» деп отыр. 45 мың тең­ге төле­сең, жар­ты­лай жазып береді және қорғау кез­де өзің жүгіресің. Қазір енді тақы­ры­бы­ма қаты­сы жоқ оқы­ту­шы­ны жетек­шілік­ке алмақ­пын, – дей­ді студент.

«Азаттық» тіл­шісі осы мәсе­ле­ге қаты­сты Абай атын­дағы Қазақ ұлт­тық педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің гео­гра­фия және жара­ты­лы­ста­ну факуль­теті дека­на­ты­на хабар­ласқан еді. Декан орын­ба­са­ры Жази­ра Мұқа­та­е­ва «сту­дент­тер­дің шағы­мы орын­сыз» дейді.

– Сту­дент­тер­ге жетек­ші табу еш қиын емес. Дека­натқа келіп, өтініш жаз­са, біз таң­даған оқы­ту­шы­сын жетек­шілік­ке бере­міз. Әр оқы­ту­шы үш-төрт сту­дент­ке жетек­ші болуы тиіс. Сон­ды­қтан мұғалім­дер­дің өздері сту­дент­тер­ге жетек­ші болуға мүд­делі. Қан­дай да бір шағым­да­ры бол­са, біз­ге ресми түр­де шағым­дан­сын. Уни­вер­си­тет­те тұрған шағым жәші­гіне мәсе­ле­лерін жазып кет­сін, қарас­ты­ра­мыз, – деді уни­вер­си­тет өкілі.

Абай атын­дағы Қазақ ұлт­тық педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің био­ло­гия про­фес­со­ры Әбдіра­зақ Баба­шев: «Сту­дент­тер біз­ге келіп ақыл­да­са­ды, жетек­шіні өздері таң­дай­ды. Біз­де бар­лық диплом база­ға енеді. Ол қай­та қорғал­са, пла­ги­ат­тық тек­се­ру­ден шыға­ды. Біз­де дай­ын мате­ри­ал сатыл­май­ды. Биыл біздің уни­вер­си­тет­те өте қатал. Сту­дент­тер­дің көбі жұмыс істей­ді. Біз оларға істеп жүр­ген жұмысың диплом тақы­ры­бы­на кел­се, соны қорға­уы­ңа бола­ды деп кеңес бере­міз», – деді «Азаттық» тілшісіне.

Қазақ мем­ле­кет­тік қыздар педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің аты-жөнін жари­я­лағы­сы кел­ме­ген сту­ден­ті «Қиналғы­сы кел­ме­ген сту­дент­тер оқы­ту­шы­ға ақша­сын беріп жаз­дыр­ды. Мен жұмыс істей­мін, диплом жазуға уақы­тым жоқ. Ақша­сын беріп жаз­дыр­дым. Енді қорғау ғана қал­ды» дей­ді. Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің «Азаттық» тіл­шісі әңгі­ме­ле­с­кен бір­не­ше сту­ден­ті де диплом­да­рын жетек­шілеріне жаз­ды­рып жатқа­нын растады.

Оқы­ту­шы­лар­дан диплом жұмысын сатып ала­тын­да­рын рас­таған сту­дент­тер­дің түгел­ге жуы­ғы «уақы­тым жоқ» деген себеп айта­ды. «Азатты­ққа» шағым­данған сту­дент­тер­дің көбі ЖОО оқы­ту­шы­ла­ры­ның диплом сатуы «үйрен­шік­ті жағ­дай­ға» айна­лып кет­кенін айтады.

Қаза­қстан­ның басқа өңір­лерін­де­гі ЖОО сту­дент­тері де дәл осы мәсе­ле бой­ын­ша шағым айту­да. Аты­рау мұнай және газ уни­вер­си­тетін бітіріп жатқан, аты-жөнін айтуға жасқа­на­ты­нын мәлім­де­ген сту­дент «Азатты­ққа» хабар­ла­сып, диплом жұмысын жетек­шісіне «еріксіз» жаз­ды­рға­нын айтып шағым­дан­ды. Ол диплом жұмысын «жаз­ды­ру» үшін уни­вер­си­тет­ке «250 мың тең­ге бер­генін» баяндады.

– Диплом жұмысын сатып алдым. Мұғалім­дер бір­ден айт­ты – «сатып алма­саң, өткіз­бей­міз» деді. Толық диплом жұмысы­на әр сту­дент 250 мың тең­ге бер­дік. «Жар­ты­сын бастап, әкеп тастаң­дар» деді. Диплом қорғау кезін­де айта­тын сөзді де дай­ын­дап бер­ді. «Төрт» алдым. Мен өзім жазғым кел­ген, бірақ қорға­уда про­бле­ма бола­ты­нын айт­ты, – дей­ді сту­дент. Оның сөзіне қараған­да, «тобын­да бір­ге оқи­тын 8 сту­дент те диплом жұмысын сатып алған».

Аты­рау мұнай және газ уни­вер­си­тетін­де, сту­дент­тер­дің сөзіне қараған­да, диплом жұмысын сатып алу тура­лы ашық талап қой­ыл­са, кей­бір ЖОО-лар­да «сауда» түр­лі қитұрқы жол­дар­мен жүретіні аңға­ры­ла­ды. Мәсе­лен, Шоқан Уәли­ха­нов атын­дағы Көк­ше­тау мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің 4‑курс сту­ден­ті диплом қорғай­тын сту­дент пен диплом жұмысын жазып беретін мұғалім­ді бай­ла­ны­сты­ра­тын «посред­ник­тер» бар екенін айтады.

– Уни­вер­си­тет­те оқы­ту­шы­лар диплом жаза­ды. Баға­сы 60 мың тең­ге­ге дей­ін бола­ды. Әр кафед­ра­да бір-екі мұғалім бар. Өздері диплом жазып бере­міз деп ұсы­ныс айта­ды. Сту­дент пен мұғалім­ді бай­ла­ны­сты­ра­тын «посред­ник­тер» де бар. Бірақ өзі жазып, жақ­сы баға алып жатқан сту­дент­тер де бар, – дей­ді ол.

Аста­на­дағы Сәкен Сей­фул­лин атын­дағы Қазақ агро­тех­ни­ка­лық уни­вер­си­тетінің аты-жөнін жари­я­ла­у­ға рұқ­са­тын бер­ме­ген сту­ден­тінің сипатта­уын­ша, бұл ЖОО-да диплом жазып беретінін оқы­ту­шы­лар ашық айт­пай­ды және жаз­ды­ру тура­лы талап қой­май­ды. Про­цесс «құпия жүреді». «Біз­де де оқы­ту­шы­лар диплом жазып береді. Баға­сы 100 мың тең­ге­ден бола­ды. Бірақ диплом жаза­мыз деп өздері айт­пай­ды. Сту­дент­тер мен мұғалім­дер өте құпия түр­де келісіп, бір-бірін тауып ала­ды», – дей­ді студент.

Ал Шым­кент­те­гі Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы Оңтүстік Қаза­қстан мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетін тәмам­дап жатқан Аза­мат (сту­дент өтіні­ші­мен аты өзгер­тіл­ді) бұл мәсе­ленің өздерін­де «ерік­ті» түр­де шешілетінін айта­ды. Аза­мат «дипло­мын жетек­шісіне жаз­ды­рға­нын» жасыр­май­ды. «Өзің жаза­сың ба, жаз­ба­саң, 100 мың тең­ге бер, өзім рет­теп бере­мін деді. Ақша ұсын­дым, ол қар­сы бол­ма­ды. Бірақ біздің уни­вер­си­тет­те оқы­ту­шы­лар «диплом­ды өзің жаз­бай­сың, мен жаза­мын» деп талап қой­май­ды. Сту­дент­тің өзіне бай­ла­ны­сты», – дей­ді ол.

«Азаттық» тіл­шісі мұғалім­дер­дің диплом қорғай­тын сту­дент­тер­ді ақша төле­у­ге итер­ме­ле­уінің себеп­терін де зерт­теп көр­ген еді. ЖОО-да бір­не­ше жыл оқы­ту­шы болға­нын айтқан, аты-жөнін жари­я­лағы­сы кел­ме­ген ғылым маги­стрі бұл құбы­лы­стың төр­кінін «уни­вер­си­тет­те сабақ беретін­дер бұл қада­мға жалақы­ның азды­ғы­нан», яғни қосым­ша пай­да табу мақ­са­тын­да бара­ды деп түсін­дір­ген еді. Алай­да Шоқан Уәли­ха­нов атын­дағы Көк­ше­тау мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің осы мақа­лаға жоға­ры­да пікір бер­ген сту­ден­ті бұл пікір­мен келіс­пей­ді. Дипло­мын өзі жазға­нын айтқан ол:

– Оқы­ту­шы­ның диплом жазуы үйрен­шік­ті жағ­дай­ға айна­лып кет­кені қын­жы­л­та­ды. Бұл оқы­ту­шы­лар­дың өз білі­міне сен­бей­тінін біл­діреді. Олар жалақы­мыз аз дер, бірақ білі­міне сен­се, ақша таба­мын десе, түр­лі кур­стар, тре­нинг­тер өткі­зу арқы­лы ашық түр­де пай­да табуы­на бола­ды ғой. Жеке кур­ста­рын өткізіп, ақша тап­са, сту­дент­тер ара­сын­да, қоғам­да әлдеқай­да сый­лы болар еді, – дейді.

Рус­лан МЕДЕЛБЕК,

Azattyq.org

 

 

 

Мой­ын­дау

 

Дариға НАЗАРБАЕВА,

Пар­ла­мент сена­ты­ның депутаты:

Меди­ци­на кадр­ла­рын дай­ын­да­уды әлі де жетіл­ді­ру керек. Оқу орын­да­ры­ның ком­мер­ци­я­ла­нуы жағ­дай­ды қиын­дат­ты. Диплом сату – ұлт­тың ден­са­улы­ғы мен мем­ле­кет мүд­десіне шаш-етек­тен зиян келтіруде.

dalanews.kz

 

 

 

Comments

 

Ербол:

• Универ­де істе­гем. Жұмысқа кір­ген бет­те, рек­тор­дан сабақ ала­сың: сту­дент­ті қалай бопса­лап және рек­торға одан қан­ша беретін­ді­гің туралы.

 

Айгүл:

• Өзіңе жазғы­з­бай­ды. Күн­де бір қате тауып, қай­та­рып, уақыт созып оты­ра­ды. Содан өзің де шар­шап, уақыт та тақап, ақы­ры беру­ге мәж­бүр боласың.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн