Суббота , 5 июля 2025

Әдірам қалған ауылды ОН АЙДА ОҢАЛТАМЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.

Апта апты­ғы

Әдірам қалған ауылды
ОН АЙДА ОҢАЛТАМЫЗ

Әр елді мекен­де­гі өмір сапа­сын Қаза­қстан тәу­ел­сіз дігінің 25 жыл­ды­ғы­на дей­ін жақ­сар­ту керек деп санай­ды Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Әр елді мекен барын­ша таза өмір сүру­ге, жұмыс жасау мен дема­луға мей­лін­ше қолай лы болуы керек. Міне, осы 25 жыл­ды­ққа арналған мере­ке. Үлкен қала­лар­дағы басты кө ше лер­ді тазар­тқан­ның орны­на», – деді Н.Назарбаев сей сен бі күні Алғыс айту күніне арналған сал­та­нат­ты шара барысында.
«Бар­лық қала­лар мен елді мекен­дер­де қазір көк­тем бол­са да таза­лау, көгал­дан­ды­ру, бала­лар үйлеріне, қарт­тарға, мұқтаж жан­дарға көмек көр сету жұмыста­ры жүр­гізілуі керек», – деп толы­қтыр­ды ол. Мем лекет бас­шы­сы еске сал ған­дай, тәу­ел­сіздік­тің 20 жыл дығы­на орай «Ауыл­дың гүл денуі – Қаза­қстан­ның гүл­де­нуі» жоба­сы жүзе­ге асы­ры­лған еді.
«Биыл да бүкіл ел бой­ын­ша осын­дай пат­ри­от­тық акция өткі­зу керек. Ел тұрғын­да­ры­ның жар­ты­сы­на жуы­ғы ауыл­дық жер­де тұра­ды, сол жер­де ең бек­те­неді. Біздің бар­лық табы сымы­здың қозғал­тқы­шы бола­тын ауыл­дық жер­лер­ді дамы туға бар­лық мүм­кін­дік бар. Бұл «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның бар лық мүше­леріне беріл­ген тіке лей тап­сыр­ма деп санал­сын», – деді ол.
Ауыл­дық жер­лер­ді абат­тан­ды­ру жөнін­де пре­зи­дент­тің пәр мен беруі – оңды баста­ма. Бірақ 25 жыл бойы әдірам қалған ауыл­ды жел­тоқ­сан айы­на дей­ін­гі қалған он айда жай­на­тып жібе­ру қия­л­шыл қазақ тың да қисы­ны­на сый­май­тын арман бол­са керек.
«D»

ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС
дең­гей­і­міз бұған дей­ін қан­ша еді?

Қаза­қстан­да 2016 жылғы І тоқ­санға арналған кедей­лік шегі ең төмен­гі күн­көріс дең­гей­інің 40 пай­ы­зы мөл­шерін­де сақтал­ды. ҚР Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стр­лі­гінің тиісті бұй­ры­ғы ресми БАҚ-та жари­я­лан­ды, деп хабар­лай­ды ҚазТАГ.

«Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік көмек тура­лы» 2001 жылғы 17 шіл­де­де­гі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Заңы­ның 2‑бабы 1–1‑тармағына сәй­кес бұй­ы­ра­мын: Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша 2016 жылғы І тоқ­санға арналған кедей­лік шегі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі өткен тоқ­санға есеп­те­ген ең төмен­гі күн­көріс дең­гей­інің 40 пай­ы­зы мөл­шерін­де айқын­дал­сын», – делін­ген құжат мәтінінде.
Бұл жұм­бақты кім шешеді? «Өткен тоқ­санға есеп­те­ген ең төмен­гі күн­көріс дең­гей­і­міз» қан­ша еді? Ол мөл­шер­дің «40 пай­ы­зы мөл­шерін­де айқын­дал­са», күн­көрісі­міздің көле­мі қан­ша болғаны?
Әрине, біз бұл жұм­бақ мөл­шер­лер­ді интер­нет иірі­мін иіс­ке­леп жүріп, қажет­ті ақпар­ды аны­қтап алар едік. Бірақ өйт­пе­дік. Себебі ҚР Ден саулық сақтау және әле­умет­тік даму ми нистр­лі­гі осын­дай жұм­бақ ақпар тара­ту арқы­лы ел-жұрт­тың басын қаты­рып жатқа­нын айту – біз­ге әлдеқай­да маңы­зды­рақ бол­ды. Ал кім­де-кім күн­көрісінің енді­гі күй­ін (бұл бұй­рық 2016 жылғы 1 қаңтар­дан бастап қол­да­ны­сқа енгізіледі және ресми жари­я­ла­нуға тиіс) біл­гісі келіп, «қытай­ский каль­ку­ля­тор­мен» ерін­бей есеп­те­се, екі-үш күн­де «40 пай­ы­здық» тиын-тебенін тауып алуы тиіс.
Сауыр САЙҚАН

Бұл екі арада

Мил­ли­ар­дер­лер
КЕДЕЙЛЕНІП ҚАЛДЫ

2016 жылы Forbes нұсқа­сы бой­ын­ша әлем­де­гі ең бай адам­дар­дың тізі­міне сәй­кес қаза­қстан­дық мил­ли­ар­дер­лер $1,5 млрд-ға кедей бола түсті. Пре­зи­дент істерінің бұры­нғы басқа­ру­шы­сы Болат Өте­мұра­то­втың бай­лы­ғы $300 млн-ға төмен­деп, 2016 жылы $2,3 млрд құраған. Қаза­қстан­дық мил­ли­ар­дер­лер ара­сын­да ол бірін­ші орын­да, ал жал­пы тізім­де – 771-орында.

Одан кей­ін Тимур және Дина­ра Құлы­ба­ев­тар тұр. Олар дың әрқай­сысы­ның бай­лы­ғы $100 млн төмен­деп, $2 млрд құраған. Жал­пы рей­тинг­те олар 906-жолда.
«Қаза­қ­мыс» кор­по рация сының дирек­тор­лар кеңесінің бұры­нғы төраға­сы Вла­ди­мир Ким $300 млн жоғал­тқан. Оның бай­лы­ғы 2016 жылы $1,5 млрд деп баға­ла­нып отыр, жал­пы рей­тинг­те ол 1198-орында.
1198-орын­да сон­дай-ақ «Еура­зи­я­лық банк» АҚ-ның пре­зи­ден­ті Али­джан Ибра­ги­мов бар. Оның капи­та­лы – $1,5 млрд, алай­да 2016 жылы ол $700 млн кедей­лене түскен.
Forbes тізі­міне енген қа зақ стан­дық мил­ли­ар­дер­лер­дің жал­пы бай­лы­ғы 2015 жылы $10,8 млрд, ал 2016 жылы – $9,3 млрд құраған.
ҚазТА
Құй күл, құй жыла!

ЖЕЛІДЕГІ ЖАРЫЛҚАУ

Дәу­рен Бабамұратов:
«Той­о­то­дан» неси­е­ге көлік алам деп жүр­сем, мына жар­на­ма­сы ана тілім­ді қор қылып, төл заңым­ды жер қыл­ды. «Тең­ге­де ойлаңыз» дегеніне «дема­лы­ңыз» дегім кеп тұр.

Ару­жан Саин: :
Сколь­ко, сколь­ко шагов???:-))).

Редак­ци­ядан: Әле­умет­тік желі­де­гі Ару­жан Саин­ның осы постын көр­ген­де барып, «100» саны­ның екі нөлі шексіздік () бел­гісі­мен жасалға­ны еске түсті. Яғни, бұл 100 қадам­ның шексіз болар бел­гісі. Сон­да бұл ресми бекітіл­ген лей­б­л­ге шексіздік бел­гісі ел-жұр­тқа ескер­ту үшін сурет­шінің қулы­ғы­мен жасал­ды ма, жоқ әлде «осы­лай жаса» деген тап­сы­рыс беру­ші һәм рефор­ма жүр­гі­зу­ші билік­тің нұсқа­уы ма?
(Сурет­тер «Фейс­бук» желісі­нен алынды)

Енді қазақ тілінің ақшасына
АССАМБЛЕЯ ИЕ БОЛАДЫ

ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы арқы­лы тіл­дер­ді үйре­ну­ге барын­ша мол қар­жы бөлу керек деп санай­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Қазақ тілін үйре­ну, арнайы қор құрыл­ды, мем­ле­кет қар­жы бөліп жатыр. Және олар­ды жал­пы Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы арқы­лы көбірек бөліп, қазақ тілін біл­мей­тін­дер­ді оқы­ту керек. Ал біз­де қар­жы­ны қазақ тілін білу керек жер­лер­ге ғана жұм­сай­ды. Сон­ды­қтан біз­де қазақ тілін­де қара­пай­ым сөй­ле­су үшін бар­лық мүм­кін­дік бар», – деді Н.Назарбаев сей сен­бі күні Алғыс айту күніне арналған сал­та­нат­ты шара барысында.
Ол Тіл тура­лы заң­ды бұзуға жол беріл­мей­тінін атап өтті. «Маған жақын­да айтуы­ма тура кел­ді, себебі ондай бұзу­шы лықтар бол­ды. Десек те, біз үш тіл­ді бола­мыз деп айт­тық, ол біре­удің еркелі­гі емес. Ол – өмір тала­бы. Бар­лы­ғы­мыз тұ рып жатқан елдің мем­ле кет­тік тілін бәрі­міз білуі­міз керек. Дұрыс па? Сон­ды­қтан біз мек­теп пар­та­сы­нан бастап сол тіл­ді оқы­та­мыз. Міне, солар­дан бұл тіл­дер­ді білуін талап ете міз», – деп түсін­дір­ді президент.
ҚазТАГ
Масқара!

Өз халқы­мы­зды
улауға
ЖЕР БӨЛІП БЕРЕМІЗ

Қаза­қстан ресей­лік зымы­ран бөл­шек­тері құлай­тын аумақ ретін­де Қоста­най облы­сы­нан 100 мың гек­тар жер бөл­мек. Маман­дар оған ерекше қорға­ла­тын табиғи аумақ та кіріп кетуі мүм­кін екенін айтады.

Ақпан­ның 25‑і күні интер­нет­те Қоста­най облы­стық әкім шілі­гінің Жан­гел­дин ауда­ны­нан ресей­лік зымы­ран­ның бөл­шек тері құла­уы тиіс жер бөлуді жос пар­лап оты­рға­ны тура­лы ха тының көшір­месі пай­да болды.
Облы­стық табиғи ресур­стар және табиғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу басқар­ма­сы аты­нан жазыл ған құжат­та: «Қоста­най облы­сы әкім­ді­гінің жер қаты­на­ста­ры басқар­ма­сы­ның 2016 жылғы 22 ақпан­дағы №2–09/225 хаты­на сәй­кес Жан­гел­дин ауда­ны ау мағын­да «Союз‑2» зымы­ран та сығы­шы­ның бөлі­нетін бөл­шек терінің құлай­тын жаңа ауда­ны ның ашы­луы жос­пар­ла­ну­да. Осы ған бай­ла­ны­сты 29 ақпанға дей­ін өз қоры­тын­ды­ңы­зды ұсы нылған мате­ри­ал­дарға сәй­кес беруіңізді сұрай­мыз» деп жа зыл ған.
«Азаттық» тіл­шісі Қоста­най дағы жер­гілік­ті билік орын­да­ры­на хабар­ла­сып, бұл деректің жай-жап­са­рын сұра­ды. Хат­та айты­лған Жан­гел­дин ауда­ны әкім­ді­гі ондағы Ақкөл село­лық окру­гі маңы­нан шама­мен 100 мың гек­тар жер­ді ресей­лік зымы­ран қал­ды­қта­ры құлай­тын ау мақ ретін­де қарас­ты­рып жат қанын растады.
– Олар­дың айтып оты­рған жер­лері – сор­таң жер­лер. Ша бын­дық та емес, жай­ы­лым­дық та емес, негізі­нен сор­таң жер­лер. Ол жер­лер­ге шаруа қожа­лы­қта­ры жақын орна­ласқан. Шама­мен 5–6 шақы­рым жер­де тұрған шаруа қожа­лы­ғын басқа жаққа көшіруі мүм­кін, – деді Жан­гел­дин аудан­дық Жер қаты­на­ста­ры бө лімінің бас­шы­сы Төлен­ді Ғани матұ­лы «Азаттық» тілшісіне.
Жер­гілік­ті билік өкіл­дері де ре гін­ше, Ресей зымы­ран тасы ғышы­ның бөл­шек­тері құла­уы үшін жаңа­дан бөлін­бек 100 мың гек­тар жер­дің 20–30 пай­ы­зы «Алтын дала» мем­ле­кет­тік табиғи резер­ва­ты аумағын­да жатыр. 2012 жылы Орта­лық Қаза­қстан ның дала­лық және шөл­ді эко жүйе лерінің біре­гей био­алу­ан дылы­ғын сақтау мақ­са­тын­да құ рылған бұл резер­ватқа Қоста­най облы­сы Жан­гел­дин және Аман гел­ді ау дан­да­ры­ның 500 мың гек­тар жері кіреді. Резер­ват ау мағы­на киік­тің негіз­гі мекен дей­тін, қоныс ауда­ра­тын және төл­дей­тін жер­лері енген.
Қоста­най облы­сы Жан­гел­дин аудан­дық Жер қаты­на­ста­ры бө лі мінің бас­шы­сы Төлен­ді Ғани матұлы­ның сөзін­ше, ол аудан­да бұған дей­ін де ресей­лік зымы­ран тасы­ғыш бөл­шек­терінің құлау ына арналған аумақ бөлін­ген. Ол жер аудан орта­лы­ғы Торғай­дан оңтүстік­ке қарай 80 кило­метр­дей тұстағы Ақшы­ға­нақ елді мекені маңында.
– Екі жыл бұрын беріл­ген. Көле­мі – 40 мың гек­тар. Жар­ты­сы – Ақтө­бе облы­сын­да, жар­ты­сы – біз­де, Қоста­най облы­сын­да. Енді жай­ы­лым­дық жер­лері де бар ғой, бірақ негізі­нен сор­таң жер­лер, – дей­ді Төлен­ді Ғани­мат ұлы. Оның сөзін­ше, Ресей тара­бы бұл жер үшін жылы­на 350 мың АҚШ дол­ла­рын төлей­ді, ол ақша жер­гілік­ті бюд­жет­ке түседі.
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн