Суббота , 5 июля 2025

ҚҰДІРЕТТІ «ҚАЗАҚМЫС» прокуратураңа пысқырмайды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Дүниені қоны­шы­нан басқан…

 

Халы­қтың қазы­на­сын қылғы­тқан «Қаза­қ­мыстың» қомағай­ла­ры өзін «жер­де­гі жар­ты құдай­дай» сезі­неді. Олар ком­па­ни­я­ның құлағын ұстаған В.Кимнің қара­пай­ым кен­ші неме­се бүй­ірі қабысқан бай­ы­ту­шы сияқты «жал­да­ма­лы жұмыс­шы­сы» екенін есіне де алмай­ды. Бар айыр­ма­шы­лық – жалғыз жалақы­сын­да. Кен­ші мен бай­ы­ту­шы­ның тапқан-таянға­ны күн­көрісіне зорға жете­ді, ал бас­шы­лы­ққа бір табан жақын тұрған­ның табысы оны он орап ала­ды. Сосын олар ойы­на кел­генін істейді.

 

«Сыны­қтан басқаның…»

Қаза­қта осы­лай баста­лып, «бәрі жұға­ды» деп аяқта­ла­тын мағы­на­сы мық­шиған мақал бар. Осы «Қаза­қ­мыстың» жастар одағы құры­л­тай­шы­сы болып табы­ла­тын «Мысты өңір» газеті» ЖШС-нің дирек­то­ры  З.Исмагуловаға арнап айты­лған­дай. Неге?

«Отқа сал­са жан­бай­тын, суға сал­са бат­пай­тын» С.А.Тысевич деген бір мықты бар. Егер ол бол­маған­да, «Қаза­қ­мысың» қолай­лы қыз­мет­кер тап­пай, қараң қалған­дай-ақ екен. Қан­дай қаси­еті­мен көз­ге түс­кенін қай­дам, ком­па­ни­я­ны «оңтай­лан­ды­ру» опы­рып бара жатқан қиын кезең­де Антон ақсақал­дың ұлы Сер­гей қос қыз­мет­тің құлағын ұстап отыр.

Самай­ын қырау шалып, шашы сел­діре­се де, Сер­гей жастар одағы төраға­лы­ғы­ның тіз­гінін басқаға беретін емес. Оның үстіне «Кәсі­пҚа­за­қ­мыс» кәсі­по­дағы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры» деген лау­а­зы­мы тағы бар. Кен­шілер, бай­ы­ту­шы­лар мен метал­лург­тер «арқа еті арша, бор­бай еті бор­ша» болып тапқан жары­тым­сыз жалақы­сы­нан бала-шаға­сы­ның аузы­нан жырып төле­ген жар­на­сы­ның қызы­ғын көріп, екі жалақы алып, жырғап жүріп жатыр.

«Мына еке­уі де сай­лан­ба­лы қыз­мет қой, көп­шілік сенім артып жат­са, аза­мат қалай бас тар­та­ды?» деп оты­рған шығар­сыз?! Бір қараған­да солай. Бірақ «Қаза­қ­мыстағы» қоғам­дық қыз­мет­тен қадір-қаси­ет кет­келі қашан?! Оған бара­тын­дар кім­нің қас-қабағы­на қарау керекті­гін біледі, әйте­уір жар­на төлей­тін жұмыс­шы­ларға емес. Егер бас­шы­лы­қтың көңілі­нен шық­па­саң, бық­пырт тиген­дей қыла­ды. «Кәсі­пҚа­за­қ­мыс» – сон­дай қитұрқы­лы­қ­пен құры­лған «қал­та­кәсі­био­дақ».

Сол Сер­гей серің кезін­де жастар одағын­да істе­ген, кей­ін көп­тің күші­мен «Кәсі­пҚа­за­қ­мыстан» қуы­лып, жұмыс­сыз жүр­ген, қаза­қ­ша­ны қақ­пай­тын З.Исмагулованы биыл мамыр­да «Мысты өңір» газетіне бас­шы­лы­ққа тағай­ын­да­ды. «Сыны­қтан басқа­ның бәрі жұға­ды» деген рас екен, ол кел­ген бет­те бір кез­де­гі тәлім­гері­нен үйрен­ген тәжіри­бесін қол­да­нуға кірісті.

Өзінің осал­ды­ғын білетін бас­шы жаны­на жағым­паз­дар­ды жина­ды. Олар­дың атын атап, түрін түсте­мей-ақ қояй­ық, біз­ге бел­гілісі: ұжым­ның өзге мүше­лерінің қар­сы­лы­ғы­на қара­ма­стан, бір ада­мға – бір жарым, екін­шісіне – екі жалақы кесіп бер­ді. Есесіне кел­ген бет­те, мамыр­дан бастап, жур­на­ли­стер­ге қала­мақы төле­уді тоқтат­ты. Оған: «Оу, мұның не?» дей­тін тірі жан табылмады.

«Жеке мен­шік ком­па­ни­я­ның ішкі шаруа­сы­на біз ара­лас­пай­мыз. Қара­жа­ты көтер­се, қан­ша жалақы төле­се де, өзі біледі», –  дей­ді Жезқазған қала­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Жан­бо­лат Мұқышев.

Сөйт­сек, құдірет­ті «Қаза­қ­мыс» про­ку­ра­ту­раңа да пысқыр­май­ды екен.

 

«Жалған диплом» жәрмеңкесі

«Биыл «Қаза­қ­мыста» жалған диплом­мен ұсталған жиыр­ма шақты адам­ның ісін сотқа өткіздік. Көп­шілі­гі көп­тен қыз­мет істей­тін, жасы елуді еңсеріп қалған адам­дар», – дей­ді қала­лық ІІБ аны­қтау (дозна­ние) бөлі­мінің басты­ғы Бір­жан Базарбаев.

«Қаза­қ­мыста» жастар­дан жасы­рын, ере­сек­тер ара­сын­да «Жалған диплом жәр­мең­кесін» ұйым­да­сты­рып жүр­ген біреу бар-ау, сірә?! Соның «игілі­гін» көріп оты­рған­ның бірі – аймақтық «Мысты өңір» газетінің дизай­нері Уль­зи­ра Жан­на­за­ро­ва, жасы елу­ден асқан. Алпыс жол ақпа­рат жаза алма­са да, «шынайы беріл­ген­ді­гі үшін» З.Исмагулова редак­тор етіп тағай­ын­даған. «Қосым­ша қыз­мет» түрін­де. Мұның мәні – дизай­нер­лік­ке қосым­ша редак­тор­лы­қтың жар­ты жалақы­сын ала­ды, бірақ бұры­нғы­сын­ша газет қат­тай береді.

«Қаза­қ­мыста» ештеңе­ге таң қалуға бол­май­ды. Елдің еті үйрен­ген, «е‑е» дей­ді де қояды. Мынау да – соның бірі. Қаза­қ­ша шыға­тын газет­ті ана тілін­де жібі түзу екі ауыз сөз құра­с­ты­ра алмай­тын З.Исмагулова сияқты­лар басқа­ра береді. Өз өмір­ба­я­нын қатесіз жазуға қабілеті жет­пей­тін­дер газет­ке «редак­тор Уль­зи­ра Жан­на­за­ро­ва» деп қол қояды. Мей­лі ғой, бірақ бір «бір-ақ!» болмаса.

ЖезқазғандаУ.Жанназарованы білетін­дер оның қалай редак­тор болға­ны­на әлі түсіне алмай жүр. Бұрын елден «сату­шы­лық кур­сты бітір­ген куәлі­гі бар, кезін­де көкөніс дүкенін­де сауда жасаған» деп ести­тін­біз. Сөйт­сек, оның білі­мі – орта, дизай­нер­лік маман­ды­қтың өзін жол-жөне­кей (прак­тик) мең­гер­ген болып шықты. Жұр­тқа «жоға­ры білім­ді жур­на­лист­пін» дегені жалған екен.

«Уни­вер­си­тет рек­то­ра­ты Уль­зи­ра Сер­жанқы­зы Жан­на­за­ро­ва 2011 жылы «жур­на­ли­сти­ка» маман­ды­ғы бой­ын­ша күн­діз­гі және сырт­тай бөлім­ді бітір­ген­дер тізі­мін­де жоқ екен­ді­гін хабар­лай­ды» дей­ді әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің бірін­ші про­рек­то­ры М.Бүркітбаев мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен күрес жөнін­де­гі ауда­на­ра­лық Жезқазған аймақтық басқар­ма­сы­на жібер­ген жауабында.

Жуыр­да осы жау­ап негізін­де Жезқазған қала­лық ішкі істер басқар­ма­сы «Құжат­ты қол­дан жасау» бабы бой­ын­ша іс қозғады…

Жағым­сыз жаңа­лы­қтың жамиғатқа жария болға­ны­на айдан асты, ал Уль­зи­ра түк бол­маған­дай «редак­тор­лы­ғын» атқа­рып жүріп жатыр. Бірақ «Қаза­қ­мыстың» бас­шы­ла­ры­на бәрібір!

 

Аспан­дағы «айқас»

Қыр­күй­ек­тің орта­сын­да «Қаза­қ­мыстың» қыз­мет­кер­леріне қаты­сты қолай­сыз алы­пқа­шты әңгі­ме тара­ды: «Үш бір­дей біл­дей бас­шы араққа сылқия той­ып алып, Қараған­ды­ға қаты­най­тын ұшақты жолай Жаңа­арқаға қон­дыр­мақ­шы болып­ты-мыс». Көңіл­ге қон­бай­тын қисын!

Алай­да сол оқыс оқиғаға қаты­сты не ком­па­ния бас­шы­лы­ғы, неме­се оның бас­пасөз қыз­меті жақ ашпа­ды. Ондай үнсіздік жұрт­шы­лық ара­сын­да әртүр­лі өсек-аяң­ның өрісте­уіне түрт­кі бола­ты­ны бел­гілі. Бұл жолы да гу-гу әңгі­ме жер­дің беті түгілі, шах­та­ның шыңы­ра­уын шар­лап кетті.

Алды­мен алға­шқы нұсқа­сын айтайық.

«Қаза­қ­мыс» кор­по­ра­ци­я­сы­ның бас дирек­то­ры Б.Қрықпышевтің жақын жол­да­сы, «Жезқазған­түсті­мет» өндірістік бір­ле­сті­гінің бас дирек­то­ры Қай­рат Шал­мағам­бе­тов, қыз­метін бас дирек­тор­мен бір­ге бастаған, кор­по­ра­ци­я­ның қауіп­сіздік және еңбек қорғау жөнін­де­гі дирек­то­ры Қанат Шай­қы­бе­ков, ден­са­улық қорғау және зиян­ның орнын тол­ты­ру депар­та­мен­тінің дирек­то­ры Қай­рат Мей­ра­мұ­лы «жол жуа­мыз» деп, жоға­ры­дағы­дай жай­сыз жағ­дай­ға ұшы­раған. Бары – осы!

Бірақ оның маз­мұ­нын былай­ғы жұрт былай бай­ы­та­ды. «Аз болып қалған соң, жолай Жаңа­арқаға түстен­гісі кел­ген ғой», «Ұшақ пен отар­ба­ны шата­сты­рып алған шығар», «Құдай­дан қоры­қ­пай, стю­ар­дес­саға көзін сүзіп­ті», «Ұшақта үше­уі ғана емес, «Қаза­қ­мыстан» он екі адам болып­ты», «Қай­рат Шал­мағам­бе­тов ұшақ бор­тын­да бол­мап­ты, бірақ ком­па­ни­ядағы бір мықты­ның бал­ды­зын бүр­ке­ме­леп, бол­маған істі мой­ны­на алып­ты»… Осы­лай өрнек­теліп кете береді.

Тая­у­да «Қаза­қ­мыс» кор­по­ра­ци­я­сы бас­пасөз қыз­метінің бас­шы­сы В.Магайға теле­фон шал­дым: «Қай­рат Шал­мағам­бе­тов, Қанат Шай­қы­бе­ков және Қай­рат Мей­ра­мұлы­на қаты­сты қолай­сыз әңгі­менің тараға­ны­на екі айға жуы­қта­ды. Ел ара­сын­да өсек өріп жүр. Бір­деңе демей­сің­дер ме?».

«Менің де білетінім шама­лы», – деді ол.

«Онда ол үше­уі­мен кез­де­суді ұйым­да­стыр­шы», – деп өтіндім.

«Қай­рат Мей­ра­мұ­лы­мен сөй­лесіп көрей­ін. Ал анау еке­уін жұмыстан шыға­рып жібер­ген, қай­да жүр­генін біл­мей­мін», – деді Вла­ди­мир Сергеевич.

Сөзіне онша сене қой­ма­сам да, теле­фон қоңы­ра­уын күтіп жүрмін…

Әлі­бек ӘБДІРАШ,

жур­на­лист,

Жезқазған қала­сы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн