ДОКТОР БЕРІК немесе Сәті түспеген сұхбат

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (395) от 31 августа 2017 г.

 

Біле жүрейік


 

Соңғы уақытта қазақстандық баспасөзде Берік Жәңгірбаевтың феномені туралы жиі жазыла бастады. Адам ағзасындағы түрлі ауруларды емдеуге қатысты жаңаша көзқарас қалыптастырған қазақтың халықаралық марапаттары мен сыйлықтары да баршылық екен: Еуропалық Бизнес Ассамблеясының медицина мен денсаулық сақтау саласындағы Халықаралық Сократ сыйлығы; Вена Халықаралық Университетінің құрметті профессоры; Чижевский атындағы Академияның академигі; «Адамзат алдындағы қызметі үшін» Зороастрий колледжінің мақтау қағазы (Бомбей, Индия); «Жүзжылдық меценаттары» Халықаралық қайырымдылық қорының «Абырой мен шарапат» медалінің иегері…

 

Халықаралық дәрежеде аты танылған Берік Жәңгірбаевты Қазақстан біле ме? Ол кім? Оның емдік қасиеті қандай?

Газет оқырмандары жолдаған осындай сауалдардың жетегімен біз Берік мырзаны іздеп, сұхбаттасу үшін офисіне бардық. Доктор Берік жұмыс үстінде екен. Көмекшісі: «Бүгін қолы тимейді, бос уақытына жазылуға болады…» – деді.

«Біз емделу үшін емес, сұхбат алу үшін келдік…».

«Өкінішке қарай, сұхбат алуға да жазылып қою керек…».

«Енді қайттік?».

«Амал жоқ… Бәлкім, өзі шыққанда сөйлесіп көрерсіз…».

Арада жарты сағаттан артық уақыт өткенде өзі шықты. Газет редакциясы тапсырған бұйымтайымызды айттық.

«Телефондап алу керек еді… Бүгін уақытым болмайды ғой…» – деп, Берік доғдыр шарасыздық танытты.

«Жұмыстан кейін ше?».

«Менде «жұмыстан кейін» деген уақыт болмаушы еді… Сіз алдымен мені «сырттан» оқып, танысып алыңыз. Сұхбаттасуды содан кейінгі бір күнге белгілейік, уақытын көмекшіммен келісерсіз» – деп, доғдыр Берік қайтадан кабинетіне кіріп кетті. Өзін Алина деп таныстырған жас қыз алдыма бір бума (папка) қағаз қойды. Пікірлер кітапшасы екен – еріксіз бумаға үңілдім.

 

• Исламова Махбуба (Әзірбайжан):

Менің жасым 67-де. Берік Жәңгірбаевқа мен әртүрлі аурулармен келдім. Біріншіден, мені жүрегім мазалайтын. Былтыр жазда мен микроинсульт алдым, содан кейін менің басым жиі ауыратынды шығарды және бойымда жансыздану, тоңу мен аяғымда әлсіздік пайда болды. Соның әсерінен менің жүрісім де әлсіреді. Аяғымның тоңатыны соншалық, тіпті жаздың ыстығында да шұлықсыз жүре алмадым.

Берік доктордың көмегімен жүрек тұсымда және барлық ағзада жылылық сезілді. Ем жасаған 2–3 күнде мен жүрек тұсымда оқыстан шаншу сезіндім де, башпайларым ауыра бастады, бірақ ол лезде кетті. Ем алып жүрген 9-шы күні ауруларым қозып, қызуым және қан қысымым көтерілді, қатты ұйқым келді. Алайда келесі күні бәрі лезде тоқтап, мен өзімді бұрынғыдан әлдеқайда жақсы сезіндім.

Бір кездері мен көлік апатына ұшырап, иығымды сындырып алған болатынмын. Сынған орным күш түскенде және ауа райы өзгергенде жиі ауыратын. Емдеу процесінде иығым ауыратынын қойды. Сонымен қатар аяғым ұйығанды қойды, ақырында аяғым жылып, мен аяғыма шұлық кимей жүре алатын күйге көштім.

Микроинсульт алғаннан кейін, сөйлескен кезде қосымша күш керектігін байқайтынмын. Қазір ол да жойылды. Менің көзім шайдай ашылып, кенеттен қызықты іспен айналысу туралы ойлар туды. Жұмыс жасағым келді. Бұған дейін өзімді нашар сезінгендіктен, мен үнемі ауруым мен оның емдеу амалдары туралы жиі ойлайтынмын, ал қазір өзімді толыққанды адам ретінде сезінемін.

Емделуге мен күйеуім Исламов Алимен келдім. Оның жасы 69-да. Ол созылмалы шаршау мен селқостықтан зардап шегетін. Соңғы кездері оның белі қатты ауыратын. Ешқандай май дәрі-дәрмек оған көмектеспейтін. Ол да Берік Жәңгірбаевтан емделу курсын алуға шешім қабылдады.

Маған қарағанда ол емнің бірінші күні-ақ жүрек және бауыр тұсында қатты ыстықты сезінді. Кейіннен белдегі ауруы түгел кетті. Ол да өзін мендей сергек, қуатты және жинақы сезінді. Қалыпты жағдайына қайта оралды.

 

Фарит Гайфуллин

(58 жас, Петропавл қ-сы):

2014 жылы мені жүрегім қатты мазалады. Маған күш жұмсап, еңбектену қиынға соқты, ентігіп, қан қысымым көтерілетін болды. Содан бері мен екі рет толықтай медициналық тексеруден өттім және мәселе екі рет аортальды қақпақшада екені анықталды, яғни ол қатты кальцийленген екен.

Маған аортальды қақпақшаның күрделі стенозы, жүрек жеткіліксіздігі, гипертония деген диагноз қойылды. Осы жылы жағдайым нашарлап, дәрігерлер бір айдан соң қақпақшаны ауыстыру үшін ота жасау қажет екенін айтты. Мен ота жасатқым келмеді, тығырықтан шығар басқа жол іздедім. Ғаламтордан мен Берік Жәнгірбаев туралы ақпаратты таптым. Бұл менің мүмкіндігім екенін түсіндім де, бірден қабылдауға жазылдым. Бірінші қабылдаудан кейін-ақ мен өзімді сергек сезіндім. Дәрігер маған аурудың аздаған қозуы болатындығын ескерткен еді. Екінші күні қозу ретінде ағзаның реакциясы білінді. Мен емімді жалғастырдым, күн өткен сайын өзімді жақсы сезіне бастадым.

Ем алған алғашқы күндері мен жай ішкі жылылықты сезінгенмін. Алайда 4-ші күні сол жағымнан, әсіресе қолымда ыстық леп соққаны соншалық, саусақтарым дірілдеп кетті. Содан 5-ші күні ыстық сол аяғыма жетті. Енді бұл қуат жеткілікті деңгейде ағзама бекігендігіне көзім жетті, себебі мен қайтадан өзімді сау сезініп тұрмын. Онкүндік емдеу курсында менің ентігуім кетті. Мен жоғарыға, тауға, баспалдаққа жеңіл көтеріле аламын. Жеңіл болғандығы соншалық, тіпті жүгіргім де келді! Енді мен өзімді өте жақсы сезінемін!

 

Жанна (Алматы):

Мен 27-жастамын, екі баласының анасымын. Берік Жәңгірбаевтан ем алғанға дейін мен үнемі енжар, селсоқ қалде жүретінмін. Менің ағзамда гормондар бұзылып, соның әсерінен жыныстық мүшеме зиян келген-ді. Бұның барлық себебі қан қысымымның төмен болуы екен, өмір бойы қан қысымым 90/60. Осының себебінен менің үнемі аяқ-қолым тоңатын. Жұмыста қол беріп амандасуға ұялатынмын.

Берік Жәңгірбаевтан ем алғаннан кейін, мен аяқ-қолымның ақырында жылынғандығына таң-тамаша болдым. Қан қысымым да қалыпқа келіп, біртіндеп ауруларым да кетті.

Менің білінбей жүрген ауруларым да анықталды. Мен ем алған екі күн ішінде дене бойымда тек жай ғана жылылықты сезінсем, біртіндеп, оқыстан жүрек жағымда жауырын астында қатты ыстықты сезіндім, ол қатты ауырып, бірталай уақытқа дейін сол қолымды қозғалта алмадым, бірақ кейіннен ауырғаны басылды. Мен оқыстан бүкіл денемде біртүрлі жарылыс болғандай, қатты ыстықтың құйылғанын сезіндім. Бұл айтып жеткізе алмайтын әсер.

Менің жауырынымның астында ісік бары анықталды. Ол да толықтай басылып, тарап кетті. Бүгінгі күні өзімді өте жеңіл сезінем, ағзамның жалпы тонусы көтерілді. Денсаулығыма байланысты мені мазалаған жайттардың енді бәрі артта қалды. Менің күйгелектігім басылып, байсалды, салмақты бола бастадым және шабыт пайда болды. Жұмысқа құлшынысым артты.

 

Бекайдар Каржау

(62 жас, Шымкент):

Мен Берік Жәңгірбаевқа жүрек ауруымен келдім. Дәрігерлер маған аритмия деген диагноз қойды. Менің жүрек соғысым өте баяу болды, минутына норма бойынша 80 соққы болу керек болса, менде 32 ғана болды. Тексеру кезінде дәрігерлер ұйқы кезінде жүрек соғысының ұзақтығы 2 секундтан астам көптеген үзілісін анықтады. Мұндай жағдайда шұғыл түрде кардиостимулятор қою керектігін айтты, олай істемесе, жүрек кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін. Менде гипертония басталып, қатты ентігу пайда бола бастады, мен үшін екінші қабатқа көтерілудің өзі азап болатын. Ұзақ уақыт бойы дәрі қабылдаған ем нәтиже бермеді.

Доктор Берікте ем алғаннан кейін жүрек соғысының ырғағы қалыпқа келді. Ентіккенім басылып, енді бұрынғыдай көп шаршамайтын болдым. Қан қысымым орнына келді, ақырындап түсе бастады және жалпы жай-күйім жақсарды. Менің шыдамдылығым арта түсті. Бұл – айтса нанғысыз жайт!

 

Мен қазақшаға аударған осы пікірлерді оқып отырғанда, Берік доғдыр кабинетінен шықты.

«Сіз әлі осындасыз ба?».

«Иә, мынау пікірлер кітапшасымен танысып…».

«Жақсы болған екен… Көпшілік адам өзінің ауруға қарсы тұру қабілетін біле бермейді, білмеген соң – пайдалану мүмкіндігі өшеді… – деп, Берік мырза болашақ сұхбаттың бір ұшығын бастаған сыңай білдірді. – Бірақ бұл ұзақ әңгіме, ал қысқаша айтар болсам, бұл өмірде өзін-өзі жеңген адам ғана қиындықты жеңе алады. Өмір адамға өзінің мүмкіндігін барынша көрсету үшін беріледі. Адам табиғатпен берілген мүмкіншілікті 5–10 пайыздан аспай ғана қолданады. Ал мен өз мүмкіншілктерімді барынша көп деңгейде жүзеге асырғым келеді. Мүмкін емес нәрсе болмайды, бұл – менің өз өмірімдегі ұстанымым. Сондықтан мен күнде өз өмірімнің мәнісімен айналысамын, қысқа уақыттың ішінде мен жүректегі қан айналымының күшін арттыруға тырысамын. Оны мен ағзадағы жарылыс деп атаймын. Ал бұл жарылыс бүкіл ағзаға әсер етеді, оны қазіргі трендпен «перезагрузка» деп атайды…».

«Қызық екен… Сонда адам да компьютер сияқты қайтадан жүктелетін болғаны ма?».

«Иә, ағзаны қайтадан жүктеу үшін, доктордың дәруі мен адамның өз қабілетін оята білу құдіреті керек…».

«Ол қандай құдірет болды сонда?».

«Оны келесі жолы келгеніңізде айтып берем… Бүгінгі график тығыз. Алина, журналист жолдасты қабылдауға жазып қой!» – деп, сөз соңында көмекшісіне нұсқау берген доктор Берік «сау болыңыздың» белгісімен қолымды қысып, қайтадан кабинетіне кіріп кетті.

Ал мен «қабылдауға жазылып» кеттім. Сондағы сұхбатты күтейік…

Айсұлу ОСПАН,

«D»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн