Суббота , 12 июля 2025

ДОЛЛАР ҚЫМБАТТАҒАН СОҢ, шағын бизнес тоқтай бастады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

Дағ­да­рыс дабылы

 

«Тең­ге деваль­ва­ци­я­сы­нан кей­ін Алма­ты­да жалға беру ақы­сы күрт қым­бат­тап, бос қалған сауда орын­да­ры көбей­ген» деп хабар­лай­ды «Азаттық» тілшісі.

 

Теп­се темір үзетін жастағы Санат Жақ­сы­лы­қов төрт жыл бұрын Алма­ты­дағы сауда орта­лы­ғы­нан орын­ды жалға алып, спорт киім­дерін сата­тын шағын биз­нес ашқан. Жұрт ағы­лып жата­тын Көк база­рдың жаны­нан ашқан дүң­гір­ше­гі тұрақты табыс көзіне айна­лып, шаруа­сы бір­тін­деп өрге басып келе жатқан.

Санат көле­мі төрт шар­шы метр­лік орын­ды жал­да­уға айы­на 90 мың тең­ге төлеп тұрған. Бірақ тең­генің дол­ларға шаққан­дағы баға­мы 50 пай­ы­здай құл­ды­раған тамыз деваль­ва­ци­я­сы­нан кей­ін сауда орта­лы­ғы бас­шы­лы­ғы жалға беру ақы­сын 110 мың тең­ге­ге (400 дол­лар шама­сын­да) қым­бат­та­тып жіберген.

– Кәсібім енді ғана дөң­ге­лене бастаған еді, дол­лар аяқ асты шары­қтап шыға кел­ді. Біз­ге «кәсіп­теріңе кесірі тимей­ді» дегені қай­да?! Енді, міне, тау­а­рым өтпей, бути­гім­ді жауып таста­дым, ал ай сай­ын мұн­ша ақша төле­у­ге менің шамам кел­мей­ді, – дей­ді Санат Жақ­сы­лы­қов «Азатты­ққа».

Қырғыз­стан­нан киім-кешек әкеліп сата­тын кәсіп­кер­дің айтуын­ша, деваль­ва­ци­ядан кей­ін тау­ар құны мен жол пұлы да, зат сақтай­тын қой­ма­лар да қым­бат­таған, ал сатып алушы­лар­дың қара­сы азай­ған. Енді ол кіш­кен­тай екі бала­сы мен қазір декрет­тік дема­лыс алып үйде оты­рған жұбай­ын қалай асы­рай­мын деп уайымдайды.

Қаза­қстан­да кең­се, дүкен, тамақтан­ды­ру орын­да­ры сияқты ком­мер­ци­я­лық орын­дар­ды жал­дай­тын кәсіп­кер­лер көбі­не­се АҚШ дол­ла­ры баға­мы­м­ен есеп айы­ры­са­ды. Билік жари­я­лаған дедол­ла­ри­за­ция (эко­но­ми­ка­дан дол­лар­ды ығы­сты­ру) сая­са­ты өзге сала­лар сияқты бұл салаға да оң әсерін тигіз­ген жоқ. Қаза­қстан кәсіп­кер­лері қауым­да­сты­ғы дирек­то­ры Ермек Әбіл­дин «бұл жағ­дай шағын биз­нес кәсі­по­рын­да­ры­на да қиын тиіп, тұты­ну­шы­ның да қал­та­сын жұқар­тып бара­ды» деп есептейді.

– Ком­мер­ци­я­лық жай­лар­ды жалға беру­ге дол­лар қым­бат­та­уы­ның қаты­сы жоқ бол­са да, жалға беру­шілер баға­ны өсіріп жатыр. Жалға беру­ші­мен қан­дай жол­мен келі­суді кәсіп­кер­дің өзі таң­да­уы тиіс. Шағын және орта биз­нес құр­ды­мға кетіп бара­ды. Жалға алған орын­ның ақы­сын төлеу үшін кәсіп­кер­лер сатып оты­рған заты­ның баға­сын қым­бат­та­та­ды, ал мұның зардаб­ын қара­пай­ым халық тар­та­ды, – дей­ді Ермек Әбіл­дин «Азатты­ққа».

«Азаттық» тіл­шісінің бақы­ла­у­ын­ша, соңғы айлар­да Алма­ты­дағы ком­мер­ци­я­лық ғима­рат­тар­дың сыр­ты мен сөре­лерін­де «Жалға беріледі, саты­ла­ды» деген жазу­лар көбей­ген. Бұл құбы­лыс қала орта­лы­ғы­мен қатар қала шетін­де де байқалады.

Эко­но­мист Айбар­ша Хай­рол­лақы­зы: «Зәулім үйлер­дің бұрын сұлулық салон­да­ры, тури­стік фир­ма­лар, дүкен­дер мен шағын дәм­ха­на­лар орна­ласқан бірін­ші қабат­та­ры­ның көбі бос тұр. Кәсіп­кер­лер арзан­дау орын ізде­у­ге мәж­бүр неме­се еріксіз нары­қтан кетіп жатыр», – дейді.

– Ста­ти­сти­ка коми­теті «биыл қыр­күй­ек­те­гі инфля­ция дең­гейі бір пай­ы­зды құра­ды» деп күл­кілі сан­ды көр­се­те­ді. Сауда орын­да­ры­нан ұсақ кәсіп­кер­лер ғана емес, ірі арен­да­тор­лар да кетіп жатыр. Менің­ше, сауда орта­лы­ғы қожай­ын­да­ры жалға беру баға­сын арзан­да­туы тиіс», – дей­ді экономист.

Эко­но­ми­стің айтуын­ша, дәрі-дәр­мек, азық-түлік қым­бат­таған, ал сұлулық салон­да­ры шебер­лер­дің қыз­меті­нен бас тар­тып, амал­сыз үнем­де­у­ге көш­кен кли­ент­тері­нен айы­ры­лып жатыр. Ал Қаза­қстан билі­гі деваль­ва­ци­ядан кей­ін халы­қты «тең­генің құн­сызда­нуы тұты­ну­шы­ға әсер етпе­уі тиіс» деп сендірген.

Алма­ты қала­сы кәсіп­кер­лік басқар­ма­сы­ның сауда бөлі­мі маман­да­ры «Азатты­ққа» «сауда орта­лы­қта­ры­ның про­бле­ма­сы­мен айна­лы­сып жатыр­мыз, дәл қазір сұрақта­ры­ңы­зға жау­ап бере алмай­мыз» деген уәж айт­ты. Қазан айы­ның орта­сын­да Алма­ты­ның ірі сауда-ойын сауық орта­лы­қта­рын­дағы кәсіп­кер­лер «орын­ды жал­дау ақы­сы дол­ларға бай­ла­у­лы, сон­ды­қтан биз­несі­міз шығы­нға бат­ты» деп мәлім­деп, ондаған бутикті бір­не­ше сағатқа жауып тастаған. Сауда орта­лы­ғы қожай­ын­да­рын көн­діру­ге тыры­сқан кәсіп­кер­лер­дің әлгі «демар­шы­на» қаты­сқан Қаза­қстан ритей­лер­лері қауым­да­сты­ғы­ның пре­зи­ден­ті Васи­лий Горе­вой Қаза­қстан­да тұты­ну­шы сұра­ны­сы 35 пай­ы­зға кеміп, Алма­ты­дағы ком­мер­ци­я­лық орын­ды жалға беру став­ка­сы Еуро­па­ның ірі қала­ла­рын­дағы баға­мен шама­лас деп, өз деректерін келтірген.

Сауда орта­лы­ғын­дағы бути­гін жапқан алма­ты­лық тұрғын Санат Жақ­сы­лы­қов қазір базар­лар­ды зерт­теп жүр. Ол базар­лар­дан жалға беру ақы­сы арзан­дау орын қарас­ты­рып, сауда­сын жай­ма база­рға шығып жалға­сты­рып көр­мек. Оның үстіне ел билі­гі «нағыз дағ­да­рыс» әлі алда екенін ескер­тіп жатыр. Санат Жақ­сы­лы­қов «бұры­нғы «эли­та­лық» кли­ент­тер енді еріксіз үнем­де­у­ге көшіп, киім­ді база­рдан ала­тын шығар» деп үміттенеді.

Алма КЕНЖЕБЕКОВА,

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн