Суббота , 5 июля 2025

Дос НҰР-АХМЕТ: «Әркімнің» меншігін қорғайтын аймақты МЕМЛЕКЕТ ЕМЕС – «ОФШОР» ДЕЙДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

Енді үш күн­нен кей­ін Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгізу­ге ел пре­зи­ден­ті «бел­гілеп бер­ген» бір айлық там-тұм мерзім тау­сы­ла­ды. Ал жоба­ны талқы­лау және оған өзгерістер мен ұсы­ны­стар жасау қалай, қан­дай мүд­делілік­пен жүріп жатыр – ол жағы қоға­мға қап-қараңғы – жүріп жатқан науқан­ның жай-жап­са­ры Ақор­да билі­гіне ғана мәлім.

Сон­ды­қтан қаза­қстан­дық билік өзі ұсы­нған өзгерістер жоба­сын «халы­қтың жап­пай талқы­ла­уы мен қол­да­уы» нәти­же­сін­де қабыл­дап жібе­руі әбден мүм­кін. Елге таны­мал зия­лы қауым өкіл­дерінің дені үнсіз жатыр. Олар­дың «билік­тің бай­ла­у­ын­дағы» бірен-сараңы «дұрыс» дегені бол­ма­са, қоғам­да беделі бар ақын-жазу­шы­лар, таны­мал ғалым-заң­гер­лер тара­пы­нан «бұрыс» деген пікір некен-саяқ қана. Ал Кон­сти­ту­ци­яға билік ұсы­нған өзгерістер­ге қар­сы іс-әре­кет, қарым­ды қауһар таны­тқан аза­мат­тар­дың быты­раңқы топ­та­ры әр-әр жер­ден әлсіз ғана үн қату­да. Шама­сы, бұл – билік­тің дегеніне мой­ын­сұ­ну­дың бел­гісі емес, қоғам­ды тұм­ша­лаған қорқы­ны­штан туған дәр­мен­сіз үнсіздік­тің бел­гісі бол­са керек. Міне, қазақ қоға­мы бастан кешіп жатқан осын­дай кезек­ті бір үрей­лі жолай­ры­қта біз елге таны­мал ұлт жана­шы­ры, фило­со­фия док­то­ры, Окс­форд Ака­де­ми­я­лық Одағы­ның ака­де­ми­гі Досмұ­ха­мет Нұр-Ахмет мыр­за­ны «ДАТ!» айда­ры аясын­да ой бөлі­су­ге шақы­рған едік.

 

 

– Дос мыр­за, сіз кезін­де қаза­қстан­дық билік қоға­мға тық­па­лаған «Ұлт­тық док­три­наға» бала­ма бағ­дар­ла­ма жасау үшін баста­ма көтеріп, қазақ мүд­десін қорға­уға бел­сене қыз­мет еткен аза­мат­тар­дың бірісіз. Еске сала кет­сек, ол Док­три­на билік­ке дөңай­бат көр­се­те алмаға­ны бел­гілі. Ал енді содан бері сіз­ден көз жазып қалған оқыр­ман­дарға қаза­ққа қарай­лас нен­дей тір­лік­пен айна­лы­сып жүр­геніңізді айтып өтсеңіз?

– Алды­мен мағлұ­ма­ты­ңы­зды толы­қты­ра кетей­ін: «Қаза­қстан­ның Ұлт Бір­лі­гі Док­три­на­сын» қабыл­дау жай­лы билік шешім қабыл­дап, өз жоба­сын халы­ққа жари­я­лаған кез­де, Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз бастаған ұлт жана­шыр­ла­ры қар­сы шығып, қауқар көр­сет­ті. Содан соң біз­дер – ұлт жана­шыр­ла­ры өзі­міздің бала­ма кон­цеп­ци­я­мы­зды жари­я­ла­дық. Біраз тар­ты­стан кей­ін ортақ Жұмыс тобы құрыл­ды. Жұмыс бары­сын­да, екі жақтың да ұсы­ны­ста­рын мұқи­ят сарап­тай келе, олар­дан өзге­ше – Док­три­на­ның жаңа жоба­сын дай­ын­даға­ным­ды және оны әрі қарай, жұмыс тобын­да, Қоғам­дық комис­си­яда басқа да әріп­те­стерім­мен бір­ле­се оты­ра, қызу талқы­лап, нәти­же­сін­де, пре­зи­дент­тің билік ұсы­нған емес, біздің жоба­мы­зды қабыл­даға­нын мәр­те­бе тұта­ты­ным­ды жасыр­май­мын. Соны­мен қатар, атал­мыш Док­три­на «Қаза­қстан – 2020» стра­те­ги­я­сы бой­ын­ша да басым­ды­лы­ққа ие. Ал оның неге орын­дал­май жатқа­ны – басқа әңгіме.

Ал сіздің «көз жазып қал­ды» деген сұрағы­ңы­зға кел­сек, Док­три­на­ның жалға­сы ретін­де және Қаза­қтың ұлт­тық мем­ле­кет­тілі­гін қалай сақтап қала­мыз әрі дамы­та ала­мыз деген сұрақтарға жау­ап ретін­де, «Мем­ле­кет және Ұлт» деген моно­гра­фи­ям­ды, МГУ-лік доста­рым­ның көме­гі­мен Мәс­кеу шаха­рын­да шығар­дым. Қаза­қстан­ның Тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғы­на арнап, интер­нет­те «Мем­ле­кет және Ұлт» деген парақ­ша ашып, онда 25 лек­ция жари­я­лаған едім. Енді сол парақ­ша­да ұлтық мем­ле­кеті­міз үшін күрес­кен қаһар­ман­дар­ды да дәріп­те­мек­ші­міз. Ұлт­тық идео­ло­гия бағы­тын­да жүр­ген­дік­тен, мәсе­ле­ге тереңірек үңіл­сем деймін.

Әрі жур­на­лист, бло­гер, бол­ма­са – поли­то­лог емес, ғылым ада­мы болған­ды­ғым­нан, «ел шетіне жау тиген­де» ғана еле­нетін Беке­жан­дай, көп­тің көзіне түсе бер­мей­мін. Қоғам­ның Жібе­гі менен Төле­ген­дері қазір басқалар…

– Иә, «басқа­лар» көсем болған қоғам­ның бүгін­гі бет алы­сы қорқы­ны­шты. Енді міне, сол Док­три­наға «қаза­қтар – мем­ле­кет құру­шы ұлт» деген тұжы­рым­ды жаз­ды­ра алмай, билік «отар­сыздан­дан­ды­ру сая­са­тын жүр­гізу­ге тиіс» деген қағи­да сол құжат­тың маз­мұ­ны­нан тыс қалып, «қаза­қтың ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­на басым­дық берілуі тиіс» деген бап­ты кір­гі­зе алмай оты­рған­да, Ата заңға осы елдің аза­ма­ты – «әркім» деген тір­кест­ің қау­пі туын­да­ды. Көп­ті көр­ген, ел шетіне шығып жүр­ген аза­мат­сыз ғой, Дос­ке, енді қайт­пек керек дерсіз?..

– Тағы да сол қабыл­данған Док­три­на­ның маз­мұ­нын әңгі­ме қыл­саңыз, онда оған тіке­лей сіл­те­ме жасай­ын. Құжат­тың «біс­сі­міл­ләсі» былай баста­ла­ды: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы қазақ халқы­ның сан ғасыр­лық мем­ле­кет­тілі­гінің құқы­қтық, тари­хи жалғыз дара мұра­гері және оның сая­си, мем­ле­кет­тік құры­лы­мы­ның табиғи жалға­сы болып табы­ла­ды. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы өз тәу­ел­сізді­гін қорғау және ұлт­тық мем­ле­кет­тілі­гін күшей­ту жолын­дағы бар­лық шара­лар­ды атқарады»…

«Қазақ КСР мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гі тура­лы» Декла­ра­ци­яда және «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік Тәу­ел­сізді­гі тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­да еге­мен­ді ұлт­тың әрі қарай ұйы­суы­ның негіз­дерін айқын­даған екі қағи­дат жария етіл­ді: бірін­ші­ден – Қаза­қстан мем­ле­кетін құру­дың алғы­шар­ты болып табы­ла­тын қазақ халқы­ның өз тағ­ды­рын өзі таң­дау құқы; екін­шісі – елдің бар­лық аза­мат­та­ры үшін жаса­ла­тын тең мүм­кін­дік (http://assembly.kz/kk/el-birligi-doktrinasy ).

Яғни, біз елі­міздің Қаза­қтың ұлт­тық мем­ле­кеті екенін толық дәлел­деп шықтық. Олай бол­са, Қаза­қтың ұлт­тық мүд­десін, бар­лық ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды қорғау, әрі қарай қол­дау – өкі­мет­тің тіке­лей мін­деті. Ол қағи­дат та Док­три­на­да айшы­қталған. Ал, Ата заң­ның 26-шы бабы­на өзгеріс енгі­зу жай­лы дау­лы ұсы­ны­сқа кел­сек, айта­рым: аза­мат­сыз мем­ле­кет бол­май­ды. Ал аза­мат­тар бірік­кен кез­де ұлтқа айна­ла­ды. Әрбір мем­ле­кет­тің иесі де, киесі де – Ұлт. Сон­ды­қтан, әрбір мем­ле­кет «әркім­ді» емес, өз аза­мат­та­рын қорға­уы тиіс. Егер, ел аза­мат­та­ры тиесілі мен­шік құқы­ғы­нан айрыл­са, онда мем­ле­кет­ке тіке­лей қауіп төнеді.

Қоры­та айт­сам: Өз аза­мат­та­ры­ның мен­ші­гін емес, «әркім­нің» мен­ші­гін қорғай­тын аймақты мем­ле­кет емес – «офшор» дейді…

 

– Дәл айт­ты­ңыз – офшор­да «кім көрін­ген» жүреді. Өзіңіз де аңдап жүр­сіз: билік ұлт сая­са­ты­на қаты­сты мәсе­ленің бәрін айна­лып өтіп кет­кісі келеді. Ала­штың жұр­тын алдарқа­ту­мен алып ұра­мыз дей­тін болуы керек. Содан міне, ширек ғасыр­лық тәу­ел­сіздік­те ұлт сая­са­ты­ның жүй­есі жасал­ма­ды. Оған не себеп болуда?

– Айна­лып өтіп кет­кісі келетіні – тіке­лей өту­ге «рұқ­сат қаға­зы» («про­пускы») жоқ болар. Ал көрін­ген шека­ра­дан «айна­лып өтіп кететін­дер­ді» кім деп атай­ты­нын өздеріңіз де білесіз­дер… Ал, әлі күн­ге дей­ін өзі­міздің ұлт­тық сая­са­ты­мы­здың жүй­есі жасал­мау себебі – менің пай­ым­да­уым­ша, ескі жүйе елі­міз­ден әлі кет­кен жоқ, ұлт мүд­десі жеңіс­ке әлі жет­кен жоқ. Өзінің ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы жоқ мем­ле­кет­тер өзге­лер­дің идео­ло­ги­я­сын жүр­гі­зетіні – шын­дық. Ал бұл – руха­ни құлдық!

 

– Егер ұлт­тық идея, ұлт­тық идео­ло­ги­я­мыз қан­дай болуы керекті­гін айқын­дау, аны­қтау мәсе­лесі күн тәр­тібіне қой­ыл­са, Жер мен Қазақ деген егіз ұғым талқы­ға түсер ме еді?

– Мем­ле­кет­те­гі мәсе­ле­лер­ді «Күн тәр­тібіне» билік қана қоя ала­тын боп көрін­гені­мен, қоғам­дағы мәсе­ле­лер­ді «күн тәр­тібіне» аза­мат­тық қоғам­ның өзі қояды. Сон­ды­қтан, ұлт­тық иде­я­ны, идео­ло­ги­я­ны айқын­дау мәсе­лесі, біз сезсек те, сезбе­сек те – күн тәр­тібін­де тұр. Қазақ пен Жер – талай­дан тағ­дыр талқы­сын­да. Жер­сіз мем­ле­кет жоқ.

Сон­ды­қтан бар­лық елдің пат­ри­от­та­ры қасық қаны қалған­ша Жер үшін, Отан үшін күре­седі. Жері «най­за­ның күші» арқы­лы қорғап қана емес, «қалам­ның ұшы» арқы­лы да айры­лып қалуға бола­ды. Қиын кез­де, қазақ жерін сақтап қалған Жұма­бек Тәше­нев аға­мы­здың: «Елім­нің мүд­десі үшін қия­мет­ке бол­са да дай­ы­н­мын…», «бұл мәсе­лені шешу былай тұр­сын, тіп­ті күн тәр­тібіне қоюға қар­сы­мын» деген сөз­дерін қалай ұмытамыз?!

 

– Дос мыр­за, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың Жар­лы­ғы­мен құры­лған «Мем­ле­кет­тік билік­тің тар­мақта­ры ара­сын­да өкілет­тік­тер­ді қай­та бөлу мәсе­ле­лері жөнін­де» жұмыс тобы Кон­сти­ту­ци­я­ның жеке­мен­шік­ке арналған 26-бабы­на өзгерістер енгі­зу тура­лы ұсы­ны­ста­ры қасақа­на жаса­лып отыр деген көзі қарақты аза­мат­тар­дың пікіріне алып-қоса­ры­ңыз бар ма?

– Осы жай­ын­да жари­я­ланған пре­зи­дент өкім­дерін мұқи­ят зерт­тей келе, мен және басқа да экс­перт­тер тұжы­рым жаса­дық. Қажет десеңіз­дер – оның мәтінін берей­ін, газет­те жари­я­ла­у­ға бола­ды. Ал қысқа­ша айтар бол­сам, Пре­зи­дент­тің өкі­мі­мен құры­лған жұмыс­шы топ­тың Кон­сти­ту­ци­яға, оның ішін­де – 26 бап бой­ын­ша да, ешқан­дай ұсы­ны­стар­ды енгізу­ге ҚҰЗЫРЕТІ ДЕ, ҚҰҚЫҒЫ ДА ЖОҚ. Енде­ше, жұмыс тобы­ның бүкіл­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға шыға­ры­лған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» ҚР Заңы жоба­сы­ның ішіне Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабы­ның жаңа редак­ци­я­сын енгі­зу жай­лы ұсы­ны­сы – ЗАҢСЫЗ.

 

– Рах­мет, Дос мыр­за, ол тұжы­рым­ды біз­ге беріңіз – тұта­стай бөлек жари­я­лай­ық (қараңыз – төмен­де жария етіл­ді). Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабын өзгер­ту­ге арналған ұсы­ны­стар қабыл­данған жағ­дай­да, пре­зи­дент жари­я­лаған «жер жай­ын­дағы мора­то­рий­інің» күшін жояды деп ойлай­сыз ба?

– Ол мора­то­рий пре­зи­дент жар­лы­ғы арқы­лы бекітіл­ген­дік­тен, Заң­нан күші жоға­ры бола алмай­ды. Ал Кон­сти­ту­ция дегені­міз жәй заң емес, ол – Ата заң! Ата заң­нан жоға­ры – Халық қана! Яғни, Кон­сти­ту­ция мен басқа құжат­тар­ды салы­сты­руға бол­май­ды, әрі ол әбес­тік болар еді. Сон­ды­қтан, әрбір ел, әрбір мем­ле­кет өзінің мызғы­мас құн­ды­лы­қта­ры менен жыл­жы­мас прин­циптерін Кон­сти­ту­ци­я­сын­да бекі­те­ді. Олай бол­са, ең дұры­сы – жер­ге бай­ла­ны­сты Пре­зи­дент жари­я­лаған мора­то­рий­де­гі бап­тар жар­лы­қ­пен емес, Кон­сти­ту­ци­яға енгізіліп бекітіл­се, бүкіл халық той­лар еді! Келе­ше­гін де сенім­мен ойлар еді.

 

– Атал­мыш ұсы­ны­стар Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гіне, мем­ле­кет­тілі­гіне қауіп туды­ра­ды деген пікір­ді сіздің тарқа­туы­ңы­зда тың­дап көрелікші?

– Өзіңіз ойлап көріңіз: Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 91-бабы­ның 2‑ші тар­мағын­да тіке­лей былай жазы­лған: «Кон­сти­ту­ци­яда бел­гi­лен­ген мем­ле­кет­тiң бiр­тұ­та­сты­ғын және аумақтық тұта­сты­ғын, Рес­пуб­ли­ка­ны басқа­ру ныса­нын өзгер­ту­ге болмайды».

Ал, Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабын өзгер­ту­ге арналған ұсы­ны­стар, қабыл­данған жағ­дай­да, Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тiк бiр­тұ­та­сты­ғы­на және аумақтық тұта­сты­ғы­на қауіп төн­діруі мүм­кін. Нәти­же­сін­де, теріс қоғам­дық жағ­дай­лар мен күй­зелістер­ге алып кел­се, рес­пуб­ли­ка­ны басқа­ру ныса­нын да өзгер­ту­ге жете­ле­уі мүм­кін. Сон­ды­қтан, жұмыс тобы ұсы­нған Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабын өзгер­ту тура­лы ұсы­ны­стар Заң жоба­сы­нан алы­нып таста­луы, дауы­сқа салын­ба­уы тиіс. Қауіп пен қатер­дің беті­нен осы­лай ғана құты­ла ала­тын шығармыз…

 

– Ал жеке­ле­ген сая­сат­та­ну­шы­лар мен қоғам бел­сен­ділері айтып жүр­ген­дей, қоғам­ның қар­сы­лы­ғы­на тап болған 26-бапқа енетін өзгерістер жап­пай әле­умет­тік нара­зы­лы­ққа ұла­сып кетуі мүм­кін бе?

– Әле­умет­тік нара­зы­лық – әле­умет нара­зы болған кез­де ғана туын­дай­ды. Оның бетін ары қыл­сын, бірақ нара­зы­лық – ол түп­кі нәти­же­сі ғой. Менің­ше, нара­зы­лы­қты туды­рып ап, нара­зы­лар­мен емес, алды­мен, оған алып кел­ген, бұн­дай жағ­дай­ға жете­лей­тін себеп­тер­мен күре­су керек. Егер де, Жұмыс тобы­ның 26-бап бой­ын­ша ұсы­ны­ста­ры әле­умет­тік нара­зы­лы­ққа жете­ле­уі мүм­кін бол­са, онда оған алдын ала тосқа­уыл қою­мыз керек. Тек, «Өзің біл­ме, біл­ген­нің тілін алма!» деген ауы­руға ұшы­ра­ма­сақ болды.

 

– Айт­пақ­шы, сіз Мұх­тар Шаха­нов бастап құрған Қазақ Ұлт­тық Кеңесінің мүше­сі едіңіз: енді мынау Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зу арқы­лы Ұлт­тық мүд­де­ге қауіп төн­ген кез­де бұл Кеңес неге үнсіз жатыр деп ойлайсыз?

– Себебі әртүр­лі болуы мүм­кін, сырт­тан тон пішпей-ақ қояй­ын… Анық-қаны­ғын ұйым басын­дағы аза­мат­тар­дан сұрар­сыз. Менің­ше, бұл үнсіздік был­тыр – Жер мәсе­ле­лері көтеріл­ген кез­де де анық сезіл­ді. Бұл ұйым­дағы бар­лық ауырт­па­лық пен жау­ап­кер­шілік­ті жалғыз Мұқаңа ғана арта бер­ген дұрыс емес деп ойлай­мын… Док­три­на­ны талқы­лау кезін­де «бір жең­нен – қол, бір жаға­дан – бас шыға­ра» алып, нәти­же­ге жет­кен едік, билік енді келесі бір кері нәти­же­ге жібер­мес үшін, «полит­тех­но­лог­тар» қол­дан біраз «жеке батыр» жасап жатыр-ау дей­мін. Ал егер де, ортақ ұғым, дер­бес ұйым бол­ма­са, көп­те­ген іс – далбаса.

 

– Жал­пы өзі бұл Кеңес қазір нен­дей тір­лік жасап жатқа­ны­нан хабар­дар­сыз ба?

– Тір­лік жасап жатқан болар, бірақ ірілік жасап жатқа­ны­нан хабар­сыз­бын. Ал біз, бұн­дай кезең­де, Қазақ Ұлт­тық Кеңесі­нен, тір­лік қана емес, аты­на сай, ірілік пен ерлік күтеміз!

 

– Бұл ойы­ңы­зға біз де толық қосы­ла­мыз. Сұх­ба­ты­ңы­зға дән риза­мын, Дос мырза!

 

 

Ерму­рат БАПИ

 

 

Тұжы­рым

 

Кон­сти­ту­ци­я­ның 26 бабын өзгерту

ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСЗАҢСЫЗ

 

• Қаза­қстан­ның Экс­перт­тік Қыз­метінің (Қаз­Экс­перт) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 26 бабы­ның жаңа редак­ци­я­сы жайында.

 

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің 2017 жылғы 11 қаңтар­дағы № 140 Өкі­міне» сәй­кес Мем­ле­кет­тік билік­тің тар­мақта­ры ара­сын­да өкілет­тік­тер­ді қай­та бөлу мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ұсы­ны­стар­ды тұжы­рым­дау мақ­са­тын­да жұмыс тобы (ары қарай-жұмыс тобы) құрылды.

Жұмыс тобы 2017 жылғы 26 қаңтар – 2017 жылғы 26 ақпан ара­лы­ғын­да өткізілетін бүкіл­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға шыға­ры­лған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Заңы­ның жоба­сын (ары қарай – Заң жоба­сы) дай­ын­да­ды. (Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің 2017 жылғы 25 қаңтар­дағы № 141 Өкімі)

Заң жоба­сы­ның бірін­ші тар­мағы бой­ын­ша Кон­сти­ту­ци­я­ның 26 бабы төмен­ге­гі­дей редак­ци­яда ұсынылған:

1. 26-бап­тың 1 және 2‑тармақтары мына­дай редак­ци­яда жазылсын:

«1. Әркiм заң­ды түр­де алған қан­дай да бол­сын мүл­кiн жеке мен­шi­гiн­де ұстай алады.

2. Жеке мен­шік құқы­ғы­на қол сұғыл­май­ды. Мен­шiк­ке, оның iшiн­де мұра­гер­лiк құқы­ғы­на заң­мен кепiл­дiк берiледi. Егер Кон­сти­ту­ци­яда өзге­ше көз­дел­ме­се, заң­ды жол­мен алы­нған мүлік­ке мен­шік құқы­ғын шек­тей­тін неме­се одан айы­ра­тын заң­дар­ды және өзге де құқы­қтық актілер­ді қабыл­да­уға жол берілмейді».

Жоға­ры­да көр­сетіл­ген Пре­зи­дент Өкім­дерін мұқи­ят зерт­тей келе Қаза­қстан­ның Экс­перт­тік Қыз­меті (Қаз­Экс­перт) келесі тұжы­ры­мға келді:

1. Жұмыс тобы, Пре­зи­дент өкім­деріне сәй­кес, жалғыз ғана мақ­сат­та құры­лған. Ол – ТЕК ҚАНА «Мем­ле­кет­тік билік­тің тар­мақта­ры ара­сын­да өкілет­тік­тер­ді қай­та бөлу мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ұсы­ны­стар­ды тұжы­рым­дау». Жұмыс тобын­да одан басқа мақ­сат бол­мауы керек.

2. Жұмыс тобы тек қана мем­ле­кет­тік билік­тің тар­мақта­ры ара­сын­да өкілет­тік­тер­ді қай­та бөлу мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ұсы­ны­стар­ды ғана тұжы­рым­дап, енгі­зе ала­ды және, одан бөтен, ешқан­дай құзірет берілмеген.

Яғни, атал­мыш топ Кон­сти­ту­ци­я­ның басқа бап­та­ры бой­ын­ша, оның ішін­де – 26 бап бой­ын­ша да, ешқан­дай ұсы­ны­стар­ды енгізу­ге ҚҰЗЫРЕТІ ДЕ, ҚҰҚЫҒЫ ДА ЖОҚ. Енде­ше, Жұмыс тобы­ның бүкіл­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға шыға­ры­лған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заңы­ның жоба­сы­ның ішіне Кон­сти­ту­ци­я­ның 26 бабы­ның жаңа редак­ци­я­сын енгі­зу жай­лы ұсы­ны­сы – ЗАҢСЫЗ. Оның үстіне: Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ны Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 91 – бабы­ның 2‑ші тар­мағын­да атап көр­сетіл­ген­дей: «Кон­сти­ту­ци­яда бел­гi­лен­ген мем­ле­кет­тiң бiр­тұ­та­сты­ғын және аумақтық тұта­сты­ғын, Рес­пуб­ли­ка­ны басқа­ру ныса­нын өзгер­ту­ге болмайды».

Ал, Кон­сти­ту­ци­я­ның 26 бабын өзгер­ту­ге арналған ұсы­ны­стар, қабыл­данған жағ­дай­да, Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тiк бiр­тұ­та­сты­ғы­на және аумақтық тұта­сты­ғы­на қауіп төн­діруі мүм­кін. Және де, нәти­же­сін­де, теріс қоғам­дық жағ­дай­лар мен күй­зелістер­ге алып кел­се, Рес­пуб­ли­ка­ны басқа­ру ныса­нын да өзгер­ту­ге жете­ле­уі мүм­кін. Сон­ды­қтан, Кон­сти­ту­ци­я­ның 26 бабын өзгер­ту тура­лы ұсы­ны­стар Заң жоба­сы­нан алы­нып таста­луы, дауы­сқа салын­ба­уы тиіс.

Досмұ­ха­мет НҰР-АХМЕТ,

Қаза­қстан­ның Экс­перт­тік Қызметінің

(Қаз­Экс­перт) пре­зи­ден­ті, фило­со­фия докторы,

Евро­па Табиғи ғылым­да­ры академиясының

және Окс­форд Ака­де­ми­я­лық Одағы­ның академигі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн