Суббота , 5 июля 2025

Досхан Жолжақсынов: Құнанбайды БАСҚАҒА қия алмадым…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Ұлтқа ұлағат

 

– «Құнан­бай» көр­кем филь­мінің алға­шқы тұса­у­ке­сер көр­сетілі­мін Алма­ты­да неме­се Аста­на­да емес, неге Абай ауда­нын­да ұйым­да­сты­рып жатырсыз?

– Көкей­і­міз­де Құнан­бай­ды айт­сақ – Абай, Абай­ды айт­сақ – Құнан­бай тұра­ды. Оған қоса, кино­ны Абай ауда­нын­да түсір­дік. Көп­шілік сахна­сы­на қаты­сқан – сол жер­дің адам­да­ры. Кино түсіруді баста­мас бұрын, алғаш барып, сол жер­де­гі ақсақал­дар­дың бата­сын алдық; Құне­кеңнің басы­на барып, ту бие сой­ып, құран бағы­шта­дық; бәй­гесін бер­дік. Енді фильм­нің алға­шқы тұса­у­ке­серін сол жер­ден бастау – менің аза­мат­тық пары­зым еді…

– Құнан­бай бей­несі біз­ге Мұх­тар Әуе­зо­втің «Абай жолы» эпо­пе­я­сы арқы­лы таныс. Яғни, оқыр­ман сана­сын­да ол бір­бет­кей, қыңыр, көп сөй­ле­мей­тін кей­іп­кер ретін­де қалып­та­сты. Ал кино­дағы Құнан­бай­дың бей­несі қан­ша­лы­қты өзге­ше, әлде сол Әуе­зов жолы­мен жүр­діңіз­дер ме? Фильм көре­рмен­ге жет­кен­ге дей­ін «әтте­ген-ай» дей­тін жер­лері бол­са, өз аузы­ңы­з­бен айта ала­сыз ба?

– Ұлы Мұқаң­ның дүни­есі біз­ге бағыт-бағ­дар екені хақ. Бірақ ол роман­ның мақ­са­ты зама­ны­на, сол кезеңнің сая­си көзқа­ра­сы­на сай бол­ды. Сон­ды­қтан да ондағы Құнан­бай бей­несінің сәл басқа­ша­лау болға­ны рас. Бірақ Құне­кең тура­лы одан кей­ін де қан­ша­ма мағлұ­мат­тар арқы­лы Құнан­бай­дың бел­гісіз ақиқат­та­ры ашы­лған­дай бол­ды. Осы­ның бәрін сара­лай оты­рып, кино­да пен­де­уи Құнан­бай­ды сомда­дық. Оты­рып ап, билік айтқан­нан гөрі, қиналған Құнан­бай, ойланған Құнан­бай, шешім қабыл­даған Құнан­бай қылып алдық. Өмір сүр­ген кезеңін көр­се­те білдік.

Өнер­дің ұлы­лы­ғы сон­да болу керек – ойла­на бер­сең, қаза бер­сең, жет­пей­тін, кем­шін тұстар шыға береді. Сол себеп­ті «әтте­ген-ай» дей­тін жер­лер бар. Фильм­ді мон­таж­дау кезін­де күніне бір емес, бір­не­ше мәр­те көре оты­рып, «әтте­ген-ай, мына жерін былай­ша шыға­ру керек еді-ау» дей­тін тұста­ры бол­ды, әрине. Бірақ оның бар­лы­ғы кеш. Сон­ды­қтан оны қозға­май-ақ қояй­ын. Ең басты­сы – ойлаған ой, қозғаған пәл­са­па, салы­нған астар ойым­нан шықты.

– «Дос­хан Жол­жақ­сы­нов Құнан­бай рөлін ойнаған­нан кей­ін кино­дан кетем деп­ті» дей­тін сыбыс шын­ды­ққа қан­ша­лы­қты жақын?

– Кино­да Барақтың Құнан­бай­ға: «Өлсем, аяғым үзең­гі­де кет­сін» деп айта­ты­ны бар еді. Сол айтқан­дай, Құдай саулық беріп, қол-аяққа аман­дық беріп тұрған кез­де әлі де шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лыс­сақ дей­міз. Бірақ оның бәрі жеке біз­ге де бай­ла­ны­сты емес. Інім­дей болған Тала­с­бек­тің (Тала­с­бек Әсе­мқұ­лов, кино­дра­ма­тург, жазу­шы – Ред.) кенет­тен марқұм боп кет­кені қабы­рғам­ды қайыстырды.

– Сіз түсір­ген екі фильм­нің де сце­на­риін жазған Тала­с­бек Әсе­мқұ­лов марқұм­ның үшін­ші бір жоба­сы «Томи­рис хан­шай­ым» да дай­ын екені бұған дей­ін айты­лған бола­тын. Аталған жоба­ны көр­діңіз бе, егер көр­сеңіз, бола­шақта қолға алу ойда бар ма?

– «Томи­рис хан­шай­ым­ның» сце­на­риі жазы­лған соң, бірін­ші болып оқы­ған өзім едім. Маған ұна­ды. Кей жеріне өзім­нің пікірім­ді айтып ем. Соның бар­лы­ғы біт­кен­нен кей­ін біз тап­сы­рып едік. Бірақ бұған үлкен қар­жы керек. Бұл жүр­дім-бар­дым кино емес. Қар­жы­ның табы­луы қиын. Сон­ды­қтан тоқта­ты­лған. Ал сце­на­рийі дай­ын. Ол кино­сту­ди­яда («Қаза­қ­фильм»), нұсқа­сы қолы­мы­зда да бар.

– Өзіңіз түсір­ген екі фильм­нің еке­уін­де де басты рөл­ді, бас кей­іп­кер­ді өзіңіз ойнап­сыз. Өзіңіз түсір­ген кино­да басты рөл­ді ием­де­нуіңіз қан­ша­лы­қты дұрыс шешім деп қабылдадыңыз?

– Біреу ойла­уы мүм­кін, «мынау кино­ны оң жам­ба­сы­на дай­ын­дап, тек өзі түсу үшін жасай­ды екен» деп. Тіп­ті де ондай бол­ма­ды. Өмір бой­ғы дай­ын­ды­ғым, сана­лы ғұмы­рым – «Бір­жан сал­да» (кино­фильм). Жоба­ны ұзақ дай­ын­дап, Бір­жан обра­зын бой­ы­ма сіңір­дім, оның үстіне өзім актер­мін. Сөй­тіп келіп, өзі­ме телі­ген кез­де оны біре­у­ге қия алма­дым. Соны­мен қатар режис­сер ретін­де басқа біре­умен (бас рөл­де ойнай­тын актер) көп жұмыс істеу керек. «Құнан­бай­да» да тура сон­дай бол­ды. Бес жыл дай­ын­дал­дық. Актер ретін­де оның қимыл-әре­кеті, көзқа­ра­сы, ой қоры­ту тәсілі, жүріс-тұры­сы­на дей­ін ойлаған соң, оны басқа бір әртіс­ке қию қиын. Оның үстіне өзім­нің қолым­нан келіп тұр­са, неге ойна­масқа?! Сон­ды­қтан осын­дай шешім­ге кел­генім рас.

– Актер Дос­хан Жол­жақ­сы­но­втың режис­сер болуға тал­пы­нып, бір­ден тари­хи, оның ішін­де таны­мал тұлға­лар тура­лы көр­кем фильм­дер түсіру­ге баруы­ның себебі неде? Бұл сән­ге айналған атақ шыға­ру­дың жаңа түрі ме?

– Мен­де осы­мен (өзі түсір­ген киножо­ба­лар­мен) атағым­ды шыға­рай­ын, бедел жинай­ын деген ой жоқ. Сал-серілер­ді баяғы­да әке­міз­ден есту­ші едік. Жал­пы арма­ным – күй шер­тіп, ән айту еді. Бірақ бұған тек дастар­хан басын­да, қонақ алдын­да деген­дей ғана мүм­кін­ді­гім болып қал­ды. Актер­лы­ққа кет­кен­нен кей­ін ой-өріс, ой қоры­ту басқа­ша бол­ды. Тың тақы­рып­тар іздей баста­дым. Сол тың тақы­рып­тың ең бірін­шісі, «әп» деп аузы­мы­зға ілін­гені – осы сал-серілер бол­ды. Тала­с­бек еке­уміз қатар оты­рып, осы­ны іздедік. Бес жыл­дай дай­ын­дал­дық. «Бір­жан сал» филь­мі солай кел­ген дүние. Ал «Құнан­бай» – өзі сұра­нып тұрған тақы­рып. Сон­ды­қтан бұл – атақ шыға­ру­дың емес, заман­ның талабы.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн