Пятница , 4 июля 2025

ДОСЫМ СӘТПАЕВ зейнетақы қорындағы БЫЛЫҚТЫ АШТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

«Тесік шелек»


 

Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қорын­дағы ақшаға түр­лі мем­ле­кет­тік жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­руға мора­то­рий енгі­зу керек. Оның орны­на қазір бұл қорға аудит жүр­гізіп, үкі­мет ұстаған ақша­ның тиім­ділі­гін аны­қтай­тын тес­ке­ру мен сарап­та­ма­лар жасау керек, дей­ді БЖЗҚ жаны­нан құры­лған қоғам­дық кеңе­стің төраға­сы, бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев LSM басы­лы­мы­на бер­ген сұхбатында.

 

«Ұлт­тық қор­дың ақша­сын түгес­кен­дер енді зей­не­тақы ақша­сы­на қол салып жатыр. Мәсе­лен, қазір көп­те­ген сарап­шы дефолт жағ­дай­ы­на тап болып үлгер­ген елі­міз­де­гі бірқа­тар банк­тер­дің шотын­дағы зей­не­тақы жинағы­ның қауіп­сізді­гіне қаты­сты қобал­жу біл­діріп жатыр.

Тәжіри­бе көр­сетіп оты­рған­дай, біздің шене­унік­тер – өте нашар мене­джер, олар өз ақша­сы­нан гөрі, өзгенің ақша­сын шаш та төк пай­да­ла­нуға әбден машы­қта­нып алған. Мәсе­лен, Ұлт­тық қор­дағы «бола­шақтың ақша­сын» сөйт­ті емес пе? Енді бұл бас­сыздық «бола­шақ зей­нет­кер­лер­дің» ақша­сы­на қаты­сты орын алуда.

Сол секіл­ді бөлін­ген ақша­ның қай­та­ры­мы көп­тің күмәнін туғы­зып жатыр. Елі­міздің жүйе құру­шы банк­терін аман алып қалу үшін Ұлт­тық қор­дан бөлін­ген 10 млрд дол­лар­дың кері қай­туы­на қаты­сты елба­сы­ның өзі үкі­мет­тен жау­ап ала алма­ды емес пе?..

Қалай деген­мен де, өзгенің қал­та­сы­на түсетін шене­унік­тер­дің тәбетін жою керек. Өзінің зей­не­тақы жинағын қай­да инве­сти­ци­я­лау керекті­гін қатар­дағы салым­шы­ның өзі шешуі керек, ал шене­унік­тер­дің онда шатағы бол­ма­сын. Мора­то­рий ең алды­мен осы үшін керек», – дей­ді Досым Сәтпаев.

Оның пікірін­ше, өзі басқа­ра­тын қоғам­дық кеңес «Қаза­қстан­ның зей­не­тақы жүй­есі» деп ата­ла­тын бекінісі мықты қамал ішіне тап болған «Троя жылқы­сы» секіл­ді. «Троя жылқы­сы­нан» қазір мем­ле­кет­тік құры­лым­дар қат­ты үркіп жатыр екен.

Зей­не­тақы ақша­сы қай­да инве­сти­ци­я­лан­ды – соның бар­лы­ғы­нан жау­ап алы­на­ды. «Ең алды­мен, біз іске кіріс­кен­де, зей­не­тақы ақша­сы­ның тиім­ді жұм­са­луы­на қаты­сты мем­ле­кет­тік құры­лым­дарға жан-жақтан ресми сау­ал жол­дай баста­дық. Көбіне оған жау­ап­ты Ұлт­тық банк­тен алып отыр­дық. Мәсе­лен, темір­жол сала­сын қол­да­уға зей­не­тақы жинағы­нан бөл­мек­ші болған 50 млрд тең­генің жайы ше? Бұл ақшаға жау­ап­ты кей­бір мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың ұйқы­сы шай­дай ашы­лып, жау­ап іздей баста­ды. Ақы­ры ол керек емес деп, баста­рын ала қашты», – дей­ді саясаттанушы.

Иә, біз шене­унік­тер­ді састы­ра­тын осын­дай сау­ал­дар­ды үне­мі ортаға тастап оты­ра­мыз. Кім қол сал­ды, қай­сысы зей­не­тақы ақша­сы­нан дәмелі – бәрін сұра­с­ты­ра­мыз. Енді был­тыр кон­тей­нер­лер тасы­ма­лы үшін 1,1 мың темір­жол плат­фор­ма­сын сатып алуға бөлін­ген 17,5 млрд тең­ге­ге қаты­сты түсінік­те­ме берілмек.

«Қазір біз соның жау­а­бын күтіп отыр­мыз. Бұл әлі – басы. Әрине, үкі­мет халы­ққа оның бәрін ашып айтып, ағы­нан жары­ла­ды деген­ге сену қиын. Бірақ бір там­шы су тас жара­ды емес пе?.. Мәсе­лен, MEGA Silk Way «Бай­те­рек Development» арқы­лы алған 5 млрд тең­ге қары­зын мерзі­мі­нен бұрын жап­ты. Бұл да зей­не­тақы ақша­сы болып шықты. Қалған 10 млрд тең­ге алдағы айлар­да жабы­лып қала­ды. Демек, біз қолға алған іс нәти­же­сін бере баста­ды», – деп­ті Досым мырза.

Сон­дай-ақ Досым Сәт­па­ев жинақта­у­шы зей­не­тақы ақша­сын бір қорға жина­удың артын­да қара ниет­тің болға­нын айтады.

«Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры­на бәрін бірік­тір­ген соң, аяқ асты­нан шама­мен 90 млрд тең­ге зей­не­тақы жинағы жой­ы­ла­ты­ны (спи­са­ни­е­ге кететіні) мәлім етіл­ді. Бұл Қаза­қстан халқы­ның адал еңбе­гі­мен тапқан ақша­сы­ның 10 пай­ы­зын «тесік шелек­ке» салып жатқа­ны секіл­ді. Менің­ше, біры­ңғай қорға зей­не­тақы ақша­сын бірік­тіріп, бір жер­ге жина­уда стра­те­ги­я­лық мақ­сат бол­маған. Тек біре­улер бұл қор­ды түр­лі мем­ле­кет­тік жоба­ларға ақша ауда­ру­да екін­ші мем­ле­кет­тік бюд­жет неме­се Ұлт­тық қор ретін­де пай­да­ланғы­сы кел­ген болуы керек.

Жал­пы, БЖЗҚ-ны құру мүд­де­лер қақты­ғы­сы­на әкеліп соққа­нын ұмыт­паған жөн. Зей­не­тақы ақша­сы­мен Ұлт­тық қор айна­лы­са бастаған кез­де-ақ, «зей­не­тақы қаза­ны­на» үкі­мет, түр­лі мини­стр­лік­тер, ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дар «қасы­қта­рын» ала жүгір­ді. Бұған өз актив­терін­де зей­не­тақы ақша­сын сақтай­тын біз­де­гі банк­тер­ді де қосы­ңыз. Онда да бұл банк­тер­дің қар­жы­лық тұрақты­лық жайы өте күмән­ді. Олар­дың басым бөлі­гі сая­си эли­та­мен біте қай­на­сқан биз­нес-қауым­да­стық өкіл­дері кел­бетін­де­гі ірі акци­о­нер­лер­дің арқа­сын­да күн көріп отыр.

Демек, қатар­дағы зей­не­тақы жинағы салым­шы­ла­ры есебі­нен біздің эли­та өздерінің қаты­сы бар түр­лі қар­жы құры­лым­да­рын қол­дап отырады.

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – бар­лық бұл жүйе тек инве­сти­ци­я­лық табысы, нақты­сын айт­пай-ақ қоя­лық, қол­да­ры­на ресми инфля­ция дең­гейі 6–8 пай­ы­здан да төмен көр­сетіл­ген қағаз ала­тын қатар­дағы салым­шы­лар үшін жасал­маған», – деп тұжы­рым жасай­ды Досым Сәтпаев.

Қоғам­дық қор бас­шы­сы үкі­мет зей­не­тақы жасын өсіру­ге бас қаты­рған­ша, салым­шы­лар­дың бір бөлі­гіне өз жинағын мерзі­мі­нен бұрын шешіп алуы­на мүм­кін­дік беретін тетік­ті қарас­тыр­са, жөн болар еді дейді.

«Айтқан­дай, 2018 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап зей­не­тақы жасын өсі­ру баста­ла­ды. Бірақ бұған қаты­сты әзір­ге ләм-мим деп біреу жақ ашып жатқан жоқ. Мем­ле­кет­тік меке­ме­лер тіп­ті үнсіз. Менің­ше, ең алды­мен зей­не­тақы жүй­есін­де бір тәр­тіп жүр­гізіп алып, оған сенім­ді арт­ты­рған­да ғана мұн­дай тәжіри­бені қолға алуға бола­ды. Ал әзір­ге оған ерте.

Сан­дарға келетін бол­сақ, БЖЗҚ салым­шы­ла­ры­ның 78 пай­ы­зы­ның орта­ша жинақ сома­сы 1 млн тең­гені құрай­ды, нақты­рақ айтқан­да, еркек­тер­дікі – 827,7 мың тең­ге, әйел­дер­дікі – 623,8 мың тең­ге. 21 пай­ыз салым­шы­ның жинағы 1‑ден 5 млн тең­ге ара­лы­ғын қам­ти­ды. Ал 5 млн тең­ге­ден аса­тын жинақты 1 про­цент салым­шы құрайды.

Адам­дар жарқын қарт­тық тура­лы уәде­ге әбден той­ған. Егер мем­ле­кет өз аза­мат­та­ры­ның зей­не­тақы жүй­есіне деген сені­мін арт­ты­рғы­сы кел­се, онда құр уәде бере бер­мей, қазір­ден зей­не­тақы жинағын басқа­ру­ды өз қолы­на беру­де аздап «азық» беріп тұруы тиіс. Сол секіл­ді зей­не­тақы жинағын мерзі­мі­нен бұрын шешіп алуға мүм­кін­дік беруі керек. Әрине, жап­пай емес.

Мәсе­лен, егер салым­шы өте ауыр дерт­ке шал­ды­қ­са, ол бәрібір зей­нет жасы­на жете алмай­ды, онда оны неге күтуі тиіс. Қазір­ден оны өзінің еміне пай­да­лан­сын дегендей.

Әрине, үкі­мет ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы парақор­лы­ққа сіл­теп, бұл ұсы­ны­стан басын ала қашуы мүм­кін. Алай­да балық басы­нан шіриді емес пе? Егер шене­унік­тер­дің өзі жемқор­лы­ққа жол беріп отыр­са, онда ол үшін аза­мат­тарға айып тағу­дың қажеті қан­ша?» – деп сұрау қояды саясаттанушы.

Үкі­мет өз жүй­есіне сенім­сіздік­пен қара­са, онда олар салым­шы­лар­ды зей­не­тақы жүй­есіне иек артуға қалай шақырады?

«Қалай деген­мен де, аза­мат­тар­дың бар­лы­ғы­на бол­ма­са да, бел­гілі бір себебі бар топ­тарға зей­не­тақы жинағын­дағы ақша­сын мерзі­мі­нен бұрын шешіп алуға мүм­кін­дік бер­сін. Онсыз да қазір бұл ақша тәжіри­бе­ден өту бары­сын­да жоға­лып, құн­сызда­нып жатыр. Оған қоса, оның бола­шақта сақта­лып қала­ты­ны­на да ешкім кепіл беріп жатқан жоқ. Ең құры­ған­да, шотын­да 5 млн тең­гесі бар­лар­дан бастасын.

Сон­да адам­дар зей­не­тақы төле­мі қан­дай да бір қосым­ша салық емес, ауы­рған кез­де, басқа қиын күн­дер туған­да пай­да­ла­нуға бола­тын өз ақша­сы екенін түсі­неді. Ондай­да жұмыс­шы­лар­да көп­теп еңбек ету­ге, жинақ жаса­уға деген құл­шы­ныс пай­да бола­ды. Ал қазір­гі түрі­мен алы­сқа бара алмай­мыз», – деп қоры­тын­ды жасаған екен Досым Сәт­па­ев LSM-ге бер­ген сұхбатында.

Кам­шат СӘТИЕВА,

kaz.365info.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн