Воскресенье , 6 июля 2025

Дулат Исабеков: ЖІГІТТЕРІКҮЗЕТШІ, ҚЫЗДАРЫДАЯШЫ ҚАЗАҚ ЕНДІ ҚАЙТПЕК?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (318) от 8 янва­ря 2016 г.

 

ЖАНАЙҚАЙ

 

Қоғам­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­дің ақ-қара­сын аны­қтау үшін, кей­бір тақы­рып­тың тігісін жатқы­зу үшін көп жағ­дай­да айта­ры бар, аузы дуа­лы ақсақал­дарға жүгі­не­міз. Бұл жолы да сол дәстүр­мен жазу­шы-дра­ма­тург Дулат Иса­бе­ков­ке хабар­ла­стық. Қалам­гер біраз тақы­рып­тың басын қай­ыр­ды. Жан-дүни­есін маза­лай­тын жәйт­тер­ді көбірек қозға­ды. Жазу­шы­ның кесек-кесек ойла­ры­ның бір пара­сын оқыр­манға ұсынамыз.

 

Ала­яқты өзі­міз өсірдік

Абай зама­ны­нан бер­гі қазақ өзгер­ді ме? Маған осы сау­ал жиі қой­ы­ла­ды. Бәрі өзгер­ді. Киген киі­мі­міз, тұра­тын үйі­міз жаңар­ды. Бірақ жан-дүни­е­міз, рухы­мыз құл­ды­рап кет­ті. Ақша бірін­ші оры­нға шықты. Қара­пай­ым халы­қтың өзі кісілік­тен, ұят-намыстан бір­те-бір­те айы­ры­лып жатқан сияқты. Алдап-арбау көп. База­рдан бір­деңе сатып алсаңыз да, алда­нып қала­сыз. Күн көрудің жолын­да жаста­ры­мыз ала­яқ болып алған. Қаза­қтың оқу қуған емес, күзет­ші жігіт­тері қап­тап кет­ті. Кей­де ойлай­мын, қаза­қтың жанын күзет­шілік сақтап отыр ма деп. Жұмыс­сыз жігіт­тері­міздің бәрі – күзет­ші. Қызда­ры­мыз асха­на-мей­рам­ха­на­ның еденін жуып, дая­шы болып жүр. Вок­за­лға бара қал­саң, жігіт­тер көлі­гіңнің асты­на түсе жаз­дай­ды. Қолы­ң­дағы жүгіңді тар­тып алып кете­ді. Енді қай­те­ді, ақша керек?

Күні кеше ғана жол жүріп кел­дім. Көлі­гім вок­зал­дың алды­на тоқтаған­да-ақ, бір­не­ше жігіт қолым­дағы жүк­ке жабысты. Пой­ы­зға жет­кізіп бер­ген соң, «Қан­ша ала­сың?» дей­мін ғой. Беті бүлк етпей 5000 тең­ге сұрап тұр. «Айна­лай­ын­дар-ау, сен­дер бір тиын бол­са да ақша тап­сын десем, мына сұрап тұрға­ның артық қой», – дедім. Әлгі жігіт «Енді қай­те­міз, ақша табу керек? Мұн­дағы өмір талас-тар­тыс. Тұрған орны­мы­зға, көтер­ген жүгі­міз­ге қарай «жоға­ры» жаққа ақша беріп оты­ра­мыз. Қарап тұрып өле­міз бе, ақша табу керек», – дей­ді. Уәжі орын­ды. Қисын­сыз дей алмайсыз…

Қысқа­сы, адам­дар­ды алдап-арба­уға, без­бүй­рек­тік­ке, ауы­здағы­ны тар­тып ала­тын жауы­зды­ққа орта­ның өзі итер­ме­леп, мәж­бүр­лі түр­де үйретіп отыр. Біз соғыс жыл­да­ры­ның ұрпағы­мыз. Бірақ сол қиын-қыстау, аш-жалаңаш жыл­дар­дың өзін­де адам­дар бүгін­гі­дей емес еді. Бәрі жоққа қанағат, барға сабыр­мен қарап, ар-ұят­ты биік қоя­тын, кісі ақы­сын жемей­тін-ді. Халық бой­ын­дағы осын­дай мінезді көр­ген­де, кей­де біз «бостан­ды­қты осы үшін алған ба едік» – деп кей­и­мін. Тіп­ті қазір қаза­қты тәр­би­е­леп оты­рған ақсақал­дар да жоқ.

 

Кадр­дың қадірі

Кеңес үкі­метінің кезін­де бәрін кадр шешетін. Мен сол кез­де­гі жүй­ені аңсай баста­дым. Бұдан «Иса­бе­ков кеңес үкі­метін аңсап отыр» деген ой тумауы керек. Ол кез­де кадр тағай­ын­дау мәсе­лесі бір ізге түс­кен, жүй­елі еді. Мыса­лы, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі бола­тын адам ауыл­дан бастап, қан­ша­ма саты­дан өтетін еді. Қазір олай емес. Мате­ма­тик темір­жол­ды басқа­ра­ды. Ол есебін шыға­рып, бала оқы­тып, ғылым қуып жүр­мей ме? Жур­на­лист-сце­на­рист мем­ле­кет­тік үлкен қыз­мет атқа­ра­ды. Ол жұмыс істей ала ма, жоқ па – ол жағы­на бас қаты­рып жатқан ешкім жоқ.

Елді жемқор­лық жай­ла­ды. Сол жемқор­ларға таңқа­ла­мын: бүгін түр­ме­ге отыр­са, ертең темір тор­дан шығып, қай­та­дан жілік­тің май­лы басы­на жай­ға­са­ды. Ұрлық пен қыл­мысқа жаза қол­дан­бау – сол ұрлық пен қыл­мысқа жол беру деген сөз.

Құн­сыз ақша

Тең­ге­міз сабан ақшаға айна­лып бара­ды. Дол­лар – халы­қа­ра­лық валю­та. Тең­ге­мізді басқа мем­ле­кет таны­май­ды. Олар біз­бен дол­лар­мен есеп­те­седі. Шетел тең­ге түгілі, рубль­дің өзін «дере­вян­ный ақша» дей­ді. Дол­лар­мен бір­ге бар­лық заттың баға­сы көтеріліп жатыр. Азық-түлік, жанар­май, жылу, су – күн сай­ын қым­бат­та­уда. Мұның зардаб­ын қала жұр­ты­нан бұрын, ауыл халқы тар­тып отыр. Кеше ғана ауыл­дан кел­дім: 27–30 мың тең­ге­ге жұмыс істей­ді. Бүгін­гі­дей қым­бат­шы­лық кез­де ол ақша жыр­ты­ққа жамау бола ма? Бірақ амал жоқ. Жұмыс­сыз қал­мау үшін азға көнеді.

 

Қым­бат­шы­лық қыспағы

Әдейі салы­сты­рып көр­дім: Қырғыз­стан­дағы бен­зин біз­ден арзан. Нан да екі есе арзан. Бұған не уәж айту керек? Қырғыз бидай­ды да, мұнай­ды да шетел­ден ала­ды. Ал біз астық пен мұнай­ды Ресей­ден алып жатқан жоқ­пыз ғой. Керісін­ше, шетел­ге сатып жатыр­мыз. Үйдің баға­сы да удай қым­бат. Біздің үш бөл­мелі пәтер­дің баға­сы­на шетел­ден бес бөл­мелі үй алуға бола­ды. Ал олар­дың жағ­дайы біз­ден көш ілгері.

«Отан­дық өнім» дей­міз. Бірақ қым­бат. Не шығар­сақ та, біздікінің баға­сы қым­бат. Трак­тор шығар­дық. Шетел­дікі­нен қым­бат. Көлік құра­с­тыр­дық. Шетел­ден кел­ген маши­на­дан сапа­сы төмен, баға­сы артық. Киім-кеше­гі­міз де солай. Тіп­ті әуе билет­тің баға­сы миға сый­май­ды. Шетел­ге шыға­тын­дар Тәш­кент, Біш­кек, Ыстам­бұл арқы­лы ұшады.

 

Теле­ди­дар – ортақол әншілер­дің құлы

Бұрын Алма­ты­да мәде­ни орта қалып­та­сып, кемеліне кел­ген бола­тын. Халы­қтың талға­мы биік еді. Қазір керісін­ше. Мәсе­лен, Қай­рат Нұр­тас деген жас әнші шықты. Егер ол шақы­ру бер­се, кон­цер­тіне барам ба, бар­май­мын ба – ойла­на­тын едім. Өйт­кені қаза­қта одан да мықты, кәсі­би әнші, жақ­сы дауыс иелері бар. Кеше­гі Роза Бағла­но­ва, Бибі­гүл Төле­ге­но­ва, Ермек Сер­ке­ба­ев­тар қан­дай еді, шір­кін?! Ал қазір ортақол әншілер­дің дәу­рені жүріп-ақ тұр. Неге? Оның себебі жар­на­ма­дан. Жар­на­ма ақша­сы бар, ортақол өнер­паз­дар­ды жап­пай көр­се­те­ді. Солар­ды әспет­тей­ді. Ауыл­дағы елдің әңгі­месі де солар: «анау әншінің екі әйелі бар екен»; «анау бір әнші бәлен­шенің тоқа­лы екен» деп оты­ра­тын болып­ты. Бұры­нғы ел мен жер­дің шежіресін шер­тетін ақсақал­дар­дың әңгі­месі жоқ. Ел – теле­ди­дар­дың құлы, теле­ди­дар – ортақол әншілер­дің құлы боп кетті.

 

Мәде­ни талғам төмендеді

Халық теат­рға талғам­сыз бара­ды. Арзан қой­ы­лы­мға үйір. Теат­рға таза­рай­ын, руха­ни толай­ын деп емес, қыды­ру үшін бара­тын­дай. Адам­ды ойлан­ды­ра­тын, сал­мақты, сүй­ек­ті спек­такль­ді ешкім тама­ша­ла­май­ды. Барғы­сы да, ойланғы­сы да кел­мей­ді. Бұры­нғы көре­рмен­дер теат­рға барар­да үш нәр­сені біліп бара­тын. Бірін­ші – авторға, екін­ші – режис­сер­ге, үшін­ші – әртіс­ке бола бара­тын еді. Қазір­гі көре­рмен­ге бәрібір. Бүгін­гі көре­рмен жеңіл әзіл­ге, ойсыз күл­кі­ге, арзан сати­раға құмар. Мәде­ни талғам дең­гейі өте төмен. Асқар Сүлей­ме­но­втің сөзі­мен айтқан­да, «Бет­терін­де миы жоқ адам­дар­ды» көре­мін. Үлкен театр­лар­дың өзін­де жеңіл, арзан спек­такль жиі қой­ы­ла­ды. Мыса­лы, «Таңсұ­лу», «Импе­ри­ядағы кеш» сияқты. Оны тіп­ті дра­ма­тур­гия деп айтуға да бол­май­ды. Өмірі теат­рға бар­маған­дар пье­са жаза­тын заман бол­ды ғой.

 

69 мың тең­ге қаламақы

Мен шығар­ма­шы­лық сапар­мен шетел­де көп бола­мын. Бәрі – ғылы­мы мен білі­мі, тех­ни­ка­сы мен тех­но­ло­ги­я­сы дамы­ған елдер. Солай бола тұра, олар кітап­ты жақ­сы оқи­ды. Ғалам­торға қараған­да, қағаз әде­би­ет­тің ада­мға бере­рі мол екенін Еуро­па да, шығы­стағы дамы­ған елдер де түсін­ген. Сон­ды­қтан кіта­пқұ­мар. Ал біз­де оқыр­ман түгілі, әде­би­ет­ті наси­хат­тау жоқ. Путин «Әде­би­ет­ті қол­дау жылын» жари­я­лап жатыр. Ресей­ден бәрін көшіріп алушы едік, осы­ған кел­ген­де кеге­же­міз кері тар­тып қалыпты…

Биыл әңгі­ме­лер жинағым шықты. Қала­мақы­ңыз деп 69 мың тең­ге бер­ді. Алмай­ын дегем, тастап кетіп­ті. Адам­ды бұдан артық қор­ла­у­ға бола ма? Кеңес үкі­меті кезін­де кітап түгілі, газет-жур­налға шыққан әңгі­меңе, радио-теле­ар­на­дан бер­ген сұх­ба­ты­ңа қала­мақы берілетін. Қазір оның бірі де жоқ. Бұрын қалам­гер­ге жылы­на үш-төрт рет жол­да­ма берілетін. Ақын-жазу­шы­ға арналған дема­лыс орын­да­ры­на барып, кіта­бы­мы­зды жазып қай­та­тын­быз. Қазір оның бірі де жоқ. «Қайт­сең де жаз. Бірақ қала­мақы бер­мей­міз» деген қасаң пиғыл. Одан кей­ін қалай жазасың?..

Жазып алған -

Жарас Кемел­жан,

«Жас қазақ» газеті

 

 

Comments

 

Жана­тай:

Аға, кім­нен көресіз? Ала­яқты­қты, сыпы­ра мақта­уды, жағым­паз­ды­қты жазу­шы­лар – сіз­дер бастап бер­діңіз­дер. Енді кім­ге ренжисіз?

 

Ертай:

Сiз­дер­дiң айтып оты­рған­да­ры­ңыз ащы бол­са да шын­дық! Шын­дық жаным­ды жан­ды­ра­ды, ары­ма жүз қарап, бiр шешім­ге келу­ге бекем­дей­дi! Жастар­дың жан-жақтан кел­ген ақпа­рат­ты қоры­та алмай, жар­ты жол­да қалып жатқа­ны деп біле­мін! Бiлiм­нiң жетіс­пе­ушілі­гі және мем­ле­кеті­міздің жастарға толы­ққан­ды мүм­кін­шілік бер­ме­уі. Мәсе­ленің бар­лы­ғы осы­дан бастау алады!

 

Жаңа­бек:

Ұлт­тық бір­лік, ұлт­тық тұта­стық жетіс­пей келе жатқа­нын уақыт көр­сетіп келеді. Ол – тіл, дін, ежел­ден қалып­тасқан салт-дәстүр, ұлт­тық рух. Алаш аты аталған­да, бар қаза­қтың атқа қона­ты­ны­на күмәнім бар. Әрине, халы­қтың қамын ойлаған аза­мат­тар бар. Бірақ олар­дың сахнаға шығуы­на билік құлы­қты емес.

 

Нұр­жан:

Жана­тай­дың пікірі­мен толық келі­се­мін. Дулат аға, сіздің «Әпке» деген спек­такліңізді жылап көру­ші едім. Сіз­дер­ді де аяққа тап­тап кет­кен адам табыл­ды: келесі ұрпақ сіз­дер­дің шығар­ма­ла­ры­ңы­зды түсі­нуі екіталай…

 

Алма:

Қазақ үшін сөз қадірі жеке бас қадірі­нен де артық еді, оны да аяққа тап­тап, бере­кесін кетір­гені­міз сон­ша — түсіні­су­ден қал­дық. Соның зардабы — қазір­гі жастар­дың сөзі­нен де, өздері­нен де бәтуа кетіп, ұсақтал­ды. Түл­кі заман­ды тазы боп шалған­дар зама­ны­нан да өтер­міз. Қан­дай кез­де де алды­ңғы толқын аға­лар­дың көзін шұқы­ған­нан опа тап­пай­мыз… Әрқай­сы­мыз да осы кез­ге дей­ін не істе­гені­мізді сарап­тай­ы­қ­шы: біз де кеңес дәуірін, қай­та құру­ды, тәу­ел­сіздік­ті — бәрін бастан кешір­дік. Не істе­дік? Не істемедік?

 

Нұра­ха:

Дулат аға, әңгі­ме ұлт­тың мұң-мұқта­жы­мен баста­лып, өзіңіздің мәсе­леңіз­бен аяқталға­ны күшті бол­ды. Көш азса, оған кінәлі – көштің басы-ау. Зия­лы қауым ұлт­тың локо­мо­тиві болуы керек еді. Әбіш аға­мыз иман­ды бол­сын! «Абыз өлді, елі неге қай­ғыр­май­ды» дей­ді… Елін өлтір­ген­де, абыз қай­да бол­ды осы?! Бүгін ұлт­ты ізде­ме­сеңіз­дер, ертең ұлт та сіз­дер­ді ізде­мей­ді. Ерте ме, кеш пе – тірі­ге бір өлім бар…

 

Жай қазақ:

Енді балық басы­нан шіриді деген­дей, шіріп жатыр­мыз. Осы «балық» шіри бер­мей, кет­се жақ­сы болар еді. Жаңа­сы кел­се, тағы ол той­ған­ша, оның ағай­ын-тума­ла­ры той­ган­ша, тағы күту керек бола­ды. Енді не істе­у­ге болады?

 

Рахат:

Дулат аға, жазға­ны­ңы­здың бәрі бүгін­гі қазақ қоға­мын­дағы ащы бол­са да шын­дық: жағым­паз­дық пен жал­пақ шешей­лік­ті біздің аға буын көр­се­ту­де. Бола­шақ ұрпақ осы­лар­дан үлгі алу­да. Сон­да біздің үміт күтер бола­шағы­мыз не бол­мақ? Бұл мәсе­ле жаны­ң­ды ауыр­тып, жүре­гіңді сызда­та­ды. Сіз сияқты зия­лы­лар аз болып тұр ғой.

 

Ауыл бала­сы:

Зия­лы­лар­ды қазір еңбе­гіне қарап баға­лап, таны­мы­на қарап таба­лай­тын заман – оқа­сы жоқ. Ханға қара кіре алма­са, зия­лы басы үшін қоры­қ­са, ұлт шірі­мей – сабан шіри ме? Елтай Ерна­за­ров деген пар­тия хат­шы­сы болған. Аштық жыл­да­ры сол кісі билік­тен алы­нған­да, соңғы өтіні­шім: «Маши­нам өзім­де қала ма?» – деген екен көше­де қазақ аштан қыры­лып жатқан­да. Міне, біздің билік­тің бол­мысы ерте­ден осы­лай қалып­тасқан. Құрт жеген аға­шты тамы­ры­мен қопар­май – күн жоқ.

ult.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн